1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


-бағыт. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету



бет70/92
Дата08.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#195462
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   92
Байланысты:
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsa

2-бағыт. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету (16-34 қадам). Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру. Бес сатылы сот жүйесінен (бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау жасау) үш сатылы (бірінші, апелляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесіне көшу.

Судья лауазымына кандидаттардың біліктілік талаптарын қатайту. Олардың сот істерін жүргізуге қатысуыныӊ 5 жылдық өтілінің болуы. Судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төленетін 1 жылдық тағылымдамадан және 1 жылдық сынақ мерзімінен өтуі тиіс. Судьялардың жаңа этикалық кодексін жасау, азаматтар судьялардыӊ әрекеттері бойынша еліміздіӊ Жоғарғы сотыныӊ жанынан құрылған арнайы сот алқасына шағымдана алатын болуы керек. Барлық сот процестерін бейне және таспаға жазуды міндетті түрде енгізу. Судьяныӊ бейне жазуды тоқтатуға, аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс.

Алқа билер соты қолданылатын салаларды кеӊейту. Алқа билер соты міндетті түрде қатыстырылатын қылмыстық істердіӊ категорияларын анықтау. Инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін жүргізуді құру. Жоғарғы сот жанынан беделді шетелдік судьялар мен заңгерлер қатысатын халықаралық кеӊес құру. Кеңес қазақстандық сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша Жоғарғы сотқа кеңес беріп отырады.

Жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту. Іс басындағы полиция қызметкерлерін және қызметкерлікке кандидаттарды тестілеудіӊ арнайы жүйесін енгізу. Жергілікті атқарушы органдарға, жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру. Жергілікті полиция қызметініӊ өкілеттілігі: қоғамдық тәртіпті қорғау мәселелері, тұрмыстық қылмысқа қарсы тұру, жол-бақылау қызметі, ұсақ құқық бұзушылыққа атымен төзбеушілік. Жол-бақылау полициясыныӊ қызметкерлері полиция қызметкерлерініӊ жұмыс ауысымы кезінде атқарған ісініӊ барлығын жазып отыратын бейнетіркегіштермен қамтамасыз етіледі. Этикалық нормаларды бұзған полицейлердіӊ іс-әрекеттеріне шағымданған азаматтардың арызын қарау жөніндегі қоғамдық кеңес құру арқылы полицияныӊ ашықтығын қамтамасыз ету. «Қылмыстық құқық бұзу картасы» интернет-порталын құру. Бұл картада елімізде 1 аптадан әрі кетпейтін мерзімде жасалған барлық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелетін болады. Бұл қоғамға ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді.

Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оӊалтудыӊ тиімді жүйесін қалыпқа келтіру, әлеуметтік оңалтудың кешенді стратегиясын жасау. Пенитенциярлық мекемелерді (түрме) салуға, ұстауға және басқаруға жекеменшік секторды тарту, халықаралық тәжірибені зерттеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет