Ұдайы өндірістік функция – қаржылық ресурстарда жүзеге асырылған құнның ұдайы жаңғыртылуы және қоғамдық ұдайы ӛндіріс үдерісін осы ресурстармен қамтамасыз ету бойынша.
Бақылау функциясы
Қаржы – қатыстылығы тҧрғысынан бір тектес және бірдей емес функциялық арналымы бар қосалқы категорияларды кіріктіретін ғаламдық жинақтаушы категория; қаржы, оның қатынастарының жҥйесі сегіз осындай қосалқы категорияларды кіріктіреді: мемлекеттің қаржысы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, үй шаруашылықтарының қаржысы, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік кредит, халықаралық қаржы, қаржы рыногы, сақтандыру (әлеуметтік).
Қаржы көмегімен жететін нәтижелерді бағалауға жалпы тәсілдеме қаржының рөлін үш бағытта:
1)ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерін қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ету тұрғысынан;
2) қаржыны қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттеу үшін пайдалану тұрғысынан;
3) қаржыны әлеуметтік-экономикалық дамудың ынталандырмасы ретінде пайдалану тҧрғысынан атқаруға мүмкіндік жасайды.
Қаржы құндық бөлу үдерісіне қатыса отырып, құн, баға, еңбекке ақы төлеу, кредит, сақтандыру және басқа категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-әрекет жасайды.
«Қаржы жүйесі» тиісті қаржылық ресурстар және ақшалай қаражаттардың қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |