1-семинар: Әлемдегі ұлттық білім беру жүйесі
Семирадың мақсаты - қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру, жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігін білім беру бағдарламалары мазмұнымен анықтау, мамандарды дайындау сапасын жетілдіру жолдарын қарастыру, жаңа білім беру технологиясын енгізуді, оқу үрдістерін ұйымдастырудың рационалды формаларын құру, өзін-өзі дамыту, оқу, тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру.
Өткізу формасы: жеке, топтық жұмыс
Әдебиеттер
1. 1.Ахметова Г.К., Исаева З.А. Педагогика: Учебник для магистратуры университетов. – Алматы: Қазақ университеті, 2018. – 328 с.
2.А.К. Мынбаева, А.Б. Айтбаева, Ə.М. Құдайбергенова Жоғары мектеп педагогикасы негіздері: Оқу құралы. -Алматы, 2016.-191 б.
3. Жоғары мектеп педагогикасы / Авторлар: Ж.Р. Баширова, Н.С. Алгожаева, У.Б. Толешова, А.Ж. Тойбаев, К.Б. Жумабекова. – Алматы: Қазақ университеті, 2015.
4. Әбдікерова, Гүлнапис Орынбасарқызы. Жоғары білім беру жүйесі: мәселелер мен перспективалар [Мәтін] : монография / Г. О. Әбдікерова, Ә. Т. Омарова, С. М. Дүйсенова, 2017. - 119 б.
5. Г.Қ. Нұрғалиева, С.Мусин. Салыстырмалы педагогика. -Алматы: Ғылым, 1999.
Қарастырылытын сұрақтар:
1.Білім беру дамуындағы әлемдік дағдарыстар.
2.Қоғамдық білім құру контексіндегі жоғары білім беру мәселелері.
3.Болон процесінің тарихы мен негізгі принциптері.
4. Болон процесінің практикалық құжаттары: ECTS (2015) пайдалану бойынша нұсқаулық.
5. Университеттер мен оқытушылардың халықаралық ынтымақтастығы мәселесі.
Тапсырмалар
Білім деңгейіндегі тапсырма
Әлемдегі ұлттық білім беру жүйесі туралы пікіріңіз
Түсіну деңгейіндегі тапсырма
Жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігін білім беру бағдарламалары мазмұнымен анықтап көрсетіңіз
Білім беру жүйесінің дамуындағы әлемде болған дағдарыстарға тоқталыңыз
Қолдану деңгейіндегі тапсырма
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларына сипаттама беріңіз
Талдау деңгейіндегі тапсырма
Болон процесінің тарихы мен негізгі принциптеріне талдау жасаңыз
Синтез деңгейіндегі тапсырма
Өткен тақырыпты ой елегінен өткізіп, келесі кестені толтырыңыз.
-
Нені білдім?
|
Нені білгім келеді?
|
|
|
Бағалау деңгейіндегі тапсырма
Университеттер мен оқытушылардың халықаралық ынтымақтастығы мәселесіне қатысты өзіндік пікіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |