Дамуында артта қалудың екі негізгі түрін ажыратады: жүйке жүйесінің органикалық бұзылыстарымен байланысты және арнайы клиникалық-психологиялық немесе медициналық көмек пен зейінді талап ететін артта қалушылық, және психикалық дамуында уақытша артта қалушылық, дені сау балалардың дамуының жағымсыз сыртқы және ішкі жағдайларымен байланысты қалыптан тыс тәртібі.Психологиялық коррекция психологиялық-педагогикалық іс-әрекет түрі ретінде аномалды дамудың әр түрлі нұсқаларына қолданғанда ең алдымен дефектологияда пайда болды. Бұл салада психологиялық коррекция баланың психикалық дамуындағы кемшіліктердің, ауытқулардың түзетуіне, компенсациясына (орнын толықтыруына) бағытталған педагогикалық әсерлердің жиынтығын білдіреді.Коррекция мен дамудың бүкіл бағдарламалары психологиялық және педагогикалық бөлімдерден тұрады. Даму мен коррекцияның психологиялық бөлімі практикалық психологпен жоспарланып жүзеге асады. Педагогикалық бөлімі психолог және мұғалім, мектеп директоры, тәрбиеші, ата-аналарымен (баламен жұмыс істейтін адамға байланысты) бірге психологиялық талдау мен ұсыныстар негізінде құрастырылады және психолог көмегімен педагогтармен және ата-аналармен орындалады.Психология бойынша терең білімдерді игерген мұғалімдер коррекциялық жұмысты дербес жүргізуіне болады, бірақ олар да өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін қатаң жауапкершілікті сақтауы қажет. Мүмкіндігі шектеулі балалармен психокоррекциялық жұмыс үлкендердің психологиялық-педагогикалық іс–әрекетінің негізгі міндеті болып саналады. Күрделі болып мектепке дейінгі кезеңнен мектептегі балалық шаққа ауысу кезеңі саналады. Мектепке дейінгі кезеңдегі қажетті психологиялық туындылардың, талап ететін оқу икемділіктері мен дағдылардың қалыптаспаушылығы, баланың оқуға деген мотивациялық және интеллектуалдық дайын еместігі түрлі мектеп дезадаптациясына, басқаша айтқанда оқу іс-әрекетіндегі, қарым-қатынасындағы, мінез-құлқындағы қиындықтар мен күрделі проблемаларға әкеледі.Мүмкіндігі шектеулі бастауыш сынып оқушыларындағы дезадаптацияның белілері болып қойылатын талаптарды игерудегі және орындаудағы қиындықтар, үлгерімнің төмендігі, тәртібінің бұзылуы болуы мүмкін. Бұның психологиялық себептері болып функционалдық дайындығының төменгі деңгейі – жетілмеуі (мектеп жасына сәйкеспеуі), басқаша айтқанда белгіленген ми құрылымдарының, жүйке-психикалық функциялардың даму дәрежесінің мектептегі оқу міндеттеріне сәйкеспеушілігі. Мектеп жасына сәйкеспеуі, жетілмеуі келесі функциялардың төмеңгі деңгейінде байқалынады: ұсақ моторикасының, «көз-қолдың» реттелуінде, іс-әрекетінің, тәртібінің және т.б. үлгіге сүйенуінде. Мектеп дезадаптациясының жиі кездесетін себебі болып еркіндік аумағының әлсіздігі немесе жеткіліксіз дамуы саналады (үлкеннің нұсқауларын тындай алмауы және дәл орындай алмауы, ережелерге сүйеніп әрекеттене алмауы, еркінді зейіннің дамымауы, еркінді есте сақтай алмауы). Аталмыш бұзылыс оқудағы қиындықтардың, тәртібінің бұзылуының, сыныпта және үйде және т.б. дербес жұмыс істей алмауының негізінде жатыр.Әр балада-өз мектеп проблемалары мен қиындықтары бар, ал сыртқы бірдей қиындықтардың ішінде олардың пайда болуының түрлі себептері жатыр. Сондықтанда коррекциялық жұмыстың бағытын таңдау күрделі және жауапты.Мүмкіндігі шектеулі балалармен психокоррекциялық жұмыстың негізгі мақсаты — мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету.Негізгі міндеті — әр бала тұлғасының потенциалдық мүмкіндіктерін дамыту үшін оптималды психологиялық-педагогикалық жағдайларды туғызу негізінде, мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық дамуындағы (ақыл-ойындағы, эмоцияларындағы, мотивацияларындағы, мінез-құлқындағы, ерік- жігеріндегі, қимылындағы және т.б.) ауытқуларды психологиялық-педагогикалық коррекциялау (түзеу).Коррекциялық жұмыстың мақсаты мен міндеті мүмкіндіктері шектеулі балаларға деген қатынастың психологиялық-педагогикалық позициясын көрсетеді: арнайы білім беру жүйесіне баланы келтіру, түзеу емес, ал аталмыш арнайы білім беру жүйесін, мүмкіндіктері шектеулі балалардың дамуын, тәрбиеленуін, оқуын қамту үшін, коррекциялау, түзеу (бейімдеу) қажет.