1-ші деңгей Сойыс малдарының жалпы сипаттамасы, оларды дайындау және оларға қойылатын қазіргі заман талаптарын түсіндіріңіз


Кәсіптік балық түрлері жайында қысқаша мәліметтерді келтіріңіз



бет51/58
Дата23.02.2023
өлшемі127,79 Kb.
#169903
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58
Байланысты:
1-ші де гей Сойыс малдарыны жалпы сипаттамасы, оларды дайындау

115.Кәсіптік балық түрлері жайында қысқаша мәліметтерді келтіріңіз.
Барлық балықтар тіршілік ету ортасына байланысты төрт топқа бөлінеді:
Теңіз балықтары тек теңізде немесе мұхитта тіршілік етіп көбейеді. Олар ашық теңізде тіршілік ететін пелагиялық балықтар (май шабақ, сардина, скумбрия, тунец және т.б.), теңіз түбінде тіршілік ететін балықтар (треска, камбала, пикша, палтус және т.б.) болып ажыратылады.
Тұщы су балықтары тұщы суда тіршілік етіп көбейеді (сүйрік, нәлім, бахтақ балық, тұқы, дөңмаңдай және т.б.).
Жартылай өрістейтін балықтар әдетте өзен сағасының алдында тұщы теңіз бөліктерінде тіршілік етеді, ал уылдырық шашу және қыстау үшін өзеннен кетеді (табан балық, сазан, көксерке, жайын және т.б.)
Өрістейтін балықтар теңіздерде тіршілік етеді, ал уылдырық шашу үшін өзендерге кетеді (бекіре балықтар, албырт балықтары) немесе керісінше өзендерде тіршілік етіп, уылдырық шашу үшін теңіздерге кетеді (угорь).
Балықтарды басқа белгілер бойынша да ажыратады: өлшемі мен салмағы бойынша – ірі, орташа және майда; майлылығы бойынша – арық (2%-ға дейін май), орташа майлы (2-8% май), майлы (15%-ға дейін); өте майлы (15% жоғары), аулау уақыты бойынша және т.б.
Кәсіптік маңызы бар балық тұқымдарына бекіре, албырт, тұқы, алабұға, майшабақ, треска тұқымдастары жатады. Ал қалғандарының кәсіптің маңызы шамалы, бірақ кейбір балық түрлерін көп мөлшерде аулайды – шортан, сом, кефаль, скумбрия, камбала және т.б.
116.Балық етінің морфологиялық құрамын сипаттаңыз
Балық еті — дәмділігі мен бойға жұғымдылығы жағынан еттен кем емес, ал сіңімділігі жағынан одан асып түсетін ас. Ет тағамдарына қарағанда балық тағамдары әсіресе балық сорпасы сіңімді болғандықтан, оны пайдаланған кезде асқазан шырымы көп бөлінеді. Балық етінің құрамындағы белоктың көлемі 15%-тен 26% аралығында болғанда, бағалы болып есептеледі. Балықтың белогінде 20 түрлі амин қышқылы болады, оның 8-і (лизинметионинтриптофанвалинлейцинизолейцинтреонинфенилаланин), адам организмі үшін өте қажетті зат болып есептеледі. Адам организмінде синтезделмейтін осынау амин қышқылының кез келген біреуі организмде жетіспесе, онда денсаулық бұзылады. Сондай-ақ балықта 0,1—30% май, 0,9—2% витаминдер мен минералдық заттар болады. Сүтқоректі жануарлардың майына қарағанда балықтың майы сұйық болады, өйткені оның құрамында зат алмасуына маңызды роль атқаратын қанықпаған май қышқылдары көп болады. Тағамда қанықпаған май қышқылдары жеткіліксіз болса, ол атеросклероздың дамуына ықпал жасайтын холестериннің алмасуын бұзады. Теңіз балықтарының көпшілігінің майында А және Д витаминдері болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет