Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
Қазақстанда өкімет дағдарысын неден көруге болады.
Ақпан революциясы кезіндегі Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдардың жетекшілерін ата.
Алғашқы қазақ интеллегенттері.
4. Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы
2 ші дәріс
Тақырып: Қазақстан казармалық социализм жүйесінде (1925- 1940 ж.ж.)
Негізгі мақсаты: социализм құру негізі, казармалық жүйе, тоталитарлық режим.
Негізгі түсініктер: индустрияландыру, ұжымдастыру,мәдени құрылыс, казармалық социализм.
1. Өлкедегі Кеңестік мемлекет құрылысы.
2. Голощекиннің «Кіші Қазан революциясы» және оның зардаптары.
3. ЖЭС-тің әлеуметтік-экономикалық қорытындылары.
4. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – Қазақстан шаруаларының трагедиясы.
5. Индустрализация: сипаты,қарқыны, масштабы. Қоғамдық-саяси жағдай.
Шаруашылық салаларын қалпына келтіруді біршама деңгейге жеткізгеннен кейін, билеуші партия мен үкімет орындары экономиканы жаңа жолмен құрып, оның іргетасын қалау бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламалық міндетті орындаудағы шешуші буын елді индустрияландыру немесе бірінші кезекте барынша шапшаң қарқынмен ауыр өндірістің негізін жасау болатын.
Бұл бағдарламаны орындаудың өзіне тән ерекше әдісі – ірі өнекәсіпті қалыптастыру үшін қаржыны ел ішінен табу керек еді. Өндіріс құрал – жабдықтарын ұлттандыру, меншікті иемденушілердің тұтынуын жою, еңбек өнімділігін үздіксіз арттыру, ішкі және сыртқы саудадан түскен кірісті үнемдеп, экономика салаларын жоспарлы түрде дамыту, мемлекеттік заемдар арқылы халықтың жинақ қорын мемлекеттік экономика құрылысына тарту, қатаң үнем тәртібі – индустрияландыру үшін пайдаланған қорлардың негізгі көздері осындай болды.
Қазақстандағы күрделі қоғамдық – саяси жағдай 20-шы және 30-шы жылдар басында республиканың болашағы, әсіресе оны индустрияландырудың, ұлттық жұмысшы кадрларын қалыптастырудың жолдары жөніндегі мәселелердің төңірегінде өткір пікірталастық күрес туғызды. Негізгі күрес екі көзқарастың арасында өрістеді. Ф.И.Голощекин Қазақстан елдің өнеркәсібі дамыған өңірлері үшін шикізат базасы болуға тиіс деген пікірді жақтады.
Индустрияландыру басталған кезде еліміздегі көмірдің, мұнайдың, түсті металдардың және басқа қазба байлықтардың аумақты кеніштері жаңа зерттелебастаған болатын. Сондықтан жаңа өнеркәсіптік және жол қатынасының құрылыстары көбінесе тиісті даярлықсыз жүргізілді.
1926-1940 ж.ж. еліміздің индустриялық дамуындағы қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық жағдайына, халықтың демографиялық сипатына, сондай-ақ республиканың табиғи байлықтарына және т.б. байланысты өзінің ерекшеліктері болды. Осыған қарамай әрбір республика өзінің нақты жағдайына байланысты ауыр өнеркәсіпті баса дамытқан бүкілодақтық индустрияландыру барысына, әсіресе машина жасау өнеркәсібіне өз үлестерін қосты.
Көмір өнеркәсібінің даму қарқыны өсті, 1940 жылы оның 90 пайызы Қарағанды аймағында болды, ол Донбасс пен Кузбасстан кейінгі елдің үшінші отын қорына айналды.
Осы жылдары ауыр индустрияның құрамдас және шешуші бөлігі – негізгі қалыптаса бастады. Ірі өнеркәсіп орындарының салынуына байланысты Қарағанды ОЭС-і, Ульба СЭС-і, Балқаш мыс балқыту комбинатының, Ақтөбе химкомбинатының, Ащысай полиметалл комбинатының және т.б. жылу электр станциялары салынды. Еліміздің индустрияландырудың тағы бір ерекшелігі түсті металлургия, мұнай және басқада негізгі
тау-кен салаларымен бірге ауыр өнеркәсіптің және темір жол қатынасының бірінші сатыда дамуы болды.
Қазақстан индустриясының жоғарғы қарқынмен дамуы Кеңес Одағының өнеркәсібі дамыған басқа республикаларының жан-жақты көмегінің арасында мүмкін болды. Республика индустриясының құрамында машина жасау, мұнайды, газды, түсті металдарды өңдейтін, әсіресе машина жасау жетекші салалары (станок, өлшегіш және болжамдаушы техника, автомбиль, трактор), ауыл өндірісіне қажетті машиналарын жасайтын кәсіпорындар жүйесі сол кезден назардан тыс қалған.
Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді. Өндірістегі және еңбектегі белсенділік бұрын-соңды болып көрмеген жоғары дәрежеде дамып, индустрияландыру ісінің табыстарына жетуде қалытқы болды.
Қазақ даласындағы ұжымдастыру саясаты. Қазақ елінің төл тарихында шаруалар арасындағы құбыластар ерекше орын алды. Сондықтан елдегі индустрияландыру саясатымен қатар шаруаларды ұжымдастыру саясаты қатар жүргізілді. Ұжымдастыруда да әміршіл- әкімшіл жүйенің жоғарыдан жіберген жарлықтары ешбір ойланып-толғауынсыз-ақ, қолма-қол екпінді қарқынмен орындалып отырған.
Шаруаларды ұжымдастыру желісімен билеуші сатылардың атқамінерлері жазықсыз мыңдаған ары таза, жаңа үкіметке ниеті дұрыс адамдарды түрлі әбігерге салды. Тәркілеу идеологиясы шаруаларға келгенде кең көлемдегі репрессиялық шараға айналып кетеді.
Еуразиядағы ең ірі елдің ХХ ғ. Тарихындағы аса маңызды саяси, әлеуметтік- экономикалық оқиға – оның ауыл шаруашылығын ұжымдастыру болды. Ұжымдастырудың саясатын орындаудағы тағы бір жалпы адамгершілікке оның гуманитарлық рухына қайшы көрініс – зорлық-зомбылық, жойқын күштің басым болуы.
Қазақ елінің экономикасының құлдырап төмендеуң 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұтас келді. Осындай елді арылмас қайғылы жағдайға душар еткен қолдан жасалған қастандық пен табиғаттың рақымсыздығынан екі жылда республикада аштықтан өте көп адам қырылып, Қазақ елі орны толмас қайғыға ұшырады.
Оның үстіне өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Ф.И.Голощекиннің келуі «жығылғанға жұдырықпен» бірдей болды. Билеуші саяси ұйымның жетекшісі әкімшіл-әміршіл басқару жүйесініңжарқын бейнесі ретінде сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолданып, қазақ арасынан рухани бой көтерген зиялыларын өзара қақтығыстырып, «халық жауы» деген жала жауып, мыңдаған қазақ азаматының түбіне жетті. Олардың ішінде А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Халел және Жанша Досмұхамбетовтар, М.Тынышпаев, К.Кемеңгеров сияқты т.б. ұлттың бетке ұстар саңлақтары бар болатын. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929-1931 жылдарда 193 «революцияға қарсы ұйымдардың қызметі» ашылып, олардың мүшесі болды деген жаламен, он мыңға жуық қазақ интеллегенциясы мен басқа ұлт өкілдері қамауға алынды.
Осындай озбырлы, халық бостандығы мен құқына қарсы саясат қалың бұқара арасында қарсылық пен наразылық туғызды.
Достарыңызбен бөлісу: |