-жаттығу Аймауытовтың Алтай жеріндегі күндері ...Жүсіпбек Аймауытов "Ақбілектегі" жер,
кісі аттарымен негізгі әңгіме желісі қазіргі Күршім ауданына қарасты Қалғұты жерінде болғанын аңғартады. Жазушы романының уақиға шиеленісінің басталуында: "Сол Алтайдың бөктерінде жам жолменен жандамайлап ала ат мінген жалғыз адам келе жатыр, бейсауат. Көтегейі - Күршім жақ, бет алысы - Қараекем шаты. Қараекем шаты - жартас, дәл аясы - шұңқыр, көгал".
Мұндағы Қараекем шаты - Қарасеңгір тауындағы қазіргі аталып жүрген Торғай сайы. "Дәл аясы - шұңқыр, көгал" дегені, осы сайдан шыға келгендегі қазіргі Қаратоғай ауылы тұрған жер, Қалғұты өзені бойындағы көгалды жазықтық. Уақиғаға байланысты романдағы жер аттары Бөкенбай тауының теріскей беті, Терісайрық бойындағы Маубас пен Қарасеңгір бауырындағы Қаратоғай ауылы аралығында. Алтай күнгейінде Жүсіпбектің араласуымен ауылды кеңестендіру жұмыстары жүргізіледі. Кейін Семейде болыстық қызметкерлер даярлайтын курс ашылады. Қазіргі Марқакөл ауданына қарасты жерлерден, яғни Боран, Қалжыр, Терісайрық, Қалғұтыдан Изеттің Ысқағы, Керей Ахмет дейтін, Мысбайдың Мейрашы, Дүсіпұлы Әділхан, Дәриға, Секіман, Дүйсенбі, Тойша, Тілеміс, тағы басқалары Семейде оқып, арнаулы дайындықтан өтеді.
Мұндағы Дәриға деп отырғанымыз – Жүсіпбек Аймауытовтың романындағы Ақбілек деген қыз.
Дәриғамен аралас-құралас болған, 1970 жылы 85 жастағы Сұраубай келіні Дина әженің айтуынша, Дәриға - Зайсан және Семей қалаларында оқып білім алған. Қалжыр бойындағы Қазақстан (Шегір) ауылында болыс болады. Әуелгі күйеуі жастай қайтыс болыпты. Одан қалған жалғыз қызы шетінеген екен. Өзі іс тігетін ісмер адам болыпты. Жүсіпбек бұл өңірге келгенде Терісайрық бойындағы Көккөз атанатын рудың азаматы Өтеулі молдаға тиген кезі екен. Дәриға болыс болып, Зәйнолла мен Құнапияға қамқорлық жасап, Қаратоғай мен Егіндібұлақта мектеп салуына, жолдасы Өтеулінің мешіт ашуына күш-көмегін көрсетеді. Ел ішінде тігіншілігімен де аты шығып, өнер мектебіне айналады. Оны іздеп шыққан үлкен-кіші Дәриға демей, "Ақбілекке бара жатырмыз" деп жүріп, Көккөз атасына мекен болған Терісайрық жағасындағы ұзын қырқа Ақбілек атанып кетеді. Күні бүгінге дейін солай...
Тапсырма: 1. Мәтінді оқып шық. 2. «Әйгілі», «ат», «бауыр» сөздеріне лексикалық талдау жаса 3.Күрделі зат есімдерді теріп жаз. Ол күрделінің қай түріне жататынын анықта. 4.Ж.Аймауытовтың қандай шығармасын білесің? (қосымша мағлұмат жинастыр)