1. Саясаттану ғылым ретінде. Саяси ғылымның обьектісі мен қалыптасуы кезеңдері



бет2/57
Дата08.09.2022
өлшемі1,98 Mb.
#148998
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
1. Ñàÿñàòòàíó ?ûëûì ðåò³íäå. Ñàÿñè ?ûëûìíû? îáüåêò³ñ³ ìåí ?àëûïò

Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған. Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, т.б.) елдердің президент, парламент депутаттарын сайлауда қолданылады. Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады

6-14.Саясаттанудың пәні және қызметін анықтау



  1. Саясаттың негізгі функциялары - қоғамдық өмірдің негізгі салаларын интеграциялау, қоғамның біртұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету. өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған және саяси билікті басып алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер, топтар, ұлттар, үлкен әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі;

  2. мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау;

  3. адамзат қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын және амал-әрекеттерінің түрлерін білдіреді;

  4. әдеттегі тілде - адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған іс- әрекеттің сипаты;

  5. мемлекеттік және қоғамдық өмірдің күнделікті мәселелер немесе оқиғалар жиынтығы.

7.Қазіргі қоғамдағы саясаттанудың негізгі функциялары.




Саясаттың негізгі функциялары - қоғамдық өмірдің негізгі салаларын интеграциялау, қоғамның біртұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету. Қай ғылым болмасын белгілі бір функцияларды атқарады. Саясаттануда ондай міндеттер бар. Оған ең алдымен танымдық қызметтер жатады. Саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.Саясаттану бағалау қызметінде атқарады. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Саясаттану реттеушілік,басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында.Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тыңбайды.Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.

8.Сайлау жүйесінің түсінігі және мәні. Сайлау жүйелерінің типтері.




Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардыңнемесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет