Орталық Қазақстандағы киелі жерлері



бет1/2
Дата21.07.2020
өлшемі31,42 Kb.
#75466
  1   2
Байланысты:
Орталық Қазақстандағы киелі жерлері


Орталық Қазақстандағы киелі жерлері
Мазмұны

Кіріспе 2


1. Орталық Қазақстанның киелі жерлері 2
1.1. Беғазы кешені 3
1.2. Қаражартас қорымы 4

1.3. Құнанбай қажы мешіті 4

1.4. Бұланты-Білеуті ескерткіші 6

1.5. «Терікті әулие» петроглифтері 6

1.6. Домбауыл кесенесі 7

1.7. Жұбан Ана кесенесі 7

Қорытынды 9

Қолданылған әдебиеттер тізімі 9




Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстанда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынған «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» («Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»), «Туған жер» жобаларын құру мәселелері талқылану үстінде. Бағдарлама аясында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді қолға алу көзделген. Сондай-ақ, Елбасы «Туған жер» жобасымен бірге жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру қажеттілігін атап өтті. Осылайша, Президент «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын ұсынды. 


Қазақстанның киелі жерлері бойынша жүргізілетін жұмыстардың бастамасы 2017 жылғы 11 мамырда Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы – қоғамның рухани жаңғыруының факторы (ғылыми және қолданбалы қырлары)» тақырыбында дөңгелек үстелден бастау алды. Ұлттық комиссияның бірінші отырысының шешіміне сай «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асырудың жолдары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағытын анықтау мәселелері кеңінен талқыланып, онда экспедиция арқылы мынандай бағыттарда жұмыс жүргізуді ұсынды: 1. Тылсым табиғи құпиясы бар жерлер; 2. Діни орындар; 3. Ел арасындағы аңыз-деректерді жинақтау. Сондықтан ең алдымен: 1. Киелі нысандардың тізімін дайындау; 2. Әр нысанның сызбасын, видеосын, суретін түсіріп, анықтамалық сипаттамасын қоса беру; 3. Нысанға қатысты ғылыми және ауызша деректерді де салыстырмалы түрде пайдалану; 4. Экспедиция құрамына кіретін мамандар тізімін жасау; 5. Экспедиция нәтижесінде ғылыми-танымдық монография шығару қажеттілігін  айқындап берді. 
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейі» РМКК жанынан «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы құрылып   «Сакралды Қазақстан» ғылыми 
«Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы қызметінің негізгі мақсаты өлкетану бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы, өлкетану саласындағы ағартушылық жұмыс, республикадағы өлкетану жұмыстарын әдістемелік қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық өлкетану ұйымдарымен, жергілікті мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, Қазақстанның архивтері мен музейлерімен бірге ынтымақтастықта өлкетану тақырыбындағы ғылыми-зерттеу іс-шараларын ұйымдастыру болып табылады.
1. Орталық Қазақстанның киелі жерлері

1.1. Беғазы кешені


Беғазы кешені – Қазақстандағы қола дәуірінің соңғы кезеңінен сақталған тайпа көсемдері мен дін басыларының бейіттері. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай кентінің оңтүстік – шығысында 40 км жерде. Беғазы қорымының солтүстік – шығыс жақ шетінде орналасқан. 1947 – 1952 жыл Орталық Қазақстан архиологиялық экспедициясы ( жетекшісі – Ә.Мағұлан)“ зерттеген 6 қоршаулы обалардан тұрады. Барлығы қазылған. Құлылыста бір – біріне ұқсас. Тек көлемдері әртүрлі. Сыртқы көлемі 4х4 метрден 9,6х9,6 метрге жетеді, пішімі шаршы, кісі қойылған қоймасының көлемі 2,2х2,2 метрден 6х6 метрге дейін. Екі жағы үлкен қақпақ тастармен көмкерілген, қабырғаларының қалыңдығы – 1,8 -3,6 м, биіктігі 0,4 – 1,1 м. Барлығының шығыс жағынан 1,8 – 9 м, ені 0,75 – 4 дәліз салынған Кешеннің ішінде көлемінің үлкендігімен көзге 1 – және 2 – бейіт. Сыртқы қоршауды құрайтын қақпақ тастарды биіктігі – 2,5 м Бейіттер кезінде ұрланғандықтан жерлеу дәстүрін анықтау үшін”тайпаның іріктелуі нәтижесінде жерлеу дәстүрінанықтау үшін емес. Қабірлер бірнеше бөлікке мүрдеге арналса, екінші бөлігі түрлі заттар мен сс құылатын орын болған. 1 – бейітте бұл орын саз жентектерден қаланған,ұзына бойына үш сытас тіреуіш қадасы бар, сәкі тәрізді. Оның үстіне найзаның қола ұшы, тас кетпен, тас балға, төрт көзе мен марал, арқар таутеке сүйектері қойылған.Осы жерде мәйітті орын да бар. Оның ұзындығы 2,8 м, ені 1,2 м. Басқа бейіттердің ішінен де күл, күйген сүйек қалдықтары кездеседі. Беғазы кешені көзеренінің пішіні де, өрнектері де андрон мәдениетінің көзелерінен басқаша. Көбі құмыра тәрәздес, қабырғалары жұқа, сырты мұқият тегістелген, өрнек салу тәсілдері де өзгеше. Беғазы кешендерінен қола шаштүйреуіш, жұлдыз моншақ, тас қайрақ, өрнектелген және өрнегі жоқ сүйек түтікшелер, жебенің үш қола ұшы табылған. Бұл заттар, әсіресе, жебенің екі қанатты, үш қанатты ұштары Беғазы кешенінің б.з.б. – 8 ғасырларда салынғанын көрсетеді. Осы кезеңде мұндай ірі кешендердің салынуы (Дәндібай, Бұғылы Ақсу-Аюлы, Сангру) құрылыс ісінің жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Оған қойылған кісілердің сол қоғамдағы орнының ерекше болғандығы айтады.Беғазы қорымы– Қазақстандағы қола, ерте темір тоб. Қарағанды обылысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай кентінің оңтүстік – шығысына қарай 40 км жерде. Қаратал (Беғазы) өзінің оң жағалауында . 1947 – 49 және 1952 жылдары Орталық Қазақстан архиологияқ экспедициясы (жетекшісі Ә.Марғұлан) зерттеген.Беғазы қорымында қола, ерте темір дәуірінің бейіттері мен ортағасырлық 57, кейінгі кездердегі 100 – ге жуық қазақ бейіттері бар. Қорымның аум 240х570 м 20 бейіт зерттелді. Оның 14-і андрон мәдениетінен Беғазы – Дәндібаймәдениетіне өту кезеңіне жатады. Өтпелі кезең бейіттері өңделеген төртбұрыш, шаршы, дөңгелек пішінді жалпақ грагнит тастары қырынан, жоғырғы жағын ортаға қарай еңкейте құрастырылған қоршаулар ретінде болады. Мәйітті оның ортасындағы тас жәшіктерге жерлеген. Кейбір қоршаудың ішінде қос жәшік қатар салынған. Олар ертеректе тоналған. Сақталған сүйектерінің қалдығынан, олардың бүклеліп, қырынан батысқа қарай жерленген, бірінің мүрдесін өртелгенін күлінен анықталды. Бейіттер андрон мәдениетінің соңғы кезеңіне тән, өрнегі мен пішіні сақталған көселер мен олардың сынықтары. Жебенің тастан жасалған ұшы, мыстан, илемеден жасалған моншақтар, киімге тағатын өрнекті жапырмалар, Алтыннан апталған салпыншақтар мен екі дөңгелек сырға, т.б. заттар табылды. Беғазы қорымындағы пішімі, құрылысы, табылған бұйымдар Оңтүстік Қазақстанда қола дәуірінен соңғы кезеңінде өмір сүрген. Тайпалардың жерлеу салты. Діни сенімдері, қолөнеру туралы күнделікті мағлұмат береді.Қазақстан территориясында 6002-ден аса неолиттік және энеолиттік тұрақтар болатын болса, соның үшеуі Баянауыл өңірінде. Олардың бірі Жақсыбай көлінің, екіншісі Сағындыкөлдің жағалауында, үшіншісі Баянауыл орталығынан 8 км қашыттықтағы Капар деген жерде орналасқан.
1.2. Қаражартас қорымы
Қаражартас қорымы - қола дәуіріндегі Беғазы-Дәндібай мәдениетінің мегалитикалық ескерткіштерінің бірі. Талды өзенінің оң жағалауында, Жаңажұрт ауылынан батысқа қарай 2 км, Талды ауылынан шығысқа қарай 12 км, Қазақстан Қарағанды облысы Шет ауданы Талды ауылдық округінің аумағында орналасқан. Осы пирамиданы 2015 жылы археолог, тарих   ғылымдарының кандидаты Игорь Кукушкин ашқан, кейінгі қола дәуіріне жататын бұл құрылыс топырақ астында жақсы сақталған. Бұдан шамамен үш жарым мың жылдай бұрын тастан салынған құрылыс үстін ғасырлар өте жер басып, шөп өсіп төмпешікке (қорғанға) айналған. Евней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті тарих факультетінің студенттері екі маусым бойы еңбектеніп, алматылық археолог Арман Бейсеновтың «Бегазы-Тасмола» серіктестігімен бірлесіп, құрылысты топырақтан аршып, құлағанын қалап, маңын тазалап әуелгі қалпына келтірген. Қазір маңайы қоршалып, мрамордан ескерткіштің паспорты орнатылған, Табаны 15х15 метр, биіктігі 3-4 метрлік пирамида монолитті құрылым. Ешқандай қуыс немесе қабірге ұқсайтын белгі, нышан жоқ. Есесіне маңайы толған ескі, жатаған тас молалар. Құрылыс қорым басында жоралғы салтын өткізу үшін салынған сияқты, өйткені ең үсті 4х4 метр, жалпақ плита тастар төселген тегіс алаңқай.

1.3. Құнанбай қажы мешіті

Қарқаралы қаласында орналасқан, ағаштан қиып салылған діни ғимарат. Құрылысы 1850 ж. басталып, 1851 ж. салынып біткен. Мешіт салу жөнінде 1847 ж. 16 болыс басшылары қол қойған, аға сұлтан Құсбек Тәукеұлы мөр басқан мешіт салу туралы қағаз дуанға тапсырылған. Мешіт жанынан медресе, шәкірттер үшін жатақ, молдалар үйі бой көтерді. Құнанбай қажы мешіті Қарқаралы округінде ислам дінін уағыздауға, балалардың хат танып, сауат ашуына көп қызмететкен. Құнанбай қажы мешіті өткен ғасырдың отызыншы жылдары ислам дінін қудалаған кеңестік идеологияның салдарынан жабылып, ғимарат тозып кеткен болатын. Арада алпыс жылдай уақыт өткен соң, тек тоқсаныншы жылдары Жоғарғы Кеңес депутаты Тайыр Мансұров (қазір Солтүстік Қазақстан облысының әкімі) және сол кездегі Қарқаралы ауданың басқарған Төлеубай Шахарбаев, Әбен Рахымжанов тәрізді азаматтардың аркасында кайтадан калпына келтірілді.
 Қарауыл ауылында арнайы жобамен  160 кісілік етіп салынған. Ғимараттың ауданы  150 шаршы метр. 1994 жылы Абайдың 150 жылдық тойы қарсаңында аяқталып, пайдалануға берілді. Ғимарат жергілікті халық күшімен тұрғызылды. Биіктігі 3 метр, 80 см. Күмбезі 3 метр, бір мұнаралы  оның биіктігі 15 метр. Қабырғасы силикат кірпішпен өрнектеліп қаланған. Шатыры шифер. Еденіне толықтай кілем төселген. Ішінде имам бөлмесі, киім ілетін орын, дәріс бөлмесі және от жағатын бөлме орналасқан. Ауласы безендіріліп қоршалған.
Жолжазбамызға осылай ат қойып, айдар тағуымыздың себебін мақаланың соңына қалдыруды жөн көрдік. Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешітін зиярат ету – әу бастағы мақсатымыз еді. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарияланған «Дін мен дәстүр» жылына орай, тарахи мешітті бетке алудың сәті түсті. Ойымыз – тарихтан тағылым алу, кешегі мен бүгінгіні сабақтастыру. Шіркін, қасиет қонған Қарқаралы десеңші. Бұл кешегі Әлихан Бөйкейханов пен Жақып Ақпаев жазып, ұлт үшін басын қатерге тіккен 42 бабамыз қол қойған әйгілі Қарқаралы петициясы қабылданған жер. Қазақты нағыз мұсылман етудің 47 жолын көрсетіп, қол қойғандар патшаға: «…біз қымбат құнмен есеп айырысамыз» депті.
Үшінші пунктте: «Қырғыздарға (яғни, қазақтарға) мешіт, медресе салуға рұқсат керек. Құдайға құлшылық етуге еркіндік болсын…» деген талап қойылған. Бізге Қарқаралы даласы петицияны тағы бір рет еске түсірді. Бабалар армандаған талап бүгін орындалды. Бірақ өздері көре алмай кетті. Мұсылмандыққа бекем болмаса, «тар жол, тайғақ кешпес» еді, сірә. «Өзгелер үшін өмір сүру», – деген пайғамбар даналығы осы болса керек. Құнанбай бабамыздың тоқтаусыз сауап жазылатын амал – мешіт тұрғызуы тегін емес. Сол кезде Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған ол 1850 жылдың 7-қаңтарында Сібір қырғыздарының Шекара начальнигі Клейст мырзаға жазған хатында: «…мешіт құрылысы дін ықпалын нығайтып, Құдайға құлшылық етіп, намаз оқып, халықтың адамгершілік-имандылық сезіміне өзгеріс жасау мақсатын көздейді… Сенімді түрде кірісіп, мешіттің құрылыс жұмысын өткен жылдары қауым болып жинаған қаражат есебінен және өзімнің меншігім есебінен жүргіземін… » депті.
Мешіт мемлекет қорғауында. Әр жылдары қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Елді имандылыққа ұйытатын, уағыз айтылатын орын.  Бір ғасырдан астам тарихы бар мінбер. Мешіттің төбесіндегі бұл қызыл ағаш сол қалпы сақталыпты. Отқа салса жанбайды. Бас имам Әміржан Әшімұлы бізге қызықты оқиғаны баяндап берді. 1924 жылы жергілікті шолақ белсенділер Алла үйін өртеп жіберу туралы бұйрықты орындауға кіріседі. Мешіттің шығыс жағындағы бұрышына үлкен ағаштарды жинап, от қояды. Тілсіз жау құлшылық үйіне әсте әстер ете алмапты. Алланың құдіретімен ойнағандар екінші бұрышында отты күшейтеді. Ол әрекеттерінен де түк шықпаса керек. Құлшылық үйінің бүйіріне үйіп, қалап жаққан ағаштары күлге айналғанмен, ағаш мешіттің қабырғасын тек қара күйе шалады. Адамзат баласы талай зілзала мен су тасқындарының куәсі болды. Сол табиғи апаттардан аман қалған Алла үйлері әлі күнге дейін иманды жанның рухын асқақтатумен келеді.

1.4. Бұланты-Білеуті ескерткіші

Бұланты  шайқасы болған жерге қойылған ескерткіш Ұлытау өңіріндегі Бұланты және Білеуті өзендері аралығында орналасқан 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет