Психологиялық-педагогикалық коррекция – бұл баланың оқудағы, тәртібіндегі, басқа адамдармен-балалармен және ересектермен қарым-қатынасқа түсудегі мүмкіндіктерін жоғарлатуға, оның потенциалдық мүмкіншіліктерін, шығармашылық резервтерін анықтауға бағытталған психолог пен педагог-дефектологтың біріккен іс-әрекеті.Педагог-дефектологтар және тәрбиешілер психокоррекциялық әдістердің мүмкіндіктерін дұрыс түсінуі қажет, оларды қолдану салаларын білуі қажет, балаларды тәрбиелеу мен оқыту тәжірибесінде коррекциялық тәсілдер мен әдістерді дұрыс қолдана білуі тиіс.«Коррекция» терминінің бір мәні, латын тілінен аударғанда – түзету, жартылай түзету немесе өзгерту (лат. correctio). Психологиялық коррекция дегеніміз жас ерекшелік психологияда қабылданған критерийлар (бағалау) жүйесі бойынша нормаға немесе жас ерекшелік бағдарға, онтогенездің бір сатысындағы бала дамуының дұрыс варианты ретінде, аталмыш дамудың гипотетикалық «оптималды» моделіне сәйкеспейтін психикалық дамудың ерекшеліктерін түзетуге бағытталған психологиялық-педагогикалық іс-әрекеттің белгіленген түрі.