1. Самбо күресінің қалыптасып даму тарихы


Қазақ елінде самбо күресінің дамуы



бет2/2
Дата19.09.2022
өлшемі42,5 Kb.
#149946
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Самбо тарихы

2. Қазақ елінде самбо күресінің дамуы.
Қазақ елінде самбо 1950-1960 жылдардан бастап өріс алып, кең тарала бастады. Бұл саланың қанатын кең жаюына ең алдымен «Динамо» спорт қоғамы ұйтқы болды. Мәскеуге арқа сүйеген Ішкі істер министрліктері «орыс күресін» барынша насихаттап, барынша күшейтуге күш салды.
1960 жылдары самбоға ден қойған қазақ жастары өте көп болады. Республика құрамасының тізгінін ұстаған көптеген жаттықтырушылар сол кезде «қазақтардан әлемдік деңгейдегі самбошылар шықпайды» деп ашықтан айық айтып жҥрді. Ата–бабадан жұғысты әр рухты, астамшынған империя бір жола тұншықтыра алған жоқ. 1977 жылы Алмас Мусабеков жарқыратып таққан КСРО–ның күміс жүлдесі империяның самбодағы бұғауын үзді. Әрі қарай біздің жігіттерді шідерлеп ұстау мүмкін болмай қалды.
Қазақ елінен Самбо бойынша шыққан тұңғыш әлем чемпионы атағы жерлесіміз жаңаарқалық палуан Қанат Байшолақов еншісіне тиді. \1984 ж\.
Қанаттан кейін дүние жүзінің чемпионы атағына оралдық Асқар Шайхиев (48 кг) қол жеткізді. \1989 ж\.
Семейлік палуан Бауыржан Садықанов 52 кг салмақта топ жарып әлем чемпионы атанды. \1993\.
Самбо күресі бойынша Еуропаның бірінші чемпионаты 1972 жылы ұйымдастырылды. Қазақтан шыққан тұңғыш еуропа чемпионы алматылық Айтжан Шаңғараев (48 кг) еншісіне бұйырыпты.
Айтжанға дейін Қанат Байшолақов \48 кг\ пен Алмас Мұсабеков \52 кг\ салмақтарда Еуропа чемпионатының (1982 ж) күміс жүлделерін жеңіп алған болатын.
Жамбылдық Алмас Мұсабеков 1986 жылы Еуропа чемпионы атанса, Қанат Байшолақов 1987 жылы бұл биікті бағындырды. Осы жолы Қанаттың туған інісі Талғат Байшолақов Еуропа чемпионаттының күміс жүлдегері атанды.
Айтжан Шыңғараев \48 кг\ пен Алмас Мұсабеков \52 кг\ КСРО чемпиондары атанған тұңғыш қазақ самбошылары.
КСРО чемпионы атағына Талғат Байшолақов, Асқар Шайхиев, Әлисұлтан Волобуев секілді ағаларымыз қол жеткізгендерін айта кету керек.
Сәлкен Жартыбаев-КСРО халықтары спартакиадасында алтын медальға ие болған жалғыз қазақ самбошысы. \1986ж\
Алмас Мұсабеков, Айтжан Шаңғараев, Талғат Байшолақовтар КСРО құрамасы сапында Әлем кубогі үшін бәсекеде жеңіске жетті.
КСРО кубогін ең бірінші болып Айтжан Шыңғараев \1983ж\ қанжығаға байлағаны да – самбо күресі тарихында құнды дерек.
Әлем және Еуропа чемпионатарынан алатын несібеміз мұнымен шектелуге тиіс емес еді. Қазақтың атақты палуандарының тағдыры боз кілемде таза айқас үстінде шешілсе, біреуге кінә тағып неміз бар. Мәскеуде спорт басшыларының әділетсіздігінен бірнеше рет КСРО чемпионы атанған Айтжан Шыңғараев, Алмас Мусабеков, Талғат Байшолақовтар әлем чемпионатына бара алмады. Бұл ұткеннің өкініші, әтсе де, мәскеуліктердің қазақ спорттық тарихына қиянат жасағанын кейінгі ұрпақ білуге тиіс. Қабілет – қарымы, білек күші жетіп қалған күші жетіп тұрған даңқ тағдырына әлде кімдердің әділетсіздігінен жете алмауы ең алдымен сол спортшының өзіне, жаттықтырушысын ауыр тиері сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет