1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе



Pdf көрінісі
бет60/72
Дата12.03.2022
өлшемі4,71 Mb.
#135392
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72
Байланысты:
5fe23c89029c5cd8c8b7a6330b07df91

Демаркация
Қытаймен мемлекеттік шекараны демаркациялау процесін Қазақстан 
Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай 
мемлекеттік шекарасы туралы 1994 жылғы 26 сәуірдегі келісімнің 4-бабына 
сәйкес екі елдің Үкіметтерімен құрылған Қазақстан-Қытай бірлескен 
демаркациялық комиссиясы жүргізді. 
Демаркациялық жұмыстары алты жұмыс топтарымен 1996 жылғы 
шілдесінен бастап 2001 жылғы желтоқсанына дейін жүргізілді және 2002 
жылғы 10 мамырда Бейжің қаласында Қазақстанның Сыртқы істер министрі 
Қасымжомарт Тоқаев пен Қытайдың Сыртқы істер министрі Тан 
Цзясюаньнің Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық 
Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік 
шекарасының сызығын демаркациялау туралы Хаттамаға қол қоюымен 
аяқталды. 
Қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасының жалпы шегенделген 
ұзақтығы 1783 км, оның ішінде құрлық шекарасы 1 215,86 км, су шекарасы 
566,89 км. 
Шекара сызығы 688 шекаралық белгілермен белгіленген. 
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдермен мемлекеттік шекараны 
халықаралық-құқықтық ресімдеу сәтті жүргізілді 
Бұрынғы КСРО-ның әкімшілік-аумақтық шекарасын межелеуді тану 
қағидаттарын бекітілетін келесі құқықтық құжаттар болып табылады: 
1991 жылғы 21 желтоқсандағы Алматы Декларациясы, 1992 жылғы 14 
ақпандағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі ынтымақтастық 
қағидаттарын сақтау туралы Декларация, 1994 жылғы 15 сәуірдегі Тәуелсіз 
Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің егемендігін, 
аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын сақтау туралы 
Декларация, түрлі екі жақты құжаттар, Одақтық және республикалық 
деңгейдегі Жоғары Кеңестердің заң актілері. 
Осы құжаттарға сәйкес, Тараптар одақтас республикалардың 
арасындағы әкімшілік-аумақтық межелеуді шекаралық келіссөздерде негізіне 
алды. 
Бұрынғы 
одақтас 
республикалардың 
арасындағы 
әкімшілік 
шекаралардың бәріне ортақ ерекшелік ретінде ондағы кейбір учаскелердегі іс 


жүзінде орныққан шекара сызықтары қолда бар құқықтық актілердің 
ережелеріне сәйкес келмейтіндігін айтуға болады. Мұндай жағдайларда 
тараптар ұлттық және экономикалық мүдделерді ескере отырып, өзара тиімді 
шешімдер қабылдады, аумақтарды теңдей бөлісті және алмасты. 
Қазақстан тарапының мемлекеттік шекараны делимитациялау бойынша 
жұмыстары 
Қазақстан 
Республикасы 
Үкіметінің 
«Қазақстан 
Республикасының Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, 
Түрікменстанмен және Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекарасын 
делимитациялау 
жөніндегі 
Қазақстан 
Республикасының 
Үкіметтік 
комиссиясы туралы (ҚР Үкіметінің 2000 ж.24.02. №289, 2000 ж. 06.06. №856, 
2002 ж. 17.07. №791, 2003 ж. 02.06. №509, 2004 ж. 01.07. №726 
қаулыларымен енгізілген өзгертулері бар) 1999 жылғы 1 қыркүйектегі
 
№1283 
қаулысына сәйкес жүргізілді. 
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Комиссияның 
құрамынан мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, облыстық, 
аудандық және ауылдық әкімдіктердің өкілдерін кіргізе отырып, тиісті 
Үкіметтік делегацияларды жасақтап отырды. Сарапшы ретінде әртүрлі 
мекемелердің мамандары тартылды, геодезистер, картографтар, жерге 
орналастырушалыр мен гидрологтардан жұмыс топтары құрылды. 
Орталық Мемлекеттік мұрағаттағы, Қазақстан Республикасының 
министрліктері мен ведомстволарындағы, арнайы мекемелеріндегі құқықтық 
база мен онда бар материалдар түпкілікті зерттеліп, әрбір мемлекетпен 
келіссөздер жүргізудің қағидаттары мен әдістемесі жасалды. Делегацияның 
мүшелері, сонымен қатар жұмыс топтарының өкілдері қажет кезде жергілікті 
тұрғындармен, қоғам өкілдерімен және басшылармен кездесіп отырды. 
Халыққа ақпарат беру мақсатында келіссөздер процесі барысында пресс-
конференциялар өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбаттар беріліп 
отырды. Қажет болған кездерде жергілікті жерлерге далалық сапарлар 
ұйымдастырылып, шекара белдеуін әуеден және космостан суретке түсірулер 
және басқа да іс-шаралар жасалып отырды. 
Қазақстан-Өзбек мемлекттік шекарасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет