Қазақстан әлемдік қауымдастықТА



Дата11.05.2022
өлшемі14,73 Kb.
#142472
Байланысты:
Қазақстан әлемдік қауымдастықта


ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТА
Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы өркеңдеу жылдары оның басқа елдермен сыртқы байланыстарының жаңа мағына-мазмұнда орнығуымен және дамуымен сипатталады. Кез келген егемендікке ие болған мемлекет қысқа мерзімде өзін басқа мемлекеттердің, халықаралық қауымдастықтың мойындауына, тең деңгейде қарым-қатынастар жасауына қол жеткізу үшін күреседі. 2000 жылға дейін Қазақстанның тәуелсіздігін 138 ел, яғни әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің жартысынан астамы таныды, оның ішіңде 120 елмен дипломатиялық қатынастар орнатылды, 64 халықаралық ұйымның мүшелігіне өтті.
Қазақстанның сыртқы саясатында ерекшк назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынас орнату. 1998 жылы Мәскеуде ХХІ ғасырға бағдарланған мәңгі достық пен ынтымақтастық туралы Декларация жарияланды. 1994 жылы Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу жөнінде келісімге қол қойылды.
Қазакстан тарихындағы айтулы оқиға болған мемлекеттік тәуелсіздікті алу дербес сыртқы саясат жүргізуге жол ашты. Еліміздің егемендігін нығайту, оның экономикалық мүдделерін ілгерілету үшін қажетті сыртқы жағдай жасалды.
Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болған кезден бастап-ақ оньң Бас Ассамблеясының жыл сайын қыркүйекте өтетін сессияларына, басқа да мәжілістеріне қатысып, бүкіл қоғамдастыққа ортақ мәселелерге байланысты ұсыныстарын білдіріп келеді.
Қазақстан Республикасы сонымен бірге 2002 жылы құрылған Орталық Азия Ынтымақтастық Ұйымына (ОАЬІҰ), 2000 жылы алғашқыда «Шанхай бестігі» болып құрылған, қазіргі уакыттағы Шанхай Ынтымақтастык Ұйымына (ШЫҰ), мүше болып саналады.
Қысқа тарихи мерзім ішінде басшылықтын, ең алдымен, тәуелсіз Қазақ мемлекетінің тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тұрақты да байсалды саясатының нәтижесінде республика едәуір зерделі, ұйымдық және моральдық тегеурін талап еткен күрделі міндетгі шеше білді. Дербес мемлекеттіліктің қалыптасу процесі күрделі ішкі саяси, терең экономикалық және әлеуметтік дағдарыс жағдайларында өтті. Барлық қиындықтарға қарамастан аз ғана уақыт ішінде Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі ретіңде қалыптасты.
Тапсырма:
1.Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы
2.Көрші елдермен қарым-қатынас орнату

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет