1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


-ші басымдық – институционалдық өзгеріс­терге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты



бет87/92
Дата08.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#195462
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92
Байланысты:
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsa

5-ші басымдық – институционалдық өзгеріс­терге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты. Жеке меншікті қорғауға, құқық үстем­дігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформаларды жалғастыру. Үкімет, «Атамекен», азаматтық қоғамдастық жеке меншік құқығын қорғауды күшейтуге қатысты заңнама ревизиясын жүргізуі тиіс. Әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру. Кәсіпкерлік саласында құқық бұзғаны үшін салынатын санкцияны төмендету жұмысын одан әрі жүргізу. Қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылту. Сот жүйесіне деген сенімнің артуына қол жеткізу. қажет.

Қауіпсіздік ахуалы қуатты мемлекеттің өлшеміне айналып келеді.
Қазіргі заманда адамзат терроризмнің белең алуымен бетпе-бет келіп отыр. Деструктивті күштерді қаржыландыратындарға, шетелдік терро­ристік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу негізгі мәселе болып саналады. Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет, әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керек. Бас бостандығынан айыру орындарында соттал­ған­дарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру жұмысы ұйымдастырылуы тиіс. Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу, оған мемлекеттік емес секторды, діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту. 2017-2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарлама әзірленуде. Киберқылмыспен күрестің өзектілігі барған сайын арта түсуде. Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне «Қазақстан киберқалқаны» жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдау тапсырылды.
Елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында біраз қадамдар жасалды. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың себептерін, алғы­шарт­тарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту. Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет