1 сабақ Тақырыбы: Жүйке жүйесінің патофизиологиясы



бет5/31
Дата09.02.2023
өлшемі143,23 Kb.
#168127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
1 саба Та ырыбы Ж йке ж йесіні патофизиологиясы

Жағдайлық есеп
65 жастағы науқас М.., ұзақ уақыт бойы несеп-тас ауруына байланысты дәрігерлік бақылауда болған. Рентгенограммада сүйек тінінің фиброзды өзгерістері байқалған. Сүйек тінінің кері сорылуы сүйек түзілуінен басым.
Сұрақтар
1.Осы науқастың қанындағы кәлций, фосфаттар және паратгормон деңгейінің өзгерісін қалай болжауға болады? Нұсқаны таңдаңыз.




Са2+

РО43-

паратгормон

A







B







C







D







E







2.Көрсетілген өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.
3.Патогенез схемасын құрыңыз.
3 сабақ
1. Тақырыбы: Сыртқы тыңыс алу патофизиологиясы.
2.Мақсаты: сыртқы тыныс алу бұзылыстарымен байланысты жағдайларының патофизиологиялық талдауды жүргізуді үйрету. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің этиопатогенезін оқып үйрену.
3. Оқыту міндеттері:

  • Тыныс алу жүйесінің бұзылыстарының жалпы этиология және патогенезін зерттеу;

  • Тыныстың орталықтан реттеу бұзылыстары, түрлері, даму механизмдерін зерттеу;

  • Өкпенің диффузиясы және перфузиясы бұзылыстарының патогенезін түсіндіруді.

  • Қанның газдық құрамының өзгерістері бойынша тыныс жеткіліксіздігінің түрін анықтауды

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Өкпе вентиляциясының бұзылуы.
2.Өкпе ұяшық-қылтамырлық мембрана арқылы газдардың диффузиясы бұзылыстарының себептері.
3.Өкпе қан ағысының бұзылуы.
4.Тыныс алудың реттелуінің бұзылуы.
5. Балалардағы сыртқы тыныс алудың бұзылуының ерекшеліктері.
5. Оқыту және оқыту әдістері:
● TBL.
● қашықтан оқыту кезінде – TBL, оf-line режимінде Platonus АИС «Тапсырма» модулінде көрсетілген тапсырмаларын орындау бойынша және оn-line режимінде Platonus АИС «Тапсырма» модулі мен «Оқу аудиториясы» бөлімінің чатында, сонымен бірге Zoom, Webex платформаларында және Wathsapp арқылы тақырыпты талқылау бойынша жеке және топтық жұмыс.
6. Бағалау әдістері (тестілеу, жағдайлық есептерді шешу, ауру тарихын толтыру және т.б.): Жеке және топтық тестілеу жауаптарынан, өзін және өзара бағалаудан тұратын бағалаудың жалпы формасы.
7. Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.
8. Бақылау (сұрақтар,тесттер,есептер және т. б.)):
Сұрақтар
1. Өкпе вентиляциясының бұзылуы.
2.Альвеолярлы гипо- және гипервентиляция.
3. Гиповентиляцияның обструктивті және рестриктивті түрлері.
4. .Өкпе ұяшық-қылтамырлық мембрана арқылы газдардың диффузиясы бұзылыстарының себептері.
5. Өкпе қан ағынының бұзылуы.
6. Өкпе гипертензиясы.
7. Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі.
8. Өкпе ісінуі.
9. Тыныс алуды реттеудің бұзылыстары.
10. Тыныс алу бұзылыстарының алдын алу және емдеудің патофизиологиялық принциптері.
11. Балалардағы тыныс жетіспеушілігінің ерекшеліктері.
12. Балалардағы тыныс алуды реттеудің бұзылуы.
Тесттер
1. Жаңа туылған нәрестелерде сурфактант тапшылығы байланысты
A) өкпе қылтамырының эндотелий жасушасыры кызметінің бұзылуымен
B) бронхтың шырышты қабаты жасушаларының кызметінің бұзылуымен
C) тыныстық бронхиоланың эпителий жасушалары кызметінің бұзыылымен
D) альвеолоциттердің I түрінің кызметі бұзылыстарымен
E) альвеолоциттердің II түрі кызметі бұзылыстарымен
2.Сыртқы тыныстың жеткiлiксiздiгi ... кезiнде байқалады.
А) қанда рО2және рСО2жоғарылауы
В) қанда рО2жоғарылау және рСО2төмендеуi
С) қанда рО2 және рСО2төмендеуi
D) қанда рО2 төмендеуi және рСО2 жоғарылауы
Е) қанда рО2 жоғарылау және рСО2 қалыпты деңгейде болуы
3.Тыныс жеткiлiксiздiгiнiң обструктивтi түрi ... кезінде пайда болады.
А) пневмосклероз
В) пневмония
С) қабырғалардың сынуы
D) тыныс орталығының салдануы
Е) бронхозспазм
4. Ұяшықтық гиповентиляция әкеледі
A)гипоксемия, гипокапния, ацидозға
B)гипоксемия, гипокапния, алкалозға
C)гипоксемия, гиперкапния, ацидозға
D)гипоксемия, гиперкапния, алкалозға
E)газдық емес алколозға
5.Тыныс жеткiлiксiздiгiнiң рестриктивтi түрi ... дамиды.
А) тыныс жолдарының iсiнуiнде
В) тыныс жолдарыныv бiтелуiнде
С) бронхтың тегiс бұлшық еттерiнiң жиырылуында
D) өкпенi алып тастағанда
Е)тыныс жолдары қысылғанда


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет