1 сабақ Тақырыбы: Жүйке жүйесінің патофизиологиясы



бет4/31
Дата09.02.2023
өлшемі143,23 Kb.
#168127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
1 саба Та ырыбы Ж йке ж йесіні патофизиологиясы

1. Тақырыбы: Тірек-қимыл аппаратының және терінің патофизиологиясы.
2. Мақсаты: Буындық синдромның, тері ауруларының этиологиясын және патогенезін меңгеру.
3.Оқыту міндеттері:
• Остеопатиялар мен артропатиялардың этиологиясы мен патогенезін сипаттауды;
• Буындық синдром симптомдарының патогенезін түсіндіруді;
• Тері ауруының жалпы этиологиясын сипаттауды;
• Терідегі типтік патологиялық үдерістердің механизмін түсіндіріңіз.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Остеопатия.
2. Артропатия.
3. Миопатиялар.
4. Теріге тән зақымданулар.
5. Балалардағы тірек-қимыл жүйесі мен тері патологиясының даму ерекшеліктері.
5. Оқыту және оқыту әдістері:
● тәжірибелік жұмысты орындау, жағдайлық есептерді шешу, клиника-зертханалық зерттеулердің нәтижелерін талдау, тақырыптың негізгі сұрақтарын талқылау, тест тапсырмаларын орындау;
● қашықтан оқыту кезінде – оf-line режимінде Platonus АИС «Тапсырма» модулінде көрсетілген тапсырмаларын орындау бойынша және оn-line режимінде Platonus АИС «Тапсырма» модулі мен «Оқу аудиториясы» бөлімінің чатында, сонымен бірге Zoom, Webex платформаларында және Wathsapp арқылы тақырыпты талқылау бойынша жеке және топтық жұмыс.
6. Бағалау әдістері (тестілеу, жағдайлық есептерді шешу, ауру тарихын толтыру және т.б.): чек-парағы.
7. Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.
8. Бақылау (сұрақтар,тесттер,есептер және т. б.)):
Сұрақтар
1. Тірек-қимыл жүйесінің қабыну және дистрофиялық зақымдануы.
2. Тұқым қуалайтын және жүре пайда болған остеопатия.
3. Остеопороз және остеомаляция.
4. Остеоартроз және артрит, этиопатогенез.
5. Миопатиялар.
6. Тері зақымдануының негізгі түрлерінің этиологиясы және патогенезі.
7. Жедел және созылмалы дерматиттің патогенезі.
8. Тірек-қимыл жүйесі мен тері патологиясының бұзылыстарының алдын-алу және емдеудің патофизиологиялық принциптері.
9. Балалардағы тірек-қимыл жүйесі патологиясының даму ерекшеліктері.
10. Балалардағы тері патологиясының даму ерекшеліктері.
Тесттер
1. Д гиповитаминозының көрінісіне жатады
A) еңбектің ерте бітуі
B) кәлциноз
C) түтікті сүйектердің қисаюы
D) микроцефалия
E) «янтарлық тістер», көздің ағының көгілдірленуі, буындардың қозғалғыштығы
2. Остеолизисті әсерлендіреді:
A) Тиреокәлцитонин
B) ауыспалы (трансформирующий) өсу жайты
C) Эпидермистік өсу жайты
D) Паратирин
E) D Витамині
3. Сүйек тінінің қайта үлгіленуі – бұл:
А) сүйек тінінің кері сорылуының тұрақты үдеріс және оның түзілуі
В) аяқ-қолдың жасанды ұзаруы
С) буындарға протез салу
D) остеобластармен сүйек тінінің кері сорылуы
Е) остеокластармен сүйек тінінің түзілуі
4. Аяқталмаған остеогенездің патогенезінде коллаген тектерінің мутациясы маңызды:
А) Iтүрінде
В) IIтүрінде
С) IIIтүрінде
D)IVтүрінде
Е) V түрінде
5. Марфан синдромының біртектес көріністері болып табылады
А) буындардың өте қозғалғыштығы және арахнодактилия
В) құрсақ ішілік сүйек сынғыштығы
С) құздамаға ұқсас артрит
D) «янтарлы» тістер
Е) шамадан тыс созылмалы тері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет