Жаяу Мұсаның жұрағаты
Астанада Гүлбаршын Дүрманова
деген апамыз тұрады. Осы кісінің ата-анасы
Павлодардағы: “Міне, қазақ отбасы!” – деп
мақтан тұтатындай, өнегелі-өнерлі бетке
ұстар бір орта еді. Отағасы Орханның әкесі,
яғни бұлардың атасы қасиетті Баянауылдың
атақты билерінің бірі Дүрмән би болса, ал анасы атағы алысқа кеткен әнші композитор, ақын Жаяу Мұсаның қызы Анна (қазақша аты Бибіқамар, бірақ ол есімді ешкім білмейді) болған. Ол жерде: “Ол апа неге Анна атанған?” – деген сұрақ тууы мүмкін. Айтайық, Жаяу Мұса орысша өте сауатты болған, Ресейді көп аралаған жан ғой. Кезінде орыс әдебиетін, әсіресе, Лев Толстойды көп оқыған. Соның әсері шығар, жазушы шығармаларының кейіпкерлерін өз балаларының атына қойып отырған. Анна деп отырғанымыздың мәнісі енді түсінікті болар. Анна Каренина емес пе. Биқамар болғанымен әкесі оны «Анна» деп кеткен. Ал Софья Андрееваңыз Сәпия дегендей… Осылай жалғаса береді.
Әулетті де әлеуетті, арқалы адамдардың отбасында дүниеге келген Орхан Дүрмәнұлы да аталарының жолын қуып Баянауылдың сол кездегі сауатты, оқыған көзі ашық қазақтарының бірі болыпты. Былайша айтқанда қаратаяқ, еуропаша тәрбие алған кісі екен. Кейіннен барып қана заман өзгерісіне сай партия, кеңес қызметін атқарыпты. Ол кісіні білетіндер қазір: “Ойпырмай, өзіне тән бет қаратпайтын мінезі бар еді. Қазақ болыңдар, тілді сақтаңдар”, – деп отыратын деп еске алады.
Майда атты бойжеткен, міне, сол кездің салт-дәстүріне сай осы үйге болып-толған жас келін боп түседі. Ол кісі кейін жасы келіп салиқалы бәйбіше болғанға дейін ылғи да үлкен қызы Гүлбаршынға мұңын шағып, оқып-тоқып білім алмағанына қатты өкініп жүреді екен. “Шіркін, оқысам ғой!..” деген сөзді көп айтатын болған. Майда әженің шешесі Күнипәнің бауыры Құлмағанбеттің көпке дейін баласы болмайды. Сондықтан ата-анасы Майда апамызды қазақшылық жолмен ырымдап Керекудегі сол кісілерге берген екен. Жас қыз осы жердегі мектепке барады. Бір күні ескіше молдадан сауат ашқан, мұсылман жолын берік ұстанған әжесі мектепке келсе, қала тәртібі бойынша бір сыныпта ұл-қыздар аралас хат танып білім алатынын көреді. Ертесіне оқуға жібермейді. Сөйтіп Майда әжеміз бар болғаны он-ақ күн мектеп бетін көріпті. Он күн бүкіл өміріне жара салғандай қатты өкінеді екен. “Бала болдық па, жас кезімізде анамыздың бұл өкінішін түсіне бермеппіз ғой. Ол кісіде білімге, ән салуға деген ғаламат бір құштарлық бар еді”, – деп еске алады Гүлбаршын апай.
Фарида БЫҚАЙ.
«Егемен Қазақстан» газеті
Тапсырма: 1. Шылауларды теріп жазып, қызметіне қарай түрлерін ажырат. 2. Шылаудың қандай мәнде қолданылып, қандай қызмет атқарып тұрғанын көрсет. 3.Өнегелі отбасы болудың сыры неде деп ойлайсың?
77- жаттығу
Тапсырма: 1) Төмендегі сызбаны толықтыр
Сұраулық
Күшейткіш
Тежеу
Демеуліктер Қарсы қою
Көңіл-күй
Күмән
Қомсыну
Демеуліктердің қандай өзіндік ерекшеліктері бар?
78-жаттығу. Сызба бойынша білгеніңді жүйеле:
Шылау
( анықтамасы...)
Түрлері Ерекшелігі
? ? ? ?
30-САБАҚ
СӨЗ ТАПТАРЫНЫҢ ЕМЛЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТАПСЫРМАЛАР
Азия чемпионы
Дархан Жоламанов
79-жаттығу
Азия чемпионы
Жоламанов Дархан Әдетбайұлы – Қ.Ыды-
рысов атындағы жалпыға бірдей орта дәрежелі
білім беретін мектептің 2003 жылғы түлегі, «қазақ»
және «белбеу күресінен» халықаралық дәрежедегі
спорт шебері. «Белбеу күресінен» Азия
чемпионатына үш мәрте қатынасып, бұл ірі
спорттық сынның үшеуінде де «Азиячемпионы»
атағын жеңіп алады. Соңынан, тағы осы «белбеу
күресі» бойынша Әлем чемпионатына екі рет
қатынасып, екеуінде де «Әлем чемпионы» деген мәртебелі биікке көтеріледі.
Қазақстан Республикасының аспан түстес туын сол көк аспанның өзіне асқақтата көтерген Дархан Жоламанов сынды талантты спортшыны қазақ көгінің қыраны демеске лажың жоқ.
Тапсырма: 1. Мәтінді оқып, спорт өнері жайлы әңгімелеу. 2. Сөйлемдегі сөздерді сөз таптарына қарай талдау. 3. Қандай спорт түрімен айналысасың? 4. Қазақтың ұлттық ойындары жайлы мағлұмат жина.
80-жаттығу
Мұзафар Әлімбаев – Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. Туған жері Маралды атырабында – Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылы. Әнші-күйшілердің, ақын-жыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң бес жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. Алтыншы сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста жүз елуден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап, «Батырлар жырын» ортаға ала, А.С.Пушкиннің төрт томдығын тауысады.
Әкеден сегіз жаста, шешеден он үш жасында айырылып, «Туар-тумастан тоналған ұрпақтың өкілі…». Сол тұста жетімектің кім екенін, жетімдіктің зіл мен мұң екенін анық та толық сезді. Мың тоғыз жүз отыз екі-мың тоғыз жүз отыз үшінші жылғы алапат аштықты көлденең көзбен көріп емес, өз басынан өткерген. Мың тоғыз жүз отыз жетінші жылдың сталиндік сойқанында халықтың зиялы ұл-қыздарын зорлық-зомбылықпен оққа байланғанын өз көзімен көріп, үрейі ұшқан ұрпақ. Осы тұста тырнақалды өлеңін жазды:
Өкінемін ерте өмірдің өткеніне,
Көре алмай қызығымды кеткеніңе.
Өзгелер өз баласын еркелетсе,
Жетімдік сүйегіме жетпеді ме?!
Тапсырма: 1.Мәтіннен фразеологизмдерді ажырат. 2.Сөзбен берілген сан есімдерді цифрмен емлесі бойынша жаз. 3.Өлең жолдарымен келген сөйлемдерді сөз таптарына талда. 4. Мағыналы өмір сүру дегеніміз не? (ойтолғау жазу)
81-жаттығу. Морфология саласын лексика, фонетика салаларымен салыстыр.
31-32-САБАҚ
СӨЗ ТАПТАРЫН ҚАЙТАЛАУ
82-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.
Бес қымбат
«Ең әуел керек нәрсе иман»-деген,
«Ақырет iстерiне инан!»- деген!
«Құдай кешiрер!»-дегенмен, iс бiтпейдi,
«Иман шартын бiлмесе, есен»- деген.
«Екiншi керек нәрсе – ғақыл» - деген.
«Ғақылсызда таупық жағы тақыр!» - деген.
«Аз iске ашуланып, дiнiн бұзар,
Иманын кәпiрлiкке сатар! - деген.
«Үшiншi қымбат нәрсе – сабыр!» - деген,
«Сабырлысы Мұратын табар!» - деген.
«Әр iсте сабырсыздың тәубе-зорлық,
Сабырсыздық басқа пәле салар!» - деген.
«Төртiншi, қымбат нәрсе шүкiр» - деген,
«Нығыметке шүкiрсiздiк-күпiр!» - деген.
Жатқан жерден: «Құдай кешiр!» - деген-қорлық,
«Себеп iздеп тура жолмен жүгiр!» - деген.
«Бесiншi, қымбат нәрсе – әдеп» - деген,
Әдепсiзде иман тұру ғажап!» - деген.
«Кәпiрлiк – әдептiде тұрмағандай,
Әдеп деген Махаббатқа себеп!» - деген.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Ж.Аймауытұлы балаларымен бірге (Бектұр, Жанақ, Муза)
Тапсырма: 1. Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндір. 2. Сан есімдерге талдау жаса. 3. Ақынның өлеңіне пікір жаз.
83-жаттығу
Ардақтап атын әкенің
(Ж. Аймауытовтың ұлы Жанақтың
әкесі жайында еске алу әңгімесі)
Алматыдағы орталық автовокзалдан
күн көтеріле «Икарус» автобусымен жолға
шықтым. Бағытым - Фрунзе. Менімен
бірге бармақ болған Муза Жүсіпбекқызы,
Гүлнәр апай Дулатова мен Армиял Тасымбе-
ковтер сәл кейінірек, жеңіл машинамен
келмекші еді. Муза Жүсіпбекқызынан естіп,
жазып алған адрес бойынша Фрунзе маңындағы Новопавловка селосына бет алдым. Рас, көңілімде тынышсыздық барын,
ойымның бір нүктеге тұрақтамай сан-саққа жетелей бергенін жасырып қалғым келмейді. Ол бір есептен орынды да. Әрине, көрсетілген адрестегі мекен-жай орнында болып, іздеген, сарыла күтіп жүрген іргелі қаламгердің екінші ұлы - Жанақпен кездесіп, әкесінің ұзақ жылдардан соң туған халқына қайта оралуын, әдеби-рухани мұраларын жазып, зерттеу ісіне кең жол ашылғанын, ең бастысы, қазақ совет әдебиетінің қалыптасу, даму жолында мол еңбек сіңіргенін айтып, жеткізу түпкі ойым болатын.
Межелі жерге көп уақыт ұттырмай жеттім. Әйтсе де, жоғарыда еске алып өткен көңілдегі мың сан ойлар санадан кетер емес. Қойын кітапшамдағы үлкен әріптермен жазылған «Аймауытов Евгений Юрьевич (Жанақ)» деген жазуды еске түсіріп, екі семья тұратын бір үйдің кіреберіс қақпасын қақтым. Үй, есігі мен қақпаның арасы 8-10 метр болғандықтан маған ірі денелі, бойы ұзындау, толық келген, басында аспан түсті кепкесі бар ақсары адамның жүзі анық көрінді. Аты-жөнімді, қайдан келгендігімді естіген соң, қақпанын есігін (құлыптаулы тұрған) ақырын әрі сақтықпен ашты.
Тапсырма: 1.Түсінгеніңді баянда. 2. Үтірдің қойылу себебін түсіндір. 3. Туынды сөздерді теріп жаз. 4. Екінші абзацтағы сөздерді сөз таптарына талда. 4. Ж.Аймауытовтың шығармашылығы бойынша реферат дайында.
84-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, Отанның қымбаттығына көзіңді жеткіз. Өзің қалаған шумаққа морфологиялық талдау жаса. 82-жаттығудағы өлеңмен салыстыр. «Мен үшін қымбат» атты тақырыбына өлең шығар.
Бәрінен, Отан, сен қымбат
Өмірімді, өзімді
Нұрландырған таң қымбат.
Ақ сүт берген анашым –
Жанымнан артық, Жан қымбат!
Шын жүректен сүйіскен
Жанға серік жан қымбат!
Кіндіктес туған бауырың мен
Бөбегің – бейне бал – қымбат!
Алтын бесік секілді
Туып өскен жер қымбат,
Елін жаудан қорғаған,
Егеулі найза ер қымбат!
Алтын, сезім, ой, сана,
Адалдық, достық, ар қымбат.
Өзің егін өсіріп,
Орып татқан нәр қымбат!
Ұлтарақтай ұл болса да,
Ата қоныс жер қымбат.
Сол үшін қанды майданда,
Маңдайдан аққан тер қымбат.
Адамзатқа дүниеде,
Өмір-ау десем ең қымбат;
Дарқан тірлік мекенім –
Бәрінен, Отан, сен қымбат!
Д.Әбілев
85-жаттығу
Бұқар жырау поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, ішкі ағыс-толқындарын, күйлі-қуатты толғамдарын білімпаздықпен бажайлаған М.Әуезов: “Жырау… заман сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді… Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арнаған ақыл, өсиет есебінде айтылады”, - дейді. Бұқар жырау есілтіп-төгілтіп, алмастай жарқылдап, дария суындай құйылып отырады. Бұған: “Еліңнің қамын же – сана, Есіліп кеңес айт – сана” деген лебізі куә. Кейде сәуегей абыз ишаратпен, тәмсілмен сөйлейді. Оның қапияда шығарылған философиялық-дидактикалық сипатқа бөленген құдіретті ой-толғаныстары, тапқыр билік-кесімдері толғау түрінде беріледі. Қиыннан қиыстырылған құрыштай тастүйін сөздер, қанатты кесек ойлар, пайымды терең байламдар белгілі бір нақысты мақалмен тақпақтата, түйдектете, толқындата айтуды қалайды. Бұқар жырау дәуір, өмір, тұрмыс-тіршілік құбылыстарын және олардың себеп-салдарын түп-тамырынан қозғап қана қоймаған, білгір дана қиял қанатында самғап, келешек заманның кереметін де көре білген, көрегендікпен болжай таныған:
“Әлемді түгел көрсе де,
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де,
- Қызыққа тоймас адамзат!”
Тапсырма: Мәтінді оқып шығып, ауыспалы мағыналы сөздерді теріп жаз. күрделі сөздерге морфологиялық талдау жаса. Бірыңғай мүшелерді ажырат. Бұқардың жырына ойтүйін жаз.
86-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, идеясын аш. Күйзелістік, сағыныштық сезімдері қай жолдардан байқалады? Сын есім мен шылауларды анықтап, морфологиялық талдау жаса. Өмір жайлы ойыңды дәлелдеп, шағын шығарма жаз.
Жанат баламның қабірі басында
Толқиды Каспий, толқиды үнсіз,
Қараңғы түнде Айсыз да Күнсіз.
Дәрменсіз жүрек тоқтады кенет,
Ақ таулар қалды бір шөкім гүлсіз.
«Қошқар ата» қорымынан табылды ма мекенің?
Білмедің-ау ғұмырыңның тым-ақ қысқа екенін.
Артыңдағы Санжарыңа бақ дарытсын Тәңірім,
Көз жасымен жазылған тілегі бұл әкенің.
Азамат ең кең пейілді, достарың көп өзіңдей,
Теңеу таппай көп қиналған ақындардың сөзіндей.
Иманды бол, құлыным, орның болсын пейіште,
Ұрпағың бар артыңда – асыл бейнең, көзіңдей.
Е.Мундуинов
87-жаттығу. 1. Өлеңді мәнерлеп оқып, сөз табына талдау жаса. «Отан – отбасынан басталады» тақырыбына шығарма жаз. Өлеңді жаттап ал.
Туған елім
Үміт қып менен қарайсың,
Көңіліңе медеу санайсың.
Балалыққа жарасам,
Аталыққа жарайсың.
Қайтейін, елім, қимаймын?!
Қия алмай жанды қинаймын.
Қимай қалсам ішінде,
Тағы тыншып сыймаймын.
Алты қырдан ассам да,
Сөздеріңді сыйлаймын.
Тек қалауым сіздерден
«Серіктікті» милаймын;
Сіздерге әкеп шашуға
Ілім-білім жинаймын.
С.Торайғыров
33-САБАҚ
ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМА (ҚОРЫТЫНДЫЛАУ)
І деңгей тест тапсырмалары
1. Буын мен тасымалдың жігі сай келмей тұрған сөзді анықта.
А) еңбек, сен
В) емес, жалау
С) адал, ақыл
Д) Отан, қала
Е) екен, құлын
2. Түбір дегеніміз не?
А) Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін айтады.
В) Айтылған ой-пікірдің, шығарманың қағазға түскен немесе
ауызша айтылған түрі.
С) Әрі қарай бөлшектеуге келмейтін морфема.
Д) Заттың атауын білдіретін сөзді айтады.
Е) Бір түбірден жасалған әр түрлі сөздерді айтады.
3. Туынды сөзді белгіле.
А) Пайдалы, сый, оқу
В) Егін, сауын
С) Өнім, жолдастық
Д) Үлгі, таза
Е) Сауын, жолдастық, өнгіш
4. Туынды сын есімді анықта.
А) Ақ киімді, денелі, ақ сақалды.
В) Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар.
С) Ауылдың маңы терең сай.
Д) Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан.
Е) Қалың ағаш жапырағы,
Сыбырласып өзді-өзі.
5. Заттанып тұрған сын есімді сөйлемді анықта.
А) Жақсының сөзін әркім пайдаланар,
Миуалы алма, өріктің ағашындай. (С.Аронұлы)
В) Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай,
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай. (С.Аронұлы)
С) Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй. (А.Құнанбаев)
Д) Аққулы-қазды шалқар көл,
Қамысты-құрықты көк өзен
Қосылды бәрі шуласып,
Қосылды бәрі шаттанып. (С.Сейфуллин)
Е) Ақ сұр жүзі біраз толқына түсіп, шырқап кетті. (М.Әуезов)
6. Ғаламзат, жалпы, деректі, туынды зат есімді белгіле.
А) Оқжетпес
В) Сұлулық
С) Өнеркәсіп
Д) Аңыз-йңгіме
Е) Парасат
7. Сан есімнің болжалдық түрін көрсет.
А) Жүз қырық бес
В) ХХ ғасыр
С) Бес-алтау
Д) 5-қабат
Е) Алты-алтыдан
8. «Қашаған жылқыны жалғыз ұстаймын» сөйлеміндегі «қашаған» сөзі қандай сөйлем мүшесінде жұмсалып тұр.
А) Бастауыш
В) Пысықтауыш
С) Толықтауыш
Д) Баяндауыш
Е) Анықтауыш
9. «Естілген сөзді ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: ...» деп басталатын А.Құнанбаевтың нешінші қара сөзі?
А) 31-қара сөзі
В) 16-қара сөзі
С) 7-қара сөзі
Д) 12-қара сөзі
Е) Қара сөзіне жатпайды
10. Риторикалық сұраулы сөйлем дегеніміз не?
А) Айтылған ой-пікірдің, белгілі бір шығармашылық жұмыстың, біреудің шығармасының қағазға түскен түрі.
В) Заттың түр-сипатын, сын-сапасын тікелей анықтайтын сөздерді айтады.
С) Адамның әр түрлі көңіл күйін білдіреді немесе жан-жануарды шақырау мәнінде қолданылатын сөздерді айтады.
Д) Ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту.
Е) Бір нәрсе жайында сұрап блу мақсатында айтылған сөйлемді айтады.
ІІ деңгей
1. Төмендегі сөзге дыбыстық талдау жаса.
Зерігу
2. Берілген сөйлемге фонетикалық талдау жаса.
Сол кезде түйе үстінен бір нәрсе гүрс ете түсті.
3.«Нәрселердің», «Тұрсекенікіне», «жүрек лүпілімен» сөздеріне тұлғалық талдау жаса.
Төмендегі сөйлемді сөйлем мүшесіне қарай талда.
Айша шабдар атты тоқтатып, артына қарады.
ІІІ деңгей
Сұраулы сөйлем мен риторикалық сұраулы сөйлемнің ара-жігін ашып бер. Мысал арқылы дәлелде.
Әсерелеу (гипербола), шендестіру (антитеза) дегеніміз не? Өлеңнен мысал келтір
ІҮ деңгей
Шығармашылық тапсырма
Төменде берілген шығарма тақырыптарының кез келгенін таңдап алуға болады.
«Шығамын тірі болсам, адам болып» (С.Торайғыровтың білім жайында жырлауы)
Туған жер – алтын бесік
Батырлар жыры – ерлік шежіресі (батырлар жыры туралы)
34-САБАҚ
ЖЫЛ БОЙЫ ӨТКЕНДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Пысықтау сұрақтары
1. Сөзжасам дегеніміз не? Қосымша қандай қызмет атқарады?
2. Тудырушы жұрнақ пен түрлендіруші жұрнақтың айырмашылығы неде? Мысал арқылы дәлелде.
3. Түбірлес сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.
4. Дара және күрделі сөздерге мысал келтір. Дара, күрделі сөздер қай сөз таптарында кездеседі? Дәлелде
5. Жасалу жолына қарай күрделі сөздердің түрлеріне тоқтал.
6. Морфология нені зерттейді? Көмекші сөздердің қызметі қандай?
7. Зат есімнің тұлғалық, құрамдық және мағыналық түрлеріне тоқтал.
8. Сын есімнен зат есім туындайтын қандай сөздерді айта аласың?
9. Сан есімнің мағыналық түрлеріне қарай қалай бөлінеді? Әрқайсысына жеке-жеке тоқтал.
10. Есімдіктің орынбасар сөздер деп аталу себебі неде?
11. Есімдіктің мағыналық түрлеріне тоқтал.
12. Етістік нені білдіреді? Ол құрамына қарай қалай бөлінеді?
13. Етістіктің жұрнақтарына тоқтал. Етістіктен басқа қандай сөз таптарының арнайы жұрнақтары бар?
14.Үстеу нені білдіреді? Мағыналық сипаты қандай?
15. Еліктеу сөздің қазақ тіліндегі рөлі. Негізгі, туынды еліктеу сөздердің жасалуы
16. Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылығы бар?
17. Дефис арқылы келетін шылаудың емлесіне тоқтал.
18 Одағай сөзді шылаумен салыстыр.
19. Сөз таптарының емлесінде қандай ерекшелік байқалды?
Әдебиеттер тізімі
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080
Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
2) Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрінің 2013
жылғы 3 сəуірде №115 бұйрығымен бекітіліп, Қазақстан
Республикасының Əділет министрлігінде 2013 жылы 10 сəуірде №8424
тіркелген, жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына
арналған «Тіл жəне əдебиет» білім саласы пəндерінің оқу
бағдарламалары – Астана, 2013. – 177 б.;
3) Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесі
2013 жылғы 15 сәуірдегі № 2 хаттамада бекітілген 12 жылдық білім
беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын
қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары. Әдістемелік құрал. –
Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. –
41 б.;
4) 4) Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас
редакциясы, «Атамұра» баспасы;
5) Әбілев Д. Бес томдық таңдамалы шығармалары. 5-том. Өлең өлкесі.
Өлеңдер. – Астана: «Фолиант», 2005. – 416 бет;
6) Бекхожин Қалижан. Алты асқар. Таңдамалы. Алматы, «Жазушы»,
1973. Т.1. Өлеңдер;
7) Жаманбалинов Мүбарак. Жауқазын. –Таңдамалы, «ЭКО» ҒӨФ,
Павлодар, 2001 ж., 208 б.;
8) Қабдыкәрім Ыдырысов // Қазақ әдебиеті: энциклопедия. - Алматы,
1999. - 702 б.;
9) Қабдыкәрім Ыдырысов // Қазақстан жазушылары: анықтамалық. –
Алматы, 2009. - 441 б.
10) Мұқсихан Заитов пен Жақан Шолақаев айтысы // Жыр шашу:
(Ақындардың республикалық екінші айтысы). - Алматы, 1982. - 95-97
б.
11) Республикалық «Егемен Қазақстан», облыстық «Ұстаздар газеті»,
«Сарыарқа самалы» газеттерінен алынған мақалалары
12) Торайғыров Сұлтанмахмұт. Сарыарқаның жаңбыры. – Алматы:
Жазушы, 1987. І кітап. Өлеңдер. 1987./Ред.алқасы Т.Әбдірахманов
ж.б. 160 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |