14. Мыс және хром атомдарының электрондық конфигурацияларының ерекшеліктерін түсіндіріңіздер. Осы элементтердің атомдарындағы 4s орбитальдарда неше электрон бар?
15. Клечковскийдің ережесін пайдаланып, келесі келтірілген орбитальдардың жұптарында қандай орбиталь бұрын толтырылатынын анықтаңыздар.
а) 5d және 5p; ә) 3d және 4s ; б) 4s және 4d; в) 5s және 4s;
г) 4p және 5s; д) 5p және 5d.
2.9 Элементтер атомдарының қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі. Иондану энергиясы
Элементтердің атомдарының әр түрлі қасиеттері олардың электрондық құрылымымен байланысты. Бұл қасиеттер периодтар бойынша белгілі бір заңдылықтарға сәйкес өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |