Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын
тілінің «fіnancіa »* сөзінен пайда болған француздың «fіnance» сөзінен шыққан) – тауар-ақшалай қатынастармен және мемлекеттің өмір сүруімен байланысты тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі.
Қаржы – қоғамның қажеттіліктері мен ӛндірістің дамуы үшін пайдаланылатын мемлекеттің, оның муниципалдық құрылымдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақшалай қорлары.
Қаржы бірнеше айрықшалықты сипатты белгілерді иемденеді, ақшалай сипаты, ұдайыөндірістік, ақшалай ресурстардың қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі
Бөлгіштік функцияның көмегімен жалпы (жиынтық) қоғамдық өнім мен оның аса маңызды бөлігі – ұлттық табыс, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігі (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) бөлінеді және қайта бөлінеді.