Орындаған: Жамболат. А



бет1/2
Дата01.03.2023
өлшемі94,64 Kb.
#170716
  1   2
Байланысты:
ТМТ бөж Азербайжан

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Орындаған: Жамболат. А

Қабылдаған :Эрен.А

Топ : ЖБЛ-112


Тақырып :Тәуелсіз Азербайжан мемлекеті
Әзірбайжан (әз.Azərbaycan), ресми атауы — Әзірбайжан Республикасы (әз. Azərbaycan Respublikası) — Азия мен Еуропа аралығында, Оңтүстік-Шығыс Кавказда орналасқан тәуелсіз мемлекет. Ол солтүстікте Ресейдің Дағыстан Республикасымен, оңтүстікте Иранмен және батыста Армениямен шектеседі. Ал оның эксклавы Нахшыван Автономиялы Республикасы оңтүстікте Иранмен, шығыста және солтүстікте Армениямен, батыста Түркиямен шектеседі.
Әзірбайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Аумағы 86,6 мың км², халқы 10,067 млн. адам.Астанасы – Баку қаласы. Халқының 83%-ы әзірбайжандар. Мемлекеттік тілі – әзірбайжан тілі. Халқы негізінен ислам дінін ұстанады.
Тарихы
Әзірбайжан жеріне адамдар палеолит заманында қоныстана бастаған. Тұңғыш мемлекеттік бірлестік Оңтүстік Әзірбайжанда өмір сүрген маналықтардың, кейіннен осында ішінара қоныстанған лидиялықтардың тайпалық одақтары негізінде құрылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта Әзірбайжан жерінде кадусилер, каспилер, албандар т.б. қоныстанады. Біздің заманымыздан бұрынғы 9 ғасырда Маннада ертедегі құл иеленуші мемлекет, біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасырдың 70-жылдары Мидия мемлекеті құрылып, оның құрамына Оңтүстік (Ирандық) Әзірбайжанның, кейінірек Антропатена аталған Кіші Мидия облыстары да кірді. Бұл мемлекет 150 жылға дейін өмір сүрді. Кейін Антропатена сөзінен қазіргі «Әзірбайжан» (грекше, сөзбе-сөз аударғанда «от сақтаушылар елі») деген атау шықты.
Біздің заманымыздан бұрынғы 3 – 2 ғасырларда Әзірбайжанның солтүстік бөлігі мен Дағыстан жағында Албания мемлекеті пайда болды. Біздің заманымыздың 4 ғасырында Рим империясы мен Иран арасындағы соғыстың салдарынан Албания Иранның қол астына өтеді. 8 ғасырдың басында арабтар Әзірбайжанды түгел бағындырып, ислам дінін таратты. 9 ғасырдың басында Әзірбайжан мен Иранда арабтар мен жергілікті билеушілерге қарсы Бабек бастаған соғыс 20 жылға созылды. 11 ғасырдың ортасында Әзірбайжанды салжұқтар басып алды. Әзірбайжан халқы негізінен 11 – 13 ғасырларда түрік тайпаларының негізінде қалыптасты. 13 ғасырдың 30-жылдарында Әзірбайжанды және оған көрші елдерді моңғолдар жаулап алып, Хулагу әулеті билеген мемлекет құрылды. 16 ғасырдың басында Әзірбайжан жерінде Сефеви әулетінің мемлекеті орнады. 16 ғасырдың соңына қарай Әзірбайжанның солтүстігі мен оңтүстігіндегі едәуір жерді түріктер жаулап алды. 17 ғасырдың 30-жылдарының аяғында Әзірбайжан Иранның қол астына қарады.
1723 – 35 жылдары Әзірбайжанның Каспий жағалауындағы аймақтарын Ресей жаулап алды. 1805 – 13 жылдары және 1826 – 28 жылдары орыс-иран соғыстары барысында Солтүстік Әзірбайжан Ресейге қосылды. 1917 жылы қарашада Әзірбайжанда Кеңес өкіметі орнады. 1922 жылы 30 желтоқсанда Әзірбайжан Кавказ Федеративтік Кеңес Республикасы, 1936 жылы КСРО құрамына кірді. Кеңес Одағы құрамында болған кезеңде кейбір әлеуметтік қайшылықтарға қарамастан Әзірбайжанның экономикалық және мәдени дамуы жүзеге асты. 1991 жылы 30 тамызда Әзірбайжанның Жоғарғы Кеңесі 1918 жылғы Шарт негізінде мемлекеттік тәуелсіздікті қалпына келтіру жөнінде Декларация, 1991 жылы 18 қазанда «Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөнінде» Конституциялық шарт қабылданды. Дербес мемлекет ретінде Қазақстан Республикасымен 1992 жылы 27 тамызда дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет