1) Латынәліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау қажет. 2025 ж. бастап барлық салаларда латыншаға көшу басталады. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, ХХІ ғасырдағы ғылым, білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектептегі балалар ағылшын тілін оқып, латын әріптерін үйреніп жатыр. Жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде уақытша кириллица да қолданылады.
2) Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім.Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алынады. Тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану, филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасалуы тиіс. Гуманитарлық білім бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз.
3) Патриотизм туған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. «Туған жер» бағдарламасын қолға алынып, ол «Туған елге» ұласады. Бағдарламаның мәні: 1) білім беруде өлкетану жұмыстарын жүргізу, экологияны жақсартуға, елді мекендерді абаттандыруға баса мән беру, жергілікті тарихи ескерткіштер, мәдени нысандарды қалпына келтіру; орта мектепте туған жердің тарихын оқыту, есімдері ел есінде сақталған перзенттерін жас ұрпақ білуі тиіс; 2) басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлер, шенеуніктер, зиялы қауым өкілдері, жастарды ұйымдастырып, қолдау; 3) жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен, жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Қалаларды көгалдандыру, мектептерді компьютерлендіру, жергілікті жоғары оқу орындарына демеушілік жасау, музейлер мен галереялар қорын байыту. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.
4) Халықтың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек. Әрбір халықтың, өркениеттің қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. Біз тарихымызда қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін бұрын-соңды жасаған емеспіз. Еліміздегі ескерткіштер, ғимараттар, көне қалаларды қалпына келтіру. Сонымен бірге Ұлытаудағы жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мавзолейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар, Жетісудың киелі мекендерін т.б. жерлерді сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыру қажет. Олар халқымыздың ұлттық бірегейлігінің мызғымас негізін құрайды. Бізге жат идеологиялардың артында басқа халықтардың құндылықтары, символдары тұр, біз оларға өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз арқылы ғана төтеп бере аламыз.