1-ші деңгей Сойыс малдарының жалпы сипаттамасы, оларды дайындау және оларға қойылатын қазіргі заман талаптарын түсіндіріңіз


Балық өнімдерін өңдеу негіздерін түсіндіріңіз



бет54/58
Дата23.02.2023
өлшемі127,79 Kb.
#169903
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
1-ші де гей Сойыс малдарыны жалпы сипаттамасы, оларды дайындау

120.Балық өнімдерін өңдеу негіздерін түсіндіріңіз. ұздау – балықты консервілеудің ең қарапайым және көне тәсілдерінің бірі.
Ас тұзы балық ұлпаларына тез сіңеді және оның 10 % немесе одан да көп мөлшерін енгізген кезде, шіру процесі тоқтайды және айтарлықтай деңгейде ұлпалық ферменттердің қызметін өзгертеді және кідіртеді. Осы уақытқа дейін, бүкіл алынған балықтардың шамамен жартысы тұздауға жіберілетіні мұнымен түсіндіріледі.
Кейбір балық түрлерін тұздаудан кейін, белгілі бір уақыт өткен соң, кулинарлық өңдеусіз тағамға қолдана беруге болады. Олар өзіне тән жағымды иіске, ароматқа және жұмсақ консистенцияға ие болады. Мұндай балық пісіп жетілетін деп аталады. Оларға май шабақ, албырт балықтары жатады. Басқа балықтар, мысалы, сазан, бекіре, албырт – тұздау және қақтаудан кейін, яғни ауада толық емес, баяу кептіру кезінде өзінің дәмін жақсы жаққа қарай өзгертеді. Көптеген балық түрлері тұздаудан кейін, өзінің дәмдік қасиеттерін жақсарта алмайды, оларда шикі балық дәмі сақталады және бұларды тұздау жөнсіз болып келеді. Осындай балықтарды әдетте тұздап болғаннан кейін, суық ыстауға жібереді.
Сонымен, балықты дайын тамақ өнімдерін алу және де қақталған, ысталған жартылай дайын өнімдеріді алу үшін қолданады.

Тұздаудың мәні. Балық пен тұздың әректтесуі кезінде алмасу диффузиясы жүреді, нәтижесінде тұз тез еритін өнім болғандықтан, балық ұлпаларына жылдам сіңе отырып, олардағы жасуша шырынын, яғни ақуыз, минералды және басқа заттардың судағы ерітіндісін, сәйкесінше мөлшерде ығыстырып шығарады. Сонымен қатар балықты тұзау кезінде және тұздап болғаннан кейін де, оларда күрделі биохимиялық процестер жүріп жатады. Нәтижесінде ұлпалық ферменттер инактивтендіріледі, басқалары активтендіріледі, көптеген микроағзалардың қызметі баяулайды немесе жойылады, кейбір ақуыздар ерімейтін түрге және т.б. ауысады. Осы процестердің жылдамдығы, балық жатқан жердің температурасына және тұздың концентрациясына байланысты болады. Температура жоғарлаған сайын, олар жылдам жүреді. Тұздың концентрациясы артқан сайын, балықтың тұздалуы жоғарылайды, бірақ пісіп жетілуі төмендейді.

Тұздау тәсілдері. Тұздаудың үш тәсілі бар: құрғақ, сулы және аралас. Құрғақ тұздау кезінде балыққа құрғақ тұз себеді. Әдетте осылай майшабақты, тресковые тұздайды. Сулы тұздау кезінде, балықты бөшкелерге және чандарға салып, үстінен тұздың қаныққан ерітіндісін құяды. Бұл тәсіл негізінде, ыстықпен ыстау, балық кулинариясын және т.б. жасау кезінде қолданылатын, шамалы тұздалған өнімдерді және жартылай дайын өндерді алу үшін пайдаланылады. Балықты аралас тұздау кезінде құрғақ тұзды сеуіп болғаннан кейін, артынан тұздың ерітіндісін құяды. Бұл, әсіресе майлы балықтар үшін өте маңызды, тұздау процессін тездетеді.Өйткені, баяу тұздау кезінде балықтың сапасы төмендеуі (құрқақ тұздау кезінде байқалатын) мүмкін.
Тұздау процессі температура жағдайларына байланысты, жылы, салқындатылған және суық болып бөлінеді.
Мұзбен суытылмаған балықты, әдетте жылы тұздау деп атайды Бұл тәсілмен негізінен ұсақ балықтарды тұздайды. Салқындатылған тұздау дегеніміз тұздауды салқындатумен қатар немесе салқындатылған бөлмеде (7 °С тан аспайтын температурада) жүргізу. Балықты салқындату кейбір жағымсыз процесстерден сақтап, жағарғы сапалы балық алуды қамтамасыз етеді.
Суық тұздау дегеніміз - тұз сіңбей тұрып, ірі балықтардың төменгі қабатындағы еттің бұзылмауы үшін, алдын –ала балықты қатыру (әдетте мұзтұзды тәсілмен).


Тұздалған балықтың жетілуі. Жоғарыда айтылғандай, кейбір балықтың түрлері тұздағаннан кейін, 1 - 2 ай мөлшерінде ерекше қасиетке ие болады: шикі балықтың иісі және дәмі кетеді, консистенциясы жұмсарады. Бұндай күрделі өзгерулердің мәні әлі толық зертелмеген. Бізге белгілісі, мұндай өзгерістерақуыз, май және басқа заттардың күрделі өзгерісін туғызатын, ұлпалы ферментермен және белгілі бір деңгейде микроағзалардың әсерінен болады.

Балықты қақтау. Қақталған балық дегеніміз тұздалған балықты табиғи жағдайда, әдетте, ауада кептіру. Күн сәулесі және ауа балықта күрделі процесстерді туғызады, нәтижесінде олар дәм, иіс және консистенцияға ие болады. Дұрыс қақтау процессі кезінде, кейбір балық түрлері жоғарғы дәмдік және тағамдық құндылықа ие болып, өзіндік бір тауарға айналады. Мұндай балықтарға бекіре, албырт, сонымен қатар табан және басқалары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет