1. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық негіздері


Қазақстанда «Қазпочта» акционерлік қоғамының дамуы



бет2/2
Дата26.06.2018
өлшемі0,82 Mb.
#45116
1   2

2. Қазақстанда «Қазпочта» акционерлік қоғамының дамуы
«Қазпочта» акционерлік қоғамының даму әрекеті, жалпы экономикалық сипаттамасы
Қазпочта ТМД аумағында бірінші болып пошта-жинақ жүйесін құрастырып енгізген бірден-бір пошта әкімшілігі болып табылады. «Қазпочта» АҚ-ның сапалы пошта-жинақ жүйесін құрастырудағы жұмысының нәтижелері байланыс саласындағы аймақтық достастықпен сәтті деп танылды. Ал Қазақстандағы жаңа пошта жүйесінің үлгісі Достастық  елдері пошта әкімшіліктері үшін болашағы мол даму жолы ретінде атап өтілді. Бүгінгі күні қазақстандық пошта 21 000-ға жуық қызметкер, республика бойынша 3200 байланыс бөлімшелері, 14 облыстық және 4 республикалық мәндегі филиалдан тұрады. Қазіргі кезде қазақстандық поштаны көп функционалды қаржылық супермаркетке айналдыру үрдісі жедел іске асырылуда. Мұнда жақын арада пошталық, қаржылық және басқа да қызметтер көрсетіледі. Қазақстан сияқты үлкен мемлекетте ақпараттық қоғамның дамуы жағдайында әмбебап логистикалық операторының қызметінсіз мүмкін емес. Пошта саласында жүріп жатқан өзгерістер, тұтастай алғанда компанияның алға жылжуына негіз қалады. «Standard & Poor's» халықаралық рейтингтік агенттігі 2005 жылы «Қазпочта» АҚ-ға ұзақ мерзімді несиелік ВВ+ «Тұрақты» рейтингісін берді. Бұл компанияның тұрақты дамып келе жатқан кәсіпорын екенін дәлелдейді. «Қазпочта» АҚ 2006 жылдың қаңтарынан «Самұрық» мемлекеттік холдингісіне кіреді. Бұл даму институтын құрғанда алға қойған басты мақсаттар корпоративтік басқару, мемлекеттің қызығушылығын қорғау мен макроэкономикалық тұрақтылықты одан әрі қолдау болды. Бір жыл ішінде алға қойған міндеттер мен мақсаттарды орындауда бірлесіп жасалған жұмыстар жемісті болды.Директорлар кеңесінде жай ғана поштаның даму тұжырымдамасын емес, сонымен қатар ұлттық пошта операторының инфрақұрылымын жаңартатын бағдарламаны қамтитын 2007-2009 жылдарға дамудың стратегиялық бағыттары бекітілді. Мұндай жаңартудың негізгі міндеттері пошта байланысы бөлімшелерінің жеке желісін оларды жан-жақты қамтып, техникалық нығайту мен ақпараттық коммуникациялық және банктік жабдықтармен қамту арқылы жетілдіру болып табылады. «Қазпочта» АҚ 2006 жылдың қаңтарынан «Самұрық» мемлекеттік холдингісіне кіреді. Бұл даму институтын құрғанда алға қойған басты мақсаттар корпоративтік басқару, мемлекеттің қызығушылығын қорғау мен макроэкономикалық тұрақтылықты одан әрі қолдау болды. Бір жыл ішінде алға қойған міндеттер мен мақсаттарды орындауда бірлесіп жасалған жұмыстар жемісті болды. Осы уақыт ішінде осындай мемлекеттің шешімін дұрыс қабылдау мен түсінуде келді. Директорлар кеңесінде жай ғана поштаның даму тұжырымдамасын емес, сонымен қатар ұлттық пошта операторының инфрақұрылымын жаңартатын бағдарламаны қамтитын 2007-2009 жылдарға дамудың стратегиялық бағыттары бекітілді. Мұндай жаңартудың негізгі міндеттері пошта байланысы бөлімшелерінің жеке желісін оларды жан-жақты қамтып, техникалық нығайту мен ақпараттық коммуникациялық және банктік жабдықтармен қамту арқылы жетілдіру болып табылады. Бұл шаралар көптеген стратегиялық маңызды міндеттерді орындауды ұйғарады. Бірінші кезекте қаржыландыру көздерін аймақтық желіні қалалық, аудандық, ауылдық деңгейде дамытуға толық мобилизациялау қажет. Бұл жан-жақты әрі ақпараттық-техникалық жабдықтау деңгейінде стандартты пошта-жинақтау қызметтерінің тізімін сапалы негізде көрсетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл қайта жабдықталған пошта байланысы бөлімшелерінде «электронды үкімет» жүйесіне қосылу, несиелеу, тұрғын үй салу жинақтарын жасау үшін теле және ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді дамыту есебінен көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Компанияның даму жоспарын іске асыру пошта-жинақтау қызметтерін көрсету деңгейін көтеруге, пошта жөнелтімдерін тасымалдау жиілігін арттыру, сонымен қатар тұтастай алғанда аймақтық желі мен тораптық бағдарларды оңтайландыратын тораптық бағыттар бойынша пошталық жөнелтімдерді жеткізу мерзімін қысқартуға септігін тигізеді.

«Қазпочта» АҚ қызметінің тағы бір оңды нәтижесі клиенттер мен әріптестер жағынан компания қызметтеріне деген жоғары қызуғышылық болып табылады. Пошта – Қазақстан халқының бәріне дерлік қол жетімді бірегей күшті желілік құрылым. Қазпочта ең пәрменді филиалдық желіге ие. Республикада мұндай желіге іспеттес желі жоқ. Қазпочтаның барлық облыстық филиалдарында «K-mobile» мен «K-cell» ұялы байланыс қызметтері үшін төлемдерді қабылдаудан жаңа жобаларды іске асыру бойынша бағдарламалық өнімдер сәтті қолданылып келеді.

2006 жылдың мамырында Қазпочта құнды қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті іске асыруға лицензияны алды. Бұл компанияның трансфер-агенттік қызметтерді көрсетудегі жұмысын кеңейтуге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде «Қазпочта» АҚ өзінің қызметін құнды қағаздар рыногында белсенді түрде дамытуда. Мұнда негізгі екі бағытты атап өтуге болады.

Біріншісі пошта секторында «Казпост-секьюритиз» деп аталатын бірегей жобаны қамтиды. Ол бүгінде Қазпочтада енгізілуде. Мұнда Алматы қаласы Аймақтық қаржы орталығы алаңында құнды қағаздармен түрлі операцияларды жүргізу ұйғарылады.

Екінші бағыт «Қазпочта» АҚ құнды қағаздар рыногында трансфер-агенттік желіні дамытуды айқындайды. Осыған байланысты «Самұрық» мемлекеттік холдингінің «Қазақтелеком» АҚ-ның 4,6% жай акциялары мемлекеттік пакетін «Қазпочта» АҚ трансфер-агенттік пункттері арқылы сату тәжірибесі сәтті болды. Қазпочтаның трансфер-агенттік пункттері инвесторлар мен сатушылар арасында байланыстырушы түйін қызметін атқарады. Трансфер агенттік желі арқылы акцияларды сатып алу өтініштері бүкіл Қазақстан бойынша қабылданды. Аймақтардағы инвесторлар акцияларды сатып алу келісімін өздері тұрған жерден-ақ жүзеге асырды. Бұл жобаны іске асыру трансфер агенттік желіні қолданудың инвесторлар үшін де, Қазпочта үшін де тиімді екенін көрсетті. Бұған дейін трансфер агенттік қызмет қор рыногында табысты қызмет түрлеріне жатпайды деп есептелген.
Бірінші тәжірибе сәтті өткендіктен бұл бағыт одан әрі де белсенді дами береді. Жақын болашақта халыққа «Қазпочта» АҚ-ның барлық ірі қалалық және аудандық пошта байланысы тораптарында орналасқан трансфер агенттік пункттері арқылы акциялар сату жоспарлануда.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы аумағында ішкі және халықаралық жөнелтімдерді бақылау автоматтандырылған жүйесін енгізу арқылы қазақстандық пошта халықаралық EMS қызметі сапасын сәтті дамытуда. Бұл сертификаттау деңгейінде өз үлесін тигізді. 2006 жыл қорытындылары бойынша «EMS-Kazpost» қола деңгейіне қол жеткзді.

Қазіргі кезде «IPS-Light» халықаралық бақылау жүйесі барлық облыс орталықтарында орналастырылған. 2006 жылы EDI форматында жөнелтімдер бойынша мәліметтерді жөнелту арқылы бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырыла басталды. Бұл жұмыс «International Post Corporation» компаниясымен бірлесіп атқарылуда.

EMS  «Таңертеңгі 10» 10 бағыт бойынша және 4 бағыт бойынша «12-ге дейін жеткізу» қызмет түрлерін көрсету аясы кеңейтілді.

2006 жылдың қазанында Алматыда қазақстандық-эстондық бірлескен кәсіпорын «Электронпост.kz» ашылды. Ол ақпараттық логистика қызметін, соның ішінде пошталық жөнелтімдерді басып шығару мен конверттеуді қамтиды.

«Siemens» компаниясының көліктік-сұрыптаушы логистикасымен танысу мақсатында Будапешт қаласы (Венгрия) мен Констанце қаласында (Германия) келіссөздер өтті. Компанияның тәжірибесі біздің республикада Алматы және Астана қалаларында сұрыптау орталықтарын салу кезінде қолданылмақ. Компанияда қолданыстағы өндірістік қорларға ерекше назар аударылады. 2006 жылы пошта-жинақтау инфрақұрылымын дамытуға 2,5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл өндірістік объектілердің жан-жақты қамтылуына, жеке желінің компьютерлендірілуіне, пошта жабдықтары мен көлік паркінің жаңаруына септігін тигізді. 2006 жылы ұзақ мерзімді салалық бағдарлама аясында жұмыс сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Біріншіден пошта байланыс бөлімшелерін күрделі жөндеуден өткізу жобасы. Бюджеттік инвестициялар есебінен 2007 жылы 111 жаңа ауылдық пошта байланысы бөлімшелері салынып, бүкіл республика бойынша қалалық пошта байланысы бөлімшелері күрделі жөндеуден өтті. Барлық пошта байланысы бөлімшелерінің ішкі жабдықталуы да қазіргі заманғы критерийлерге сай келеді – жиһаз, электронды құрал-жабдықтар, компьютерлік техника, пошталық-кассалық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы көрсетілетін қызмет түрлері аясы кеңейтіліп, мыңнан астам жұмыс орны жасалынды. Тағы бір маңызды жоба – Қазпочта жүйесі арқылы электронды сауда мүмкіндіктерін дамыту. Бұл мәні зор тапсырманы «Самұрық» мемлекеттік холдингі коллегиясының мәжілісінде «Қазпочта» АҚ басшылығына ҚР Премьер министрі К. Мәсімов жүктеген еді. Жобаны орындау шеңберінде «Қазпочта» АҚ 2007 жылдың тамызында электронды сауда алаңын енгізу бойынша жұмыстарын бастады. Оны ұйымдастыру кезінде ұсынылатын тауарлар мен қызметтерді екіге бөлу – заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлермен ұзақ мерзімді негізде «бизнес – бизнес» ұстанымы бойынша көрсетілетін қызметтер мен тауарлар және қысқа мерзімді «жеке тұлға – тұтынушы» ұстанымына негізделген жеке тұлғалармен ұсынылатын тауарлар мен қызметтер. Бұл механизм қорғалған қызметтер мен тауарларды сату жүйесін құруға мүмкіндік бере отырып, «сатушы – сатып алушы» қарым-қатынастары үрдісін жеңілдетеді.

Бұл жаңа қызмет түрі мемлекеттік тапсырманы орындау болғандықтан, ол әлеуметтік сипатқа ие. Электронды алаңды енгізу үшін барлық ауылдық байланыс бөлімшелерін интернеттендіру бағдарламасы құрастырылды. Интернет сауда республика халқына қарапайым дүкендерде болмайтын ерекше тауарларды үйге жеткізумен алуға мүмкіндік береді. Бұл қажетті тауарды іздеуге кететін уақытты үнемдейді. Осыған байланысты Қазпочта негізінде электронды сауда алаңын құру ең ұтымды шешім болды. Сонымен қатар Қазақстан аумағында Интернет жүйесіне қосылу 45 қоғамдық пункттері ашылды, байланыс бөлімшелері Интернетке қосылуды қажет ететін бағдарламалық қамтумен қамтамасыз етілді.

Қазіргі кезде 89 жедел пошта пункті қызмет көрсетеді, Қазпочта бөлімшелері негізінде «бір терезе» ұстанымы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылуда. «Қазпочта» АҚ басқаруды нығайту, персоналды оқыту, пошта байланысын жаңарту, бәсекеге қабілетті пошта-жинақ жүйесі мен тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер сапасын көтеруге бағытталған қазіргі күнгі ақпараттық-технологиялық тізбектерді енгізуге зор назар аударады. Қоғамның бүгінгі күнгі стратегиясы – көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту мен оларға нақты сапа стандарттарын бекіту. Компания сапа менеджменті жүйесін енгізумен белсенді түрде айналысуда. Бұл еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру қарсаңында өте маңызды болып табылады. 2007 жылдың желтоқсанында «Қазпочта» АҚ-ға ХС ИСО 9001:2000 талаптарына сәйкестілік халықаралық сапа сертификаты тапсырылды. Бұл сертификат - компания басқару жүйесінің халықаралық сапа менеджменті стандарттарына сай келетінінің куәлігі. Халықаралық сертификатқа ие болып және сапаға деген ұстанымын көпшілікке паш етіп, «Қазпочта» АҚ өзінің күнделікті жұмысымен халықаралық деңгейге сай сапалы қызмет көрсету компанияның барлық басқару деңгейлерінде, өндрістік бөлімшелерінде басымды міндеті екенін, ал тұтынушылардың қанағаттануын көбейту атқарған жұмысының мақсаты мен нәтижесі екенін растайды.

Қоғамның техника-экономиялық көрсеткіштеріне талдау жасасақ. Кәсіпорының нарықтағы ұстанымын талдау кезінде оның күшті және әлсіз жақтарын ғана емес, әсер ететін нақты факторларды анықтау қажет. Фактор деп экономикалық, өндірістік және өзге де қызмет нәтижесіне әсер ететін үрдістерді қозғаушы күш. Басқаша айтсақ өндіріс тиімділігін анықтауға және әсер етуге мүмкіндік беретін барлық жағдайлар. Факторлардың болуы бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз. Сондықтан осы факторлар негізінде бәсекелестікті арттыруға ие болу және олар қаншалықты пайдалылығына байланысты болады.

Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі мынадай факторларға байланысты:



  1. Кәсіпорынның өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсеке қабілеттілігі.

  2. Өндірілген өнім түрі.

  3. Нарықтың сыйымдылығы. (Жыл сайынғы сату көлемі)

  4. Саланың бәсеке қабілеттілігі.

  5. Аймақтың немесе елдің бәсеке қабілеттілігі.

Ресей ғалымдарының бір тобы негізгі факторларға келесі көрсеткіштерді жатқызады:

  1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы.

  2. Кәсіпорынның өзінің ғылыми зерттеу конструкторлық әзірлемелерге арналған базаның дамуы және оларға жұмсалатын шығындар деңгейі.

  3. Өнімді өткізу тораптарының болуы.

  4. Техникалық қызмет көрсету жағдайы.

  5. Өткізуді ынталандыру құралдары мен жарнама ықпалдығы.

  6. Негізгі сатып алушылардың төлем қаьілеттілігі және ақпаратпен қамтамасыз етілу деңгейі.

Қаржылық тұрақтылығы – табыстың шығынан тұрақты түрде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануға мүмкіндік береді және оларды тиімді пайдалану арқылы өнім өндіру және өткізу процессін үздіксіз болуына жағдай жасайды. Содан қаржылық тұрақтылық барлық өндірістік-шаруашылық қызмет үрдісінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылық негізгі бөлігі болып табылады.

Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері кәсіпорын активтерінің жағдайын, құылымын, қарыздық капиталды тарту деңгейі осы қарызға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қабілетін сипаттайды.



Кәсіпорының қаржылық тұрақтылығын бірқатар көрсеткіштер сипаттайды. Олар :

  1. Меншікті капиталды шоғырландыру.

  2. Қарыздық капиталды шоғырландыру.

  3. Қаржылық тәелділік коэффициенті.

  4. Тұрақты қаржыландыру коэффициенті.

  5. Ағымдағы берешек коэффициенті.

  6. Қарыздарды меншікті капиталмен жабу коэффициенті.

  7. Қаржылық ливиридж коэффициенті.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділік коэффициенті кәсіпорынның іскерлік белсенділігі, оның өз капиталын қаншалықты пайдаланғандығын көрсететін бірқатар айналымдылық көрсеткіштерімен сипатталады. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі сандық және сапалық криитерилер жүйесінің көмегімен анықталады. Сапалық көреткіштеріне өткізу нарығының кеңдігі, кәсіпорынның іскерлік репутациясы, оның бәсеке қабілеттілігі, тұрақты сатып алушылар мен жабдықтаушылардың болуымен сипатталады. Бұл критерилерді сол саладағы немесе бизнестегі қызмет ететін бәсекелестердің параметрлерімен салыстыру қажет.

  1. Іскерлік белсенділік келесі көрсеткіштермен сипатталады :

  2. Активтердің айналымдылық коэффициенті.

  3. Айналымнан тыс активтердің айналымдылық коэффициенті.

  4. Негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенті.

  5. Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті.

  6. Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициценті.

  7. Тауарлы-материалды қорлардың айналымдылық коэффициенті.

  8. Дебиторлық берешектің айналымдық коэффициенті.

  9. Кредиторлық берешектің айналымдылық көсеткіштері.

Кәсіпорынның рентабельдігін бағалау көрсеткіштері. Кәсіпорынның қызметінің тиімділігі мен қаржы нәтижелерінің салыстырмалы сиптттамасын Рентабельдік бойынша сипаттауға болады. Кәсіпорынның қызмет тиімділігін бағалау кезінде табыстың абсолютті көрсеткіштері, оның қаншалықты тиімді жұмыс істеп тұрғанын толық сипаттай алмайды. Содан салыстырмалы көрсеткіштер ретінде рентабельділік көрсеткіштерін есептеу қажет. Рентабельділік көрсеткіштері кәсіпорынның салыстырмалы табыстылығын сипаттайды, яғни капитал немесе қаражаттың шығынға қатынасы пайызтүрінде өлшенеді. Олардың ішінде негізгілер ретінде келесілерді бөліп көрсетуге болады :

  1. Активтердің рентабельдігі.

  2. Ағымдағы активтердің рентабельдігі.

  3. Меншікті капиталдың рентабельдігі.

  4. Негізгі өндірістік қорлардың рентабельдігі.

  5. Сатудың рентабельдігі.

  6. Өнімнің рентабельдігі.

  7. Өндіріс рентабельдігі.

Абсолютті өнімділігін бағалау үшін абсолютті көрсеткіштермен қатар салыстырмалы көрсеткіштер пайдаланылады. Оларға :

  1. Абсолютті өтімділік коэффициенті. Бұл көрсеткіштің мәні қысқа мерзім міндеттемелерден қайсысы тез арада жабылатындығын көрсетеді. Бұның мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қарыз жабу кепілдігі жоғары.

  2. Жедел өтімділік коэффициенті. Бұл көрсеткіш ағымдағы міндеттеменің қандай бөлігін ақшалай қаражаттармен емес, күтіліп отырған ақша түсімдерімен жабылатындығын сипаттайды.

  3. Ағымдағы өтімділік коэффициенті. Ол ағымдағы активтердің, ағымдағы міндеттемелерді жабу дәрежесін сипаттайды.

  4. Кәсіпорынның жалпы қаржылық және іскерлік белсенділігін бағалайтын, ресми негізделген, қоғамға міндетті түрде толтыру қағидасы жүктелген отчет түрі «Кірістер мен шығыстар жайлы отчет». Аталмыш есеп беру құжатында кәсіпорынның өнімін өндіру мен одан түскен және ол пайданың шығындарға үлесі мен таза пайданың қалай шығатыны көрсетілген.

8 - кесте – «Қазпочта» АҚ Алматы почтаснабының 2006-2007 жж. негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері




Негізгі көрсеткіштері

өлшем бірлігі

2006 жыл

2007 жыл

Ауытқулар

(+;-)

%

1

Өткізілген өнімнен түскен табыс

тг

2869745874

2872485874

2740000

100,1

2

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

тг

2556871387

2559820188

2948801

100,1

3

Жалпы табыс

тг

312874487

312665686

-208801

99,9

4

Кезең шығындары

тг

302581131

302043450

-537681

99,8

5

Негізгі қызметтен түскен табыс

тг

10293356

10622236

328880

103,2

6

Негізгі емес қызметтен түскен табыс

тг

3894274

4061774

167500

104,3

7

Салық салынғанға дейінгі жиынтық табыс

тг

14187630

14684010

496380

103,5

8

Таза табыс

тг

7416736

7919102

502366

106,8

9

Өткізілген өнімнің 1 тг. кеткен шығын

тг

0.99

0.99

0

100

10

Өнімнің рентабельділігі

%

0,2

0,3

0,1

-

11

Сату рентабельділігі

%

0,3

0,3

0

-

12

Өндіріс рентабельділігі

%

1,1

1,2

0,1

-

13

Жұмысшылар саны

адам

1098

1200

102

109,3

14

Персоналдың орташа тізімдік саны

адам

786

843

57

107,3

15

1 персоналдың еңбек өнімділігі

тг

3651076,2

3407456,6

-243619,6

93,3

16

Еңбек ақы қоры

тг

221758900

268043883

46284983

120,9

17

1 персоналдың орташа айлық жалақысы

тг

23511,3

26497,02

2985,7

112,7

18

Негізгі қорлардың орташа жылдық құны

тг

653258701

654154544

895843

100,1

19

Қор қайтарымдылығы

тг

4,4

4,4

-0,001

99,9

20

Қор сыйымдылығы

тг

0,227636428

0,227731161

9,47

100

21

Қормен жабдықталу

мың тг

594,9532796

545,1287867

-49,824493

91,6

22

1 жұмысшының өнім өндіруі

мың тг

2613,611907

2393,738228

-219,87368

91,6

23

1 персоналға шаққандағы орташа жылдық шығарым

мың тг

3651,076176

3407,456553

-243,61962

93,3

2004 жылы кезең шығындары -537681,0 теңгеге қысқарды. Кезең шығындарының төмендеуіне жалпы және әкімшілік шығындардың, пайыздарды төлеу шығындарының, сату бойынша шығындардың төмендеуі әсер етті.

Негізгі қызметтен түскен табыс көлемі 2003 жылға қарағанда 2004 жылы 328880 теңгеге өсті. Жалпы табыс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен түсетін табыс соншалықты жоғары болады.

Негізгі емес қызметтен түскен табыс 167500 теңгені құрайды. Ол материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды, бағалы қағаздарды сатудан түскен, яғни кәсіпорынның негізгі қызметімен тікелей байланысты емес операциялардан түскен табыстардың болмауымен байланысты.

Салық салынғанға дейінгі жиынтық табыстың 496380 теңгеге дейін өсуіне негізгі қызметтен түскен табыс пен негізгі емес қызметтен түскен табыстың ықпалы тиді.

Таза табыстың көлемі 2004 жылы 2003 жылға қарағанда 502366,0 теңгеге жоғарылады. Салық салынғанға дейінгі жиынтық табыстың және негізгі қызметтен түскен табыс көлемінің өсуі, ал кезең шығындарының кемуі таза табыстың артуына оңтайлы әсерін тигізді.

2004 жылды алдыңғы жылмен салыстырсақ, өткізілген өнімнің 1 тг. кеткен шығынның 00 теңгеге азайғанын байқай аламыз. Өткізілген өнімнің өзіндік құны мен кезең шығындары неғұрлым аз болса, өткізілген өнімнің 1 тг. кеткен шығын да соғұрлым аз болады. Өткізілген өнімнен түскен табыстың өсуі, ал кезең шығындарының қысқаруы өткізілген өнімнің 1 тг. кеткен шығынның кемуіне септігін тигізді.

2004 жылы өнімнің рентабельділігінің 0,01733528 пайызға (%) көтерілуіне таза табыстың өсуі және кезең шығындарының кемуі ықпал етті. Таза табыс пен өткізілген өнімнен түскен табыс өссе, өнімнің рентабельділігі де өседі.

Сату рентабельділігі 2003 жылға қарағанда 2004 жылы 0,01724237 пайызға (%) өсті. Бұл көрсеткішке таза табыс пен өткізілген өнімнен түскен табыс мөлшерінің жоғарылауы, өткізілген өнімнің өзіндік құны, кезең шығындарының азаюы әсерін тигізді.

Алдыңғы жылмен салыстырғанда өндіріс рентабельділігі 2004 жылы 0,15585295 пайызға (%) артып отыр. Таза табыстың өсуі, негізгі қорлардың орташа жылдық құны, негізгі қызметтен түскен табыстың артуы мен кезең шығындарының төмендеуі бұған негізгі себеп болды.

2004 жылы жұмысшылар саны 102 адамға көбейді. Олардың жұмысқа тұруына әр түрлі себептер әсер етеді. Жалақы деңгейі мен фабрика жұмысшыларының жұмыстан кетуі және түрлі операцияларды орындау үшін жаңа еңбек қолына деген сұраныстың артуы солардың бірі.

Персоналдың орташа тізімдік саны 2003 жылы 786 адам, 2004 жылы 843 адам, ал ауытқу 57 адамға тең болды.

2004 жылда 1 персоналдың еңбек өнімділігі -243619,62 теңгеге кеміді. Бұл көрсеткіш өткізілген өнімнен түскен табыспен тікелей байланысты.

1 персоналдың орташа айлық жалақысына келсек, 2004 жылы өткен жылмен салыстырғанда ол 2985,68908 теңгеге көбейді. Жалақының көбеюіне жұмысшылар санының көбеюі, табыстың өсуі, жұмысшылардың мамандану деңгейінің жоғарылауы, еңбек өнімділігінің жоғарылауы әсер етеді.

Еңбек ақы қоры 1 персоналдың орташа айлық жалақысына және персоналдың санына байланысты болады. 2004 жылы 1 персоналдың орташа айлық жалақысы 2985,68908 теңгеге көбейгендіктен, еңбек ақы қоры да 46284983 теңгеге көбейді.

2003 жыл мен 2004 жылды салыстырсақ, негізгі қорлардың орташа жылдық құны 895843 теңгеге өсті. Ол айналым қорларының орташа жылдық құнына, қор қайтарымдылығына, қор сыйымдылығына, қормен жабдықталуына, өткізілген өнімнен түскен табысқа, жалпы табысқа және табыстың өзге де көздеріне байланысты.

Қор қайтарымдылық 2003 жылы 4,392969997 теңге, ал 2004 жылы 4,391142583 теңге болды. Демек, ауытқу -0,0018274 тең. Бұл дегеніміз қордың толығымен қайтарылмағанын, керісінше, оның -0,0018274 кемігенін көрсетеді. Ол өнімді өткізуден түскен табысқа, жалпы табысқа, өткізілген өнімнің өзіндік құнына, негізгі қорлардың орташа жылдық құнына байланысты болып келеді.

Қор сыйымдылық 2003 жылы 0,227636428 теңгені, 2004 жылы 0,227731161

теңгені құрады. Ауытқу 9,4733E-05 тең. Демек, белгілі бір өнім өндіруге немесе жұмысты орындауға қолданылған қорлар шығыны өтелді деген сөз. Негізгі қорлардың орташа жылдық құны мен табыс көздерінің (таза табыс, жалпы табыс, өнімді өткізуден түсетін табыс және т.б.) ықпалы зор.

Өткен жылға қарағанда 2004 жылы қормен жабдықталу -49,824493 мың теңгеге кеміді. Көрсеткіш негізгі қорлардың орташа жылдық құнының өсуіне, алайда, жұмысшылар санының артуына байланысты кеміп тұр. Сонымен қатар, қормен жабдықталуға өткізілген өнімнен түскен табыстың, таза табыстың, негізгі қызметтен түскен табыстың өсу мөлшері әсерін тигізеді.

1 жұмысшының өнім өндіруінің мөлшері 2003 жылы 2613,611907 мың теңге болса, 2004 жылы 2393,738228 мың теңгені құрады, яғни -219,87368 мың теңгеге ауытқып отыр. Оның кемуіне жұмысшылар санының көбеюі, өткізілген өнімнен түскен табыс мөлшерінің өсуі себеп болды.

2004 жылды 2003 жылмен салыстырсақ, 1 персоналға шаққандағы орташа жылдық шығарым -243,61962 мың теңгеге төмендеп отыр. Өткізілген өнімнен түскен табыстың өсуі мен персоналдың орташа тізімдік санының ұлғаюы 1 персоналға шаққандаға орташа жылдық шығарымның ұлғаюын кері ықпалын тигізді.

Жоғарыда берілген мәліметтерге (8-кестеде берілген техника-экономикалық көрсеткіштерге) сүйене отырып, «Қазпочта» АҚ-ның жалпы экономикалық тиімділігіне талдау жүргіздік.

2.2 «Қазпочта» акционерлік қоғамының инновациялық қызметін талдау

Болашаққа бағытталған даму бағдарламалары мен стртегиялары Индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыру барысында орындалатын және нәтижелерін берген жұмыс көлемі. Қоғам аталмыш стратегияға тығыз байланысты. Себебі ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың динамикалық дамуға және елдің бәсеке қабілетін дамытуда маңызды орынға ие. Проект шеңберінде корпаративтік ақпараттық жүйеге ядро жүйелі жұмыс принцпі енгізіледі. Ядролық жүйе клиентке және есеп беруге кассалық есеп негізінде енгізілген. Осыдан басқа есеп айырысу жүйесіне өзгеріс енгізілген. Бұл есеп айырысу жұйесінің қалай іске асқанын ішкі құрылымдық сипатта және сыртқы қоғам операциясын бақылауға мүмкіндік береді. Бірінші біржылдықта келесі модульдер сарапталған «Негізгі құралдар», «Әкімшілік шаруашылық қызмет», Қазіргі уақытта жаңа модуль «Бағалы қағаздар». Бұл модуль бағалы қағаздармен күнделікті келісімшарт жасауға өз үлесін қосады және де өз қызметінің шырқау шегіне жеткен «Жеке бизнес» модулі. Бұл модуль құрамына келесі мақсаттарды жатқызамыз. «Депозиттер», «Тұрғын халықтан төлемдер қабылдау», «Почталық аударымдар». Қазақстан Республикасының почта-сақтау жүйесінде 2005-2010 жылдары жүргізілген жұмыстар: осы бағдарламаның іске асыру негізінде 2005 ж мемлекеттік оператор жағынан 1356 РОS- терминал, 16 банкомат сатып алынып орнатылған және 230 карточка жұмысшылар үшін шығарылған. АҚ «Казпочтада» инкассация және ақша аудару механизмі жоқ. Тек қана РОS-терминал және банкомат арқылы қолма қол ақша айырысу жүргізіледі .

2006 жылы 800 карточка және 60 банкомат, 1356-РОS рминал жұмыс жасауда, сондай-ақ Bonus Plus, Petrol Plus, Magic Cash карточкаларына жаңа мүмкіндіктер ойластырылуда.

АҚ « Казпочта» кредит беру үшін, келесі банктерде агенттік қызмет атқарады. АҚ «Альянс Банк», АҚ «Homeкредит», АҚ «Техака Ванк». Осы қоғам арқылы «Альянс Банк» қалданыс кредитін берген адамдар саны 192,0 мың. адам . Ал кредит көлемі 38,9 млрд. тенге. АҚ «HomeКредит»үшін 47 мың адам, ал қаржы көлемі 5,6 млрд. тенге. «Техака Ванк» үшін 1,2 мың. адам , кредиттің жалпы соммасы 139,5 млн.тенге. 2006 жылдан бастап ЖШС «Проста кредит» серіктестігінің кредиттік операцияларын жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Предсидатель агенттігінің бұйрығына сәйкес «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен тексеру» 12.05.2006 жылы №001 бұйрығына сәйкес АҚ «Казпочтаға» трансферттік-агенттік қызмеммі іске асыруға лицензия берген . АҚ «RG Securites» және Ақ «Казкоммерц Секьюритиз» трансферттік қызмет басқарушы компаниялармен келісімшарт белгіленген. Есеп беретін уақытта қоғам филиалдарында 45 интернетке шығатын пунктер орнатылған.

2006 жылы қалалық және ауылдық жерлерде РОS-терминалдар мен банкоматтар орнату арқылы почталық төлем карточкалардың жүйесін енгізу жобасы жалғастырылады. Төлем карточкалардың кейінгі дамуы жалақылық несие, ақша аударымдары, салықтар мен коммуналдық төлемдерді төлеу сияқты қосымша қызметтердің автоматты түрде қосылуын ұйғарады, сонымен қатар ауылды жерлерде тұратын зейнеткерлер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне зейнетақыларын уақытылы есептелуіне және кез-келген уақытта ақшаны алуға мүмкіндік беретін болады . Мемлекеттің барлық аймағын қамтитын кең таралған филиалдық желінің бар болуы почта желісі қосылудың артық жері болып отыр және күрделі қаржыландыруды керек етпейді. Біздің келесі жобамыз басымдылық почтаны әуежол көлігіне аудару жолымен логистиканы жетілдіруімен байланысты. Осыған орай, қазіргі уақытта жүк тасымалдау ағынын қамту жағынан халықаралық әуемаршруттары зерттелуде. Біздің мемлекетіміздің тиімді геоорналасуы және шығысеуропалық, орта азиялық, Қытай мемлекеттерінің почта инфрақұрылымын ұштастыру мүмкіндігімен бұл саладағы бизнестің табыстылығы кепілденеді. Бұл тауаларды почтамен қайта жіберу нарығында орнын жоғалтпауға мүмкіндік береді.

«Казпочта» АҚ EMS Кооперативтің Типтік келісіміне көпжақты негізде қосылу құқысына ие болады. Қазақстанның почта әкімшілігі келісімге қол қою арқылы келісімнің барлық шарттарын орындауға байланысты өзіне міндеттеме алды. 2006 жылы наурыз айында халықаралық EMS жөнелтімдердің айырбасы бойынша көпжақты Типтік келісім ДПО EMS Кооперативімен қабылданып бекітілді. IPS Light халықаралық қадағалау бақылау жүйесі бойынша «Казпочта» АҚ толық өндіріс сатысына өткізілді, яғни IPS Light жүйесін қолданатын барлық почта әкімшіліктерімен EMS жөнелтімдері бойынша деректермен алмасуға мүмкіндік туғызады.



Еліміздің барлық азаматтарын почта бөлімшелер желілердің негізіндегі қаржы рыногының дамуына тарту үшін Қазақстанның облыс орталықтарында әр түрлі қаржы институттары және олардың клиенттері арасында бағалы қағаздар нарығында қолданыстағы құжаттарды қабылдау-табыстауды жүзеге асыратын және бағалы қағаздарды сату-сатып алу пунктері ашылатын болады. Солардың ішінде директ-маркетинг мақсаттары үшін орталықтандырылған авторизендірілген жеке және заңды тұлғалардың деректер базасының құру бұл жеке Интернет-банкингті қалыптастыруға, почта байланысының көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға мүмкіндік бере алатын автоматтандырылған логистикалық жүйені ерекше атап өтуге блады.

4-сурет «Қазпочта» акционерлік қоғамының құрылымы



«Қазпочта» акционерлік қоғамының негізгі қызмет түрлері:

  1. Пошталық қызметтер 

 «Қазпочта» АҚ кең ауқымда пошталық қызмет көрсетуді жүзеге асырады:

  • жазбаша хат-хабарлар, бандерольдар мен сәлемдемелерді жөнелту мен жеткізу;

  • ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді жіберу мен жеткізу;

  • EMS-Kazpost шабармандық қызметі;

  • мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуды қабылдау, тасымалдау, жіберу, жеткізу мен бөлшек сауда арқылы сату;

  • арнайы байланыс қызметі;

  • филателия;

  • аралас электронды пошта (пошталық жеделхат).




  1. Қаржылық қызметтер:

 Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы қарастыратын операцияларды жүзеге асыру лицензиясы, сонымен қатар бағалы қағаздар рыногында номиналды ұстаушы ретінде клиенттер шотын басқару құқығымен брокерлік-дилерлік қызмет ету және трансфер-агенттік қызмет лицензияларына сәйкес "Қазпочта" АҚ кең ауқымда қаржылық қызмет көрсетуді жүзеге асырады:

    • депозиттер;

    • заңды тұлғалар  жеке тұлғаларға банктік шот ашу және жүргізу;

    • ақша аударымдары;

    • банкноттар, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау және жіберу;

    • бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы мен басқа да төлемдерді төлеу;

    • зейнетақы, жәрдемақы және өзге әлеуметтік төлемдер төлеу;

    • салық  және басқа да төлемдерді қабылдау;  

    • коммуналдық төлемдерді қабылдау;

    • төлем карточкалары қызметін көрсету; 

    • валютаны сату, сатып алу операциялары бойынша (Қазақстан Республикасы валютасы, еркін конверттелетін және жұмсақ валюталар);

    • қолма-қол шетел валютасымен байланысты айырбас операцияларын ақшаны клиентке жеткізуге дейін ұйымдастыру;

    • рынокқа ақша тарту мен орналастыру;

    • құнды қағаздарды номиналды ұстау мен брокерлік қызмет көрсету бойынша қызмет крсету;

    • трансфер-агенттік қызметтер.




  1. Агенттік қызметтер:

 «Қазпочта» АҚ кең ауқымда агенттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады:

  • "ОТТО" каталогтары бойынша тауарларға тапсырыс беру;  

  • «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ -мен әріптестік;

  • директ Майл –тікелей пошталық жарнама қызметі; 

  • зейнетақы жинақтаушы қорлар мен сақтандыру компанияларымен жұмыс;

  • күнделікті сұраныс тауарлары мен лотерея  билеттерін сату.


5-сурет. Почталық қызметтің 2005-2007 ж.ж.өсу динамикасы (млн. тенге)


«Қазпочта» акционерлік қоғамының халықаралық ынтымақтастығы мен шет елдік әріптестік қызметі туралы айтар болсақ. Әлеуетті компания мәртебесін алу қазақстандық пошта операторының өз беделін халықаралық деңгейде едәуір көтеруге септігін тигізді. «Қазпочта» АҚ әлемдік пошта қоғамдастығында сенімді әрі жауапты әріптес ретінде лайықты орын алып, әлемдегі алдыңғы қатарлы пошта әкімшіліктерімен өзара тиімді әріптестікке қол жеткізген. Осылай 2006 жылдың маусымында халықаралық пошта жөнелтімдерінің сақталуын жетілдіру мен тасымал көлемін арттыру мәселелері жөнінде Германия пошташылары және «Люфтганза» әуе компаниясының өкілдерімен кездесу өткен. Халықаралық пошта қызметі сапасының нормативтері туралы Украина, Тәжікстан және Қырғызстанмен келісімдерге қол қойылған. Қыркүйек айында Қытаймен екіжақты әріптестік пен өзара әрекет ету мәселелері туралы келіссөздер өтіп, Монғолия, Словакия, Корея пошта әкімшіліктерімен әріптестік жөнінде шарттар мен меморандумға қол қойылған. Финляндия поштасы және Канада пошта әкімшілігімен пошта жүйесін, пошталық, қаржылық, агенттік қызметтерді, ақпараттық логистиканы дамыту саласындағы тәжірибе алмасу жөніндегі келіссөздер қызу жүргізілуде. Қазпочта Украина, Тәжікстан және Қырғызстанмен жасалған екіжақты келісімдер негізінде ДПО-ның Халықаралық бюросы жүргізіп жатқан пошталық жөнелтімдердің нақты өту мерзімдерін тексеру жұмыстарына ат салысуда. Қазіргі кезде Ресеймен сапа нормативтері жөнінде келісімге келу жұмыстары жүргізілуде. 2006 жылдың 1 мамырынан 30 қарашасына дейінгі аралықта ДПО ХБ-ның ұдайы бақылау жұмыстары шеңберінде Венгрия пошта әкімшілігімен тиісті ұйғарымға қол жеткізіліп, авиа-жазбаша хат-хабарлардың өту мерзімін бақылау тексерістерін жүргізіледі. Қоғам өкілдері Берн қаласында (Швейцария) өткен Дүниежүзілік пошта одағының Поштаны пайдалану кеңесінің сессиясына, PostEurope (ДПО аймақтық одағы, Киев қаласы, Украина) пленарлық мәжілісіне, Байланыс саласындағы аймақтық достастық комиссияларының мәжілістеріне қатысқан. Сонымен қатар Қазпочта ТМД-дағы Ресей мен Германияда өзінің өкілдігі бар бірден-бір оператор. Алматыда қазақстандық-эстондық «Электронпост.kz» кәсіпорнының жаңа офисі ашылған. Алматыда «Электронпост.kz» қазақ-эстон бірлескен кәсіпорнының Эстония Республикасының тәуелсіздігінің 90 жылдығына орайластырылған жаңа офисінің салтанатты ашылу рәсімі өткен болатын. Бұл 2006 жылы жүзеге асырылған «Қазпочта» АҚ мен «Eesti Elektronpost» АҚ ұйымдастырған халықаралық жоба болып табылады. Бірлескен кәсіпорынды (БК) құруға Қазақстан рыногында ақпараттық логистика саласында баспа жұмыстарынан бастап, алушыға жеткізуге дейінгі барлық қызметтер кешенін көрсететін кәсіпорынның жоқтығы себеп болды. «Электронпост.kz» кәсіпорнының негізгі қызметі басып шығару, конверттеу мен Қазақстан Республикасы аумағында пошта жөнелтімдерін жөнелту болып табылады. Бұған қоса БК мұрағаттау, мәліметтерді басқару, электронды және тікелей маркетинг қызметтерін де көрсетеді. Бірлескен кәсіпорын тез арада дамып жетілуде. Кәсіпорынның бір жарым жылдық жұмысы – ақпараттық логистикалық қызметтерге деген сұраныстың жоғары екенін көрсетті. Бүгінгі күні кәсіпорынның клиенттері қатарында Қазақстанның ең ірі зейнетақы қорлары, бірқатар коммерциялық банктер, мемлекет экономикасының түрлі саласында жұмыс істейтін сауда үйлері мен компаниялар бар. 2008 жылдың қаңтарынан бастап кәсіпорын 6 миллион беттен астам ақпаратты басып шығарып конверттерге салды. Кәсіпорын өзінің қалыптасу кезеңінен өтіп, өз қызмет аясын белсенді түрде кеңейте отырып, жедел сандық басып шығару қызметтерін көрсетуге ерекше көңіл аударуда. «Электронпост.kz» өз қызметінде осы заманға сай технологияларды қолдануда. Компанияның жаңа офисінде «Xerox» компаниясының түрлі түсті сандық басып шығару жүйесімен қоса ең үздік сандық басып шығару машинасы орнатылған. Соңғы жылдары Қазақстанда баспасөз, сандық басып шығару, қағаз өнімдерін тұтыну нарығы жылдан-жылға өсіп келе жатыр. Осыған байланысты компания жетекшілері бұл бизнесте «Электронпост.kz» кәсіпорнының келешегі зор деп еспетеуде.

2008 жылдың 1 ақпанында Гамбург қаласында (Германия Федеративті Республикасы) «Kazpost GmbH» Қазақстан-герман бірлескен кәсіпорны құрылды. Кәсіпорын ұйымдастырушылары ретінде «Қазпочта» АҚ (Қазақстан) және «HPO Service GmbH» компаниясы (Германия) бас қосты. Бірлескен кәсіпорынның негізгі қызметі шетелде пошталық айырбасты жүргізу міндеттерін іске асыру болып табылады. Сонымен қатар БК Қазақстан Республикасы аумағында дистанционды сауда қызметін көрсетеді. БК негізгі міндеттері логистика қызметін, Қазақстан аумағында ірі сәлемдемелік сауда компанияларының атынан каталогтік сауда қызметін атқару, сонымен бірге ГФР заңнамасына сәйкес пошта лицензиясын алғаннан кейін кәдімгі пошта қызметін атқару болып табылады. ГФР рыногына шығудың басты себебі – екі ел арасындағы тығыз сауда-экономикалық қарым-қатынастар. Тауар айырбастың жоғары деңгейі ГФР-дан Қазақстанға жіберілетін үлкен көлемдегі пошталық жөнелтімдердің болуын ұйғарады. Бұл қысқа уақыт ішінде бірлескен кәсіпорынды ұйымдастыру мен ұстауға кететін қаражаттың орнын толтырып, жоғары рентабельділікті қамтамасыз етеді. «Қазпочта» АҚ үшін бұл Алматы қаласында ашылған Эстония поштасымен бірге ұйымдастырылған, мәліметтер базасын жүргізу, хабарлама шоттарды, жинақтаушы зейнетақы шоттарының жағдайы мен жарнамалық өнімдер туралы мәлімдерді сандық басып шығару, автоматты конверттеу мен аталған жөнелтімдерді сұрыптау қызметтерін атқаратын бірлескен кәсіпорыннан кейінгі екінші жоба болып табылады.

Visa International халықаралық төлем жүйесі CEMEA Басқарушы аймағының комитеті (Орталық және Шығыс Еуропа, Жақын Шығыс пен Африка) Лондонда өз мәжілісінде «Самұрық» холдингі» құрамына кіретін «Қазпочта» АҚ-ны ассоциацияланған мүше ретінде қабылдауды шешті. «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ерсерік Сиырбаев бұл жөнінде былай деп сөз етті: «Жағымды шешімді қабылдауға Қазпочтаның қаржылық және банктік қызметтерінің өсу динамикасы, соның ішінде пластикалық карточкаларды қолдану және оны бүкіл ел аумағына қолдана алу мүмкіндігі әсер етті». «Қазпочта» АҚ VISA пластикалық карточкаларын белсенді шығаруға 2008 жылдың басынан кіріспекші.

2.3 «Қазпочта» акционерлік қоғамының даму перспективалары


ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, «Самұрық» мемлекеттік холдингі алқасының мәжілісінде, сауданың мүмкіндіктерін «Қазпочта» жүйесі арқылы дамыту міндетін «Қазпочта» АҚ жетекшілігіне тапсырды деп хабарлайды Қазақпарат. Премьер-министрдің айтуы бойынша, ең алдымен электрондық сауданы дамыту керек. «Әрине, Интернетке әрбір үйді қосамыз деуге болмайды. Дегенмен, поштаның әрбір бөлімшесінде Интернетке қосылу пунктін ашуға болады». Үкімет басшысы айтып өткендей, «Қазпочтаның» қызметтерін одан әрі дамыта отырып, қызмет көрсету деңгейін көтеру қажет. К.Мәсімовтың айтуынша, «Қазпочта» - бізге әрбір азаматқа шығуға мүмкіндік беретін бірден-бір жүйелік құрал. Қоғам дәл осы ұйым арқылы мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста болады.

Чолпон – Ата қаласында (Қырғызстан Республикасы) Байланыс саласында Аймақтық байланыс достастығы Әкімшіліктерінің басшылары Кеңесінің (АБД Кеңесі) 31-ші мәжілісі өткізілген болатын. Кеңес жұмысына ТМД республикаларының Байланыс әкімшіліктерінің делегациялары, «Дойче Телеком» (ФРГ), «Эстон почтасы» атынан байқаушылар, ТМД, Халықаралық электробайланыс Одағынан, Дүниежүзілік почта одағынан (ДПО) қонақтар, Почталық және электробайланыс әкімшіліктерінің Еуропалық конференциясының (СЕРТ), Панафрикалық Почта одағының (PAPU) өкілдері қатысты. Мәжіліске қатысушылар екі жұмыс күні ішінде ТМД электр және почта байланысын дамыту мәселелерін қарастыра отырып, почта байланысының сапалы қызметтерін ұйымдастыру және дамыту жөнінде мәселелердің әлеуметтік маңызы зор екендігін ерекше атап өтті. Әсіресе, АБД Кеңесі ТМД аумағында телерадиохабардың цифрлы форматын енгізуді мақұлдады. Бүгінгі күні Достастықтың барлық аймақтары өз почта салаларын жетілдіру жолында келе жатқандығын, ал Украина мен Қазақстан әкімшіліктері қайта құрылымдау процесін әлдеқашан өткізгендігін айтуға болады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша форумда ТМД елдерінің почта қызметтерінің озық тәжірибелері талқыланған болатын. Бұл жолы почта байланысының әмбебап қызметін көрсету жөніндегі почта қызметкерлерінің тәжірибесі қарастырылған. «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Аркен Арыстанов өз сөйлеген сөзінде ерекше атап өтті: «Қазпочта» акционерлік қоғамы почталық байланыс қызметін көрсету сапасын көтеруді және қызметті әлеуетті тұтынушыларды тарту үшін жаңа формаларын енгізуді, ауылдық жерлерде қызмет көрсететін операторлар үшін экономикалық тең жағдайлар туғызуды, инвестициялар тартуға және халықаралық озық тәжірибелерді енгізуде жәрдем көрсетуді қарастыратын, 2005-2010 жылдарға ҚР почта-жинақ жүйесін дамытуға арналған бағдарламасын әзірледі. Жоғарыда аталған барлық механизмдердің әрекеттілігі, әсіресе географиялық және экономико-демографиялық ерекшеліктері, оған қоса аумағының арақашықтығы, халық тығыздығының біркелкі еместігі, елді мекендердің шалғай орналасқандығы, сонымен қатар халықтың үлкен үлесін ауыл тұрғындары құрайтын және қазіргі деңгейде әмбебап қызметін көрсетуде кейбір қиындықтар туғызатын, Қазақстан үшін өте маңызды, қызметті әрі қарай дамыту үшін өз шығынын ақтау және өзін-өзі қаржыландыру принциптерінде экономикалық алғы шартын құруға мүмкіндік туғызады.

Қазпочта басшысының ойынша, Бағдарламаның ойдағыдай орындалуы жалпы қолжетерлік почта байланысының қызметіне сұраныстың өсуіне және почта рыногында бәсекелестің дамуына әкелуге тиіс.

Байланыс саласында Аймақтық байланыс достастығы (АБД). Құрылған жылы: 1991 Штаб-пәтері: Мәскеу (Ресей Федерациясы) Мүшелердің саны: 12

Жоғары органы: АБД Байланыс әкімшіліктері басшыларының кеңесі

Мақсаты: мүшелер арасында ынтымақтастықты күшейту және жаңа ақпараттық технологияларды ұтымды пайдалану.

Почта байланысының операторлар кеңесі (ПБ ОК) АБД жұмыс органы ретінде құрылған. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары:

-почта байланысын пайдалану, техникалық саясат және озық технологияларды енгізу мәселелерінде өзара әрекеттесуін ұйымдастыру;

-почта байланысын дамыту, мемлекетаралық почтамен алмасуда жаңа қызметтер енгізу жөнінде бірлескен инвестициялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру;



-почта қызметі үшін операторлар арасында өзара есеп айырысу принциптері мен тәртібін жетілдіру, тарифтік саясатты қалыптастыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу. «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы А.К. Арыстанов ПБ ОК Төрағасының орынбасары болып табылады.

2007 жылдың 13-ші желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің кезекті жылдығына орай «Қазпочта» АҚ ҚР аумағында Ақтөбе облысы Бестамақ ауылында, Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауылында және Қостанай облысы Аманқарағай ауылында үш жаңа салынған ауылдық пошта байланысы бөлімдерін (АПББ), сонымен бірге екі аудандық байланыс тораптары (АПБТ) мен Өскемен қаласындағы бір қалалық пошта бөлімін күрделі жөндеуден өткізіп қайта ашпақшы. 2007 жылы бүкіл республика бойынша барлығы 111 ауылдық пошта баланысы бөлімдері салынды. Келесі жылы компания 272 ауылдық пошта бөлімдерін салып бітіруді жоспарлауда. Бүінгі күні «Қазпочта» АҚ бүкіл республиканы қамтитын 2 500-ден астам ауылдық, 700-ден астам қалалық пошта байланысы бөлімшесі бар кең пошта желісіне ие. Соңғы жылдары «Қазпочта» АҚ Ауылдық жерлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылды дамытуға зор көңіл бөліп, тек пошталық емес, сонымен бірге қаржылық қызметтер спектрі көрсетілетін байланыс бөлімдерін жаңартуда. Пошта байланысы объектілерін салу республикалық бюджеттен және «Қазпочта» АҚ-ның өз қаражатынан қаржыландырылады. 2006 жылы компания 4 АПББ салуды қаржыландырып, жаңа заманға сай пошта байланысы бөлімшесінің тұсаукесері Алматы облысы Іле ауданы Покровка ауылында өтті. Сонымен бірге Алматы облысында ауылдық байланыс бөлімшелерінде тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарын орналастыру пилотты жобасы іске асырылды. Қазіргі кезде 3 халыққа қызмет көрсету орталығы – Іле, Еңбекшіқазақ аудандарында ашылып, облыстың елді мекендерінде тағы 17 орталық ашу жұмыстары аяқталуда. Қазір қазақстандық поштада қызмет түрлерін сапалы түрде көрсету мен поштаны жаңарту үрдісдері жүруде, бұл қызметті жақсартумен ғана шектелмей, пошта байланысы бөлімшелерінің кескінін жақсартуға бағытталған. Байланыс бөлімшелері соңғы компьютерлермен, сапалы телефон байланысымен, өрт сөндіруші, күзет ескертулерімен жабдықталып, операциялық зал, Интернет аймағы, сұрыптау және сақтау орындарымен қамтылған. ААҚО мен «Қазпочта» АҚ филиалдары арасындағы әріптестік жолдары мен құнды қағаздар рыногының даму болашағы 2007 жылдың 31 мамырында ҚР Алматы аймақтық қаржы орталығы (ААҚО) қызметін ретке келтіру жөніндегі Агенттік Төрағасының орынбасары Дархан Нұрпейісовтың «Қазпочта» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы басшылығымен кездесуі өткен болатын. ААҚО өкілдері кездесуге қатысушыларды қаржы орталығы жұмысының Қазақстанда құнды қағаздар рыногын дамытуға бағытталған негізгі бағдарлары жөнінде ақпараттандырды. Отандық және шетел компанияларының құнды қағаздарын (акциялар) пошта байланысы желісі арқылы аймақтарда алға жылжыту мақсатында ААҚО мен «Қазпочта» АҚ әріптестігінің даму болашағы мәселесі талқыланды. Халықты ақпараттандыру және ААҚО қор рыноктары мен шетел қорларында сатуға қойылған құнды қағаздарды (акциялар) сатып алу кезінде көмек көрсету үшін жақын арада пошта байланысы тораптары мен бөлімшелерінде ақпараттық-кеңес беру орталықтары желісін ашу қарастырылды. Осы мақсатта аймақтық бизнес орталықтары мен мемлекеттік ұйымдарда ақпараттық-кеңес беру орталықтарында жұмыс істейтін мамандарды дайындау үшін семинар-тренингтер өткізу жоспарлануда. Кейін қор рыноктарындағы саудаға қатысушы брокерлік компаниялар арасында және «Қазпочта» АҚ-мен құнды қағаздарды сатып алу-сату бойынша агенттік қызметтерді көрсету жөнінде келісім шартқа қол жеткізіледі. Қазақстанда қалыптасқалы жатқан құнды қағаздар рыногы пошташылар үшін жаңа әрі болашағы мол және тез дамушы сала болып табылатындықтан кеңес соңында қойылған сұрақтар аз болған жоқ.

Қазақстан пошташылары өз жұмысының қорытындыларын Ақтаудағы кеңесте талқылады 2007 жылғы 12-13 сәуір аралығында Ақтау қаласында «Қазпочта» АҚ басқарма құрамының жыл сайынғы кеңесі өтті. Онда еліміздің пошта саласы қызметінің нәтижелері талқыланып, 2007 жылға стратегиялық міндеттер анықталды. Кеңеске «Самұрық» холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы, «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Ульф Вокурка, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары М.Бортник, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, «Қазақстан байланыс қызметкерлерінің кәсіби одағының» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының қызметін атқарушы Н.Яковлева, Қазпочта әріптестері – «Альянс Банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары К.Жәнібеков, Орталық бухгалтерлер үйі директоры Н.Серкова, «Хоум кредит Қазақстан» АҚ-ның Батыс Қазақстан бойынша аймақтық директоры Р.Галлямов, филиал директорлары, «Қазпочта» АҚ орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері мен Маңғыстау облыстық филиалының аудандық пошта байланысының жетекшілері қатысқанды. Қазпочта Басқарма Төрағасы Дәурен Молдағалиев өз сөзінде саланың барлық қызметкерлеріне қол жеткен оңды нәтижелер үшін алғысын білдіріп, кеңеске қатысушыларға «ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауының аясында пошта саласының даму болашағы туралы» баяндамасын паш етті. Өз кезегінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары М.Бортник пошта облыстық филиалының қызметкерлеріне облыс тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған бірлескен жұмысы үшін алғысын білдірді. «Шын жүректен барлық пошташыларға кәсіби өсу, стратегиялық міндеттерді атқару мен алға қойған мақсаттарға жетуді тілеймін», - деп атап өтті М.Бортник өз сөзінде. Алғаш рет жыл сайын өтетін басқарма құрамының кеңесінде «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Вокурка мырза қатысты. Жиналғандардың алдында сөйлеген сөзінде Директорлар кеңесінің төрағасы: «Бүгінгі күні Қоғам алдында тұрған ең бір маңызды міндеттердің бірі – қазақстандық поштаның тұрақты қызметін нығайту мен реформалардың әлеуметтік бағыты», - деп атап өтті. Кеңес барысында Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Қостанай облыстық филиалдары мен «Республикалық арнайы байланыс қызметі» филиалы директорларының есептері тыңдалды. Кеңес соңында 2006 жылғы қаржы-шаруашылық қызметтің қорытындылары бойынша үздік филиалдар анықталып, оларды марапаттау рәсімі өтті. Рейтингтік бағалау нәтижесінде «Жылдың ең үздік филиалы» атағы бойынша гран-приді Ақтөбе облыстық филиалы ұтып алды. Бірінші орынды «Астана почтамты» мен Қарағанды облыстық филиалы бөлісті. Екінші орынды Республикалық арнайы байланыс қызметі, Алматы қ. ПТБ мен Батыс Қазақстан облыстық филиалы бөлісті. Үшінші орынды Алматы почтамты, Алматы облыстық филиалы және Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы бөлісті. Екінші күні қазақстандық поштаның жұмысы, филиалдар мәселелері және 2007 жылдың 4-тоқсанында ИСО 9001:2000 сертификаттау аудитіне сәйкестігіне дайындық мәселелері талқыланған «дөңгелек үстел» ұйымдастырылған. Пошталық қызметтер әрбір мемлекеттің эконмикалық негізінің бөлігі болып табылады. Ал жалпы пошта байланысы мемлекеттің ақпараттық біртұтастығын қамтамасыз етуші шарттардың бірі.

Дүниежүзілік пошта одағының негізгі міндеттерінің бірі – әмбебап пошта қызметін нығайту. Әмбебап пошталық қызметтер экономикалық тиімділікті нығайтады әрі қазіргі жаңа технологиялар ұсынатын мүмкіндіктерге қиындықсыз бейімделеді. Сондықтан сапаға назар аудара отырып және қажетті құралдарды қолдана отырып, біз Қазақстанда әмбебап пошталық қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге барынша тырысамыз. «Қазпочта» акционерлік қоғамының құрылғанына 15 жыл толды. Осы уақыт аралдығында пошта көптеген қиындықтарға қарамастан дамып, жетіліп, өзінің бүгінгі деңгейіне қол жеткізді. ТМД елдері арасында алғаш рет тиімді пошта-жинақ жүйесі құрастырылды. Басты жетістіктердің бірі – «EMS-Kazpost» қызметі Дүниежүзілік пошта одағы EMS кооперативі сертификациялау жүйесінің «қола» деңгейіне қол жеткізді. 2007 жылдың шілдесінде «Қазпочта» АҚ-да сапа менеджменті жүйесін енгізу кезеңі басталды. Орталық аппарат пен «пилотты аймақ» филиалдары сертификаттау алдындағы аудиттен сәтті өтті. Қараша айында «Русский регистр» сертификаттау бойынша өкілетті ассоциациясы сертификаттау аудитін өткізіп, «Қазпочта» АҚ сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттар талаптарына сай екендігін растады. Қазпочта әлемнің 130-дан астам мемлекеттерінде күші бар IQNet халықаралық сертификаттау органының сертификатын алғаны бір төбе. 2007 жылы Қазпочта Қазақстанның әрбір қалаған азаматы дербес компьютерді рыноктық бағадан әлдеқайда төмен соммаға дербес компьютерді сатып алуға мүмкіндік беретін «Ашық әлем» сияқты жаңа жобаларды жүзеге асыруға қатысты. Жақын арада электронды сауда алаңы жүйесі іске қосылды. Оның негізгі міндеті – тапсырыс берушілер, жеткізушілер мен сауда әріптестеріне электронды қызметтер кешенін көрсету. 45 ауылдық пошта байланысы бөлімшелерінде Интернет жүйесіне қоғамдық қосылу пункттері ашылды. Ауылдық аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында бүкіл республика бойынша жаңа буын бөлімшелерін салу, пошталық офистерді күрделі жөндеуден өткізу белсенді жүргізілуде.

Бұл жетістіктердің бәрі – бүкіл «Қазпочта» АҚ ұжымының үйлесімді еңбегінің нәтижесі.

3.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары
3.1 Кәсiпкерлiк инфрақұрылымды қолдаудың әлемдік тәжiрибесi

     


Жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету басымдығы тұрғысынан шетелдерде шағын кәсiпкерлiктiң дамуына үлкен мән берiледi.
      БҰҰ-ның даму бағдарламасы бойынша шағын кәсiпорындардың саны барлық кәсiпорындардың жалпы санынан 95 %-ға артық. Әлемдiк экономикада мұндай кәсiпорындардың үлесiне жұмыспен қамтылғандардың 60 % астамы келедi, ал олардың ЖIӨ-дегі үлесi 50 %-ға жетедi.
      Рыноктiк қатынастардың қалыптасуы кезiнде әсiресе шағын кәсiпкерлiк мемлекеттiк қолдауға мұқтаж болатындығына әлемдiк тәжiрибе куә. Бұл ретте, тiреледi бизнестi бәсекеден қорғауға немесе ол үшiн ерекше "жұмсақ" жағдайлар құруға емес технологиялық жетілдірудiң генерациясы фирмаiшiлiк процестi үнемi ынталандыратын және фирманың бәсекеге қабілеттігін арттыру үшiн оқытатын жағдайларды қамтамасыз етушi шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың нысаны мен мақсаты шешушi мәнге ие. Мұны соңғы уақытта экономикада iлгерiлiк жасаған көптеген елдердiң тәжiрибесi көрсетедi.
    Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау шаралары:

жаңа технологияларға (технологиялар мен экономикалық ақпараттар ұсыну, консультация және оқыту) қол жетiмдiлiктi жеңiлдетуге;


      рынок капиталына (салық жеңiлдiктерi, амортизацияның ерекше нормалары, мемлекеттiк субсидиялар, рыноктiк және жеңiлдiктi кредиттi ставкалар арасындағы айырмашылықты қаржыландыру түрiндегi жеңiлдiкпен кредит беру) қол жетiмдiлiктi жеңiлдету;
      кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесетiн кластерлiк-желiлiк ұстанымды енгiзу арқылы шағын компаниялар мәселесi бойынша туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған.
      Кластерлiк-желiлiк ұстаным негiзiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламасы iске асырылған елдер - бұл Италия, АҚШ, Жапония, Германия, Корея, Дания, Ұлыбритания, Франция, Мексика, Чили, Бразилия. Бiрқатар дамыған және дамушы елдерде кластерлiк-желiлiк ұстанымға негiзделген шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламасын iске асыруды мысалға келтiремiз.
      1. Италия. Бiрiншi рет кластерлiк-желiлiк ұстаным Италияда 70 жылдар қолданылған. Шағын және орта бизнеске кластерлiк-желiлiк ұстаным тұрғысынан осы ұстанымның дамуы бастау алатын "үшiншi Италия"1 деген атқа ие болған Италияның тәжiрибесi қызық. 70 жылдардың соңында "бiрiншi" және "екiншi" Италия экономикалық дағдарысты басынан өткiздi, елдiң солтүстiк-шығыс және орталық бөлiгi экономикалық өсудiң жоғары түрiн көрсеттi. Негiзiнен шағын және орта кәсiпорындар әрекет ететiн (тоқыма және былғары өндiрiсi, аяқ киiм, керамика және жиһаз өндiрiсi) бiрқатар салаларда қалыптасқан кластерлер шеңберiнде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi тек ғана жаңа жұмыс орындарын ғана құрып қоймай, экспорт рыногына да шыға алды. Сол уақытта Германия мен Ұлыбританияның iрi кәсiпорындары құлдырауды басынан өткiзiп жатты, "үшiншi Италияның" шағын және орта кәсiпкерлiк кластерлерi өндiрiс пен экспортты арттырды. Бұдан басқа, шағын және орта кәсiпкерлiк кластерлерi өндiрiстiк процеске инновацияларды енгiзуге қабiлеттi болып шықты.
1 "Бiрiншi Италия" - Италияның дәстүрлi бай солтүстiк-батыс бөлiгi, "екiншi Италия" - елдiң кедей оңтүстік бөлiгi.
      2. АҚШ. ЖҰӨ-нiң 50 %-нан астамы, инновациялардың жартысынан астамы, ұлттық жұмысшы күшiнiң 2/3 астамы шағын кәсiпкерлiкке тартылған. AҚШ-та шағын кәсiпкерлiк ел экономикасын оңалтуда шешушi рөл атқарды. Бұл үшiн АҚШ-та аталған сектордың дамуына көмек беретiн құрылым - АҚШ шағын бизнес әкiмшiлiгi (1953 жылы құрылған) бар. Сапалы, клиентке бағытталған кең ауқымды бағдарламалар қалыптастыру және кәсiпкерлер қоғамдастығын барлық жаңалықтар туралы уақтылы хабардар ету - қызметтiң мәнi.
      3. Жапония. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң үлесi барлық компаниялар санының 99,6 %-ын, ЖIӨ-нiң 55 %-ын және өнеркәсіпке жұмыспен қамтылғандардың 80 %-ын құрайды. Шағын кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк саясатты iске асыру үшiн шағын және орта кәсiпкерлiкке қатысты мемлекеттік саясатты iске асыратын мамандандырылған органдар желiсi құрылды.
      Жапонияда шағын және орта кәсiпкерлiкті қолдаудың негiзгi шаралары:
      ШОБ-ты жаңғырту үшiн кредиттер мен жеңiлдiктi кредиттерге кепiлдiк беру және сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландыру қол жетiмділiктi жеңiлдету (20 жылға 1,05 %-дық ставкамен);
      бизнес-инкубаторлар құру, салық салу, және менеджмент, персоналды басқару және рыноктағы ахуал туралы ақпарат, сондай-ақ оқыту бағдарламаларын ұсыну мәселелерi бойынша қысқа мерзiмдi негізде мамандарды ұсынумен инвестициялық жобаларды бағалау арқылы бизнесті қолдау жүйесiн құру;
      техникалық көмек, қаржылық және заңнамалық қолдау арқылы жаңа және венчурлық бизнес құруды ынталандыру;
      жаңа әзiрлемелердi коммерциализациялауды қолдау мен ғылыми oртa, бизнес және үкiмет арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру арқылы технологиялардың дамуын қолдау;
      пайыздық төмен ставкалар бойынша субсидиялау және кредит беру арқылы бизнесте инновацияларды қолдау, венчурлық жобаларға мемлекеттiң қатысуы және зерттеу кәсiпорындары үшiн патенттiк төлемдердi төмендету.
      Жапонияда зерттеулердi дамыту деңгейi бойынша жетекшi рөлдi технопарктер алады. 70 % шамасында жапондық технопарктер өңiрлердегi шағын кәсiпкерлiк кәсiпорындарын қолдау үшiн құрылды, бұл ретте, 58 %-ы жоғары технологиялы өнiмдер өндiруге бағытталған.
      4. Германия. Германдық кластерлiк-желiлiк ұстанымды қолдаудың негізгi қағидаттары - бұл мынадай рыноктiк тетiктерге:
      мемлекеттік қолдауға емес шағын және орта кәсіпкерліктің дербестігіне басымдыққа;
      тиiмсiз кәсiпорындар рыноктан кетуi керек;
      шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттiң қаржылай көмек беруi үшiн негiзгi талап - кредитке қабiлеттiлiкке тiрек болады.
      5. Корея. Барлық компаниялардың 99,5 %-ын құрайтын 3 млн. шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi бар. Соның iшiнде шағын компаниялардың үлесi 97 % құрайды. Оңтүстік Кореяда шағын компаниялар жұмысқа орналастырудың маңызды көзi болып табылады, өйткенi онда елдiң экономикалық белсендi халқының 87 %-ы жұмыспен қамтылған (10 млн. астам). Шағын және орта кәсiпкерлiктiң үлесiне елдiң ЖIӨ-нiң жартысы және оңтүстiккореялық экспорттың 43 % тиесiлi.
      6. Израиль. Қолдау инфрақұрылымының объектілерi құрылған, олардың көпшiлiгi мемлекеттiк. Кәсiпорындарды қаржыландыруға көмек беретiн мемлекеттiк және бiрнеше жеке қорлар бар, ал мемлекеттiк субсидия бизнестi жүргiзу үшiн қажеттi қаражаттың 3/4-iн құрайды, 1/4-i - кәсiпкердiң салған қаражаты.
      Бизнес-инкубаторларды қолдайтын венчурлық қорлар бар, оларда алдымен жаңа инновациялық жобалар жасалады.
      Осылайша, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар мемлекет ғылыми-техникалық салалардың дамуын қолдайтын және мұндай саясаттың алдына шаруашылық жүйенi оңтайландыру мен ғылыми-техникалық прогресс жетiстiктерiне бейiмдеу мiндетi қойылған елдерде жақсы дамыған.
      Ғылыми-өнеркәсiптiк парктер болашақтағы технополистердiң - озық технологиялар, ғылыми зерттеулер мен жобалау-құрастыру әзiрлемелерi қалаларының қазiргі үлгiлерi болып табылады. Өтпелi экономикалы көптеген дамушы мемлекеттер мен елдер үшiн ғылыми-өнеркәсіптік парктердi дамыту басымдығының стратегиясы - бұл жоғары технологиялық деңгейдiң өңiрлiк орталықтар желiсiн дамыту, барлық ұлттық шаруашылықты зияткерлендiру негiзiнде қызметтің жаңа салаларында iлгерiлеу.
      Технополистерде ғылым, жоғары технологиялар, дәстүрлі ұлттық мәдениет үйлесім тапқан және шығармашыл, жан жақты дамыған адамдардың жаңа қоғамы құрылады.

Дамыған елдердің көпшілігіне экономикалық өсудің шешуші бір факторы шағын бизнесті жан – жақты дамыту болып табылады. Олардағы кәсіпорындардың жалпы санының ішінде шағын және орта фирмалардың үлесі 80 – нен 90% - ға деңгейі мөлшерді қамтып,елдің жалпы ұлттық өнімнің 50% - ға жуығын өндіруді қамтамасыз етіп отыр. Шағын кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуге икемділігі – ғылыми – техникалық прогрестің негізгі бір қозғаушы күшінің айналған. Мысалы, жапондық мамандардың есептелуінше екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезде бұл елдің әлемдегі ең бай елдер қатарына қосылуына бірден – бір себепші болған нәрсе – шаған кәсіпорындарды дамыту. 1980 жылдардың 2 – жартысында Жапонияның тек өндіруші өнеркәсібінде ғана 6,5 млн. шағын және орта кәсіпорын қызмет еткен немесе бұл олардың жалпы санының 99 % - ға дейінгі бөлігін қамтиды деген сөз. Оларда 40 млн.адам жұмыс істейді, яғни бұл осы салада жұмыскерлердің 81 % - ы болып табылады.

Концерндер мен басқа да ірі кәсіпорындар Жапония экономикасы «аисбергінің шыңы» ғана деп айтуға болады.Бұл жерде ірі және шағын бизнес өзара бәсекеге түсіп қана қоймай, сонымен қатар қызмет ету саласын бөлісу негізінде бірін – бірі толықтырып отырады. Жапонияда бірқатар саласында, атап айтқанда, аяқ киім, тігін және гелантерия өндірісінде, дәрі – дәрмек, құрастырушы бұйымдар мен конструкциялар өндіруде, бөлшек саудада, қызмет көрсету саласында өндірістік және тұрмыстық техникаларды жинап, жөндеп, қалпына келтіруде шағын бизнес басым орын алды.

Әсіресе соңғы кезеңдерде АҚШ – та да бизнес кеңінен дапып отыр. Ол жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі шағын және орта фирмалардың 99% - ын құрайды. Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар. Мұндай фирмалардың 84 % - ы саны жиырмадан аспайтын, ал 80 % - да оннан аспайтын адам жұмыс істеді. АҚШ – та шағын фирмалардын өсуі жылдың өзінде ғана 1 млн. шағын кәсіпорын пайда болса, ал 1999 жылы 1,3 млн. шағын фирмалар құрылды. Мұның алдындағы жылдары жыл сайын 600 мыңға жаңа кәсіпорын өмірге келіп отырған.

АҚШ – та шағын және орта фирмалар ЖҰӨ - нің 40 % - ын өндіреді, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте – 2,1 %, құрылыста 80 %, көтерме саудада – 86 %, қызмет көрсету – 81 %.

АҚШ экономикасында олар ғылыми – техникалық прогресс саласына жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, игерудің және өндіріске енгізудің тең жатысына жуығына қамтамасыз етеді.

Германияда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы – ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорындарды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады. Екінші сипаттама – кәсіпорын қызметінің айырмашылығы, оның көлемінің шектеулілігі, қожойын мен жұмыскер арамындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделілігін, ынталылығын тудырады. Үшіншіден, кәсіпорын өмірінде басқарушы иесі болғандықтан ғана емес, сонымен біге оның өзінің де өндіріспен тікелей айналысып, оның ұйымдастыруға барлық жағынан қалыптасуынан көрінеді. Төртіншіден, істі жанұялық негізде жүргізу, яғни кәсіпорын қызметін нәтжелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан балаға мұра ретінде машықтау. Бесіншіден, шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады. Егер алыптар қажетті ресурстарды негізінен капитал нарығы (қор биржалары) арқылы алынатын болса, ал шағын және орта кәсіпорындар банктердің аздаған несиелеріне арқа сүйейді, сондықтан да олар үшін қаржыландыру мәселесі басты проблема болып табылады.

Шағын кәсіпкерліктің жоғарыда аталғандай сапалық жақтарымен бірге сандық жағынан да сипаттамалары бар. Олар екі көрсеткішке негізделген: жылдық айналмым сомасы мен еңбекпен қамтылғандар саны. Германияда қабылданған есептеу әдістемеміне сәйкес халық шаруашылығының бұл секторыны мыналар жатқызылады.:

белгілі бір жағдайда өзіндік фирма түріндегі барлық жеке мемандық иелері (дәрәгерлер, нотариустар, салық пен жарнама бойынша консультанттар, аудиторлар, өз бетінше дербес әрекет ететін инженерлер, педогогтар, баспасөз,өнер қызметкерлері және т.б.);

жұмыс істейтіндер саны 1 ден 49 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн. маркаға дейінгі ұсақ кәсіпорындар;

жұмыс істейтіндер саны 50 ден 499 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн. – нан 100 млн. – ға дейінгі марка болатын орта кәсіпорындар.

Германияда жоғарыда көрсетілен статистикалық есептеу тәртібіне байланысты 1,9 млн. шағын және орта кәсіпорын жұмыс істеп, олар халық шаруашылығының салалары бойынша мынандай негізде бөлінеді: қол өнерінде 665000 мың, еркін мамандық секторы – 360 мың.

Елдегі шағын және орта бизнестің экономикалық маңызы – біріншіден, барлық еңбекке жарамды адамның 2/3 – бөлігін қамтып отырған; екіншіден, елдің ЖІӨ - нің жартысына жуығын берген; үшіншіден, барлық инвестициялар мен тіркелген патенттердің жартысынан артығын өндіріске енгізуге септігін тигізген; төртіншіден, Германиядағы барлық өндірісті оқу орындарының 85 % - ын қамтитын кадрларды даярлау көзі ретіндегі рөлмен анықталады.

Шағын кәсіпкерліктің барлық кешенді ішкі және сыртқы проблемаларды олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес. Қазіргі кезде Германияда бірқатар жағдайлар шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау жүйесінің қажеттігін көрсетіп отыр. Олардың ішінде:

Еуропалық қауымдастық шеңберінде 1993 жылдың басынан бастап бәсеке жағдайын шегіне жеткізе шиеленістіретін тауарлар, қызметтер, жұмысшы күші және капитал қозғалысы жолындағы барлық кедергілерді алып тастау;

Технология мен табиғатты қорғау шараларына байланысты заңдық нормалардың қатаңдатылуы, оларға жұмысты күрделене қаржыны одан әрі қысқарту және оны пайдаланудың тиімділігін арттыру.

Германияда шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты қағида - өздігінен, мүмкіндігінше өз бетінше дамуды барынша ынталандыратын көмек беру болып табылады. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнестің тиімділігі мен бәсеке қабілеттілігін арттыру. Осыған байланысты мынандай шараларды атап өтуге болады:

Германияның федералды үкіметі құрылымдық – саяси шараларды іс жүзіне асырып отыр. Олар шағын яирмалар үшін қалыпты бәсеке жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жердегі басты бағыт – 1957 жылы заңды түрде бекітілген, шағын және орта фирмалардың ұстанымдарын нығайтуға бірнеше рет қайта қаралған – картельді құқық. Картель қызметін қадағалаушы ведомство, біріншіден, ірі фирманың бір – біріне қосылып кетуін қатаң бақылыап отырады; екіншіден, орынсыз – тыйым салуды алып тастап, шағын және орта кәсіпорындардың кооперациялануына жеңілдік жасайды.

Шағын кәсіпорынға қолдау жасаудағы құрылымдық – саяси шаралардың екінші бір құрамды бөлігі – мемлекеттік тапсырмаларды бөлуге қатысудығы олардың құқықтық жағынан олардың теңдігін қамтамасыз ету. 1976 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыстарды бөлуге шағын және орта фирмалардың да міндетті түрде қатысуын растайтын ерекше ереже бар. Егер белгілі бір жағдайларға байланысты өздеріне қысым көрсетілген болса, онда шағын фирмалар осындай мәселелерді заңды түрде ретке келтіруі үшн тиісті орындарға шағым жасауына болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған. Бұнның дәлелі, Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны. Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес, экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет. Сол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуі қажет.

Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазір уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Сонымен бірге кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шешімдерді орындауда іркіліс байқалады. Бұл жерде басты себеп – бюрократиялық қысымдар. Осындай және басқа да себептерге байланысты кәсіпкерлер бөлігі жасырын салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін жәйт, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау, тексеруші органдардың және рұқсат беруші құжаттардың санын азайту. Кәсіпкерлердің жетпіс пайызы оларды қолдайтын аймақтық бағдарлама туралы хабары жоқ. Мұның өзі әкімдер жұмысы формальді сипатта жүретінін көрсетеді. Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Себебі несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар жоқ. Осы себептен банктерде шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға асықпайды.

Тұрақты экономикалық жүйеде кәсіпкерлік: динамикалық түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне бейімделеді, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді. Заңдық құжаттарда көрсетілгендей, кәсіпкерлік - өзінің, қарызға алынған және де басқа мүліктері мен құралдар есебінен қызметке қатысушы тұлғалардың бәріне бірдей жақсы нәтиже мен табыс әкелетін ынталы шаруашылық немесе басқадай қызмет түрі. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып заңды тұлғалар, Қазақстан және басқа елдердің азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар табылады. Кәсіпкерлер өз ынтасы бойынша өз иелігіндегі мүліктерді пайдалану бойынша барлық шешімдер мен іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар. Кәсіпкерлер қызметінің өрісі, заңға қайшылық етпесе шектелмейді. Республикада кәсіпкерлік құрылымдар құрылған. Олар: Кәсіпкерлер Конгресі, Қазақстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің Одағы, Шағын кәсіпорындар Одағы, т.б. Кәсіпкер азаматтармен, олардың еңбегін қолдану шарт бекіте алады. Бұл кезде оларды сәйкес еңбек жағдайымен, еңбек ақысымен қамтамасыз етуі тиіс, сонымен қатар басқа әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер ұсынуы қажет.



Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 маусымындағы «Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» жарлығында кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік кепілдіктерді қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың лауазым иелерінің жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне негізсіз араласу фактілерін болғызбау мақсаты көзделген. Кәсіпкерліктің орын алар жері – ең алдымен кәсіпорын. Қазіргі өтпелі нарық қоғамында өнеркәсіп ошақтарын оңалту, демеу және қаржылай сауықтыру үрдісі жүргізілуде. Ендігі кезде тұралаған кәсіпорындарды банкроттыққа ұшырату, яғни оның дерменсіздігін белгілеп, таратуға негіз салу маңызды. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде кәсіпорынның мәртебесін иеленбей-ақ, өздігінен іс-қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшін жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алады.

Қолданған әдебиеттер тізімі

  1. К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2001ж.

  2. Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу құралы, Алматы 2005 ж.

  3. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004ж.

  4. «Қазақстан – 2030» стратегиясы.

  5. Д.Қ. Қабдиев, «Экономикалық саясат» Лекциялар, Алматы 2002ж. «Экономика».

  6. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»Алматы, Экономика, 2002ж.

  7. М.Б. Бисенғазин, А.Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері»

  8. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорынның экономикасы», Алматы, 2003ж.

  9. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Алматы-Ақтөбе -2002.

  10. «Кәсіпорын экономикасы» Оразалин К.Ж. Алматы 2007ж.

  11. «Кәсіпкерлік» Бисенғазиев М.Б.

  12. «Қазпочта» акционерлік қоғамы туралы ақпарат

  13. Годовой отчёт АО «Казпочта» за 2004-2005 годы.

  14. План развития акционерного общества «Казпочта» с 2002 по 2010 годы.

  15. Отчет о результатах финансово-хозяйственной деятельности АО «Казпочта» за 2005 - 2006 годы.

  16. Бухгалтерский баланс АО «Казпочта» за 2005 год.

  17. Отчет о доходах и расходах АО «Казпочта» за 2005 год.

  18. Отчёт о движении денег АО «Казпочта» за 2005 год.

  19. Отчёт об изменениях в собственном капитале АО «Казпочта» за 2005 год.

  20. План развития АО «Казпочта» на 2006 - 2008 годы.

  21. Пояснительная записка к Отчету по итогам за 6 месяцев 2006 года.

  22. ҚР үкіметінің 2007-2009 ж.ж арналған бағдарламасы

  23. www.e.gov.kz

  24. www.kase.kz

  25. www.googl.kz

  26. www.RFCA.kz






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет