1-сабақтың тақырыбы: Атом құрылысының заманауи теориясы. Атомдағы электрондар куйі мен қозғалысы



бет36/56
Дата07.02.2022
өлшемі496,67 Kb.
#87865
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56
Байланысты:
himiya-pnnen-10-synypa-arnalan-ysa-merzmd-zhosparlar-toptamasy

Иондану энергиясы (І) дегеніміз − атомнан электронды алу үшін жұмсалатын энергия: Э0 +І = Э++ e-
Өлшем бірлігі − кДж/моль немесе эВ/атом. Иондану энергиясы иондану потенциалына тең, тек иондану потенциалы вольтпен өлшенеді (B).



Көп электронды атомдар үшін иондану энергиясы І1, І2, І3 деп белгіленеді. І1- бірінші электронды алғанда жұмсалатын энергия, І2 – екінші электронды, І3 – үшінші электронды, ал осы энергияның өзгеруі мынадай заңдылыққабағынады: І1 < І2 < І3 . Иондану энергиясының мәні неғұрлым жоғары болса, электронның алынуы соғұрлым қиын болады.





Электрон тартқыштық (E) − атом электрон қосып алғанда бөлінетін энергия. Бұл кезде атом теріс зарядты ионға айналады. Электрон тартқыштық период бойынша солдан оңға қарай артады. Топта жоғарыдан төмен қарай азаяды.

Электртерістілік (ЭТ) − электрон тартқыштық пен иондану энергиясының қосындысының жартысына тең:
ЭТ =
Өлшем бірлігі - эВ/атом
ЭТ солдан оңға қарай артады, ал жоғарыдан төмен қарай кемиді.



2.10 Атомдық және иондық радиустар

Атомдық радиустың абсолюттік шамасы өлшенбейді. Себебі электрон қозғалысы толқын қозғалысы сияқты. Атом радиусы ретінде теория бойынша есептелінген электрон бұлттарының максимальді сыртқы шеңберін алады. Бұл орбитальдық радиус деп те аталады. Іс жүзінде бір-бірімен байланысқан атомдардың радиусы қолданылады. Бұл эффективті радиус деп аталады. Ал осы атомдар электроннан айырылғанда, иондық радиус болып есептелінеді, периодта атомдық және иондық радиустар жалпы солдан оңға қарай кішірейеді. Кіші периодтарда барынша кішірейеді. Ал үлкен периодтарда ішкі орбитальдар толтырылғанда (d - сығылу, f - сығылу құбылысы) аз кішірейеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет