таныған принциптерді және мемлекетаралық қатынастардың негіздері
ретінде халықаралық құқық нормаларын орнықтыруға күш салды. Бұл
халықаралық шарттар Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа еркін кіруіне
жол берді. Қазақстанның егмендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын
қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды. 1992 жылы СІМ-нің қатысуымен
принциптік сипаттаға көп жақты және екі жақты 13 құжат, сондай-ақ
ағымдағы мәселелер бойынша 30 келісім, меморандум жасалынды.
Президент
Назарбаевтың АҚШ-қа, Түркияға, Франция, Германияға, Иранға,
Финляндияға,
Үндістанға
жасаған
жоғары
мәртебелі
деңгейдегі
сапарларының Қазақстан егемендігінің халықаралық танылуын қамтамасыз
ету тұрғысынан маңызы ерекше болды. Бір жыл ішінде 20 мемлекет және
үкімет басшылары Алматыға ресми сапармен келді. Ресеймен, Өзбекстанмен,
Қырғызстанмен, Беларусьпен т.б. ТМД елдерімен шарт пен келісім
жасалынды. 1992 жылы Ташкентте қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік
туралы шарт аймақтаға бейбітшілікті сақтау жолындағы елеулі жетістік
болды. Осы шарттың нәтижесінде Қазақстанның ұлттық мүдделерін тиімді
қорғау,
белгілі
бір
мемлекеттердегі
жанжалдардың
біздің
республикамыздағы жағдайға келеңсіз ықпалының алдын алу үшін
алғашарттар жасалынды. Бір жыл ішінде Қазақстан дипломатиясы
Тәжікстандағы, Таулы Қарабах төңірегіндегі дағдарысты жағдайларды реттеу
жолдарын іздестіруге белсенді түрде көмектесті. Қазақстан мен Қытай
арасында 17 келісім жасалынды. Күншығыс бағыты бойынша Жапониямен,
Корей
республикасымен, Монғолиямен, Малайзиямен қарым-қатынас
дамытылды. Қазақстан Еуропадаға қауіпсіздік және ынтымақтастық
жөніндегі кеңестің қызметіне қосылды. Назарбаев бастаған делегацияның
ЕҚЫҰ-на мүше мемлекеттердің Хельсинкидегі үкімет басшыларының
кездесуіне қатысуының сыртқы саясаттаға маңызы зор болды. Осы әс-
сапарда Хельсинкидің қорытынды актілері принциптері Азияда қолданылуы
жөніндегі Қазақстанның бастамасы ұсынылып, келісілді.
Қазақстан-Түркия өзара қатынастары неғұрлым белсенді түрде дамыды.
1991 жылы қазанда айында Н.Назарбаевтың Анкараға ресми сапармен баруы
аса маңызды оқиға болды. 1992 жылы қазан-қараша айларында Н.Назарбаев
Тегеранда ресми сапармен болды, оның барысында Қазақстан мен Иран
арасындағы екі жақты ынтымақтастық принциптері туралы құжаттарға қол
қойылды. Атап айтсақ: Өзара түсіністік
пен ынтымақтастық туралы
декларация; Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім; Көлік
саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы хаттама және т.б. хаттамалар
болды. 1992 жылы Таяу және Орта Шығыстың 16 мемлекетімен
дипломатиялық қатынас орнатылды. СІМ өз қызметінде өзі әзірлеген
тұжырымдаманы басшылыққа алды, соған сәйкес араб әлемінің қыржы-
экономикалық қуаты, сондай-ақ Израильдің саясатын ескере отырып, Таяу
Шығыстағы реттеу істерінде республиканың беделін арттыру сияқты фактор
толық дәрежеде ескерілді. 1991 жылы Қазақстан Халықаралық валюта
қорына, Әлем банкіне, Еуропалық қайта құру және даму банкіне, Азия даму
банкіне, Экономикалық ынтымақтастық ұйымына және 1992 жылы БҰҰ-на,
ЮНЕСКО-ға және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүшелікке өтті.
Қазақстан
өзінің
сыртқы
саясатының
негізгі
қорытындыларында
халықаралық қатынастардағы ешкімге ұқсамайтын өзіндік болмыс-бітімдегі
бағытта жұмыс жасады. Сыртқы саясаттаға негізгі
принципінде Қазақстан
елдің ұлттық мүдделерінің блоктық немесе аймақтық ұрдістерден басым тұру
мүддесін берік ұстанды. Сыртқы саясатта еркіндігін сақтады.
1992 жылы мамыр айында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев АҚШ-қа ресми
сапармен барды. Сапар барысында Дж.Бушпен келіссөз жүргізіп, екі ел
арасында өзара түсіністік орнатуға жәрдемдескен құжаттарға қол қойылды.
Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдарында Қазақстанды 108 шет мемлекет
таныды, 70 шет мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды. Алматыда
21 шетелдік елшілік ашылды. Қазақстанның дипломатикалық миссиясы
Вашингтонда, Мәскеуде, Пекинде, Анкара мен Стамбулда, Женевада, және
Нью-Иоркте жұмысын өрістетті. 1992 жылдың қыркүйек-қазан айларында
Дүниежүзiлiк қазақтар құрылтайы өттi. Бұл оқиға бiздiң елiмiз тәуелсiздiк
алғаннан кейiн ғана мүмкiн болды. Оған Азияның 13 елiндегi, Еуропа мен
Америкадан 3200 мың қазақ диаспорасының (32%) өкiлдерi қатысты.
ҚР дүние жүзінде 1-ші болып өз еркімен ядролық қарудан бас тартты.
Мұны қаламдық қауіпсіздік жүйесін
қалыптастыруға, жер бетіндегі
бейбітшілік ісіне қосылған теңдесі жоқ әлес десек, асыра айтушылық емес.
Осы орында біз әлемнің барлық ресми тұрғыда танылқан ядролық
державаларының Қазақстанқа бірлесе отырып, жан-жақты қауіпсіздік
кепілдіктерін беруге қол жеткіздік.
1991 жылға дейін Қытаймен келіссөздерді ҚХР-мен шекаралас одақтас
республикалар өкілдерінің қатысуымен құрылған кеңестік үкіметтік
делегация
жүргізді.
Қазақстан
Республикасының,
Қырғызстан
Республикасының,
Ресей
Федерациясының
және
Тәжікстан
Республикасының үкіметтері арасындағы Қытай Халық Республикасымен
шекаралық мәселелер бойынша келіссөздер туралы 1992 жылғы 8
қыркүйектегі келісімге сәйкес, 1992 жылы КСРО Үкіметтік делегациясының
орнына ҚХР-мен келіссөздер жүргізу үшін Қазақстан Республикасы,
Қырғызстан
Республикасы,
Ресей
Федерациясы
және
Тәжікстан
Республикасы үкіметтерінің Бірлескен делегациясы құрылды.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Қытай Халық
Республикасымен қазақ-қытай шекарасы маңында әскери саладағы сенімді
нығайту әрі қарулы күштерді өзара қысқарту жөніндегі келіссөздер туралы
және шекара мәселелері жөніндегі келіссөздер туралы» 1992 жылғы 17
шілдедегі № 607 қаулысының негізінде Қазақстан өз делегациясын жасақтап,
Қытаймен келіссөздерге кірісті.
Делимитациялау туралы келіссөздер 1992-1998
жылдары өтіп,
демаркация толығымен 2002 жылы аяқталды.
Келіссөздер процесінің негізіне Ресей Империясы мен Қытай арасында
ХІХ ғасырда жасалған сегіз шарттар мен хаттамалар алынды.
ҚР мен ҚХР арасындағы келіссөздер нәтижесінде Қазақстан-Қытай
мемлекеттік шекарасының өту сызығын және оның жергілікті жерде
шекаралық белгілермен белгіленуін нақты анықтап әрі егжей-тегжейлі
сипаттап берген халықаралық шарттар жасалды. Олар:
1. Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы Қазақстан
Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы 1994 жылғы 26
сәуірдегі келісім;
2. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы
арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1997 жылғы 24
қыркүйектегі қосымша келісім;
3. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы
арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы 1998 жылғы 4
шілдедегі қосымша келісім;
Достарыңызбен бөлісу: