XVIII ғ. салынған ескерткіш. «Бұланты шайқасы» – қазақ халқының өз тәуелсіздігін және елдігін сақтау жолында жүргізілген күрестің бірі. 1727 жылы «Ақтабан шұбырындыдан» кейін есін сәл жинаған халық жоңғар әскерлерін қазақтың дәстүрлі саяси орталығы Ұлытау жеріне жеткізбей Бұланты өзенінің бойында тоқтатты. Ендеше «Бұланты шайқасы» стелласы – Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойыны қарсаңында ашылған айшықты ескерткіш. Елбасы Н. Назарбаев: «Орыстар үшін «Полтава шайқасы» қандай маңызды болса, біз үшін де «Бұланты шайқасы» тарихи маңызы зор», – деген болатын. «Бұланты шайқасы» стелласы тарихи оқиға орын алған жерде салынды. Ұлытау ауданы Байқоңыр ауылының қасына. Бұрын стелла орнында «Үйтас күмбезі» болатын. Ол – 1727 жылы қазақ әскерлері жоңғарларды жеңгенде қойған белгі тас. Сол уақыттан бері тарихи оқиғаның күн парағында жазылып келеді. Оны ең алғаш дәлелдеген – археолог, ғалым Әлкей Марғұлан.
1727 жылы Әбілқайыр хан бастаған біріккен қазақ қолы Ұлытау өңірінде жоңғарларға тойтарыс беріп, ірі жеңіске жеткен майдан даласы Қалмаққырған деп аталды. Тарихта Бұланты-Білеуті шайқасы деген атпен белгілі. Бұланты-Білеуті шайқасында үш жүздің басы қосылып, басқолбасшы Қанжығалы қарт Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Райымбек батыр бастаған сарбаздар күші жоңғарларды ойсырата қуып, жеңіске жетті.
1.5. «Терікті әулие» петроглифтері
“Теректі әулие” петроглифтері Ұлытау ауданы, Теректі әулие Теректі темір жол стансасынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан. Бұл Орталық Қазакстандағы тасқа бейнелеу өнерінің көне ескерткіші неолит, энолит, қола дәуірлерінің қолтаңбасы бар, ерте темір дәуірінде бағалы металдарды өндірген орындар мен түрлі қорғандардың ізі қалған киелі мекен. XX ғасырдың 40-шы жылдары ОҚАЭ-ньң жетекшісі академик Ә.X.Марғұлан осы ескерткішке алғаш назар аударып, қыскаша сипаттама береді. Теректі әулиені кешенді зерттеуді 1996 жылдан Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясы жүргізді (жетекшісі 3.С.Самашев). Теректі әулие археологиялық кешені тасқа бейнеленген суреттерден, неолиттік тұрақтардан, қола дәуірінің қоныстары мен некропольдарынан т.б. тұрады. Теректі әулиеде тасқа жануарлар суреті бейнеленген. Бұның барлығы сақ дәуіріне жататын «аң стилі» бейнелеу өнеріне саяды. Жалпы, Теректі әулие петроглифтері: қола дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 2-1 мың жылдықтың басы); скиф-сібір дәуіріне (біздің заманымыздан бұрынғы XII – біздің заманымыздың I ғасырлары) және орта ғасырға жатады. Археолог Ж.Құрманқұловтың жетекшілігімен Жезқазған университеті барлау-археологиялық экспедиция ұйымдастырып (2003), «Теректі әулие тылсымдары» атты фотокөрме өткізді (2004).
1.6. Домбауыл кесенесі
Домбауыл кесенесі - ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, Қаракеңгір өзенінің сол жағасында. Астыңғы қабаты шаршы пішіндес, үстіне киіз үй тәріздес күмбез салынған. Астыңғы бөлігінің аумағы 8,9×7,9 м, қабырғасының қалыңдығы 2 м-дей, ішінің аумағы 4x4 м, есігі сопақшалау етіліп оңтүстік-шығыс жақтан шығарылған. Бұған жалпы биіктігі 1,2 м болатын төрт баспалдақ арқылы кірелі. Кешеннің еденіне тас аралас тапырық жайып, оның үстіне жалпақ тақта тастар төселген. Қабырғалары Зм-ге көтеріліп барып, көлденең бөренелермен жабылған. Бұлардың барлығы тас қалаудың қола дәуірінен бергі ежелгі дәстүрінен алынған. Осы дәстүрді кешеннің төбесін жабу кезінде де қолданған. Кешен ұзақ уақыт жақсы сақталып, бертін келе біршама қираған. Ескерткіштің дәл мерзімін анықтайтын дерек әзірге жоқ. Қазақстан жеріне тән сыртқы тұрқына қарап, ғалымдар оны ислам діні дендеп ене қоймаған кезеңге жатқызады (8-9 ғ-лар). Т.К. Басенов пікірі бойынша Домбауыл дыңы XVI-XVIII ғасырда салынған. Қазақ арасында мұндай киіз үйге ұқсата созып барып қүмбезделген тас қесенелерді "үйтас", "дың" деп те атаған, бұлар әр аймақтарда белгілі және көбірек тараған жері Орталық Қазақстан, әсіресе, Торғай өз-нің бойы. Қара Жыланды өз-нің бойындағы Қара-дың ескерткіші Домбауыл кешеніне өте ұқсас. Домбауыл кесенесі ғалымдардың пікірінше Орталық Қазақстандағы ең көне құрылыстардың бірі болғанымен есте қалады. Домбауыл ғұндар билеген кезде салынған болып есептеледі. Аңыз бойынша бұл кесене ұлы сазгер және жауынгер Домбауыл құрметіне салынған екен, ал өзінің болғаны тарих пен мифпен (ертегі-аңызбен) ұштасады. Кесене ғимараты биіктігі бес метрден асатын конус тәрізді (шошақ пішінді) төртбұрышты негізге қойылған, тас плиталарынан құрылған.
1.7. Жұбан Ана кесенесі
X-XI ғғ. салынған Жұбан Ана кесенесі Жаңаарқа ауданы, Жезқазған-Қарағанды теміржолынан солтүстікке қарай 4 шм жерде орналасқан.Өкінішке орай, оны салған адамның есімі де, бұл ,имаратты тұрғызу тарихын да білмейміз. Осыған қарамастан, Жұбан Ана кесенесі осы аймақта орналасқан орта ғасырлардағы ең қызықты сәулет өнері ескерткіштерінің бірі болып табылады. Кесене бір камералы күмбездік құрылыс болып, жобасы жағынан төртбұрышты болып келеді. Сыртқы периметрі бойынша кесене өлшемдері 6х6м, іргетастың төменгі нүктесінен күмбездің жоғары нүктесіне дейін 6 м құрайды, кесененің жалпы көлемі 190м3. Жұбан Ана кесенесінің сәулеті бірегей болып табылады,осылай оны құрған шебер абсолюттік түрде нақты инженерлік есептерді талап ететін күрделі құрылыс амалдарын пайдаланған.Күмбезді-орталықтас, біркамералы құрылыс, ішінде жарты шар тәріздес және сыртқы шатырлық күмбездері бар – осындай құрылыс кесенеге сәулетті түрді беріп, құрылыстың төзімділігін қамтамасыз етеді. Іргетасы биіктігі шамамен 50 см құрайтын тас тақталарынан салынған, ішінен алебастрлы ерітіндісімен сыланған. Кесене салынған кезінде өлшемі 27х27х6 см құрайтын кірпіш қолданылған, айта кететін жайт, барлық кірпіште іс жүзінде геометриялық фигурасы мен бірыңғай өлшемі бар. Бұл сол кездегі құрылыс материалдарының өндірісінің дамыған мәдениетін дәлелдейді. Жоғарыда айтып өткендей, ғимарат өлшемдері сыртқы периметрі бойынша 6х6 м құрайды, ішкісі бойынша 4х4 м құрайды, жалпы биіктігі 6 м. Күмбезі мен барабаны күйілген кірпіштен салынған. Төрттіктен сегіздікке өтетін жері ғимарат бұрыштарында доғалық желкендерін орнату арқылы жасалған, ал сегіздіктен 16-қырлысына және күмбез шеңберіне дейін кірпіш консольдері арқылы жасалған. Күйілген кірпіш ғимарат ішінде бес доғалық желкендерінің деңгейінен бастап қолданылған. Бүкіл қалау арнайы балшық ерітіндісінен жасалынған, оны дайындау құпиясы жоғалтылған, бірақ бұл өте мықты материал болғаны сөзсіз, ауа райының қиын жағдайларына қарамастан сол қалау біздің уақытымызға дейін жетіп, жақсы сақталынған. Кесенеге кіру есігі сүйір доғаның түрінде жасалған және оңтүстік-шығысқа бағытталған. Ескерткіштің негізгі салмақ түсетін құрылымы күйілген және өңделмеген кірпіштен жасалынған,оның үш қабатты жүйесі бар. Жұбан Ана кесенесі жайындағы алғашқы жазба дерегі 1762 жылы жарияланған П. И. Рычковтың «Топоргафия Оренбургская» еңбегінде табылған. Айта кететін жайт, П. И. Рычков Орталық Қазақстанда ешқашан болмай, ескерткішке сипаттамасын берді. Оның сипаттамасы біздің уақытымызға дейін жетпеген дерекнамалар бойынша берілген. Тұнғыш болып жобаны түсірген және кесенені сурет етіп салған 1863 ж. Ш. Ш. Уәлиханов болды деген мәлімет бар. 1946ж.кесенені Қаз КСР Ғылымы академиясының Орталық-Қазақстандық археологиялық экспедициясы (Ә.Х. Марғұлан) зерттеген. 1974ж.Қаз КСР Министрлігінің экспедициясы ескерткішті өлшеп, сурет фиксациясын жасаған (М. А. Маманбаев, М.К. Сембин, М.С. Нұрқабаев). Қазіргі кезде Жұбан Ана кесенесі мемлекеттік республикалық маңызындағы тарих пен мәдениет ескерткіштері тізіміне қосылған.
Қорытынды
Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы мен ұлттық бірлік нышаны ретінде қоғамдық өмірде ерекше маңызға ие киелі орындар бар. Олар – халық арасында ерекше құрметке ие мәдени мұра ескерткіштері. Атап айтсақ, зайырлы және діни сәулет өнері нысандары, табиғи ландшафт ескерткіштері, сонымен қатар, маңызды тарихи оқиғалармен тығыз байланысқан тарихи құндылыққа айналған нысандар бар. Соңғы жаңалықтарға байланысты «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бес жылға жоспарланған. Яғни 2017–2021 жылдарды қамтиды. Осы аралықта әр жыл сайын бір-бір томнан барлығы бес томдық үлкен еңбек «Қазақстанның қасиетті жерлерінің энциклопедиясы» жасалады. Сонымен қатар, киелі орындар тізіміне енетін табиғи ландшафт нысандары, археологиялық және сәулет ескерткіштері, ерекше қадірленетін діни нысандар, тарихи тұлғалардың және саяси оқиғалармен байланысты орындар алдағы уақытта туристік бағытта да жұмыс істейтін болады. Яғни ішкі рухани-туризмді дамытуға зор үлес қосады деген болжам бар.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. https://assembly.kz/kk/ortalyk-kazakstannyn-10-kieli-orny 2. http://ruh.kz/kz/geo/karaganda 3. https://adyrna.kz/ma-alalar/lketanu/nanbay-azhyi-meshiti/
Достарыңызбен бөлісу: |