1. Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз



бет2/2
Дата17.10.2023
өлшемі19,9 Kb.
#186078
түріСабақ
1   2
Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ .
А) Ыңғайлас. В) Қарсылықты. С) Түсіндірмелі. Д) Кезектес. Е) Талғаулы.
10. Кезектес салаласты табыңыз.
А) Күн сайынғы бір жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды. В) Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы тартылып қалады. С) Қалада жаңа үйлер салынды. Д) Машина жүрісін бірде шапшандатады, бірде баяулатып жүреді. Е) Біз асыға кірдік.
11. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.
А) Жай сөйлем. В) Шартты бағыныңқы сөйлем. С) Кезектес салалас сөйлем. Д) Қарсылықты салалас сөйлем. Е) Ыңғайлас салалас сөйлем.
12. «Әлде» жалғаулық шылауына тән құрмаластың түрін анықтаңыз.
А) Кезектес салалас. В) Себеп-салдар салалас. С) Ыңғайлас салалас. Д) Талғаулы салалас.
Е) Қарсылықты салалас.
13.Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.
А) Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан еңбегіңнің жемісін көресің. В) Мысық ұйықтап жатқанда, тынышын алма. С) Басқа пәле тілден деген, байқап сөйлескен дұрыс қой. Д) Биылғы қыс суық болған жоқ . Е) «Бұның дұрыс болмайды»,-деп әкесі ренжіді.
14. Құрмалас сөйлемдерден қарсылықты салалас түрін табыңыз.
А) Таңат біресе сұрланды, біресе бозарды. В) Үлкендер төрде отыр, жастар босағада. С) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей. Д) Жазира осы жұмысқа орналасты, себебі мамандығына сәйкес еді. Е) Өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді.
15. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.
А) Мен оқыған кітап қызық-ақ . В) Әңгіме елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті.
С) Онның сөздік қоры мол болғандықтан, өз ойын еркін жеткізеді. Д) Түн. Е) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын танып алыпты.
16. Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.
А) Бір қарағанда-ақ біліп қойдым: бұл–Алматының және қала маңының картасы екен. С) Қыздар
тоғайға шие теруге кетті. С) Бес-алты айда келді. Д) Олкөпті көрген дана қарт. Е) Анықтама ұқыпты жазылғанмен, қария оқи алмады.
17. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулығын көрсетіңіз.
А) Сонымен. В) Сондықтан. С) Да. Д) Бірақ . Е) Немесе.
18. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Шығарып салуға мен барайын немесе сен бар. В) Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін.
С) Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеймін. Д) Ол сабаққа кейде дайындалады, кейде дайындалмай келеді. Е) Биыл мектеп бітіремін, бірақ оқуға түспеймін.
19. Қарсылықты салалас сөйлемді табыңыз.
А) Ол дауыстарының шуылдамай, үйлесімді шығуын талап етті. В) Арай хат жазып кетті.
С) Ардақ Саятты күтті, бірақ ол келмеді. Д) Не істесем де алдыма қойған мақсатқа жетуім керек.
Е) Бүгін менің жалғыз інім келеді.
20. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Ауылда бірде шам болады, бірде болмайды. В) Таң атты, мен ояндым. С) Риза болғаны сондай-мені құшақтай берді. Д) Қалаға мен барсам, сен болмай шықтың. Е) Қалаға не мен барамын, не сен барасың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет