Батыр-жырау өз бейнесін ашуда жан-жануарларға, аң-құстарға, өсімдіктерге теңеу сәтті қолданыс тапқан жырдың бірі Жиембет жыраудың «Еңсегей бойлы ер Есім» толғауы. Толғауда мынадай тармақтар кездеседі: «Менің менен ханым ойнаспа, Менің ерлігімді сұрасаң, Жолбарыс пенен аюдай, Өрлігімді сұрасаң, Жылқыдағы асау тайыңдай, Зорлығымды сұрасаң, Бекіре менен жайындай, Періктігімді сұрасаң, Қарағай менен қайыңдай…» [2, 57] Жырау толғауы осындай өткір тілді болып келеді, бейнелі теңеулермен өз бейнесін суреттейді. «Аюдай, тайыңдай, жайындай, қайыңдай» деген сөздермен шебер құбылтып, тармақтың соңына тіркеп ұйқас ретінде де пайдаланған. Толғауды кезектес ұйқаспен ырғақты өрген.

КЕРІ БАЙЛАНЫС
1. Бұхар жырау толғауларын: арнау толғау; болжау толғау; насихат толғау –деп топтастырған ғалым? 2. Ресми іс қағаздар тілін арнайы зерттеген? 3. Р. Сыздықова “ Қазақ әдеби тілінің тарихы” еңбегінде Бұқар жырауды қалай бағалаған?
Әдебиеттер:
Әдебиеттер:
1. Өмірәлиев Қ. XV-XIXғ. Қазақ поэзиясының тілі. А., 1976
2. Сүйіншәлиев Қ. VIII-XVIIIғ. қазақ әдебиеті. А., 1989
3. Қазақ әдеби тілі тарихының проблемалары. А., 1987
4. Әбілқасымов Б. ХУІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің жазба нұсқалары. — Алматы, 1988.