Макиавелли Никколо (03.05.1469 — 22.06.1527) — флоренциялық дипломат, саяси теоретик, саяси биліктің жаңа тарихтағы алғашқы аналитигі. Оның негізгі идеясы — мемлекетте адамдар арасындағы жеке қатынастарды реттеуші этикадан басқа принциптер болуы керек. Негізгі бағыт — билікке жету және реттеу. Ол басшы жағдайға байланысты әрекет етуі қажет деген.Макиавеллидің ("Тит Ливийдің бірінші декадаға ой-толғаныстары", "Әмірші", "Әскери өнер туралы" және т.б.) шығармалары Жаңа дәуірдің саяси-құқықтық идеологиясына негіз болды. Макиавелли саясаттың маңызды күралы деп дінді санады. Макиавелли:"дін — адамдардың ақыл-ойы мен парасатына ықпал етудің күшті құралы",— деп тұжырымдады. Осы себептен мемлекеттердің негізін қалаушылар мен данышпан, заң шығарушылардың барлығы құдайдың өміріне жүгінген. Жақсы дін бар жерде әскер құру да оңай. Мемлекет дінді қол астындағы азаматтарды басқару үшін пайдалануға тиіс. Н.Макиавеллидің көрегендігі - саясаттың дербес құбылыс ретінде үлкен қоғамды өзгертуші құрал екенін анықтау, оның моральдық құндылықтардан бөлек табиғатын aшy, саяси билік үшін күресін, содан кейін оны ұстап түру әрекетін жасау болды.
Макиавелли іс жүзіндегі саясат пен саясат теориясын біріктіруге ұмтылыс жасады және оның саясат саласына, саяси оқиғаларды бағалауға қатысты айтқан көптеген идеялары қайсыбір жағдайда әрекет жасау жөніндегі мемлекет басшысына (князге) берген.
17.Партиялық жүйе анықтамасы, мәні, функциялары және типологиялары.
Партиялық жүйе - азаматтармен, мемлекетпен, өзара және басқа саяси институттармен әрекеттесуші әрі осы қоғамда қандай да бір деңгейде саяси-билік қатыстарына араласушы партиялардың жиынтығы; қоғамнын саяси жүйесінің кұрамдас бөлігі. Партиялық жүйенің қалыптасуына бірқатар факторлар әсер етеді: қоғамдағы экономикалық даму деңгейі, әлеуметтік- таптық күштердің арақатынасы, қоғамдық қатынастардың пісіп-жетілу дәрежесі, халықтың этникалық қүрамы, тарихи және діни дәстүрлер және т.б. Демократиялық саяси тәртіпке саяси партиялардың қызметі ресми шектелмеген көппартиялық жүйе тән. немістің көрнекті саясаттанушы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар. Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден ерекшелігі – олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық жұмысты кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды. Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі – олар жұмысын тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты. өз қатарына барынша көбірек адамдарды тартты. өздерінің үгіт-насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызмет т.с.с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды. Дегенмен, көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы ғана басынан кешірді. Олар либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялары. Ал қазір өмір сүріп отырған партияларының көбінің даму жолы қысқа. Олардың біразы бірден көпшілік партия болып қалыптасты. Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 жылы Англияда либералдық партия құрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың дамуына жұмысшы қозғалысы да зор әсер етті. Жұмысшылардың өзіндік жарғысы, кең тараған жергілікті ұйымдары бар, жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімімен съездер өткізетін партиялары ұйымдасады
18.ҚР дағдарысқа қарсы стратегиясының негізгі мақсаттары - «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2015 жыл 30 қараша
)Президент Жолдауын аса күрделі, қиын кезеңде жария етті: шикізаттың әлемдік бағасы түсуде, экономикалық өсім баяулады, мұнайдан түсетін супер табыстар жоқ. Әлем тұрақсыз бола түсті. Жетекші державалар бір-біріне қарсы санкциялар енгізді. Олардың арасындағы сенім күрт төмендеп кетті. Бірақ Президент Қазақстанның бұған дейін де дағдарысты бастан кешіріп, одан шыға білгенін, Қазақстанның өзі де дағдарыс дәуірінде өмірге келгендігін, содан бері біз жаһандық дағдарыстың – тек қауіп қана емес, сонымен
бірге жаңа мүмкіндіктер әкелетіндігін білетіндігімізді еске салды.
Нұрсұлтан Назарбаев 1990 жылдардың ортасында Қазақстанның дағдарыстан
шығуына көмектескен: жекешелендіру, трансұлттық компанияларды тарту, астананы дамыту, мұнайды экспорттаудың жолдарын іздеу, «Қазақстан–2030» Стратегиясын әзірлеу және оны іске
асыруды, Ұлттық қорды құру сияқты негізгі бағыттарды еске түсірді.Бұл жолғы дағдарысқа дайындықты
Қазақстанның алдын ала бастағанын қадап айтты ҚР Президенті.
Атап өтер болсақ, біз қазірдің өзінде индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығын бастадық,
яғни шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құрудамыз, «Нұрлы
Жол» Мемлекеттік инфрақұрылымдық саласы бойынша жоғары сатыға шығып, ТМД арасында топ жарды. «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша ҚР Президентінің «Алтын
сапа» сыйлығын иелендік. Әлемдік деңгейде берілетін марапат – «Алтын жұлдызға» қол жеткізіп, «Ірі кәсіпорын» номинациясы бойынша Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің сапа жағынан 10-Халықаралық турнир жеңімпазы атандық. Мұндай жоғары атақ пен марапатқа ие болу – профессор-оқытушылар
құрамы және ұжым еңбегінің нәтижесі.етті.Осыған байланысты ҚР Президенті таяу уақыттарда
Үкіметке келесі бес бағыт бойынша дағдарысқа қарсы және құрылымдық кешенді жаңаруларды жүзеге асыру қажет екендігін тапсырды.І. Қаржы секторын тұрақтандыру. 2. Бюджет саясатын
оңтайландыру. 3. Жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті
ынталандыру.4. Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері. 5. Жаңа әлеуметтік саясат. Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын
жариялаймын. Тұтастай алғанда, Жолдауда ілгерілетіп отырған шаралардың барлығы нақты сипатқа ие және, әдеттегісінше, сенімді қаржыландырумен қамтамасыз етілген, – деп сендірді Нұрсұлтан Назарбаев.
19.Ағарту дәуіріндегі саяси ілімдер ((Т.Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Ж. Руссо).
Томас Гоббс (1588-1679) - ағылшын философы және саяси ойшылы. Гоббс мемлекетті «жасанды дене», құдайдың орнатуы емес, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі деп анықтаған. Философтың ойынша мемлекет адамдар бытыраңкы өмір сүрген және «барлығының барлығына қарсы соғысы» жағдайында болған «табиғи» күйден қоғамдық келісімге келу негізінде пайда болды. Қоғамдық келісім нәтижесінде өз еркіндігін ерікті түрде шектеген жеке азаматтардың құқығы бейбітшілікті сақтау және азаматтарды қорғау функциясы берілген мемлекет басшысына немесе мемлекеттік органдарға беріледі. Гоббстын ойынша, қоғамдық келісім бір уақытта мемлекеттің және қоғамның пайда болуына әкеп соғады. Левиафан" атты саяси философиялық трактатымсн әлем жұртшылығына танылған Томас Гоббстың революцияға деген өзіндік көзқарасы болды. Ол өзінің мемлекет және құқық туралы теориясының негізі ретінде жеке тұлғаның табиғаты туралы түсінікті алға қояды. Т. Гоббстын ойы бойынша адамдар алғашқы кезде дене және акыл-ой қабілеттері жөнінен тең дәрежеде жаратылған. Бірақ адам табиғатынан өзімшіл, ашқарақ- тойымсыз Яғни, "адам адамға —қасқыр" Осыдан келе қоғамда "барлығына бәрінің қарсы күресі" келіп шығады. Бітімге жету құралының ең басты түйіні бейбіт өмір мен ΜЗІНДІК Қорғаныс үшін өзінің кейбір құқыктарының шектеуге тура келетіндігі. Бұл — екінші табиғи заң. Адамдар өздерінің құқықтарын өзара келісімділікпен басқа адамға немесе адамдар тобына береді. Екінші табиғи заңнан үшінші табиғи заң шығады. Олар (адамдар) µздері бекіткен келісімдерді орындауы тиіс, олай болмаған жағдайда келісімнің ешқандай маңызы болмайды. Үшінші табиғи жағдайдан әділдіктің қайнар көзі мен бастауы көрінеді. Аталған үш заңнан басқа тағы он алты табиғи (өзгермейтін және МӘҢГІ) заң бар. Олардын барлығы да бір ғана ережені — өзіңе ұнамағанды басқаға да істемеу қағидасын білдіреді.
Джон Локк (ағылш. John Locke; 29 тамыз 1632 — 28 қазан 1704) — британ педагогы және философы, эмпиризм және либерализм өкілі. Сенсуализмның тарауына әсер етті. Дж. Локктың пікірінше, мемлекеттің калыптасуына дейін адамдар табиғи жағдайда болған. Мемлекетке дейінгі кауымдастыққа "бәрінің барлығына карсы күресі" болған емес. Адамдарешкімнен рұқсат сүрамай, ешкімнің еркіне тәуелді балмай өздерінін қадір-қасиеті мен меншігіне иелік еткен. "Барлық билік пен құқықтар өзара тиімді жағдайда және ешкім артықшылықта болмаған", теңдік үстемдік күрған. Ал адамдардың табиғи қалыптан мемлекетке µтуі табиғи жағдайда құкықтардың тұрақсыздығынан туды. Бірақ "мемлекеттік жагдайда да еркіндік пен меншік сақталуы тиіс. Сонымен бірге жоғары мемлекеттік билік қалай болса солай және шексіз бола алмайды.
Шарль Луи Монтескье (фр. Charles-Louis de Seconda, Baron de La Brède et de Montesquieu; 18 қаңтар 1689 — 10 ақпан 1755), Шарль де Секонда, барон де Ла Бред и де Монтескье – француз ағартушысы, философ, социолог. Монтескье адамның табиғи еркіндігі теориясына сүйене отырып, оның бақытты болуға құқылы екендігін түсіндірді. Оның саяси идеялары классикалық либерализмге негізделген. Монтескье “Заңдардың рухы туралы” еңбегінде заңдардың шығу себептерін, қалыптасуын зерттеді. Монтескье пікірі бойынша, нағыз әділ заң адамның табиғи құқығына негізделуі қажет. Монтескье адамның ақыл-ойы, парасаты құдай белгілеп берген нәрсе емес, оның өмір сүріп отырған ортасының жемісі, сол ортаның өзгеруімен ол да өзгеріп отырады, заңды қатаң сақтау бостандықты қамтамасыз етуге, мемл. төңкерістерді болдырмауға қызмет етеді деген пікірде болды.
20.Саяси көшбасшылық – көсбасшылық табиғаты, теориялары және оның дамуындағы заманауи тенденциялары
Достарыңызбен бөлісу: |