Демалыс алу туралы өтініш арнайы бланкіге толтырылады: мерзімі туралы ақпарат қолымен жазылады. Өтініштің бұл түрінде беттің артық жағында демалысқа бөлінген айлықтың есебі жазылады.
Қызметтен босату туралы өтініш деректемелердің құрамы мен толтырылуы жағынан басқа жұмысқа ауысу туралы өтінішке ұқсас. Оқу демалысын алу туралы өтініш және жүкті болуына немесе босануына байланысты т.б. өтініш түрлерінің мәтінінде соны растайтын құжаттардың (оқу орнынан анықтама, аурулық қағазы және т.б.) бар екендігі көрсетіледі. Бұл құжаттар өтінішке қоса тіркеледі.
Кезекті еңбек демалысын алу мәселесі не бекітілген демалыс кестесі арқылы, не жеке өтініші бойынша шешіледі.
Тапсырмалар
1-тапсырма. «Полиглот» ойыны.
Берілген ресми іс қағаздар стиліне тән сөздерді үш тілде жазу.
Берілген сөздер: Орыс тілі ағылшын тілі
Мысалы:Арыз --------------заявление -----------statement
Куәлік -
Түсінікхат -
Хаттама -
2-тапсырма.
Өтініш үлгісін жазыңыздар.
3.Сабақты бекіту:
1. Еңбек қатынастарын ресімдеуді жүргізудің жүйесі туралы айтыңыздар.
2. Өтініш жазудың себебін түсіндіріңдер.
4.Рефлексия:
1. Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
2. Сабақта өзіңе не ұнады?
5.Үй тапсырмасы: 3-жаттығу. Берілген сөйлемдердің құрамындағы сөздерді орын тәртібіне қарай дұрыс орналастырыңыз.
Құжаттарда мемлекеттік белгіленеді құрылым. Іс жүргізу құжаттары болып табылады істі белгілеудің тәсілі. Құжаттар арасындағы заңды және жеке тұлғалар қызмет етеді қатынастар үшін. Заңды күші бар еңбек тартыстарын шешуде мәліметтер қандай да бір фактінің қызмет етеді дәлелі ретінде.
Достарыңызбен бөлісу: |