1. Салық есебі туралы түсінік бойынша баяндама дайындау. Әдістемелік нұсқау



бет4/5
Дата08.05.2020
өлшемі30,56 Kb.
#66582
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 тапсырма

1.1 Салық механизмін  ұйымдастыру

Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары  ысандарының  элемент-ерін, яғни салық түрлерінің нақты аттарын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін қамтитын салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды. Салық механизмінде өзара байла-нысты  элементтерден тұратын арнаулы нұсқаулық қолданылады.

Қазақстан Республикасының  қазіргі салық жүйесі салықтарды құру және алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық тәртібін белгілейді.

Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады:салық субъектісі, салық салынушы, объектісі, салық базасы, салық салудың өлшемі(единицасы), салық мөлшерлемесі, үлес(квота), салықпұл, салық жеңілдіктері, салық төлеудің мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілер мен  салық органдарының міндеттіліктері мен құқықтары, салықтарды төлеуді бақылау, салық заң-намасын  бұзғаны үшін санкциялар және басқалары.

Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол – салықты және бюджетке басқа төлемдерді төлеуші тұлға, алайда нарық механизмі арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға – салық салынушыға аударылуы мүмкін.

Салық салынушылар – нақты салық ауыртпалығы  түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.

алық объектісі. Мүлік пен іс-әрекеттер салық объектілері және салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланыс-ты салық төлеушінің салықтық міндеттемесі туындайды.

Салық базасы. Салық базасы – салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттық немесе өзге де сипаттамалары, олар-дың  негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады.

Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады:

       табысқа салынатын салық. Бұған корпорациялық  табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады;

       тауарларға салынатын салықтар. Олар қосылған құнға салынатын салықтарды, кеден баждарын қамтиды;

       капиталға салынатын салық. Оған  жер салығы, мүлікке салынатын салық және басқалары  жатады;

Салық мөлшерлемесі. Салық мөлшерлемесі – салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Ол салық базасының өл-шем бірлігіне пайызбен немесе абсолюттік сомамен белгіленеді.

Салық салу практикасында мөлшерлемелердің мынадай  түрлерін ажы-ратады:

        тұрақты (берік)салық мөлшерлемесі. Олар табыс көзіне қарамастан сал-ық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді(мысалы, мұнайдың 1тонна-сына, газдың 1текше метріне);

        үйлесімді салық мөлшерлемесі. Олар салық объектісіне (оның мөлшерін саралауды есепке алмай) бірдей пайыздық қатынаста іс-әрекет етеді;

        прогрессивті салық мөлшерлемесі. Бұл жағдайда прогрессивтік салық мөлшерлемесі табыстың артуына қарай өсіп отырады. Нәтижесінде салық төлеуші салықтың  үлкен абсолюттік сомасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесін де төлейді. Прогрессивті мөлшерлемелер ең алдымен табысы көп тұл-ғаларға ауыртпалық түсіреді;

         регрессивті салық мөлшерлемесі. Олар табыстың өсуіне қарай төмен-дейді, және табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адам-дардың  иығына ауыртпалық түседі.



Салық кезеңі. Жекелеген  салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініледі, ол аяқталған соң салық базасы анықталады және бюджетке төленуге тиісті слықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.

Салықпұл – субъектінің бір объектіден төлейтін салық сомасы.

Салық жеңілдіктері – заңнамаға сәйкес төлеушілерді слықтан толық не-месе ішінара босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады:

         салық  салынбайтын минимум – салық салудан толық босатылатын  са-ық объектісінің ең аз бөлігі;

         табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер( асыраудағы жандарға, мүгедектерге – халықтан алынатын табыс салығы бойынша; күр-делі қаржыларға, әлеуметтік объектілерді ұстауға, табиғат қорғау шаралары-на жұмсалатын шығындардың сомасынан – пайдаға салынатын салық бойын-ша және т.т.);

          салық салынатын табыстың құрамына кіріктірілмейтін  сома ( мыса-лы, босату кезіндегі ұйғарымды жәрдемақы, халықтан алынатын табыс салығы  бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы);

          салық салудың жеке субъектілері мен төлеушілердің санаттары үшін салық мөлшерлемесін төмендету.

Салық жеңілдіктеріне сонымен бірге төлеу мерзімін ұзарту және салық бойынша бересіні есептеп шығару да жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет