1) Тарих - бұл өткен дәуірлер туралы білімдер жинағы ғана емес, сонымен қатар қазіргі әлемде өз жағдайын айқын ұғынуға, өзінің азаматтық ұстанымын дұрыс анықтауға, орын алған құбылыстар мен оқиғаларға өз көзқарасын білдіруге және олардың маңызы мен бағытын терең ашуға мүмкіндік беретін тарихи ойлау болып табылады.
Тарих ғылым ретінде халықтың ұлттық санасын қалыптастыруы, әсіресе, өз тәуелсіздігін жариялаған кезде орнықтыруы және әлемдік қауымдастықта өзін тең құқылы мүше ретінде сезінуі тиіс.
Қазақстан тарихын зерттеудің негізгі міндеттері мыналар:
1. Қазақ халқының тарихын ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін зерттеу;
2. Көшпелі дүние жүйесіндегі қазақ халқының рөлін ашу және оның әлемдегі өркениетке қосқан үлесін көрсету;
3. Бүкіл адамзат тарихы дамуында қазақ этносының, тұрмысының, шаруашылығы мен әлеуметтік-саяси қондырғысының қалыптасу процесіне зер салу;
4. Түрлі әлеуметтік топтардың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін анықтау.
Тарих тарихи тұрғыдан ойлай білуді қалыптастырады, азаматтық ұстанымды шыңдай түседі, ұлттық мақтаныш пен патриоттық сезімге тәрбиелейді.
Өткенімізді біле отырып, қазіргі кезеңді оңай меңгереміз, болашақты айқындай аламыз.
Қазақстан тарихы курсының негізгі мақсаттары мынадай:
- тарихи дәуірлерге талдау жасау;
- этностық тарихқа талдау жасау;
- түрлі тарихи кезеңдердегі әлеуметтік ұйымдарды зерттеу;
- түрлі тарихи кезеңдердегі мәдениетті зерттеу.
Көне заманнан бүгінге дейінгі Казақстан тарихы әлемдік тарихтың құрамдас белігі, сондықтанда оны оқып-үйрену жастардың тарихи санасын қалыптастыруда ерекше орын алады. Қазақтар турік тілдес халықтарға жатады, олардың арасында халқының саны жағынан 4-ші орында, ал жерінің келемі бойынша әлем халықтарының алғашқы ондығына кіреді. Қазақтардың, тарихта әртүрлі атаулармен белгілі, арғы тегі күрделі тарихи жолдардан өтіп әлемдік жетістіктерге өзінің үлесін қосты. Тәуелсіз Казақстанның бугінгі болмысы, келісті келбеті мен келешегі бүкіл дүние жүзінің назарына ілігіп, оны өзіне аударуда.
Қазақстан тарихында болып жатқан бугінгі бетбүрысының саяси- экономикалық және мәдени-әлеуметтік өміріндегі қайта түлеуі, жаңаруы кеп жылдар бойы әміршіл-екімшіл басқару жүйесінің езгісінде болып, халықтың өткен тарихын білуі күңгірттеніп, үрпағы өз елінің тілі мен дінінен, салт- дәстүрінен қол үзе бастаған кезде қолға алынды. Осындай бетбұрыстың нәтижесінде тарихымыздың көптеген мәселелері қайта қаралып, жаңа сипат алуда. Ақтандақ беттерді нақты тарихи шындықтармен толықтыру ой-өрісімізді кеңейтуге, тарихты бүгінгі күн түрғысынан зерделеуге мүмкіндік беруде.
Казақ халқының тарихын жастардың зердесіне қүйып, оларды осы тарихтың тағылымымен таныстырудың есіресе жоғарғы, орта буындағы оқу орындарында оқып жүрген студенттердің санасын бүгінгі күнгі талаптар түрғысынан қалыптастырудың маңьізы зор. Жастар халқымыздың келешегі, заманымыздың болашағы. Жастар жаман болмасын, ел азбасын десек, оқу орындарында оқып жүрген жастардың тарихи санасын қалыптастыруға ат салысуымыз керек. Казақстан оқу министрлігінің шешімі бойынша барлық оқу орындарының студенттері Қазақстан тарихынан мемлекеттік емтихан тапсыруға міндетті. Осыған сай күндізгі бөлімнің 1 курс студенттері алғашқы семестрде, ал сыртқы бөлімнің студенттері бірінші курстың соңында Қазақстан тарихын оқып- үйреніп мемлекеттік емтихан тапсырады.
Біздің аумақтағы руханияттың алты мың жыл-ғы дамуын алып қарайық. Соларды талдау үстінде мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
Бірінші кезең. Бүгінгі Қазақстанның бүкіл аумағын мал баққан ежелгі арийлердің сансыз көп тайпаларының игеруі. Ежелгі ведалық абыздар Веда-ның қасиетті заңдарына сүйеніп, өз отбасыларының, ру-тайпаларының, көсемдерінің алаңсыз, тыныш өмір сүруіне көмектескен. Оңтүстік Арал өңіріндегі Сынтасты және Арқайым қорым-кешендері сол замандағы халықтың рухын бейнелейтін материалдық айғақтар болып табылады.
Екінші кезең. Бүдан шамамен төрт-бес мың жыл бүрын арийлер тарихы мен рухының орталығы біртіндеп солтүстіктен оңтүстікке, Оңтүстік Оралдан Үнді өзенінің аңғарына қарай ауыса бастайды. Олардың эпосы Үндіде Веда, Иранда Авеста түрінде жазбаға түскен. Ал бүрынғы мекендерінде қалған халықтардың рухани өмірі біртіндеп әлсірей бастаған. Бүгінгі Қазақстан жерінде сол заманнан қалған жалғыз белгі Таңбалы қонысы болса керек.
Ал ежелгі арий рухының біздің жердегі кейінірек заманнан сақталған белгілері — сақ патшаларының Есіктегі, Бесшатырдағы қорғандары.
Үшінші кезең — бүдан үш-төрт мың жыл бұрынғы заман. Шығыста, Гоби далаларында арғы ғүн тайпаларының қалың толқыны туа бастайды. Бүдан 2,5-2 мың жылдар бүрын сол толқын біздің жерлерге жетеді. Ежелгі Ведалық қабаттарды жас жаңа толқын басады. Ол — Тәңірге табынған ғүндардың үштік үрдісі: Тәңірі — Аспан, Жер-Су, Ұмай — Мәңгілік ана.
Ғұн абыздарының нанымы біртіндеп сақ-сармат тайпаларынан қалған нәсілдердің күнделікті тіршілігіне ене бастаған. Көшіп келген ғүн халық-тарының рухы алғашқы екі ғұн империясының қазанында бүрынғы арий нәсілдерінің рухымен бірге қайнап кіріккен.
Төртінші кезең —бүдан 1,5 мың жыл бүрынғы ғүн нәсілдері — түркілер — Ашина руының түркілері — Ордос алабынан ауған жүнді (жуан-жуан) тайпаларының ежелгі ақсүйек әулетінен тараған үрпақтар. Осынау жаңа рухани толқынның тоғысында түңғыш Түркі қағанаты — Мәңгілік Ел бой көтереді. Бүл үшінші империя жергілікті сақ тайпаларын бүдан арғы мыңжылдықта ғүндардың арынды асау рухының ықпалымен таратып тарихтың шеңберлері және үлттык зерде жіберіп, Байкалдан Каспийге дейінгі байтақ өлкені жайлап келген Түркі тайпаларымен біріктіріп, барлығын өз қанатының астына жинаған.
Шындығына келгенде Ұлы Елдің ортақ несібесі ең кемінде үш қабат нәпақадан қүралған.
Оның үстіңгі солтүстік қабатында негізінде қыпшақтардың тайпалық одағына кіретін халықтар болған. Төменгі оңтүстік қабатында тоғыз немесе оғыз тайпалық одағының халықтары орналасқан.
Ал ортасында жаңағы екі қабатты жалғастырып біріктірген Ашина руы түркілердің мықты буыны болған.
Оңтүстік оғыз қабатының эпосы «Қорқыт ата» аңызында бейнеленген. Қорқыттың өзі қобызымен шалған сол замандағы халықтың рухын зарлы үнмен жеткізген киелі гөй-гөйі осы күнге дейін сақталып қалған.
Ортаңғы қабат түркінің жас бекзадасы мен қаншық қасқырдың қортқасынан тараған Ашина рулы түркілердің шығуы туралы ішінара сақталған шежіре аңыздарда бейнеленген. Монғолиядағы урду тілінде тасқа қашап жазылған Ізбүғүт найзатасында — ежелгі түркі ұрпақтарының жан-жүрегінде мәңгі-бақи сақталып қалған түркі рухының тасқа түскен осынау ғажайып таңбасына қараңыздаршы. Дәл осы аңыздар қытайдың Джао-ши және Дайши жазба ескерткіштерінде де сақталған.
Болашақ қазақ халқының солтүстіктегі этникалық қабаты — қыпшақтар — рухтың арқауын біршама кейінірек дәуірдегі жазба ескерткіштерде сақтап қалды. Бүл, ең алдымен, XIII ғасырдағы қыпшақ тілінің ескерткіші — Сосіех Ситаписиз (Кодекс Куманикус). Мүнда қыпшақ фольклорының ең жақын үлгілері, жүмбақтар, нақыл сөздер, бақташы өлеңдері және әрі қарай қыпшақтың батырлық эпосына жататын шығармалардың бәрі бар.
Сонымен бірыңғай түркі эпосының үш бүтағы немесе үш бөлігі — бүл Қазақстандағы түркі руханияты қалыптасуының өзіндік бір үш шеңбері бо-лып шығады; ол руханият осы күнгі түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының да мәдени-тарихи үрдістерінде із қалдырған.
Бірыңғай діни сенім ретіндегі түркішілдік-оғызшылдық қуатты таным тарихына, далалық тарихнамаға, Тәңір атаның ұрпақтары әулетінде тайпа-лық көсемдерді дәуірлеткен шежіреге сүйенген. Мүның өзі далалық жаңа идеология, шынтуайтын да, жаңа бір дін болатын.
Бесінші кезең. Бүдан 1300 - 1100 жылдар бүрын түркі халықтарының рухани орталығы Шығыста, Орхон-Енисейде тіршіліктің қан тамырын соқтырды. Ежелгі қырғыздар мемлекетінің ескерткіштері, Тоныкөктің, Күлтегіннің руникалық жазулары Орхон-Енисейдің қүлпытастарында таңбаланды. Түркі ұлттық рухының осынау тегеуріні X ғасырда «Манас» эпосында өзінің табиғи жалғасын тапты.
Көне қырғыздар дүниеге келтірген рухани қазынаның осынау бір асыл туындысы (оны біз тудырдық деп осы күнгі қырғыз халқы толық негізбен айта алады) көне қазақтардың да, сондай-ақ қазіргі түркі халықтарының басқа зәузаттарының да руханиятын асқақтата көтерген. Осынау зәулім заңғардың биігінен тараған рухани нұр сәуле кейінгі замандарда пайда болған түркі халқы тарихтың шеңберлері және үлттық зерде халқының бөліп-жарғысыз түтас түлғасына тереңдей сіңіп нәр берген.
Алтыншы кезең. Бүдан 1100-900 жылдар бүрын Қазақстан аумағына араб-ислам рухының тегеурінді толқыны жөңкіле бастаған. Ол әдепкіде халық жанының терең түкпірлерін қозғай қоймайды, бірақ ықпалының ырқы әжептәуір болады. Ұлттың ақсүйектері (элита) исламды қабылдап қана қоймайды, тілін де өзгерте бастайды. Көне түркілердің руникалық жазуы өшіріліп, оның орнына араб әрпінің өрнектері пайда болады. Оңтүстік-батыстан тараған жаңа рухани толқын халықтың мәдени-саяси бетке ұстарларының іс-әрекеттерінен бой көрсетеді.
Сол замандағы оның рухани аспанында жарқырап көрінген үш жарық жұлдыз — Сыр бойында әл-Фараби, Жетісуда Жүсіп Баласағүн және Махмұд Қашғари.
Әл-Фараби Орталық Азияда түркінің Платонындай рөл атқарды. Жүсіп Баласағүнның «Құтты білігі» — Қазақстан мен Орта Азиядағы Түркі тілдес халықтардың бізге жеткен ең түңғыш зайырлық шығармасы, Махмұд Қашға-ридан қалған түркі тілдерінің «Диуани лүғат-ат-түрк» сөздігі — XI ғасырдағы түркінің ең түңғыш энциклопедиясы.
Жетінші кезең — XI ғасыр Түркістаннан тараған аса қуатты рухани сәулемен нұрланған. Түркілердің түңғыш сопысы — Қожа Ахмет Йасауи 1093 жылы туған. Ол негізін қалаған исламның тылсым құпиясы — сопылықтың (суфизм) қарапайым халықтық нүсқасы тез уақытта Қазақстанның солтүстігі мен шығысына дейін тарады.
Қожа Ахмет Йасауи Орталық Азиядағы, оның ішінде Қазақстанда да, барлық түркі халықтарына үлттық рухани ілім жүйесін өрнектеп берді.
Түркі халықтарына исламды тарату ісінің басы ғана емес, сонымен бірге Тәңірге табынушылық пен ислам мәдениеттерінің өзара ықпал ету үрдісі де Қожа Ахмет Йасауи есімімен байланысты. Ортағасырлық Қазақстандағы ислам мәдениетінің негізгі ислам догмаларына онша сәйкеспейтін өзіндік ерекшеліктері бар. Ол кездегі түркі тілдес қоғамдағы қадір-қасиет жүйесінің (менталитетінің) барлық деңгейлеріне де Йасауи сопылығының ықпалы мықтап сіңген болатын.
Түркілердің өмірлік, практикалық философиясын құраған сандар ретінде Йасауинамада тәңірішілдік элементтері өздерінің мағынасын сақтап қалды. Нақ осы Йасауи ілімі арқылы ислам қазақтардың рухани өмір салтына айналды да, кейінгі сегіз ғасырдың өн бойында соларды жебеп келді. Қазақ хандығы мен қазақ халқы қүрылғанда, солардың бастау бұлағында осы ілім тұрды.
Егер қазақтардың рухани тарихы жазыла қалса, Қожа Ахмет Йасауидың хикметтері («Даналық сөздері») сөзсіз оның бір бөлігі болып кіруге тиіс. Йасауидың үстазы Арыстан бабтың Отырардағы кесенесі мен Қожа Ахмет Йасауидің Түркістандағы кесенелері — қазақтардың үлттық руханиятының аса маңызды орталықтары. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қазақ мемлекеттінің нысанына айналып, кейінгі уақытта жалпыұлттық зиярат-қорым (пантеон) қызметін атқарды. Қазақ халқының ұлы перзенттерінің мүрделері осы жерде сақтаулы. Сондықтан осынау тамаша ескерткішті қалпына тарихтың шенберлері және үлттық зерде келтіріп, бас біріктірер ортақ кіндікке бүкіл ұлттың назарын аударып отырғанымыз дүрыс.
Сегізінші кезең — XII—XIV ғасырлар. Қазақтың ең алғашқы қасіреті Шыңғыс әулетінің шабуылынан басталды. Бүл жойқын күші бар сойқанды толқын еді. Қазақ халқын алғаш рет боданға айналдырған бүл толқын оның тарихи түлғасын мылжалап, рухын бүзып, бірыңғай қазақ халқының табиғи дамуына көп-көп кедергі келтірді. Бүл кезеңнің басында атақты Майқы би дүниеге келді. Ел аузындағы аңыз бойынша ол біздің тарихымыздағы билер институтының түп атасы болды.
Барлық қазақтардың басын бір халыққа біріктірген Майқы би әйгілі қазақ шежіренамасының негізін қалаушы болды, онда мұсылмандыққа дейінгі және мұсылмандықтан кейінгі сенім-нанымдар табиғи бірігіп-кірігіп кетті.
Ел аузындағы аңыздың айтуынша, халықтың санасына сәуле түсірген «нұртаңбасын»— қазақ үш жүзінің бас таңбаларын тасқа қашаған сол кісі екен дейді. Үйсіндердің нысаны — Ту, арғындардың нысаны — Көз, алшындардың нысаны — Найза содан қалса керек.
Бір ғажабы, қазақ халқының негізгі төрт мұраты дәл сол тұста түжырымдалыпты. Олардың үшеуі үш жүздің жауынгерлік ұраны: Ұлы жүздікі — Бақтияр — бақыт; Орта жүздікі — Ақ жол — әділет; Кіші жүздікі — Алшын — Отана. Осы үш ұран түтас бір халық ретіндегі барлық қазақтардың ортақ ұраны — Алаш үғымына біріккен.
Дәл осы кезеңде халықтың өзі төртінші империя — Шыңғыс әулетінің бүғауына іліккен. Халық руханияты сол заманның ең бір қуатты импе-риялық идеологиясы мен сенім-нанымның жиынтығы — шыңғысшылдықтың ықпалына түседі. Шыңғысшылдық ақырына дейін түсінілмей қалған жаңа бір дін болып енді. Өйткені бүл тежеу білмес тегеурінді қара күш пен тентек мінезді дөрекі қайсарлық қана емес, Шыңғыс әулетінің үлы империясының ұстанымына тірек, ұсқынына көрік болған рухтың революциясы еді.
Ол уақытқа дейін үстемдік еткен далалықтардың түркішілдігі, оғызшылдығы, ұрандары (жүздік және жалпы Алаш), олардың бүрынғы шежіресі жаңа шежіренамаға тарихи тамырласа кірігіп кетті және ішінара халықтың зердесінен өшіп қалды.
Осы кезден бастап іс жүзінде түркілерге тегі басқа ақсүйектердің екі тармағы — төрелер мен қожалар — түркілердің ру-тайпалық ақсүйектерінен биіктеу мәртебе алды да, оларды саяси және рухани биліктен ада қылды. Төрелер Шыңғыс әулетінің үрпақтары, ал қожалар Мұхаммед пен оның үмбеттерінен тараған рухани биліктің иелері болып саналады. Сөйте тұра, уақыт өте келе, бұл екі тармақ өкілдерінің өздері де жергілікті халықпен кірігіп, олардың әдет-ғүрпын, дәстүрін, ақыл-ой ерекшеліктерін қабылдай, қазақ халқының жалпы руханиятына сіңісіп кетті.
Будданың империялық рухындағы монғолдардың Шыңғыс әулеттерінен тараған жазба ескерткіштері, мәселен, «Асылдастан» («Сокровенное сказание») немесе «Моңғолдардың құпия тарихы», Шыңғысхан заңдарының жинағы «Жаса» қажеттігіне қарай қазақтардың да рухани тарихтың шеңберлері және үлттық зерде халқының бір бөлігі болып табылады. Шыңғыс әулеті ғасырлар бойы халық тарихының бір бөлігі ретінде қарапайым адамдарда өшпенділік қана емес, сонымен бірге тәлімді танымалдық пен тағзымды құрмет те туғызған. Сондықтан оны есептен шы-ғарып тастауға болмайды.
Тоғызыншы кезең —XV—XVII ғасырлар. Алғаш қазақ хандығы қүрылған, шамамен 1466 жылдардан бастап, жалпыхалықтық руханияттың табиғи дамуына негіз қаланады. Тіпті сыртқы үстемдік төрелер мен қожалардың қолында тұрғанның өзінде осылай болған.
Біріншіден, халық рухының ұшқыны ақындардың, сазгерлер мен айтқыш абыздардың жүрегінде түұанып, жалындай бастады. Асан Қайғы, Шалкиіз, Бүқар жырау сияқты бүл дәуірдегі үлттың шығармашылығында шынайы қазақ руханияты қалыптасып дамыды. «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» сияқты батырлар жырында, «Қозы Көрпеш — Баян сүлу», «Қыз Жібек» және басқа дастандарға қазақтың ұлттық рухы түп тамыр ретінде негізге алынды.
Екіншіден, нақ осы уақытта, Жәнібек пен Керей хандар Жетісуға көшіп келгеннен кейін, халық рухы өзін-өзі түңғыш рет ашық бейнелеп, қазақ деген өзінің тарихи төл атымен аталады. Бүл хандық нығая келе, XV ғасырдың екінші жартысынан былай қарай оған қараған халық — елдің өз ішінде де, көршілердің аузында да—түгелдей қазақ атына ие болады.
Және үшіншіден, дәл осы тарихи дәуірде халықтың жауынгерлік рухы тағы бір тамаша оқиғадан көрініс табады. XVII ғасырдың бірінші жартысында үш жүздің үш ұлы биі — Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би — Тәуке ханмен бірге «Жеті жарғы» атты тарихи қүжатты қабылдай-ды. Бүл киелі «жеті» санын нысан еткен киелі парыздан, қасиетті ережеден тұратын қазақтың әдепкі құқығының кодексі еді.
Осы кезеңнің аяғына таман Қазақ хандығы іс жүзінде бірнеше дербес шағын мемлекеттерге шашырап кетті. Нәтижесінде бірыңғай қазақ халқының рухани және табиғи күштері бөлшектеніп, әлсіреп қалды.
Бұлай бөлшектену халықтың дамуын едәуір тежеп, 2-3 ғасыр өткенде оны заңды түрде апаттың алдына алып келді. Біздің жерді айнала қаумалап, аңдып отырған отаршылдар бүл жағдайды қалт еткізбей пайдаланды.
Шынында өзімізбен тамырлас жоңғарлардың 250 жылдық шапқыншылығы басталды. Тарихи жағдайлардың ықпалымен қандас екі халық бір-біріне жау болып алды да, ағайындар өзара қырқысты. Тағы да сол үш би — Төле, Қазыбек және Әйтекелердің күш салуымен халық Бұланты өзенінің бойында қасақана жауға қарсы шешуші ұрысқа жиналды. 1729 жылы Аңырақай даласында қазақ халқының өмірі тәуекелге тігіліп, бұдан әрі болу-болмауы екі талайға түскен тарихи шайқас болды. Біз күні бүгінге дейін осынау ұлы оқиғаның тиісті бағасын бергеніміз жоқ. Балаларымыз тұрмақ, тіпті өзіміз де бүл сынды халқымыздың қаһармандық кезеңін, қазақ халқының рухы ар-уақтанып, аспанға көтерілген тарихи жарқын сәтін жете білмейміз.
Оныншы кезең —бүл XVII-XIX ғасырлар. Бұл тарихтың шеңберлері және үлттық зерде аралықта қазақ халқының жауынгерлік рухы ауыр сынға тап болды.
Менің жоғарыда айтқанымдай, бүл біздің жерімізге басып кірген жоңғарлармен соғыс еді. 1723-1727 жылдардағы «ақтабан шұбырындыдан» қазақ халқының өміршеңдігіне сын басталды. Үлтты қорғаушылар қатарына Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр және солар сияқты ұлттың жауынгерлік рухын танытатын жарқын тұлғалы жаубасар ерлер келіп қосылды.
Халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай ханның бір басында бейнеленді. Батырларымен тізе қосып, қаһармандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың ұйтқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды.
Бұдан гөрі бейбітшіл сипаты бар рухани жүмыс та жалғасын тауып жатты. Оның ұйтқысы үлттың рухани көсемдері — Төле, Қазыбек, Әйтеке билер болды. Олар сыртқы және ішкі алауыздықтарға қарамастан, Абылай ханмен бірлесіп, ұлтты тұтастырып біріктіру жолында еңбек етті.
Барлық кедергілерге қарамастан, бүкіл осы кезеңнің өн бойында Халық рухы көзге көрінбейтін тынымсыз тыңғылықты жұмыс жүргізіп жатты. Ол жұмыс жас баланың тууынан, адамның өлімінен, ұлттық жай күйлер мен билерден, мереке тойлардан, қарапайым қазақтардың күнделікті өмірінен, қуанышы мен қайғысынан көрінді. Халық рухының эстафетасы дәстүрлі диқаншылық пен малшылықтың санада сақталған сиқырлы сырлары, арқылы бақсылардың халықтық ем-дом құпиялары түрінде ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады.
Әрбір аймақтағы, әрбір ауылдағы елді қоныстың, ауылдың, таудың, өзеннің тарихын, сол жерлердегі әдет-ғүрыптарды қайта жаңғыртып жазып алса деген ойды мен б9рын да айтқанмын. Бала туғанда айтылатын сөз қандай? Жаназада қандай сөздер айтылады? Әрбір елді мекендердің тарихына байланысты есте қалған қандай аңыздар бар? Олардың басқаша емес, дәл осылай аталуы неліктен?
Осының барлығы жиналып келгенде, біздің тарихи зердеміз болып шығады. Халықтың тарихы дегеніміз осы ғой, қағаз бетіне бір түсіп қалса, ол еш уақытта ізін жоғалтпайды.
Сөйтіп XIX ғасырдың ортасында ұлттың рухани өмірінде бұрын білінбеген, жаңа бір нышандар пайда бола бастады. Қазақ руханиятының өзін-өзі туындатқан осынау күнделікті тыныс-тіршілігі ауық-ауық өзінің тұтастығын, өзінің дүниетанымы мен ұлттық дүние бейнесін қару алып, қорғау қажеттігімен алмасып отырады. Мұның өзі көбінесе рухани талаптан гөрі саяси себептерге негізделеді. Мәселен, Сырым Датов, Кенесары Қасымов және басқалар бастаған көтерілістер қазақтың ұлттық рухын орнықтыруға, ортақ жау — Ресей патшалығына қарсы күресте қазақтардың барлық күшін біріктіруге талпынған әрекеттер еді.
Қазақ халқы келесі, бесінші империяның — Ресейдің құшағына тап болды. Бұл жолы тағы да ішкі алауыздықтан, бірліктің жоқтығынан, қазақ жерінің ұсақ хандықтарға бөлініп кеткендігінен барлық талпыныс жеңіліске ұшырады. Өйткені тарихтың шецберлері және үлттық зерде сыртқы шапқыншылықты тойтару, сыртқы жауға қарсы тұру мүмкіндігі әрқашанда ішкі күшке негізделеді, керісінше болмайды.
Міне, сондықтан да Абай өзінің қара сөздерінде қазақтарға дүниені түзету ісін өзгеден емес, өздерінен бастау керек деген кеңес берді.
Бұл кезеңнің соңына, ұлттың рухын өзін-өзі бүліншілікте емес, бүтіндікте, жасампаздықта көрсету талабы ретінде екі бірдей рухани жүлдыз— Шоқан мен Абай жарқ етіп көрінді.
Абылай ханның тікелей ұрпағы — Шоқан Уәлихановтың бойында ата-бабаларынан мұра боп қалған аса мол рухани күш-қуат бар еді. Оның осы қасиетті сезінуі қарекетке толы қысқа ғұмырынан айқын көрінеді. Дәл сондықтан да ол, ең алдымен, қазақ рухының өте тереңде жатқан ежелгі түп тамырларын — зороастризмді, шаманизмді, мүсылмандықты зерттейді. Қазақ шамандығының тереңдегі зороастралық табиғатын ең бірінші болып анықтаған Шоқан болатын.
Қазақ руханияты дамуының Ресей отарлығы тұсындағы қайшылықты үрдісінің күрделі де қайғылы сипатын жуып шаю мүмкін емес.
Қазақ руханияты өзінің терең тамырлы құндылықтарының метрополия құндылықтарымен үнемі қайшыласып қақтығысқан жағдайында болды. Қазақ халқы өзіне жат қоғамдық және мәдени өркениеттік кешеннің қисынына бағынышты болды.
Ал екі мәдениет қазыналарының қақтығысуы— бүл екі түрлі ойлау жүйесінің, екі дүние көріністерінің екі түрлі «логикалық» қақтығысуы деген сөз. Сондықтан әр түрлі өркениеттердің аралас-құраластығы әуелі түсініспеудің құз қүламасы арқылы өтеді. Соғыстың, қарулы көтерілістер мен бой көрсетулердің, басқындық пен бейтараптықтың және ақырында, үнсіз қарсылық пен тұншыққан өшпенділіктің ұзақ сонар сорабы әбден заң-дылық болып табылады.
Содан кейін жеке адамдардың болашақты, өмірдің өктем талаптарын көрегендікпен көріп, ұғынар мезгілі туады.
Бірақ сонымен бірге ол адамдар кейбір ымыраға бара отырып, басты нәрсені — халықтың тұтастығын, оның ғасырлар бойы қалыптасқан ішкі құндылықтарын жоғалтып алмау үшін қандай жолды таңдау қажеттігін түсінетін болады.
Өз даналығының күшімен табатын аяқ алысын аңғарып, барар бағытын бағалай білетін сондай адамдар табылуға тиіс еді. Олар жеке өз бастарының шығармашылық тағдырымен екі мәдениеттің басын қосуга тиіс еді. Олардың шығармашылығының өзі жеке адамның санасындағы тұйықталған драма немесе шалқыған патетика емес, мәдениеттердің, өркениеттердің бір-біріне өзара ауысуының тарихи сәтті сағаты болып табылмақ және ол сәт жаңағы ауыс-түйіс өмірдің өзінен өріс тауып, кеңінен қанат жаюынан бүрын болмақ керек.
Кереғар екі түрлі жосығы және сонымен қатар екі түрлі құндылықтары бар екі дүниенің теке тірес қарсыласуынан емес, өзара түсінісуінің қисыны ретіндегі жаңа қисынның бастау бүлақтарын осындай адамдар тудырады. Олар өздерінің кедергі атаулыны бұзып жарған ғаламат шығармашылық тарихтың шеңберлері және үлттық зерде тегеурінімен жаңа, бұрынғыдан әлдеқайда жоғары бейнелер, мағыналар мен құндылықтар қалыптастырады.
Ол кездегі қазақ санасындағы дүниенің суреті айналасындағы еуропалық (ол замандағы берілетіні орыс мәдениеті болатын) және шығыстық (түркі-мұсылмандық — Орта Азия хандықтары) ұғымдардан едәуір өзгеше болатын. Маңайындағы бүрынғы көшпелі дүние де қалмаған. Еуразияның байтақ кеңістігіндегі көшпелі өркениеттің үлкен де болса жалғыз құрлығы болып қазақтардың өздері ғана қалған. Сондықтан ол отарлық жағдайда өзінің бұрынғы ұзақ тарихының қай кезеңінен болса да шүғыл түрде, тез ыдырай бастады.
Даналар өздерінің Аллаға тән алып жүмысын халқының болашаққа қарай аяқ алысында кедергі келтіріп, тұсау болатын ұлттық ұғым-түсініктердің түпкі негіздерін сынаудан бастайды. Абай қазақ руханиятының бүрынғы шеңберлер шегінде дами алмайтындығын терең түсінді: егер ол руханият бұрын қазақ халқының өткенге қарай орайласқан өзіндік ой-толғақтары түрінде көрінсе, енді Абай проблеманың өзін кері бұрып, ілгері қаратты — ол ағымдағы және алдағы тарихтың оқиғалар тасқынындағы қазақ халқының алар орнын үғыну міндетін қойды.
Ол қызметін ақын болып бастағаннан кейін, ең алдымең, халықтың бүкіл рухани дүниесінің негізі болған қазақтың көркемдік әлеміне түбегейлі ре-форма жасады. Бірақ көркем сөз қазақтың сана-сезімінде қаншалықты ерекше орын алғанымен, оның өзіндік принципті шекаралары бар екенін түсінгендіктен ол өзінің ақындық шеңберінен аттап шықты.
Абай өз халқының ойшылы болды. Дүние жүзінің мәдениетіндегі қазақ халқының орнын, адамзат халықтарының ішіндегі оның болашағын ойлай, оны жатпай-тұрмай қинала іздестіріп келіп, Абай қазақ қауымының өз заманы ұсынған талаптардан кейін қалуының бірқатар іргелі себептерін ашты.
Өз шығармашылығында ол Шығыс пен Батыстың ойшылдарына қатар жүгінді. Осы тұста оның өз заманында қалыптасқан шынайы тарихты қан-шалықты кең ауқымда көре білетіндігі танылды.
Осынау «қайғы ойлап қажыған» кемеңгердің жан жылуы бүкіл халқын қамтыды. Сондықтан қазақтар Жер бетінде өмір сүрген кезінде осынау ұлы адамның шарапатын үнемі сезініп өтетін болады.
Жалпы алғанда, қазақ мәдениеті Шығыс өркениетінің бір нұсқасы, қолтума бұтағына жата түрып, Ресей империясының мәдени өркениет шеңберіне енгеніне қарамастан, өзінің түпкі тамырымен тұтастығын жоймағанын ескеру керек.
Күйші Құрманғазы мен Дәулеткерей, әнші Біржан, халық ақыны Сара өз шығармаларында халық рухының нақ осындай түбегейлі бастауын бейнеледі. Қазақстандағы халық ағарту ісінің тұңғыш абызы Ыбырай Алтынсарин де халық рухының өзге бір саладағы дәл осындай жарқын көрінісі болды. Бұлардан басқа, дәл солардай жарқын, бірақ дәл солардай танымал болмаған, өз тағдырлары арқылы қазақ халқының рухын бейнелеген ондаған, жүздеген дарындар өздерінің тарихтын шеңберлері және үлттық зерде зерттеушілерін күтіп жатыр. Күндердің күнінде қазақтың тұтастығын нығайту жөніндегі олардың еңбегі де халықтың қалың топтарына жететін болады.
Келесі, он бірінші кезең —XX ғасыр. XVIII — ХIХ ғасырларда Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардың дарынды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудың әр түрлі жолдарын қарастырды. Төрелер мен қожалардың билігі қожырады, олардың үңірейіп бос тұрған орындарына ешкім отырған жоқ. Бесінші империя — Ресей патшалығы да құлағалы түрды. Сол кезде қазақтарда өз мемлекетін құру үміті тағы да ояна бастайды. Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқалар болды.
Қалай болғанда да, Алашорданың игілікті ісі өте қайғылы аяқталды. Қазақтың оқыған жас өкілдерінің осынау ыстық жігері, ұлттық рухы сол кезде қалыптасқан жағдайлардың себебінен өмірде іс жүзіне аса алмады.
Сөйтіп 1917 жылдан 1920 жылға дейін қазақтың ұлттық рухы ауыр езгінің астына түсті. Қазақстан алтыншы империя — КСРО-ның қүрамына кірді. Ол қазақ рухының, қазақ халқының шын мәнінде өзін-өзі билеуіне мүдделі емес еді. Сөйтіп бұл қазақ руханиятының дамуындағы қасіретті жаңа бір бұрылыс болды. Адамдардың жеке басын қуғындап, жазалаудың өзі ұлттың тең жар-тысына жуығын құртып жіберді.
Халықтың сан ғасырлар бойғы рухани дербессіздігі, қазақтардың өз ішіндегі ру-тайпа таластары, жүзшілдік кеудемсоқтығы, ерік-жігер бірлігінің жоқтығы, ақырына дейін арылмаған үшжақтылығы (үш жүзге бөлінгендігі) — осының барлығы жинала келгенде, жаңа өкіметтің халық бірлігінің қалыптасуына орасан зор нұқсан келтіруіне мүмкіндік берді.
Бұл көбіне көп үлттың дербессіздігі үшін, бірлігі болмағандығы үшін және соның салдары ретінде, алдыңғы кезеңдердегі даму қарқынын жоғалтқаны үшін тартқан жазасы еді. Адамзат тарихында бұрын болып көрмеген идеологиялық машина 70 жыл бойы ұлттың рухани тіректерін күл талқан қылып қиратты, оның руханиятын кесіп пішіп шұнтитты да, ортақ бір қалыпқа салып шегендеді.
Он екінші кезең —1980 жылдардың ортасынан басталды. Ол халық рухының бұрқ етіп, сыртқа толықсуымен сипатты болды. Мүның аты 1986 жылдың желтоқсаны еді. Бірақ онда рухтан гөрі саясат басым болды. Алтыншы империя гүрс етіп қүлады.
Бірақ құрметті орын бос тұрмайды. Біз келесі жетінші империяның құзырында боламыз ба, әлде дербес даму жолын жалғастырып, алыста қалған бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырамыз ба?
2) Әлемдік тарихтың ең бір күрделі проблемаларының бірі адамның пайда болуы және оның дамуының көне кезеңдері. Ежелгі адам ез дамуында бірнеше кезеңдерден етті. Археологияда қабылданған кезеңдерге белуге сейкес ежелгі адамзат тарихы тас, қола және төмір дәуірлеріне бөлінеді. Тас ғасыры үш кезеңнен: палеолит, мезолит, неолит көзендерінен түрады. Палеолит ез кезеңінде ежелгі және соңғы - палеолитке бөлінеді.
Ежелгі палеолит ірі-ірі үш дәуірге: олдуеай (бүдан бұрынғы 2,6 млн - 700 мың жыл), ашель (бүдан бүрынғы 700 мың - 150-120 мың жыл) және мустье (бүдан бұрынғы 150-120 мың - 35-30 мыңжыл) бөлінеді. Бүкіл тас дәуірі бойына еңбек қүралын жасауда басты ролді тас атқарады. Ежелгі палеолитке тән тастан жасалынған еңбек қүралдары Кеңірдек елді жанынан, Каратау жотасының оңтү-стік-батысындағы Арыстанды өзені алқабынан табылған. Ашель дәуірінің тұрақтары Бөріқазған мен Тәңірқазған Қаратаудың солтүстік- шығысында табылған. Ашель дәуірінің ескерткіштері Орталық Қазақстан мен Шығыс Қазақстанда да табылған. Мустье дәуірінің ескерткіштері Оңтүстік және Орталық Қазақстанның жерлерінде кептеп табылған.
Жалпылама археолог ғалымдарының пікірі бойынша ежелгі палеолит тұрғындары эволюциялық дамуы жөнінен Ноmо Sаріеns сатысына сәйкес келетін питекантроп пен синантроптың замандастары болады. Олар сол кезде - ақ от жағып, оны сақтай білген, ірі және майда жануарларды аулаумен, жеміс - жидек жинаумен айналысқан.
Соңғы палеолит біздің заманымыздан бүрынғы 40-35 мың жылдан басталып, 10 мың жылмен аяқталады. Бүл кезең жер шарының барлық аймақтарына адамзаттың кеңінен тарап және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Соңғы палеолитте адамның ақыл-ойы дамып саналы адам (Ноmо Sаріеns), олардың рулық қауымдастығы пайда болды. Рулық қауым барлық жерлерде шеше жағынан топтасты, ал осыған сай әйелдер қауымда үстем жағдайда болды деп топшыланады. Сонғы палеолитте адамның дүние танымы к\.рделеніп адамның жаны туралы, о дүниедегі өмір туралы ұғымдар қалыптасып, әдет-ғұрыптық рәсімдер пайда болды.
Казақстан өңірінде соңғы палеолиттің толық зерттелген ескерткіштері көп емес. Шығыс Қазақстанда Қанай, Сеинчатка, Пещера, Новое-Никольское және Шүлбі тұрақтары мәлім.
Мезолит. Казақстан аумағында мезолит кезеңі осы кезге дейін толық зерттелемегн. Әдебиетте мезолиттің ер турлі хронологиялық шеңберлері кездеседі. Казақстан өңірі үшін ең қолайлысы б.з.б Х-УІІ мыңжылдықтар. Палеолиттен мезолитке кешу адамзатты қоршаған ортадағы езгерістермен байланысты. Табиғаттың өзгеруі, тамақ табудың бүрынғы әдістерін жарамсыз етіп, жаңа әдістерді, еңбек қүралдарын іздестіру қажеттігін туғызды. Мезолит дәуірінде садақ пен жебе пайда болды. Егіншілік, мал шаруашылығы, аңшылық квсіптері қалыптасты. Қазақстан өңірінде осы кезге дейін 20 шақты мезолиттік тұрақтар табылған. Олардың ішінде Қызылжар қаласына жақын Есіл бойында Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2, Атбасар маңында Тельман-7,- 3 а,- 9 а,- 14 а, Қарағанды маңында - Әкімбек, Кэрағанды - 15, Торғай ойпаңы ауданында Дүзбай-6, Крстанай қаласы маңында Дачная, Еегеньевка және т.б. тұрақтар бар.
Неолит. Бүл дәуірдің басталуы шамамен б.з.б. VII мыңжылдықтың екінші жартысы VI мыңжылдықтың басы. Ол - тас өндеу техникасының жетілген дәуірі. Еңбек қүралдарын ендіру (мал шаруашылығы, егіншілік) жетілді. Қыш қүмыра, тоқымашылық дамыды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Олар орналасу сипатына қарай - бүлақтық, өзендік, келдік, үңгірлік тұрақ болып 4 түрге бөлінеді. Казақстан аумағынан, негізінен Солтүстік Казақстанның әзірше неолиттік бірнеше қабір табылған. Барлық қабірлерде сүйекгермен бірге жебелердің табылуы бабаларымыздың аң аулаумен айналысып қоймай, соғыстарға да араласып тұрғанын көрсетеді.
3) Біздің заманымыздан бурынғы II мыңжылдықта мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өндеу квсібі дами бастады. Ол Қазақстан өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруіне әсерін тигізді. Мал өсіруші тайпалар ірі бірлестіктер құрды. Бірлестіктер арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер туып, қарулы қақтығыстар орын алды. Қару енді жабайы андарды аулау үшін ғана емес, тайпалар арасындағы қақтығыстарда пайдаланылатын болды. Қару жасау металл өндеу қажеттілігін туғызды.
Б.з.б II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары да қола буйымдарды жасау ісін меңгерді. Кола, мыс пен қалайының кейде сүрменің, күшеланың қорғасынның қорытпасы. Қола осы уақытқа дейін қолданылып келген мыспен салыстырғанда берік, мықты болды. Қола дәуіріндегі экономиканың басты екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның дамуы өндіргіш күштерінің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, қоғамда еркектер ролінің артуына алып келді. Жеке отбасылар бөлініп, отбасылық меншік пайда болып, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі есе түсті.
Андронов мәдениетг Кола дәуірінде Сібірдің Қазақстанның және Орта Азияның ұлан байтақ далаларын тегі мен тарихи тағдырлары ортақ туыс тайпалар мекөндепі, олар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас медениет ескерткіштерін қалдырды. Осы үлгідегі алғашқы ескерткіштің табылған жері Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосының атына қарай бүл мәдениет ғылымда шартты түрде "Андронов медениеті" деп аталды.
Андронов медениетінің негізгі орталықтарының бірі - Қазақстан жері. Археологиялық дерекгер андроновтық турғындардың басым көпшілігі отырықшылдық өмір сүргенін көрсетеді. Өзендердің көлдердің жағасында орналасқан патриархаттық отбасылардың үлкен жертөле үйлері болды. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қоралар салынды. Андронов мәдениеті тусында адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар мен сендік заттарды жақсы меңгерген. Өлген кісілерге тастан қоршау жасап, зираттар тұрғызған. Зираттар тік бұрыштанып, деңгелекгей немесе ұзынша сопақталынып қоршалынатын болды.
Зерттеушілер андронов медениетінің өмір сүрген уақытын кезеңге беліп, оларға шартты түрде мынадай аттар береді: федоров кезеңі (ерте қола) - б.з.б. XVIII-ХVІ ғасырлар, алакөл кезеңі (орта қола) - б.з.б. ХV-ХІІ ғасырлар, замараев кезеңі (соңғы қола) - б.з.б. XII - VIII ғасырлар.
Дәндібай - Беғазы мәдениеті. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде Орталық Қазақстанда Қарағанды қаласы маңындағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік өңіріндегі Беғазы қойнауында табылған қола ескерткіштеріне сай Дәндібай-Беғазы атты медениет атауы пайда болды. Дәндібай-Беғазы медениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштермен сипатталады. Бүл ескерткіштерге тен нерсе, бір жағынан, андроновтық дестүрлердің сақталуы, екінші жағынан, медениеттің жаңа көріністерінің (езгеше бейіттік тамдар, жатаған, домалақ ыдыстар) пайда болуы. Жерлеу ғурпында да өзгеріс бар. Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған қаңқалар да кездеседі.
Шаруашылығы мен мәдениеті. Қазақстан өнірінде қола дәуірінің жүзден астам турақтары белгілі, оның отызында археологиялық қазба жумыстары жүргізілген. Қола дәуірінің алғашқы кезеңіндегі қоныстардан табылған сүйекгерге қарағанда бүл көзенде тайпалардың негізгі кәсібі үй маңында мал өсіру болған. Мал шаруашылығымен қоса егіншілік дамыған. Олармен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті пайдалану кеңінен орын алған. Оған Қазақстан жерінде мыстың, қалайы мен алтынның бай кендерінің болуы қолайлы жағдай жасаған. Адамдар малдың терісін өндеп, жүнін түтіп, оны иіріп үстеріне киім етіп киетін болды. Ұршық пен қарапайым тоқыма станогі пайда болды. Керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыды. Адамдар жауынгерлік қарулар (найза, күрзі, балға, балта, шот, қанжар) жасап, оларды үнемі жетілдіріп отырған. Артық заттарды айырбастау орын алған.
Қола дәуірінің соңғы кезеңінде рулық қурылыс ыдырап, одан жеке отбасылар бөлініп шығып, мүлік теңсіздігі пайда бола бастаған. Осыған сай кедейлердің қабірлері қарапайым болса, ал байлардың қабірлерінен алтын және қола заттар, ернектелген керамика ыдыстары табылған.
Діни нанымдары. Қола дәуіріндегі адамдар түгелдей табиғатқа тәуелді болғандықтан, олар табиғат күшін киелі рух деп қабылдаған. Олар күн мен отқа, суға, ай мен жулдызға табынған, о дүниеге сенген.
4) Б.з.б. I мың жылдықтың соңы және біздің заманымыздың басы Қазақстан үшін түбгейлі бетбүрыс болып табылады. Осы тұста Қазақстан жеріндегі ежелгі тайпалар темірден заттар жасауды игеріп, қуатты тайпа одақтарын қүрды.
Біздің заманымыздан бурынғы V ғасырдың 40-шы жылдарының аяғында грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықтың ортасында солтүстік Үндістанда, Ауғанстанда, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ өлкеде сақ деп аталатын көптеген тайпалық одақтардың мекендегені айтылады. Ол одақ массагеттер, даилар, каспийшілер, есседондар, аландар және саероматтардан түрған. Геродоттың айтуынша сақтар бастарына тік түратын төбесі шошақ тығыз киізден жасалынған бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған. Оларды басқа антик тарихшылары Азия скифтері деп атаған. Олар ежелгі парсылармен тығыз қарым-қатынас жасаған, тіпті б.з.б. VI-V ғасырларда Ахеменидтер империясының құрамына да кірген. Персия патшсы I Дарийдің тас жазуларында сақ тайпалары үш топқа: хаумаварга - сақтарға (хаом сусынын қайнататын сақтар), тиграхауда-сақтарға (шошақ берік киетін сақтар), тиай- парадрайа -сақтарға (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) беледі. Бірінші топтағы сақтар Ферғана өңірін мекендесе, екіншілері Сырдарияның арғы бойы мен Жетісу жерін жерлегең ал үшіншілері Әмударияның арғы жағын мекендеген.
Сақтар сол кездердегі әлемдік оқиғаларға белсене араласқан. Парсы мемлекетінің патшасы Кир Лидия патшасы Крезбен соғысқан кезде сақтармен одақ жасайды. Кейін Кир сақтар мен массагеттерге шабуыл жасап жеңіледі. Сақтар Ахеменидтердің езге де патшаларымен соғысқан. Б.з.б. 519-513 жж. сақтарға қарсы I Дарий жорық жасап, сақтарды бағындырып, оларды алым- салық төлеуге, ез жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы ескерінің құрамына кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы, Фермофоль мен Палатея жанындағы шайқастарда ерлікгерімен көзге түседі. Александр Македонскийдің басқыншылық әрекетіне де сақ тайпалары асқан ерлікпен тойтарыс береді.
Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы. Сақ тайпалары көшпелі және жартылай кешпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сақтар негізінен қой мен жылқы, түие есірген. Олар кешіп қонуға қолайлы жеңіл киіз үйді түрмысқа жайлы тұрақты түрғын үйге айналдырған. Көшіп-қону үшін жылжымалы арбалар пайдаланған. Еркекгер ат үстінде, ейелдер, балалар мен кврі кісілер киізбен жабылған төрт, алты доңғалақты арбада жүрді. Жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысатындардың қыстауы мен жайлаулары болды. Қыстық баспана үшін жертөле мен жеркепелер салынды. Адамдардың бір бөлігі жазда қыстауда қалып егін екті, шөп шауып, қысқа азық дайындады. Мундай мал шаруашылығы Шығыс Қазақстанның Жетісудың таулы аймақтарында, Тянь-Шань мен Алтай тауларында, Орталық және Батыс Қазақстанның кей жерлерінде кең тарады.
Мал шаруашылығының үшінші түрі - отырықшы шаруашылық. Сақ тайпаларының бір бөлігі бір жерде тұрақты түрып, егін шаруашылығымен айналысты. Шаруашылықтың бүл турі Сырдария, Шу, Келес өзендерінің бойында дамыды. Бүл жерлерде суармалы егін шаруашылығы дамыды. Сақ тайпалары мал шаруашылығы мен егіншілікген өзге аңшылық, балық аулау квсіптерімен шуғылданған.
Сақ қоғамында үш әлеуметтік топ: жауынгерлер, абыздар және қатардағы қауым мүшелері (малшылар, егіншілер мен қоленершілер) болған. Тайпаны тайпа көсемі басқарған. Әрбір көсем тайпа атынан келіссездер жүргізіп, рулар мен тайпалар арасындағы келіспеушілікгі, жер дауын реттеп, ез тайпасының азық-түлікпен және қарумен қамтамасыз етілуін қадағалап отырған. Көсемдер мен патшалар қоғамдағы жауынгерлер тобынан шыққан.
Сақтардың өнері мен діні. Сақ таипалары арасында металл өндіру және оны өндеу жоғары дережеде дамыған. Сақ шеберлері қолдан қылыш, қанжар, найза мен жебе уштарын, сендік буйымдар жасап, қазандар қуйған. Буиымдарды қую үшін тастан, саздан жасалынған қалыптарды пайдаланды. Металл өңдеумен бірге қоленердің тұрмыстық ыдыс-аяқ жасау, тас қашау, суиек ою, тері илеу, тоқымашылық турлері де болды.
Сақтар арасында зерігерлік өнер мейлінше жетіліп, биік деңгейге кетерілген. Зерігер-шеберлер адамдардың киім-квшегін, аттың ер-турманы мен тұрмыстық заттарды алтын мен күмісті пайдаланып бөзендіруде андық стилді кеңінен пайдаланған. Сақ өнершілері оларды тек сендік \лііін бейнелемей, буларға езіндік мен-мағана, мазмун берді. Қару-жарақтағы аң бейнесі шайқас кезінде жауынгерге рух беріп, оқ дарытпайды, жеңіске бастайды деп сенді.
Сақтар табиғат куштері - кунге, желге, куннің куркіреуіне, нажағайға табынды. Бүларды құдайдың ісі деп санады. Олардың тусінігі бойынша, қүдай әр турлі жануарлар бейнесінде өмір сүреді. Мысалы сақ аңыздарында жылқы кунмен және отпен байланыстырылды.
Сақтардың қабірлері кең биік болған. Сондай молалардың бірі 1969 ж. Алматы облысы Бсік қаласының жанынан табылды. Б.з.б. V ғасырда жасалынған бүл қорған ағаштан қиылған, биіктігі 7 метр, оның ішінде жерленген бай жас сақ жауынгерінің барлық киімі алтынмен қапталып, бөзендірілген. Оның басындағы бас киімінен бастап аяқ киіміне дейін атты, жолбарысты, тау ешкіні, қүстарды бейнелейтін 4 мың алтыннан жасалынған ешекейлі бейнелер қадалған. Ол тарихымызда "Алтын адам" деген атпен белгілі болып отыр. Кэбірден табылған күміс тостағанда 20 таңбадан түратын жазу бар. Есік қорғаны сол кездегі сақ тайпаларының түрмысы, мәдениетінің қандай болғанын көрсетеді.
Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Батыс Еуропа халықтарымен тығыз байланыс жасап турған. Ол жөнінде букіл Қазақстан өңірінен қазылған ескі молалардан табылған заттар көптеген мағлуматтар береді.
5) Үйсіндер - Орта Азия аймағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Б.з. бурынғы II ғасырда Жетісудағы сақ жерлерін Орталық Азиядан келген үйсін тайпалары мекендеді. Олар шығысында ғүндармен, оңтустікге Ферғанамен, батысында қаңлылармен шекаралас болды. Астанасы Ыстықкелдің жағасындағы Қызыл аңғар (Чигучен) қаласы болды. Мемлекет басшысы гуньмо деп аталды. Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар және қатардағы малшылар мен егіншілер болған.
Үйсіндер туралы алғашқы хабарлар б.з.б II ғасырдың аяғында пайда болды. Қытай императоры ғундарға қарсы одақ іздеп батысқа Чжан Цзянь бастаған елшілік жібереді. Чжан Цзянь он жылдай ғундарда түтқын болып, кейін қашып шығып, жолында Жетісуға соғып, үйсіндер женіндегі алғашқы хабарды екеледі. Чжан Цзяньнің хабарына қарағанда үйсіндердің саны 630 мың адам. Олар соғысқа 133 мың жауынгер шығара алатын болған. Қытай деректерінде үйсіндердің саяси тарихы б.з. III ғасырына дейін жеткізілген. Үйсіндер Қытаймен қарым-қатынас жасап, олардың гуньмолары Қытай ханшаларына үйленіп отырды.
Үйсіндердің этникалық тегі елі де ақырына дейін анықталмаған. Зерттеушілердің біразы оларды шығыс Иран тайпаларынан шыққан десе, екінші біреулері - түріктердің арғы аталары, олар түрікше сейлеген деп есептейді.
Үйсіндердің шаруашылығы. Үйсіндер мал шаруашылығымен және егіншілікпен айналысқан. Кыстау мен жазғы жайылымның арасы 30-100 шақырым аралығында болған. Шудағы үйсіндердің үйлері қам кірпіштен, Кегендегі үйсіндердің үйі тастан жасалынған, төрт бөлмелі және мал қамайтын бірнеше бастырмалары бар. Бір ауылда 5-6 үйден. Ауыл маңында ру қорымы орналасқан. Үйсін қорғандары иесінің қоғамдағы орнына сай үшке бөлінеді: үлкен қорғандар - диаметрі 30 м, биіктігі 15 м дейін, орташа қорғандар - диаметрі 15 м, биіктігі 4 м дейін және көптеген кішкөне қорғандар - диаметрі 10 м, биктігі 1 м. Үлкен қорғаннан археологтар көптеген алтыннан жасаған сендік буйымдар, қару-жарақтар, ыдыстар тапқан.
Қаңлы мемлекеті. Қаңлылар біздің заманымыздан бурынғы III ғасырда Қазқстанның оңтүстігінде Қаратау жотасынан Сырдарияның орта ағысына дейінгі жерлерде мекендеген, астанасы Битянь деген қала. Халқының саны 600 мың адам, ескер саны 120 мың адам. Қаңлылар Қытай, Парфия, Рим және Каеказ елдерімен саяси, экономикалық және мәдени байланыстар жасаған. Олар еуелі ғүндармен одақта, кейін үйсін және қытайлармен бірігіп, оларға қарсы шығады. Қаңлылар ез жерінен өтетін Ұлы Жібек жолын бақылауларында ұстаған. ІІІ-ү ғасырларда олар бірқатар теуелсіз мемлекеттерге бөлініп кетеді.
Қаңлылардың қоғамдық құрылысы. Қаңлылар қоғамында ру басшылары, әскери кесемдер және ақсақалдар кеңесі өздеріне берілген билікті пайдаланып, бұқараны бағынышта ұстады. Билік әкеден балаға көшіп отырды. Атақты адамдардың қол астында мол байлық жинақталды. Түтқындар қүлға айналдырылды. Қаңлы жерінде көптеген қалалар мен елді мекендер болды.
Қаңлы арасында табиғатқа, ата-баба аруағына табыну сияқты діни үғымдар орын алған. Олар табиғаттың тыс күштеріне сеніп, оларға қурбандықтар шалған. Жүлдыздар арқылы көшкен кезде жол тауып, егіншілікке байланысты жумыстардың уақытын белгілеп және діни едет- ғурыптарды реттеп отырған.
Қаңлы халқының этникалық сипаты және қай тілде сейлегені жөнінде екі пікір бар. Бірінші пікір бойынша олар түрік тілді, екінші пікір бойынша иран тілді халық. Олардың қару-жарақтары - найза, садақ, екі жүзді семсер және сауыттар болған.
Қаңлылардың шаруашылығы. Тайпа халқы негізінен үисіндер сияқты мал шаруашылығымен және суармалы егіншілікпен айналысқан. Қосымша аң мен балық аулаған. Крлөнер де дамыды. Крленершілер ез өнімдерін мал енімдері мен астыққа айырбастады. Айырбас саудамен қатар ақша айналымы да болды.
6) Б.з.б. I мыңжылдықта қазіргі Монголияның Оңтүстігіндегі Ордостан Каспий өңіріне дейінгі аралықта тегі мен этникалық қурамы жөнінен ер түрлі тайпалар мекендеді. Олар Қазақстан даласындағы сақ тайпаларын ығыстырып, жаңа одақтар қура бастады. Уақыты жағынан алғаш б.з.б. ІУ-ІІІ ғасырларда, Тынық мухит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жетісуға дейінгі аймақта әр түрлі тайпаларды бірікгіріп, құрылған ғұндар (сюнну) одағы болды.
Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе езірше толық анықталып болған жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Ғун тайпаларының бір одаққа бірігудің басты себебі қытайлармен арадағы төрт ғасырға созылған соғыс. Хань империясы ғундарды талай рет басып алмақшы болды, бірақ ғүндар кершілес тайпалармен бірігіп, оларға тойтарыс беріп отырды. Ғүндардың жоғарғы билеушісін Кь-ітай деректері шаньюй деп атады. Б.з.б. 206 ж. ғун тайпаларын Мөде Шаньюй басқарды. Мөде тусында ғүндар Қытайдың шекаралық аудандарына шабуыл жасап, Ордосты өздеріне қаратып алды, Хань әулетінің негізін қалаушы Лю Баньмен соғысып, оны женді. Хань империясы б.з.б. 133 ж. өзінің жеңілгендігін мойындап «Чыныштық пен туыстық» туралы шартқа қол қойды. Шартқа сай Мөде қытай ханшасын өзіне ейелдікке алды, ал хань империясы ғундарға жыл сайын салық төлеп туруға міндетті болды. Соғыстың нәтижесінде Забайкальеден Тибетке және Шығыс Түрікстаннан Хуанхэ өзенінің орта бойына дейін созылып жатқан жердің бері ғундардың қол астына өтті.
Б.з.б. I ғасырдың орта шенінде ғун мемлекеті ішкі ала ауыздықтың нәтижесінде - Оңтүстік және солтүстік болып - екіге белінді. Оңтүстіктегі ғундар Кь-ітайдың Хань империясына бағынады. Ал солтүстіктегі ғундар ездерінің теуелсіздігін сақтап, солтүстік Монголияда және Шығыс Түркістанның солтүстік аймақтарында кешіп-қонып жүрді. Олардыңбір бөлігі Тянь Шаньнан, қаңлы тайпаларының шығыс жағына келіп қоныстанады. Бүл ғундардың Қазақстан және Орта Азия жерлеріне алғаш етуі.
Ғундардың Қазақстан жеріне екінші рет қоныс аударуы б.з. 93 жылдан басталады. Қытай ескерлерінің ығыстыруымен олар батысқа қарай жылжи отырып, бір тайпаларды бағындырса, екіншісін қосып алды. Кейінірек ғүндар Сырдарияға, Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, Орталық және Батыс Қазақстанға жетті. IV ғасырда ғүндар басқа да көшпелі тайпалармен бірігіп орыс даласына, одан ері Дунайға дейін жетіп, Венгрияға қоныстанды. V ғасырда олар Рим империясына қауіп төндіріп, оның қүлауына ез әсерлерін тигізді.
Ғұндардың қоғамдың қурылысы. Ғүндар 24 руға оөлінген, оларды рубасылары (ақсақалдар) басқарған. Ақсақалдар кеңесі сақталды. Жылына 3 рет жиналыс шақырылып, ақсақалдар мемлекеттік меселелерді шешті. Крғамда малға, жерге еулеттік және жеке меншік болды. Ғундардың қарауында әскери тұтқындардан, қол астындағы тайпалардан әкелінген құлдары болды.
Елді Шаньюй басқарды. Онан кейінгі сатыда түменбасы деп аталатын бекзаттар тұрды. Бекзаттар шаньюйдің балалары, інілері немесе жақын туыстары болды. Түменбасы саны 24. Олардың ерқайсысының көшіп-қонатын жерлері болды. Ғундарда лауазымдар мен жоғарғы атақтар үрпақтан-үрпаққа көшіп отырған. Басқару аппаратын қаржыландыру үшін халыққа алым-салық салынды.
Ғұндардың шаруашылығы. Ғундар киіз үилерде түрды. Олар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сонымен қатар отырықшылдық пен егіншілік дамып, аңшылық та үлкен орын алды. Ғундарда ескердің негізі атты ескер, олардың қару-жарағы садақ пен жебелер болды.
7) Біздің заманымыздың ІІ-У ғ.ғ. халықтардың үлы қоныс аударуы Қазақстанның Орта Азия мен Шығыс Еуропаның аумағындағы халықтардың құрамы мен орналасуына айтарлықтай өзгерістер енгізді. V ғасырда Солтүстік Монғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі өңірде сансыз көп туркі тілдес теле тайпалары өмір сүрді.
VI ғасырда Қазақстан жерлерінде билеушілері түрік тайпасының ашин руынан Түрік қағанатының үстемдігі орнайды. "Түрік" атауы алғаш 542 ж. Қытай шежіресінде аталады. Қытайлар түріктерді ғүндардың үрпағы деп есептейді. 552 ж. түріктердің қолбасшысы Бумын юеарларды (жуан- жуандарды) жеңіп, қираған мемлекеттің орнына Түрік қағанатын қүрады. Ол 553 ж. қайтыс болып, оның мүрагері Мүқан қаған кезінде Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке жетті. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды өздеріне бағындырды, Солтүстік Кьітай мемлекеті оларға алым- салық төлеп түрды. Эфталит патшалығын жаулап алды. Түрік қағанатынан шыққан Тоқ жабғуы, Тарду, Истеми қаған, Күтты қаған, Капаған қағаң Бүғы тархан, Білге қаған, Күлтегін, Танықүқ, Жолдытегін сияқты атақты ерлер мен даналар исі түркі жүртының атағын елемге жайды.
Естеми қаған мен оның үлы Түріксанф билеген түста ішкі соғыстар мен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты елсіретіп, бОЗж. Түрік қағанаты екі дербес Шығыс және Батыс қағанаттарына бөлінеді. Батыс түрік қағанатының астанасы - Суяб қаласы (қазіргі Қырғызстанның Тоқмақ қаласының маңьі), ал жазғы орталығы Мыңбүлақта (Түркістан төңірегі) орналасты. Қағанаттағы ең жоғарғы билеуші, ескер басы, бүкіл жердің иесі қаған болды. Жоғарғы лауазымдар - жабғы, шад және елтебер қаған еулетіне берілді. Сот қызметтерін бүйрықтар мен тархандар атқарды. Негізгі халқы - 1Қара будун" деп аталды. Басып алған жерлерінде қағанның орынбасарлары отырды. Олар алым-салықтар жинап, оны қаған ордасына жіберіп түрды.
Түрік қағанаты мал және егін шаруашылығымен шуғылданды. Қалаларда сауда-саттық кеңінен ерістеді. Түріктердің ежелгі көне жазуы болған, оны Жетісу жерлеріндегі ескерткіштерінен керуге болады.
Батыс Түрік қағанатындағы он алты жылға созылған тайпалар арасындағы соғыс қағанатты елсіретеді. Осыны пайдаланған Таң империясының ескері VII ғасырдың ортасында Жетісуды басып алып, онда таққа өз адамын отырғызады. Түріктер Таң империясына қарсы үздіксіз күрес жүргізіп, ақыры VIII ғасырдың басында ол күрес түргештердің жеңісімен аяқталады.
8) Түргеш қағанаты 704 жылдан 756 жылға дейін өмір сүрді. Қағанатты қүрушы Үш-Елік қаған. Ол Шаштан (Ташкент) Түрпан мен Бесбалыққа дейінгі аралықта түркештердің билігін орнатты. Астанасы О/яб қаласында, екінші ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-Елік қаған өзіне қараған жерді 20 бөлікке бөліп, ерқайсында 7 мың ескер үстады. 705-706 ж.ж. түргештер соғдылықтармен одақтасып арабтарға қарсы соғыс жүргізді. Бірақта арабтар одақтастарды өзара араздастырып Бүқарды басып алады.
706 жылы Үш-Елік қаған қайтыс болып, оның орнына Сақал қаған (706- 711 ж.ж.) отырды. Сақал қаған түсында да мемлекет ішінде бірлік болмады. Оның үстіне оған батыстан арабтар, шығыста Таң империясы және Орталық Азия түрікгері қауіп төндіріп түрды. 711 ж. Шығыс түрік қағаны Қапаған түргештерді жеңіп, батысқа қарай бет алып Сырдарияның арғы жағына өтіп, Орта Азия халықтарымен бірлесіп арабтарға қарсы соғыс жүргізеді. Арабтар оларға жауап ретінде Шаштың төңірегіндегі қыстақтарды аса қаталдықпен жазалап, 714 ж. Испиджабқа (Сайрам) жорық жасайды.
Түргеш қағанаты Оғлу қаған (715-733 жж.) билікке келгеннен кейін барып қайта нығайды. Оулу қаған түсында мемлекеттегі билік "қара түргештердің" қолына кешіп, астана Тараз қаласына ауысады. Сүлу қаған мемлекет ішінде тыныштық орнатып, бар к\оиті батыстағы арабтарға қарсы топтастыруға мүмкіндік алады. 723 ж. ол Ферғана мен Шаш түрғындарымен одақтаса отырып арабтарға соққы береді. Бірақта арабтармен соғыс мүнымен аяқталмайды. 732 жылы арабтар түргештерді ығыстырып Бүқараны қайтадан басып алады. 737 ж. Сүлу қаған арабтарға тағы қарсы шығып, Тохарстанға дейін барады, бірақ үзамай жеңіліп, қайтар жолда өзінің қолбасшыларының бірінің қолынан қаза табады. О/лу қайтыс болғаннан кейін қағанат ішінде "сары" және "қара" түргештер арасында билік үшін ұзақ күрес басталады.
Осы алаауыздылықты пайдаланып Жетісуға Алтайдан қарлық тайпалары көшіп келіп қоныстана бастады. Түргештер оларға ешқандай қарсылық көрсете алмайды. Осы түста Қытай империясы өз ескерін Сүябқа жіберіп, оны жаулап алады. Шаштың билеушісі жазаға тартылады. 751 ж. Тараз маңындағы Атлах қаласының жанында қытай мен арабтар арасында үлкен шайқас болды. Шешуші сетте қытайлардың қол астындағы қарлүқтар арабтар жағына шығып, қытайлар жеңіледі. Атлах түбіндегі жеңістің Жетісу мен Меуереннахр халықтары үшін үлкен маңызы болды. Қытай ескері жергілікті халықтардың қысымына шыдамай Жетісуды ғана емес, Шығыс Түрікстанды да тастап шегінді. Арабтар да Талас өзені алқабында тұрақтай алмай, Шашқа шегінеді. Осыған қарамастан Түргеш қағанаты қайтадан қалпына келмей, 756 ж. түркі тілдес қарлүқ тайпаларының тегеурініне шыдамай, біржола қүлайды. Енді бүрынғы Батыс Түрік қағанатының жерінде 3 мемлекет: Сырдарияның орта және теменгі ағысы бойы мен Арал өңірінде Оғыз мемлекеті, Қазақстанның Солтүстік, Орталық және Шығыс аймақтарында Қимақ мемлекеті, Жетісуда Қарлұқ мемлекеті пайда болды.
9) Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Карлүқтар Алтайдан Балқаш келінің шығыс жағалауына дейінгі аймақты жайлаған көшпелі тайпалар. VII ғасырдың ортасында Қарлүқ бірлестігіне тайпа: болат, шігіл және ташлық енді. Қарлүқ тайпаларының көсемдері елтебер деген атақты иеленді.
756 жылы қарлүқтар шығыстағы үйғыр қағандығынан жеңіліп, Жетісуға келіп, онда өздерінің қағанатын қүрады. Карлүқ тайпалары УІІІ-Х ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап Сырдарияның орта бойына дейінгі аймақта қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Іле, Шу, Талас өзендерінің еңірлерін, Тянь-Шаньнің баурайларын мекендейді. Қарлүқ тайпаларының бірі IX ғасырдың бас кезінде Отырар қаласының маңына барып қоныстанған.
Қарлүқтар шығыста үйғырлармен, батыста арабтармен соғысады. IX ғасырдың бас кезінде қарлүқтар үйғырлардан жеңіліп, Монголиядағы үйғыр қағанының билігін мойындайды. Ал батыста арабтар Күлан қаласына дейін жетіп, қарлүқтардың жабғысын қимақ еліне қашуға мәжбүр етеді. IX ғасырдың 20 жж. бастап Мәуреннахрда жергілікті саманилар әулеті билікгі өз қолына алып, Бағдаттағы араб халифатына сырттай теуелді болды.
Осы түста 340 ж. Енисей қырғыздары үйғыр қағанатын жеңіп, үйғырларды Түрпан мен Ганьчжоу аймағына қоныс аударуға межбүр етті. Бүл жағдайды пайдаланып қарлүқ жабғуы, Испиджабтың билеушісі Білге Күл Қадырхан өзін Жоғарғы билеуші, қаған деп жариялайды.
IX ғасырдың аяғында арабтар қарлүқ жеріне тағы шабуыл жасап Испиджабты және Таразды алады. Қарлүқ қағанының астанасы енді Тараздан Қашғарға көшеді.
Бірақ қарлүқтардың ішінде бірлік орнамайды. Оны Қашғардың түрік билеушілері пайдаланып, 940 ж. Баласагүнды басып алып, Қарлүқ мемлекетін қүлатады.
10) Оғыз мемлекеті. ІХ-Х ғасырларда Қарлүқ қағанатының солтүстік- батыс жағында, Сырдарияның орта және теменгі бойларында, Батыс Қазақстан өңірінде Оғыз тайпаларының мемлекеті қалыптасып, өмір сүрді.
Оғыздардың ата-бабаларының қоныстанған жерлері Ыстықкөлдің маңы. VIII ғ. ортасында Батыс түрік және Түргеш қағанаттары құлап, қарлүқтардың қысымымен оғыздар Сырдария бойына келіп қоныстанады. Жергілікті тайпалармен одақтасып, печенегтерге қарсы соғысып, олардан еуелі Сырдарияның теменгі ағысы мен Арал өнірін, кейін Орал мен Еділ өзендерінің аралығын алады. Печенегтермен соғыс барысында оғыз тайпаларының саяси бірлігі нығайып, оның құрамына осы өңірді ежелден мекөндепі келе жатқан көшпелі және жартылай кешпелі рулар мен тайпалар енеді. Махмүд Қашғари оғыз елінің 22 тайпаға бөлінгенін және ер тайпаның ез белгісі мен туы болғанын айтады.
Х ғасырда оғыздардың астанасы Орта Азияға, Шығыс Еуропа мен Орталық Азияға апаратын маңызды сауда жолының түйіскен жерінде орналасқан Янгикент (Жаңа Гузия) қаласы болды. Мемлекет басшысы жабғу атағын иеленді. Билік атадан балаға мүра болып қалып отырды. Жабғу орынбасарлары 1"күл-еркін", ескер басшысы Чсюбашы" деп аталды. Оғыздар путқа табынды, шамандарға сенді. Кейін біртіндеп іслем діні ене бастады.
Оғыздар 965 ж. Киее Русімен одақтасып, Хазар қағанатын, 20 жылдан кейін Еділ Булгариясын жеңеді, ал 1041 ж. Хорезмді жаулап алады. Бірақта X- XI ғасырларда ішкі ауыр алым-салықтарға қарсы наразылықтың күшеюіне байланысты Оғыз мемлекеті қүлдырай бастайды. Ішкі қайшылықтардан елсіреген Оғыз мемлекеті қыпшақ тайпаларының қысымына шыдамай қүлайды.
Кимек ңағанаты. Кимекгер VII ғ. басында Монғолияның солтүстік батысында өмір сүрген. VII ғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік өңіріне, Ертіс бойына қарай қоныс аударады.
Батыс Түрік қағанаты қүлағаннан кейін, VIII ғ. екінші жартысы мен IX ғ. басында кимек тайпалары үш бағытта: солтүстік батыстағы Оңтүстік Оралға, оңтүстік батыстағы Сырдария алқабы мен Оңтүстік Қазақстанға және оңтүстік бағыттағы Солтүстік Шығыс Жетісу жеріне өтіп, оғыздармен керші болады.
340 ж. Ұйғыр қағанаты қүлағаннан кейін оның құрамындағы біраз тайпалар кимек бірлестігіне қосылады. Осы түста кимек бірлестігінің құрамында: еймүр, имек, қыпшақ, татар, баяндур, ланиказ, ажлар атты жеті тайпа болды. Кимек тайпасының басшысы жабғу атағын иемденді.
IX ғ. бас кезінде кимектер Сырдарияға қарай қозғалып, қарлүқтармен одақтасып, оғыздарға Сырдария мен Арал өнірінен қанғар-печенег тайпаларын қуып шығуға көмекгесіп, ездеріне Алтайдан Ертіске дейінгі, батыста оңтүстік Орал таулары мен Еділ (Волга) өзеніне дейінгі өңірді қаратады. Енді кимек одағының құрамындағы тайпалар 12 жетеді. IX ғ. аяғы мен X ғ. бас кезінде Кимек мемлекетінің шекарасы тұрақтанып, олардың ханы қаған атын алады. Қағанның билігі шексіз болды. Ол ез қарамағындағы жерлерге билеушілерді тағайындады. Қаған мен билеушілердің билігі атадан балаға мүра болып қалып отырды.
X X ғасырдың бас кезінде Кимек қағанаты ішкі тартыстардың күшеюіне және Орталық Азиядан көшпелі тайпалардың қоныс аударуына байланысты ыдырады.
11) Қимақ қағанаты - Шығыс және Орталығы Қазақстанда 9 ғасырдың ақыры – 11 ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет. Мемлекеттің орталығы [1]Ертістің орта алабында болған. Қимақтар 7 ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс түрік қағандығының құрамына кірген. 8 ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. 9 ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. Олардың батыс шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бөлігі мен Арал жағалауларына дейін жетті. 10 ғасырдың ортасында қимақтар шығыстан батысқа қарай ойысты. Олар Оңтүстік Орал тауының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөктерінде, Каспий жағалауында көшіп-қонып жүрді. 10 ғасырдың ақырында қимақтардың бір тобы Сырдария жағалауына қарай жылжып, Түркістанның мұсылман облыстарымен араласты. 11 ғасырда Орталық Азия тайпаларының батысқа қарай ойысуы нәтижесінде қимақтардың орналасу картасы өзгерді. Махмұт Қашқаридың имақтар (қимақтар) туралы деректері (11 ғасыр) осы уақытқа саяды. «Диуани лұғат ат-түркте» берілген картада имақтар өздері бір тұтас топ болып тұрған Ертістің жағалауындағы жерлерде ғана көрсетілген. 656 жылы Батыс түрік қағандығы тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді. Гардизидің баяндауынша, қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. Шамамен, 9 ғасырдың ортасы мен ақырында қимақтар оғыз көсемдеріне қаңғар-печенег тайпалары мекендеген Сырдария алабы мен Арал жағалауларын жаулап алуға белсенді көмек көрсетті. Қимақтар тоғыз оғыз және Енисейдегі Қырғыз мемлекеттеріне әскери жорыққа шығып, 8–9 ғасырлардың екінші жартысында Орталығы Ертістен Жоңғар қақпасына дейінгі аймаққа бекініп алды. Сөйтіп, Қимақ мемлекетінің құрылуына қадам жасалды. Қимақ қағанаты туралы алғашқы деректер 9 ғасырдың ақыры мен 10 ғасырдың бас кезіндегі араб тілдеріндегі тарихи геогр. шығармаларда кездеседі. «Түркістан мен түріктер, – деп жазады әл-Якуби (9 ғасыр), – бірнеше халықтар мен мемлекетке бөлінеді, соның ішінде қарлұқтар, тоғыз оғыздар, қимақтар және оғыздар бар. Түріктердің әр тайпасы жеке мемлекет және бірімен-бірі соғысып тұрады». Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түрік атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары. Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі. Ел билеушілері бір жағынан әскери көсемдер болды да, хаканнан тиісінше үлес алды. Әрбір иеліктер хаканға белгілі көлемде әскер беріп тұрды. Бұл мемлекетте салық жиналған, көне түркі жазуы болған. Қимақ қағанатының құрылуы
VIII ғасырдың екінші жартысы — IX ғасырда қаулаған оқиғалар Қимақтардыңтердің мемлекеттік ұйымдарының дамуына түрткі болды, бұл оқиғалар барысында қимақ тайпалары Ертістің орта ағысынан Жоңғар қақпасына дейінгі аумақта берік ірге теуіп, батысқа қарай, Оңтүстік Орал мен Сырдария аңғарына дейін ілгерілеп барды.Қимақтарда мемлекет болғаны туралы алғаш рет IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда айтылады. Мәселен, IX ғасырдағы тарихшы әрі географ, өз хабарларында кең білімдарлығымен және біршама жоғары дәлдігімен ерекшеленетін әл-Якуби қимақтар мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттілігі туралы былай дейді: «Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге (мамалик), соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз-ғұздар, қимақтар және оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің әр тайпасында жеке мемлекеті бар және олар бір- бірімен соғысып жатады.» Ибн әл-Факихте (X ғ.) қимақтар туралы қызықты мәліметтер бар, ол барлық түріктердің ең күштілері — оғыздардың, тоғыз- ғұздардың және қимақтардың патшалары бар деп жазады. Ал классикалық араб географтары әл-Истахри мен Ибн Хаукаль «түріктердің жерінде (олардың) тайпалары өз мемлекеттеріне сәйкес ерекеленеді» деп хабарлайды. Қимақ билеушісі едәуір құдіретті болған. IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басында Қимақ қағанаты қалыптасқан уақыттан бастап, олардың патшасы түріктердің ең жоғары атағымен қаған (хақан) деп атала бастады. «Қаған — түріктердің ең басты патшасы. Қаған — хандардың ханы, яғни парсылардың шаханшах дейтіні сияқты, басшылардың басшысы», — дейді X ғасырдағы орта азиялық ғалым әл-Хорезми. Қаған атағы ябғу атағынан екі саты жоғары тұрған.
Сонымен, қимақ қоғамының тайпадан мемлекеттік құрылымға дейінгі әлеуметтік және саяси дамуына қарай олардың басшылары атақтарында да төменгі сатыдан жоғары сатыға дейін біртіндеп көшу жүріп жатты. Салыстыру тұрғысынан алғанда ертедегі түріктердің шонжарларына мынадай дәреже сатылары: шад, ябғу (үлы шад), кіші қаған, ұлы қаған атақтары тән болған. Көрініп отырғанындай, қимақтар мен ежелгі түрік атақтарының арасында байланыс бары даусыз және олар қимақтар ортасы мен ежелгі түріктердің түпкі отаны арасындағы сабақтастықты көрсетеді.
[өңдеу]Саяси тарихы
Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректерінде ұшырасатын яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты. Яньмо (немесе қимақтар) VIIғ. басында Моңғолияның солтүстік-батысында өмір сүрген. VIIғ. ортасында олар Алтайдың солтүстік бөктеріне, Ертіс маңына қарай қоныс аударған. 656ж. Батыс Түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа көзге түсе бастайды
[өңдеу]Қимақтардың жазуы
Қимақтарда жазу болған деп топшылауға дәлел бар. Мұны Әбу Дулафтың мына сөзінен көреміз: «Оларда қамыс өседі, бұл қамыспен олар жазады.» Тегі қимақтар қамыс қаламмен жазып, мұнда ежелгі түрік әліппесін пайдаланған болуы керек. Мұны Ертіс бойынан, Тарбағатай тауларынан табылған заттар — мезгілі IX—X ғасырларға қатысты түрік жазулары бар қола айналар да көрсетеді
[өңдеу]Этникалық және тайпалық құрамы
Деректемелерде қимақтардың этникалық және тілі жағынан түріктерге жататындығына тікелей еш күмән келтірілмейді. Керісінше, олар туралы жазғандардың бәрі қимақтардың бірауыздан негізгі түрік тайпаларының қатарына жатқызған. Жазбаша деректемелерде қимақ этнонимінің уақыты жағьшан алғаш рет айтылуы VIII ғасырға жатады. Араб географы Ибн Хордадбехтің (IX ғ.) деректері бойынша саяси және әлеуметтік жағынан манызды түрік халықтарының тізімінде қимақтар тоғыз-ғүздармен, оғыздармен, печенеттермен, қарлұқтармен, қыпшақ- тармен, азқишилермен, түргештермен қатар аталады
[өңдеу]Қимақтардың шаруашылығы
Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егін шілікпенмен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 – 11 ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. әл-Идрисидің (12 ғасыр) дерегіне қарағанда, олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарына орналасқан. әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады. 9 – 11 ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Сонымен қатар, олардың арасында түрік халықтарына кең тараған бақсылық та етек алды. Қимақ тайпалары мекендеген аймақтарда тас мүсіндер қою салты кең тараған, олар сол мүсіндерге табынған. Қимақтар әлеуметтік және мәдени жағынан 6 – 8 ғасырларда ежелгі түркі ортасында қалыптасқан дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. 11 ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді.
[өңдеу]Қимақ қағанатының құлауы
X ғасырдың аяғы XI ғасырдың басында Қимақ мемлекеті ыдырайды. Оның құлауының екі себебі болды. Негізінен алғанда, өзін-өзі билеуге және өз мемлекеттілігін құруға ұмтьшған қыпшақ хандарының қимақтардың орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі сипаттағы себеп. Сонымен қатар XI ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпалары қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар. Тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі — 916 жылы Солтүстік Кытайда қидандардың Ляо мемлекетінің кұрылуы болды. Бұл держава жерінің батысқа қарай ұлғаюы көшпелі тайпалардың одан әрі ығысуына әкеп соқты. Тайпалардың орасан зор қоныс аударуының жаңғырығы орта ғасырлардағы көптеген деректемелерде: араб-парсы, орыс, армян, венгр, Византия, сирия жэне т.б. деректемелерінде көрініс тапты. Бұл деректемелерден ең алдымен араб ғалымы әл-Марвазиді (XII г.) атап өткен жөн, онын шығармаларында сол көшу жөнінде мейлінше кұнды ақпарат сақталған, ол тайпалардың қоныс аударуын былайша суреттейді: «Олардың (түріктердің) арасында кұндар деп аталатын бір топ адам бар, олар кытай қағанынан қорқып, Қытай жерінен келді. Олар — несториан сарынындағы христиандар. Өздерінің аймақтарынан олар жайылымның жеткіліксіздігінен кетті. Икинджи ибн Қошқар Хорезмшах солардың (арасынан) шыққан. Олар (құндар) қайлар деп аталатын халықтан теперіш көрді. Бұлар олардан көп те күшті болатын. Бұлар оларды жайылымнан қуды. Сонда құндар шарлар жеріне келіп қоныстанды да, шарлар түрікмендер жеріне көшті. Түрікмендер оғыздардың шығыс жерлеріне көшті, ал оғыздар Армян теңізіне жақын маңайдағы печенеттер жеріне көшіп барды». Бұл арада Армян теңізі деп Қара теңіз айтылады. Демек, бұл көшу Қытайдан Қара теңізге дейінгі халықтарды қамтыды. Бұл мәліметтерге бірқатар ғалымдардың жасаған талдауы қысқаша түрде мынадай көріністі көзге елестетуге мүмкіндік береді: қай және құн тайпалары қимақ-қыпшақ тайпаларының бір тобын Солтүстік-Шығыс Жетісу мен Ертіс өңіріне ығыстырып, Қимақ мемлекетіне соққы береді. Сөйтіп қайлар қыпшақтарды орнынан қозғайды, ал қыпшақтар оғыздарды Сырдария өзенінің аңғарынан, Аралдың батыс өңірі мен Каспийдің солтүстік өңірінен ығыстырып, оларды орыстың оңтүстігіндегі және Қара теңіз өңірі далаларына көшуге мәжбүр етеді. Оғыздардың жерін басып алғаннан кейін қыпшақ хандары едәуір күшейіп, қимақ-қыпшақ және қуман тайпаларьшың бұрынғы қоныстанған негізгі жерінде күш-қуаты жағынан басым болады, ал қимақтар осы оқиғалар барысында саяси үстемдігінен айырьшып қана қойған жоқ, сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып қалды. Қимақтар бір бөлігі Ертісте қалып, екінші бөлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс аударды, енді біразы қыпшақ тайпаларымен бірге батысқа, оңтүстік орыс далаларына қарай қозғалды. Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты.
12) X ғасырдың ортасында Шығыс Түрікстан, Жетісу өңірінде Карахан мемлекеті пайда болады. Карахан еулетінің негізін қалаушы Сатүқ Бограхан (915-955 жж.) 942 ж. Баласағүн билеушісін қүлатып, ислам дінін және Арслан Карахан дережесін қабылдайды. Осыдан бастап оның еулеті Қарахандықтар деп атала бастады.
X XIғ. аяғында қарахандықтар Орта Азиядағы саманилер иелігі мен Бүхарды жаулап алады. Солтүстіктегі қарахандықтар мен қыпшақ хандығының шекарасы Тараз қаласы маңынан өтті. Солтүстік шығыста қарахандықтар иелігі Балқаш пен Алакөлге дейін жетті, ал шығысында олар үйғырлармен шекаралас болды. 1004-1005 жж. ұзақ қиян-кескі соғыстардан кейін Меуереннахр жерін де өзіне қосып алады. Қарахан мемлекеті көптеген жер үлестерінен түрды. Ол жерлер жоғарғы қағанға қарағанымен, олардың арасында үнемі қақтығыстар болып түрды.
XI ХIғ. 30 жылдарында осы қақтығыстардың нәтижесінде мемлекет екіге бөлінді. Жетісу мен Шығыс Түрікстан Шығыс Қарахан қағанатына қарап, оның астанасы еуелі Баласағүн, кейін Қашғар қаласы болды. Меуреннахр жерлері Батыс Қарахан қағанатына қарап, оның астанасы еуелі Үзкент, кейін Самарканд қаласы болды. Жоғарғы билеуші Арслан Қарахан дережесімен Шығыс Қарахан қағанатын, ал екінші қаған Богра Қарахан дережесімен Батыс Қарахан қағанатын басқарды. Қағанат көптеген еншіліктерге бөлінді. Ілек және тегін дережесіндегі еншілік иелерінің қүқықтары үлкен болды. Олар көрші мемлекеттермен келіссездер жүргізе алатын, өз атымен теңгелер шығаратын. Билік мүрагерлік жолмен емес, ағасынан інісіне - "сатылық жүйе" арқылы жүзеге асырылды.
X ғасырдың ортасынан Арслан Қарахан мен Богра Қарахан еулеттерінің арасында алаауыздық, билік үшін күрес басталады. Бүл соғыстар Қарахан мемлекетін әлсіретеді. Осы жағдайды пайдаланып Батыс Қарахан мемлекетіне селжүқтар шабуыл жасап, Самақанд қаласын басып алады. Ал Шығыс Қарахан қағанатына қайта-қайта қарақытайлар шабуыл жасап, қауіп төндіреді. XII ғ. бірінші жартысында қарақытайлар Шығыс Қарахан қағанатын, 1141 ж. Батыс Қарахан қағанатын жаулап алады.
Қарахан қағанатында халық көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Қала өмірі, сауда, қолөнер, жақсы өрледі, түрік этносының ой-санасы еседі, мүсылман едебиеті түрік тілінде шыға бастайды. Оның өкілдерінің бірі Юсуп Баласағүн болды. Хандар өздерінің жақындарына белгілі аймақтан салықты өзіне жинап алу қүқын берді. Мүндай салық 1,икга" деп аталды.
Қара Қытай (ңидан) мемлекеті (1128-1213). Қарақытайлар мемлекетінің негізін қалаушылар Орта Азиядағы монғол тілдес қидан тайпалары. Олар Қытайдың солтүстігінде, Маньчжурия мен Уссури елкесі аймағында өмір сурді. 924 ж. Алтайдан Тынық мүхитқа дейінгі өлке қидан мемлекетінің (Ляо империясының) қол астына қарайды. Кғдандардың билеушісі Солтүстік Кытайда түрды.
1125 ж. Ляо империясы Сунь Қытайы мен Чжурчжень мемлекеттерінің біріккен күшінен жеңіліп, Елүй Дашы басқарған қидандардың бір бөлігі батысқа - Жетісуға қарай қоныс аударады. Қоныс аударып келген қидандар алғашқыда жергілікті түркі тілдес халықпен бейбіт қарым-қатынас жасап, ңараңытайлар деп аталып кетті. Шамалы уақыттан кейін Елүй Дашы Баласағүн билеушісін қүлатып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Осыдан кейін олар Шу мен Талас бойындағы қаңлыларды, Шығыс Түркістанды, Бүхарды, Орталық Мәуреннахрды бағындырып, Хорезм шахын алым-салық төлеп түруға межбүр етті.
Қарақытай мемлекетінің басшысы Гурхан (хандардың ханы) деп аталды. Астанасы Баласағүн қаласы. Қарақытайлар жергілікті түрғындарға жылдан- жылға алым-салықты көбейтіп, ислам дініне тиым салды. Осыған байланысты Жетісуда қарақытайларға қарсы мүсылман қозғалысы кеңінен етек алады. Қолайлы жағдайда пайдаланған наймандардың ханы Күшлік қарақытайлардан Жетісудағы билікті тартып алады.
13) Наймандар. Қазақстан жеріндегі ертедегі тайпалардың бірі. VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында найман тайпалар одағы (түрікше "сегіз тайпа одағы") пайда болып, Ханғайдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатты. Х-ХІІ ғасырларда найман одағы мемлекет дережесіне дейін кетеріледі. Найман одағы хандар басқарған бірнеше үлыстардан түрды. XII ғасырдың аяғы XIII ғасырдың басында наймандар Монғолиядан бірнеше қатарынан жеңіліп, бір бөлігі Алтайдан Жетісуға қоныс аударды. Екінші бөлігі Шығыс Қазақстанда қалып қойды. Күшлік ханның басқаруымен Жетісуға келген наймандар 1213 ж. қара қытайлардың мемлекетін қүлатып билікті жаулап алады.
Керей мемлекеті. X ғасырдың басында Алтайда қүрылған керейлердің этникалық одағы түркі тілдес және монғол тілдес тайпалардан қуралған. Керей мемлекетінің солтустік астанасы Орхон өзеніндегі Қатын балық қаласында, ал оңтустіктегі астанасы Хуанхэ өзенінің солтустік жағалауында орналасты. 1007 ж. керейлер мен наймандар нестроиандық бағыттағы христиан дінін қабылдайды. XII ғасырдың екінші жартысында Керей мемлекеті солтустіктегі Селенга өзенінің жоғарғы ағысынан оңтустіктегі Хуанхэ өзеніне дейінгі, батыста Хангай тауларынан шығысындағы Халқын көлге дейінгі жерді иеленді.
Керейлер мен наймандардың әлеуметтік-саяси даму деңгейі бірдей болды. Мемлекет үлыстардан түрды. Әрбір үлыстың өзінің территориясы, өзінің ханы, кешпелі өмір салтына лайық зандар жиынтығы болды. Іс қағаздарын жургізу дестурі енгізілді. Олар көшпелі мал шаруашылығымен, аң балық аулаумен айналысты.
Қыпшақ хандығы. XI ғ. басында кимек қағанаты қүлаған соң сол еңірде билік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Кэіпшақтар этнос ретінде VIII ғ. Орталық және Шығыс Қазақстанда қалыптасқан. Қолдарына билік тигеннен кейін қыпшақ хандары Сырдария, Арал және Каспий өнірінен оғыздарды ығыстырып шығарады. XI ғ. ортасына қарай қыпшақтарға, Жетісудан езге, бүкіл Қазақстан елкесі қарайды. Енді бүл өңір Дешті-Қыпшақ деп атала бастайды.
14) Қазақстанның үланбайтақ жерінде ежелгі замандардан отырықшылдық орын алып, қалалық медениет қалыптасты. Археологиялық зерттеулерге сай УІ-ХІІ ғасырлар аралығында есіресе Қазақстанның оңтүстік өнірі қалалық медениет орталығына айналады. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Тараз, Отырар, Испиджаб, Ясы, Сығнақ; Талас, Аса өзендерінің бойында Теменгі Барысхан, Хамукент, Жікіл, Адахкент, Ден, Нуджикент, Күлан, Мерке, Аспара, Баласағүн, Барсхан және т.б. қалалар бой кетерді.
Қазақстан жеріндегі халықтардың экономикалық өмірінде сауда ерекше роль атқарды. Қазақстан қалалары "Ұлы Жібек жолы" арқылы Византия, Иран, Орта Азия, Каеказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен сауда қатынастарын дамытты. Қалаларда сеулет енері дамыды. Олардың ең ежелгісі Бабаша хатун және Айша бибі, Қарахан кесенелері болып табылады.
VІ-Х ғасырларда Қазақстанда ежелгі түрік жазуымен қатар соғды жазуы, ІХ-ХІІ ғасырларда ісләмнің таралуына байланысты арабша жазу кеңінен қолданылды. Шығыстың атақты ғалымы Әбу Насыр ел-Фараби (370- 950 ж.ж.) өз шығармаларын арабша жазды. XI ғасырдағы аса маңызды тарихи және едеби шығармалардың бірі Жүсіп Баласағүнның 1'Күтты білік" (Бақыт екелетін білім) дастаны. Барысхан қаласынан шыққан Махмүд Қашғари 1074 ж. "Диуани луғат ат-түрік" (Түркі тілдерінің сездігін) қурастырды. Аетор бүл еңбегімен тілтану ғылымына үлкен үлес қосты.
XII ғ. Ясы (Түркістан) қаласында туған Қожа Ахмет Ясауи атақты ойшыл, ері ақын болды. Ол Қазақстан жеріне мүсылман дінін таратуға ат салысты.
15) Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ) Әбу Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет.[4]
Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың» немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Жалпы «жан қуаты» немесе «өзін танымақтық» жайлы күрделі ой сарасына қазақ топырағында арғы заманда Фараби, соңғы дәуірде Абайға терең барлап барған. Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі жан қуаты жайлы ой толғануында «жан құмары», «жанның жибили қуаты», «жан қуаты», «жанның азығы» т. б. осы іспеттес филос. сарындағы ойларын таратқанда: «Жан қуаты деген қуат-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сиғызбайды» - деп, айрықша ескертуінің өзіндік себептері бар. Бұл тұжырымынан ақынның «өзін танымақтығы» жөніндегі ілімнің тарихымен толық таныстығы анық байқалып, өз тарапынан ойларын кең түрде тыңдаушыларына молынан жеткізе алмаған өкініші де сезіледі. Жан қуаты жөнінде Фараби қолданған филос. терминдер Абайдың өлеңдері мен жетінші, Он жетінші, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші қарасөздеріңде сол түпнұсқадағы қапыңа немесе қазақы ұғымға сай балама сөздермен беріледі. Ақынның Он төртінші, Он жетінші қарасөзі мен «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек...», «Көзінен басқа ойы жоқ...», «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа...», «Алла деген сөз жеңіл...», «Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі асыл тас... «өлеңдерінде арнайы сөз болып, талқыланатын ақыл, қайрат, жүрек жайлы филос. мағынадағы ойларының бастау алар көзі Фараби еңбектеріңде жатыр.[5]
Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын«өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Жалпы жан қуаты жөніндегі танымға булай қарау мешаиын (перепатетиктер) мектебіндегілерге тән құбылыс. Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес келеді. Фараби «Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес» (әл - Фараби. Философиялық трактаттар. -А. , 1973, 289-6.), - деп, жүрекке шешуші мән бере қараса, Абай да: «Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда билеуші жүрек болса жарайды» деген тұжырымға келеді. Бұдан екі улы ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бір екені, тек баяндау түрі басқаша берілгені көрінеді. Ақын Фараби ұйғарысындай жүрекке шешуші мән-мағына берумен қатар, оны ізгілік, рақым, шапағат атаулының шығар көзі, тұрар мекені деп біледі. Ойшыл-ақын көп көңіл бөлген мораль философиясы да осы танымға негізделген. Абай туындыларының өн бойына таралып отыратын адамгершілік, имандылық ойларының бәрі де осы көзқараспен ұштасады. Ақынның «хауас», «үш құю» (имани гүл), «жә уан мәрелік», «әділет», «шапағат» жайлы ой толғаныстарының желісі де осы таным шеңберіндегі ұғымдар. Бұлар Ф-дің жоғарыда аталған еңбегіндегі адамның жеке басының ең кемелденген (камили инсани) үлгі-өнегесі жайлы арналы танымының негізіне саяды. Осы Фараби дәстүрінің жалғасы Абайдың«толық адам»жөніндегі ой-пікірінен айқын сезіледі. Абайда жиі сөз болатын «толық адам», «жарым адам», «адам болу», «инсаниаттың кәмаләттығы», «бенделіктің кәмаләттығы», «толық инсаниат», «адамшылық», «адамның адамдығы», «адам болу» т. б. атаулық мәні бар ұғымдар, сөздер тобы, ол жайлы пікірлердің шығар көзі Фараби еңбектеріндегі ой желісінен туындайды. Фараби «Табиғат ғылымдарының негіздері» (космогония) жайлы еңбегінде жалпы хакасқа, әсіресе, оның хауаси хамса заһири деп аталатын сыртқы сезім мүшелеріне ерекше назар аударған. Фарабидің қоршаған орта болмысының сырын тануда басты орын алатын сезім мүшелері - хауаси хамса жайлы филос. ұғымдары Абайдың Жиырма жетінші, Отыз сегізінші қарасөзі мен «Алла деген сез жеңіл» өлеңінде сол түпнұсқадағы қалпында берілген. Ақынның «Жансыз жаратқандарынан пайда алатын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайдаланатын ақылды инсанды (адамды) жаратыпты» деген тұжырымы дүниенің жаралуы жайлы Фарабидің тәңірі әуелі жансыз дүниені, есімдіктерді, жан-жануарларды, содан соң ақыл иесі адамдарды жаратқан дейтін сатылы танымынан туындайды. Бұл таным Фараби көзқарасының әлсіз жері болса, Абай танымының да осал жағы болып табылады. Ойшыл ақын өз шығармаларында Фараби дәстүрімен хауаси хамса заһириге ерекше мән береді. Ақыл, сана дегеніміз бізді қоршаған өмір шындығының сыртқы бес сезім арқылы, яғни, танымның жибили қуаты мен адамның санасында сәулеленуінен пайда болатын рухани құбылыс деп таниды. Абайдың ақыл мен сананың пайда болуы туралы дүниетанымының негізі Фарабидің «Ақыл дегеніміз тәжірибеден басқа ешнәрсе де емес» (әл-Фараби. Философиялық трактаттар, 295-6.) деген ой желісімен өзектес келеді. Фараби жан қуатын қозғалт тыратын қуат және танып білетін қуат деп екіге бөліп, адам бойындағы танып білетін қуатты ішкі және сыртқы жан қуаты ретінде қарастырады. Фарабидің бұл танымы Абайдың шығармашылығында сол тұрғыдан психол. ұғымдардың баламасы ретінде сөз етіледі. Ақынның қарасөздерінде адамның сыртқы бес мүшесі мен ішкі сезім мүшелері бірлікте алынып, хауас ретінде түсіндіріледі. Абайдың хауас үғымы-көбінесе, бейнелеу қағидасымен (ахси жиһан) ұштасатындықтан, Қырық үшінші сөзінде адам бойындағы жан қуаты жөніндегі Фараби танымдарымен іштей сабақтасып жатады. Ақынның «адамды танымақтық» деп өз алдына сараланатын ұғымдары Фарабидің жан туралы ойларымен өзектес келеді. Фарабидің адамның дүниені танып білу қуатына (әл-қуат алмутехаййла) ерекше мән бере қараған, негізгі ой желілері Абайда арнайы сөз болатын хауас, хауаси хамса заһири, хауас сәлем ұғымдарынан көрініс тапқан. Фараби жан қуаты жөнінде өзіндік соны ойлар желісін таратқанда, оларды өсімдік жаны, хайуан жаны, адам жаны деп үшке жіктеп, таным процесін адам жанына тән тума қасиет ретінде қарастырады. Осындай тұжырымдар Абайдың Жетінші, Он тоғызыншы, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші сөздерінде ұшырасады. Жетінші сөзінде «жанның тамағы» жайында тоқтала келіп, Абай: «... өрістетіп, өрісімізді ұзартып құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», - деп, оны жан құмары арқылы дамитын сезім тұрғысында түсіндіреді. Жиырма жетінші сөзінде хайуан мен адам арасындағы ерекшелікті олардың дүние тану үрдісіне қарай жіктеп, «... Һәмма мақлұққа да қара, өзіңе де қара, жаңды бәрімізде де беріпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, Һәм осы күнін - үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ» деп тану қабілетінің адамда зор сапалық ерекшелікте болатынын атап өтеді. Ақын Фарабидің түсіндіргеніңдей жан құмары, жан қуаты деген қасиеттер тек адамға ғана тән нәрселер деп таныған.[6]
Фараби заманында мұсылман қауымының ой санасында бүкіл болмысты, ондағы сан түрлі құбылыстың бәрін мүтекәллимиңдік негізде түсіндіретін жаңа бағыт қалыптасты. Мүтәкәллиминдердің танымындағы түбірлі қателігін аяусыз сынаған Фарабидің сыншыл ойын Абай панисламизм идеясы қанат жайған тұста одан әрі дамыта түсті. Ақынның Фараби сынаған мүтәкәллиминді: «Ақыл мен хауас барлығын, Білмей дүр жүрек, сезе дүр, Мүтәкәллимин, мантикин, Бекер босқа езе дүр..,» - деп, түбегейлі әшкерелеп терістеуінде терең таным сыры жатыр. Абай арнайы көтеріп отырған хауас жайындағы ұғымы ақын шығармаларында «хауаси хамса заһири», «хауас сәлем», «хауас»деген үш түрлі мағына даушы растады. «Алла деген сөз жеңіл» өлеңіңде мүтәкәллиминдер мен логиктердің хауасты түсіндірудегі пайымдауларын әшкерелей терістеуі ақынның әлеум. ортасындағы батып сыншылдық бағьггты танытты. Абайдың дүниетанымындағы ерекше назар аударар нәрсе ақынның Фараби түзген ғылымды классификациялау принципі мен таныс болуы. Ақынның Фараби жасаған ғылымды жүйелеудегі принципімен таныстығы жеңілде нақтылы дерек жоқ. Дегенмен де, Абай шығармаларында ғылымды жүйелеу жөніндегі пікірін белгілі бір дәрежеде нақтылы деректермен білдіреді. Мәселен, Қырық бірінші сөзінде. «... дүниеде есепсіз ғылымның жолдары, бар, сол әрбір жолда бір медресе бар...», - деп, ғылым салаларының молдығын, нақтылы атауларын жеке-жеке атап өтеді. Ақынның Отыз сегізінші сөзінде ғылым салаларын біршама жүйелеу принципі ұшырасады. Ғалым, хакімдер туралы пікір қозғағанда:«... адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ бірлән батылдықты айырмақты үйреткендігі...» - деп, қоғамдық ғылымдарды өз алдына дербес топтастырады. Абай Отыз сегізінші сөзіндегі «адамның білімі», «алланың ғылымы», «өзіндік ғылым», «дүниенің ғылымы», «заһири ғылым», «дүниені танымақтық» тәрізді ғылым салаларын Фарабидің филос. тұжырымдарында қолданылатын атау сөздермен не қазақы ұғымға сай балама түрдегі атаумен қарастырады.
Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.
Мазмұны [жасыру]
1 Өмірбаяны
2 Құтты білік дастаны
3 Ой өсиеті
4 Пайдаланған әдебиет
[өңдеу]Өмірбаяны
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкиат (астрономия), нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер ғалымы Герман Вамбери (1832 - 1913) "Құтты біліктің" бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 - 1918) жиырма жыл бойы (1890- 1910) айналысқан. Түркия ғалымдары 1942-43 жылдары "Құтты біліктің" үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. "Құтты білік" дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Карахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қаримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984) тәржімалаған. "Құтты білік" дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күн туды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге күт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.[1]
[өңдеу]Құтты білік дастаны
“Құтты білік” дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ, қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді. Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Жүсіп Баласағүниөзінің “Құтты білік” дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Жүсіп Баласағүни дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Ақын мәселені әмірші-патшаның өзінен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам – ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт екенін айтады. Ел басқарған әкімдерді күншілдік, ашкөздік, сауық-сайранға құштарлық, қатыгездік, кекшілдік сияқты жаман қылықтардан сақтандырады. Бұдан кейін ақын патшаның көрер көзі, естір құлағы “хас хажиб”, яғни бас уәзір міндеттерін тізбектеп, зор білгірлікпен айтып шығады. Бас уәзір халықтың талап-тілектерін патшаға, ал патшаның айтар ой-пікірін, жарлықтарын халыққа жеткізіп отыруы тиіс. “Құтты білікте” елшіге қойылатын талаптар егжей-тегжейлі сипатталып жазылған. Елші ерекше зерек, өзі көрікті, көп тіл білетін, шешен,жақсы аңшы, құсбегі, жұлдызшы (астролог), түс жори білетін, музыкант сияқты көптеген қасиеттерге ие жан болуы қажет. Ақын сөзімен айтқанда, “елші ердің төрт құбыласы тең болсын, елде – кісі, сыртта – бүтін ел болсын!” – дейді. Дастанда осылайша елдегі барлық лауазым, кәсіп иелеріне қойылатын моральдік-этик. талаптар сипатталып көрсетілген. Кезінде “Құтты білік” дастаны Шығыстың әр елінде әр түрлі аталып кеткен. Бір елде – “Айнак ул-мамлакат” (“Мемлекет тәртібі”), екіншісінде – “Панунаман мулук” (“Әкімдерге насихат”), үшіншісінде – “Адаб ул-мулук” (“Әкімдердің әдептілігі”) деген атпен мәлім. Бұл атаулардың бәрі – “Құтты білік” дастаны, негізінен, мемлекетті басқару мәселесіне арналған шығарма екенін растай түседі. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Ортағасырлық Шығыс ойшылдарына тән үйлесім – танымды көркем және ғылыми әдістермен ұштастыра қолдану Жүсіп Баласағүни ғибратында суреткерлік, ойшылдық, ғұламалық, философтық қасиеттердің үйлесім табуынан, ғылым даналығының біртұтастығынан көрінеді. Түркі мәдениетінің нәрлі бұлағынан сусындап, мұсылман өркениетінің қуатты ықпалымен толысқан ойшыл өз шығарм-ғында адамның қоғамдағы орны мен қызметін түсінуге ұмтылып, мінсіз қоғам жайындағы өзінің биік филос. мұраттарын баяндайды. Жүсіп Баласағүниның “Құтты білігінде” өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. Жүсіп Баласағүни ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет – от, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып, ойшыл әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Осындай тағы бір төрттаған Жүсіп Баласағүниның қоғам туралы ойларында, яғни қазіргі түсініктегі әлеум. философиясында әділет, бақыт, ақыл және қанағат ретінде бейнеленіп, “Құтты біліктің” төрт кейіпкерінің бойына жинақталған. Ғалам мен микроғаламның тұтастығы, барабарлығы туралы ой Жүсіп Баласағүни дүниетанымының өне бойынан байқалады. Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімділік негізінде әділетті адамзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. Жүсіп Баласағүни жалпыға ортақ парасаттың танымның нәтижесі ретіндегі білімге көшуі адам мүмкіндігінің жүзеге асуы деп біледі. Ғұлама білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарсы шығып, оған парасатты іс-әрекеттің нәтижесінде қол жеткізуге болатынына сенеді. Білімге молынан сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім – даналық, денсаулық және жан толысуы. Жүсіп Баласағүнидің ойынша, қоғам құрылымындағы кемелдіктің өлшемі әлеум. тәртіп бұзылғанда ғана көзге түсе бастайды. Сол кезде жаңа мұраттар мен ұрандар пайда болып, халық қолдауына ие болады. Ол қоғамдық құрылымның кемелдігін жеке адамның бостандығы, тәуелсіздігі анықтайды деп санады. Жүсіп Баласағүни өзінің әлеуметтік философиясында қоғамдағы кемелдіктің негіздері мен іс жүзіндегі көріністерін өзара тығыз байланыста қарастырады. Танымдағы кемелдік – білік, оның іс жүзіндегі көрінісі – укуш деп біледі ол. Жүсіп Баласағүни өз еңбегінде зердеге айрықша тоқталған. “Құтты білікте” ол, ең алдымен, даналық яғни қазіргі түсініктегі теориялық зерде туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақтаудағы адамның өз рөлі, таным процесінде ақиқатқа ұмтылу, т.б. мәселелерді қарастырады. Ғұлама өз туындысын Шығыс перепатизмінің арнасында, сопылық ағымның қуатты ықпалымен жазып шыққан. Ойлау қызметі тек адамға ғана тән, жануарларда жоқ қасиет деп біледі ол. Егер сезім алдамшы болса, онда оған толық сенуге болмайды, ал ақыл, зерде әрқашан адамға қызмет етеді, оның жалғандығы жоқ. “Құтты біліктің” негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт-берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Ондағы “өзіңді сақтау”, “өзіңді ұмытпау” қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиеті – адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағытталған. Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең толғанады. Оның ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі жетегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет. Мұнан өзге Жүсіп Баласағүни шығармашылығына ізгілікке құштарлық пен іңкәрлік, сопылық танымдағы Алланы сүю, әлем мен адам сырына терең бойлауға ұмтылушылық белгілер тән.[2] “Құтты білік” дастаны 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Демек дастанда 13040 өлең жолы бар. Соның бәрі 85 тарауға бөлініп берілген. Дастанның кіріспесі қара сөзбен, ал негізгі бөлімдері аруз өлең өлшемінің ықшамдалған мутакариб деп аталатын түрімен жазылған. “Құтты білік” дастанының сюжеттік желісі негізінен шығарманың бас қаhармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. Төрт түрлі ізгі қасиеттің символдық көрінісі ретінде бейнеленген негізгі төрт қаhарман қоғамның көкейкесті мәселелері туралы әңгімелеседі. Мұндай сұхбатта олар ел басқарған әкімдер қандай болуы керектігін, оқу-білімнің қажеттігін, әдептілік пен тәлім-тәрбие мәселелерін дидактикалық-филос. тұрғыдан сөз етеді. Мәселен, ақын әдептіліктің алуан түрін жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы – тіл әдептілігі деген түйін жасайды. “Құтты білік” дастанының авторы метафора, аллегория, гипербола, меңзеу, астарлап сөйлеу сияқты көркемдік құралдарды аса білгірлікпен пайдаланады. Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғыл. мәні ерекше. Бұл дастан бертін келе қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастырған ру-тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, сөз өнерін, тілін, т.б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра болып табылады.
Жүсіп Баласағұн.
"Құтты білік" дастанын Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай министрі) атағы берілді. Поэманы толық көлемінде неміс тіліне аударысымен және түпнұсқасымен 1891-1900 жылдары В. В. Радлов ғылым әлеміне паш етті. 1896 ж. К. Керимов өзбек тіліне аударды. 1971 жылы Н. Гребнев "Бақытты болу ғылымы" деген атпен еркін аударма жасады. 1983 жылы С. Н. Иванов "Благодатное знание" деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев қазақ тіліне аударды.
"Құтты білік" поэмасы түрік тіліндегі энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол қарахандар әулетіне жоғары дамыған Мавераннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Әрине, шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Екінші бір қыры - исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан шамандық түсініктер көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: "Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" поэмасы - ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма", - деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген
[өңдеу]Ой өсиеті
Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік".[3]
Қожа Ахмет Йассауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Иасы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы.
Мазмұны [жасыру]
1 Өмірбаяны
2 «Диуани Хикмет»
3 Қожа Ахмет Йассауи ілімі
4 Пайдаланылған әдебиет
[өңдеу]Өмірбаяны
Қожа Ахмет Йассауи– түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Йассауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Йассауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады.Қожа Ахмет Йассауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Иасы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Йассауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Йассауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты. Қожа Ахмет Йассауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Йассауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Йассауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Йассауидың алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”). Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа Ахмет Йассауидың “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар да Қожа Ахмет Йассауидың шәкірттері саналады. А.Беннигсон Қожа Ахмет Йассауидың Шопан Ата және Зеңгі Баба атты да шәкірттерінің болғандығын айтады. Йассауи шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: “Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мауераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Йассауи тариқатының шейхтары еді” дейді. Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді[1]:
...Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,
Машайықтар ұлығы - шейхым Ахмет Ясауи.
….Иасы оның арасы, жатыр гауһар парасы,
Машайықтар сарасы - шейхым Ахмед Ясауи. Ахмет Бұқар қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға келіп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған сопылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады. Ахмет Ясауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында былайша баяндайды:
...Он жетімде Түркістанда тұрдым, міне
Он сегізде Шілтеменеи шарап іштім,
Рузы қылды, Жәннат кезіп қорлар құштым,
Хақ Мұстафа жүздерін көрдім, міне...
[өңдеу]«Диуани Хикмет»
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.«Диуани Хикматтан» түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады.
Қожа Ахмет Яссауи сағанасы
Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Яссауи «әзіреті сұлтан» аталып, басына 14 ғ. аяғында атақты Ақсақ Темір күмбезді сағана орнаттырады.Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы “Диуани Хикмет”, “Мират-ул Қулуб”, “Пақырнама” сияқты мұраларынан көрінеді. Қожа Ахмет Йассауи сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының негізін моральдық-этикалық және сопылық хикметтер деп жіктеуге болады. Йассауи іліміндегі парасат ұғымы адамның адамгершілік ахлақи мәртебесіне және “инсани камил” дәрежесіне жету мәселесін қарастырады. Қожа Ахмет Йассауидың дүниетанымдық тұжырымдамасының теория негізін шариат пен мағрифат құраса, ал тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет дүниетанымының мәні – “адамның өзін-өзі тануы” арқылы “Хақты тануы”. Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) – “тәуба”, соңғысы “құлдық” (убудийат, абд). Бұл жолдағы адам “жаратылған – мен” екендігінің ақиқатына, жаратылыс сырына көзі жеткенде, өзінің адамдық парызы – “Алла мен адамның және адам мен қоғамның” арасында “көпір – жол” болу екендігін ұғынады. [2]
Йассауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі – адам. Адам “кемелдікке” жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары – хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы – Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Қожа Ахмет Йассауи хикметтерінде адамның табиғаты Құранда айтылғандай – су мен топыраққа телінеді. “Асылың білсең су уа кил (топырақ) және килге (топыраққа) кетер йа” – дейді ол. Сопылық мағынада “топырақ” – адамның жаратылыс табиғаты, парасаттылық пен қарапайымдылық. Ал, нәпсіқұмарлық, менмендік, өркөкіректік – адамды адамшылықтан кетіретін қасиеттер. Қожа Ахмет Йассауидың кейбір хикметтерінде өзінің бүкіл болмысымен топыраққа айналғандығын білдіретін символдық ұғымдар қолданылады: “Басым топырақ, өзім топырақ, тәнім топырақ; Хаққа қауышар ма екем деп – рухым муштақ”. Бұл сопылық мағынада “уисал” (Хаққа қауышу) мақамын білдіреді. Топырақ болу, нәпсіден арылу – Хаққа қауышудың бірінші шарты. Осыдан кейін адам ақиқатқа жетіп, инсани кәміл дәрежесіне ұласып, өзінің Хаққа бастар “жол” екендігінің мәніне қанығады. “Топырақ болғыл әлем сені басып өтсін” дегендегі мақсат осыған саяды. Өйткені сопылық атауда әулиелер мен пірлердің қабірін де “топырақ” дейді. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында әулие – даңғыл жол, өйткені ол – халқына жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның арасын айыруға жөн сілтейтін, Алла рахметінің қоғамдағы көрінісі болып табылатын дана тұлға.
[өңдеу]Қожа Ахмет Йассауи ілімі
Қожа Ахмет Йассауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты – топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Қожа Ахмет Йассауи кемелдікке жету үшін адамда ашқ (қуатты махаббат) пен дерт болу керек дейді. “Дертсіз адам адам емес, мұны аңла; Ашқсыз инсан хайуан жынысы, бұны тыңда”. Осы хикмет жолындағы “дертсіз адам” адамдық сезімнен жұрдай, өз ұлтының, қоғамының, Отанының алдында жауапсыз, мұңсыз, қара басының қамын күйттейтін жан. “Ашқсыз адам” – илаhи фитраттан, яғни Алла тарапынан адамға берілген құдайлық сыйдан мақрұм қалған, өзінің адамдық қадірін бағалай алмайтын, парасаттылыққа ұмтылмайтын, өзін қоршаған әлемге, адамға, табиғатқа, осының бәрін Жаратушы иеге мән бермейтін жан. Дертті адамның Қожа Ахмет Йассауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің – шырақ, халің – пілте, көз жасың – жағатын май” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, ашқ отына түсіп, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, көз жасы, қайрат-жігерімен одан шығар жол, дауа іздейді. Шынайы ашққа осы дерт арқылы ұласады. Ал ашқ кемелдікке жетелейтін күш-қуат көзі. Қожа Ахмет Йассауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат), ол “Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін” – дейді. Бұл ибадат (убудийат) – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Құдайлық ашқты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде құрметтеуді парыз деп қарайды. “Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар” деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Йассауи ілімі – дін, мазһаб аясына сыймайтын шексіз ашқ (махаббат) жолы. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында “дертті адам”, “топырақ адам”, “кемел адам”, сондай-ақ, “ғарип адам” тұлғалары да дәріптеледі.
Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды (қ. Сопылық). Қожа Ахмет Йассауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: “Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын hәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рақым ет Сен (Алла) таң сәріде” – деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаhи ашқ – Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік – адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сансыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Сондықтан да Қожа Ахмет Йассауи “Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл” дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында өмір мен өлім мәселесінің мәні өзгеше. Ғазали “өлімнің ақиқатын түсіну үшін, өмірдің мәніне жету керек, ал рухты білмей тұрып, өмірді тани алмайсың” дейді. Оның ілімінде нәпсі – жамандықтың, рух – жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі мүмкін емес. Рухтың өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазалығын мақсат тұту “ашқ” мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады. “Муту қабла ан тамуту-топырақ болмақ; Ашқтар өлмес бұрын өледі екен...” “Құл Қожа Ахмет, нәпсіні тептім, нәпсіні тептім, Өлмес бұрын жан берудің дертін шектім, Дидар тілеп тәрк етсем масиуаны; Өлмес бұрын болмысыңды айла фани...” Бұлар – “өлмес бұрын өлу” философиясына тән хикметтер. Қожа Ахмет Йассауи мұнда масиуаны (Хақтан басқа барлық дүниені) тәрк ету арқылы шынайы өмір мәнін ұғынуға шақырады. Оның көзқарасы бойынша, “шынайы өмір” деп, рухтың нәпсіден арылып, илаhи нұрлармен шайылуын айтады. Бұл ілім негізінде адамдарды “өлілер” және “тірілер” деп қарауға болады. Бұл жердегі “өлі” және “тірі” ұғымы рухқа байланысты. “Өлілер” – дүниеде нәпсінің құлы болып өткендер, олар тірі болса да өлікпен тең. “Тірілер” – нәпсілерін жою арқылы рухтарына “өмір” сыйлағандар, олар өлсе де мәңгілік өмірмен қауышқандар, бақи мәртебесіне жеткендер. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында физикалық өлім жоқ. Ол жай ғана рухтың тәннен айырылып, басқа бір халге ауысуы. Аллаға құлшылықтың ең жоғарғы халі – еркіндік. Рухани өмір ішкі рухқа қатысты болғандықтан,Қожа Ахмет Йассауи іліміндегі еркіндік мәселесі де адамның “ішкі еркіндігі” шеңберінде қарастырылады. Ішкі еркіндікті ислам ахлағында “моральдық еркіндік” дейді. Яғни, Хаққа толық құл болған адам ғана толық еркін, азат. Демек, Алладан басқа барлық нәрседен тазару шынайы еркіндікке ұласады. Сопы Хақ алдында құл, халық алдында азат, еркін. Рухани өлімнің нәтижесінде нәпсі үстемдік құрып, адамды өзіне құл етеді. Адам өзінің жаратылысын, табиғатын жатсына бастайды. Нәтижесінде рух еркіндіктен айырылады. Қожа Ахмет Йассауи әдісі бойынша, рухты еркіндікке қауыштырудың жолы – зухд Қожа Ахмет Йассауи ілімінде ішкі еркіндікке жетудің дәрежелері мен басқыштары айтылады. Бұлар сопылық дүниетанымдағы “халдер” мен “мақамат” категорияларының рет-ретімен жалғасуы арқылы жүзеге асады. Ішкі еркіндік жайындағы мәліметтің негізі – дін. Ал дін адамзатқа “ішкі құлдықтан” құтылу және “ішкі еркіндікке” жетудің жолын көрсететін Алла тарапынан берілген илаhи жолдағы Қожа Ахмет Йассауи ілімі бойынша, “өлілер” мен “тірілер” ұғымына сәйкес, еркіндік мәселесінде де адамдарды екі топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топ – “еркіндікті аңсаушылар”. Бұлар тек қана Хаққа табынып, құлшылық етеді. Екінші топ – “еркіндіктен қорқатындар”. Бұлар – нәпсі, мансап, байлық, атақ, дүние, адамға, т.б. табынып, құлдық ұрады. Хикметтің басы – Алланы бар және бір деп білу.
Қожа Ахмет Йассауи адам баласы осы шындықтан бейхабар қалғанда өзінің негізінен алыстай бастайтындығын айтады. Осы ақиқатты адам баласына ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі – Құран деп біледі. Сонымен қатар, Алланы танудың негізгі сыры адамның өзінде екендігін айтады. Адам – микрокосмос болса, рух, бүкіл әлем, болмыс – макрокосмос, Алланың аяттары, яғни белгілері. Адам – рух әлемінде Алламен болған сұхбат-антты бұзбай “Зікір” арқылы үнемі есте сақтаушы. Қожа Ахмет Йассауи іліміндегі зікір, уажд (экстаз), сама сияқты әдістер Алламен болған сертті ұмытпау үшін қолданылған. Адамның арабша “инсан”, яғни “ұмытшақ” екендігін ескергенде, Құранның бір аты болып табылатын зікір (еске алу) адамдық болмысты толықтырып, кемелдендіріп отыратын әдіс екендігі белгілі. Осы тұста “қалу бәла” серті (“...мен сендердің Жаратушың емес пе едім” деген Тәңірінің сұрағына рухтардың “Ия, әлбетте” деген жауап-серті) мен рух әлеміндегі онтол. және туыстық бірліктің адамзат арасында осы кезге жалғасып, сақталуына деген ұмтылыстың, тілектің жатқандығын байқау қиын емес. Жалпы сопылық дүниетанымға тән бұл теориялы-тұжырымдамалық ұстанымды Қожа Ахмет Йассауи түркілік дүниетаным негізінде жаңғыртты. Ислам тарихында дінді ұғынудың, қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда болған “сопылық ағым” ресми діндегі (қалам мен фикһ) қасаңдыққа қарсы бағыт ретінде бой көрсетті. Сол секілді Қожа Ахмет Йассауи ілімі де түркілік дүниетанымның негізгі категориясы болып табылатын әмбебаптыққа сай дамыды. Тәңірді жазалаушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес, Тәңірді сүю және оның үкімдерін құрметтеу арқылы Аллаға махаббатпен қауышу-ұласу әдістерін қалыптастырды. Өйткені сопылық дүниетанымда Алла – ғашық (сүюші), мағшуқ (сүйілуші) әрі ғашықтықтың өзі болғандықтан да, ғашықтық болмыс жаратылысының ең негізгі мұраты. Бұл адам бойында махаббат, жауапкершілік сезімді, иман, т.б. асыл құндылықтарды қалыптастырады. Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғана мәнді, мағыналы өмір, “адамша тіршілік ету өнерін” меңгере алады (қазіргі “Диуани хикмет”). Қожа Ахмет Йассауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ (мораль). Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана “шындыққа”, “жан тыныштығына” қауышады. Қожа Ахмет Йассауи ілімінде “жан тыныштығы”, “шындыққа жету” адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін өзі меңгеруге қолы жетіп, “Кемел адам” тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Йассауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистика) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменол-сы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстындардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстындар мистикалық институттармен тұтасып, “халық діндарлығы” түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет Йассауи дың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның “құрма” символизмі арқылы Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың “себеп” болуы, өмірін пайғамбар өміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей “жерасты мешітіне”, яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды таратудағы маңызды әдістемелік, құбылыстық ерекшелік әрі жаңалық болып табылады. [3]
Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Йассауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Йассауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, Шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Қожа Ахмет Йассауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Йассауи ше хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Қажы Бекташ, Жүніс Әмре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Йассауи сарыны байқалды. 12 ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Йассауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.[4]
Махмұт Қашқари (1029 ж. туған)
Түркі әлемінің тұңғыш түрколыгы, данышпан білгіші Махмұт Қашқаридың өмірі мен қызметі жөнінде мәліметтер аз болғандықтан, оны өз туындысы «Диван-и лұғат ат-Түрктен» («Түркі тілінің сөздігі») ғана біле аламыз.
Махмұт Қашқаридың толық есімі-Махмұт ибн әл-Хусейн ибн Мұхамед. Туылған және қайтыс болған жылдары белгісіз. Ғылыми жорамалдарға қарағанда, ол 1029-1038 жылдар аралығында Қашқарда дүниеге келген. Махмұт Қашқаридың Қараханидтер әулетінен шыққандығы айтылады. Ата-бабаларының бірі-Харун әл-Хасан бин Сүлеймен Боғра хан атағын алған, Маураннахрды жаулап алып, Саманилердің астанасы болған Бұхараны да басып алған. Әкесі Боғра ханның немересі Хусейн бин Мұхаммаед Барсханның (Барскон) әкімі еді. Кейін, Қараханидтер әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі – Қашқарға ауысқан. Махмұттың «Қашқари» ныспысын алуы да осы қалада тұруына байланысты болатын.
Махмұт оқып-жазуды және кейінгі тәлімін өзі туылған Қашқарда алды. Ол заманғы Қашқар қаласы – Шығыс Түркістанның ірі саяси жаңа мәдени орталығы еді. Махмұттың замандасы Жүсіп Баласағұн осы кезде өзінің өлмес «Құтты білігін» жазғаны – бұл өлкеде ғылым мен өнердің аса дамығанын дәлелдейді. Олуақытта барлық ислам елдерінде, олардың ішінде Қашқар елінде де мектептерде Құран, араб тілі, заң негіздері, математика оқытылатын. Бірақ Махмұт тек Қашқарда алған білімімен шектелмей, Азияның басқа да, Бұхара, Самарқанд, Нишапур, Мерв, Бағдат сияқты ірі мәдени орталықтарында білімін кеңейтеді.
Өз тіліне, өз халқына деген сүйісрпеншілігі Махмұтты жер-жерге апарады. Талай ел кезіп, керекті деректер жинап, соңында өзінің данышпан еңбегін жаза бастайды. Кейбір ғалымдардың жорамалдары юойынша, бұл кітап Бағдатта жазылған-мыс. Бірақ осыншама рі әрі құнды еңбек Бағдаттағы кітапханаларда тіркелмегені, орта ғасырлық арабтың білімі мол ғалымдарының бұл «Диванды» білмегені, сонымен қатар «Диванда» Бағдаттың еш аты аталмағаны бұл жорамалдың дұрыстығына күмән туғызады. Сондықтан Махмұт Қашқари «Диванды» жазуға 1072 жылы Қашқарда кірісті деген дұрыс болар. «Диванды» жазып бітірген жыл туралы да ғалымдар арасында ауызбірлік жоқ. Дегенмен, ең дұрысы 1083 жылы октябрьдің 27-де аяқталғанын айта аламыз, бұған «Диванның» ішінде де дәлелдер бар.
Түркология тарихында тұнғыш тарихи-салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихы диалектологиясының негізін салды. Оның мәліметтерін түркі тайпаларының ХІ ғасырда отырықшылыққа көшіп, қала мәдениетін қабылдағанын көреміз. Ол сол заманғы түркі тайпаларын географиялық орналасу ретімен батыстан шығысқа қарай санап көрсетеді және олардың орналасу картасын береді. Жеке тайпа тіліне тән сөздерді түсіндіру үстінде этнографиялық, тарихи, географиялық мәліметтерді де келтіріп отырады. Ол мәліметтерге сүйене отырып, ХІ ғасырда түркі тайпаларының мекен еткен жерін, кімдермен көрші болып араласқанын білуге болады. Махмұт Қашқари Оғыз тайпасының ұсақ руларына дейін атап көрсетеді, олардың әрқайсысының қолданатын таңбаларын атайды. Басқа халық өкілдеріне түркі тілін үйренуге кеңес береді.
16) XIII ғасырдың басында татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті қүрылады. Оның негізін салушы монғолдардың бержегін тайпасынан шыққан Есугей батырдың баласы Тимучин (1155-1227). 1206 ж. монғолдардың қүрылтайшы Тимучинге Шыңғысхан деген атақ беріп, оны монғолдардың үлы өміршісі етіп сайлайды. Шынғысхан билікке келген соң езінің төңірегіндегі тайпалар мен үлыстарға шабуыл жасап, оларды (татар, қонырат, жалайыр, ойрат, керей, меркіт, найман, онғыт және т.б.) ездеріне бағындырады. 1207-1209 жж. Енисей қырғыздары, Сібірдің орман халықтары, үйғырлар монғолдарға бағынады. 1211 ж. Шыңғысхан ескері Солтустік Кытайға бет алып, 1215 ж. Цзинь астанасы Чжундуды (Пекинді) алады.
1213 ж. Шыңғысхан Жебе ноян бастаған ескерін Жетісуға жібереді. Халық қолдауынан айырылған Күшлік хан соғыста жеңіліп, Жетісу аса кеп қарсылықсыз монғолдарға қарады. Жетісуды бағындырғаннан кейін монғол ескерлеріне Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Жорық 1219 ж. қыркуйекте Ертіс жағалауынан басталады. Монғол ескері Отырарға таяп келгенде Шыңғыс хан балалары Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түменді Отырарды қоршау үшін қалдырып, үлкен үлы Жошы бастаған ескерді Сырдария бойындағы қалаларды алуға жіберді, езі кіші үлы Төлемен Бүхарды алуға аттанады.
Отырардың билеушісі Қайырхан 30 мың ескермен қаланы бес ай бойы қорғайды. Тек сатқыншылықпен қала қақпасы ашылғаннан кейін ғана монғол ескері қалаға кіреді. Сырдария бойындағы өзге қалалардың турғындары да ерлікпен қорғанды. Сыр бойындағы қалаларды алған соң Шыңғысхан Орта Азияны басып алуға кірісіп, оны 1221 ж. көктемінде аяқтайды. Соғыс қимылдары енді Иранның Ауғанстан мен Солтустік Үндістанның жеріне көшеді. Монғол ескерлері солтүстік Иранды, Каеказды алып, аландарды, қыпшақтарды және орыстарды бағындырып 1224 ж. Шыңғысханның Ертістегі ордасына қайта оралады. Шыңғысханның жаулап алған байтақ жері енді оның балаларына бөлініп беріледі.
Қазақстан жері Шыңғысхан балаларының үш үлысының құрамына енді. Жошы ұлысына Ертістен Орал тауларына дейінгі жерлер, оңтүстікте Каспий мер Арал теңізінің төңірегі, Хорезм мен Сырдария өңірі; Шағатай улысына Оңтустік, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Шығыс Түрікстан мен Меуереннахр; Үгедей улысына солтустік-шығыс Қазақстан - жоғарғы Ертіс, Тарбағатай аудандары және Батыс Монголия енді. Ал кіші үлы Төлей болса, ол Шыңғысханның негізгі журты - Монғолияны алды. 1227 ж. Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін, Монғолия үлысы бірнеше теуелсіз мемлекеттерге бөлініп кетеді.
17) 1235 ж. Қарақорымдағы монғол ақсуектерінің қүрылтайы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдайды. Монғол ескерлерін Жошының үлы Батый (Бату) басқаратын болады. Ол Дешті-Қыпшақ пен Еділ бүлғарларының жеріне, одан ері Батыс елдеріне жаулау жорығын бастайды. Жеті жылдық соғыс нәтижесінде (1236-1242 ж.ж.) Батыйдың қоластына Еділдің батысынан Дунайдың төменгі жағына дейінгі жерлер қарайды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі жағында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Астанасы Сарай Бату (Астрахан маңында), кейінен Сарай- Берке қаласында болды.
Алтын орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда бүлғырлар, мордеалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, кешпелі аудандарда қыпшақтар, қаңлылар, наймандар, қоңыраттар, керейлер және т.б. кірді. Монғолдардың өзі аз болды. ХІІ-ХІУ ғғ. олар туріктеніп, Алтын Орда халқы 1,татарлар" деп атала бастады.
Алтын Орданың мемлекеттік қурылымы әскери негізде болды. Мемлекет Жошы хан еулетінің меншігі болып саналды. Аса маңызды мемлекеттік меселелерді шешу үшін қурылтай шақырылатын болды. Мемлекеттік істерді бекпербег, жекеленген салаларды - уезірлер басқарды. Қалалар мен бағынышты үлыстарға даруғалар мен басқақтар тағайындалады. Ең маңызды қызметтер хан отбасының мүшелеріне берілді. Батудың тусында Алтын Орда екі бөлікке - оң және сол қанатқа бөлінді. Оң қанатты Батыйдың өзі және оның мүрагерлері, сол қанатты Жошының үлкен үлы Орда Ежен және оның мүрагерлері басқарды. Казақстан жерінің кеп бөлігі сол қанат құрамына кірді. Кейін XIII ғасырдың ортасынан XV ғасырдың бірінші ширегіне дейін бүл өңір Ақ Орда деп аталды. Өз кезегінде, бул екі үлыс іштей Жошының басқа балаларының үлыстарына бөлінді. Алғашқы кезде Алтын Орда Монғолиядағы үлы ханға теуелді болды. XIII ғасырдың 60-шы жылдарынан Алтын Орда хандары өздерін теуелсізбіз деп есептеді. Берке хан тусында ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тусында үстем дінге айналды.
XIV ғасырдың екінші жартысынан бастап Алтын Орда алауыздықтан елсірей бастады. Билікке таластық барысында 1357-1330 ж.ж. аралығында Алтын Ордада 25 хан ауысады. 1330 ж. Алтын Орда ханы Мамай Куликоео даласында Дмитрий Донской басқарған орыс ескерінен жеңіледі. Оныңүстіне XIV ғасырдың аяқ кезінде Алтын Орда мен Ақ Ордаға Ақсақ Төмір он шақты рет шапқыншылық жасайды. XV ғ. ортасында Алтын Орда ыдырап, оның орнында бірнеше үлыстар пайда болды. Бүл үлыстардың ең ірісі Ақ Орда. Ал 20-60 жылдары Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астархань хандықтары бөлініп шықты.
Жетісу жеріне келер болсақ, Шағатай мен Үгедей еулетінің арасындағы үздіксіз соғыстардың нәтижесінде еуелі Үгедей үлысы жойылып, XIV ғасырдың орта шенінде Шағатай үлысынан Моғолстан бөлініп шығады. Моғолстанға Орта Азияныңсолтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан қарады.
Жалпылама монғол шапқыншылығы мен оның өкгемдігі Қазақстанның қалыптасқан шаруашылық дамуын бүзып, экономикалық және медени дамуын узақ уақытқа туралатып тастады. Сонымен қатар монғол басқыншылығы сауда-саттық пен халықаралық байланыстың дамуына жағдай жасап, бір орталыққа бағынатын өкімет идеясын екеліп, бурын уйымдаспаған, бытыраңқы тайпалардың басын қосты.
18) Ақ Орда - Алтын Орданың шығысындағы дербес ұлыс, сосын тәуелсіз ел.[1]
Мазмұны [жасыру]
1 Мемлекет
2 Күшейген кезі
3 Жаңа дәуір
4 Тұжырымдар
5 Дереккөздер
6 Қосымша мәліметтер
[өңдеу]Мемлекет
14-15 ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар Ақ Орда хандары - Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, Барақ
[өңдеу]Күшейген кезі
Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.
[өңдеу]Жаңа дәуір
1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды.[2][3]
[өңдеу]Тұжырымдар
Әуезов «Әдебиет тарихы» атты монографиясында (1927) Ақ Орда тұсындағы тарихи оқиғаларды талдай келе, көп дәуір «исі түркі жұртының бірлігі мен елдігін ойлаған ұлы батырларды туғызды» деген пікір түйеді. Ондай шығармалардың татарына «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Шора батыр» жырларын жатқызады. Жазушы бұл тұжырымын: «Батырлар әңгімесінің басы ескі түркі бірлігінің заманындағы әңгімелерден шығады. Қазақ елінің ескілігі жалғыз қазақтікі емес, жалпы түрік жүртының ескілігі деп саналуға керек. Бұрынғы түрік, монғол дәуірі жүрген заманда «Алтын Орда, Ақ Орда күндері» айтылатын жерлер бар. Ноғайлы, Қырым, Қыпшақ, Қырғыздардың бір жалаудың астында бір ел болып жүрген кездерін айтады. Бұл түрік журттарының жік-жікке бөлінбей тұрған күндері бірін-бірі жат демей, бауыр көріп журген кездері. Қазақтағы батырлар әңгімесінің осы кездерде шыққаны бір жік болып, кейінгі замандағы шыққандары екінші бір жік болады. Алғашқы жіктегі - ұлы батырлар» деп одан әрі дамытады. Осы еңбекте түркі тілдес халықтардың бірлігін аңсаған тарихи жырларды ерекше бөліп қарағаны үшін оған 1927-32 және 1945-51 жылдары' «Ұлтшыл - ұлы түрікшіл», «Алтын Орда» мен «Ақ Орда» дәуірінің тұсындағы хандықты көксеп отыр» деген айып тағылды.[4]
20) Ноғай ордасы , Маңғыт ұлысы – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Бат. Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Бат. Сібір ойпатына дейін, солт.-батыста Қазанға дейін, оңт.-батыста Арал, Каспий т-не дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Н. о. алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. “Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған. Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ-дың 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Н. о-ның негізін Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Кастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы әмір” атағына ие болған. Ибн Арабшахтың айтуынша, оның жиырма баласының әрқайсысы жеке иеліктерде билік жүргізіп, әскер ұстаған. Н. о-ның даралануы 13 ғ-дың 2-жартысында басталып, Нұр әд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық өз-нің төм. саласы, Сарайшық қ. болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар сияқты Н. о-нда этн. құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас билікті “бектер бегі”, әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, князь, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Н. о-ның саяси үстемдігі, экон. тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды. 15 ғ-дың орта шенінде ноғайлар Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығ. Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігінің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал ш. болды. Н. о-ның құрамына енген тайпалар (маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этн. құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Н. о. мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (қ. Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ-дың аяғында Н. о. орыс мемлекетімен саяси және сауда-экон. байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды. 16 ғ-дың 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Н. о. әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солт. Кавказда Кіші Ноғай ордасы, Жем, Ойыл жағалауларында Алты ұлыс ордасы құрылды. Исмаил мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай ордасын құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды. Еділ қалмақтарының шабуы¬лынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағалауына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Н. о. ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді. Н. о. түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының ұлт болып қалыптасуында Н. о-на кірген тайпалардың үлесі өте мол. Олардан аса үлкен мәдени мұра қалды; қ. Ноғайлы дәуірінің әдебиеті.
21) ХҮ ғ. 20-жылдарында Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды. 1428 жылы Шайбан ұрпағы Әбілқайыр (1428-1468) осы аймақтардағы билікті қолына алды. Ол Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты. Шығыс Дешті-Қыпшақтың бытыраңқы тайпаларының басын қосып «Көшпелі өзбектер мемлекетін» құрды.
Әбілқайыр хандығының территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірінен солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты. Астанасы – алғашқыда Тура, 1431 жылдан Орда-Базар, 1446 жылдан Сығанақ. Халқы - өзбектер деп аталған түрік тайпалары (қыпшақтар, қоңыраттар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қаңлылар, үйсіндер т.б.). Елді 40 жыл билесе де, Әбілқайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады. Мемлекет бір орталықтан басқарылмай бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарып, олардың арасында билік үшін толассыз соғыстар тоқтамады.
Әбілқайыр хан өз билігін нығайтып, жаңа жерлер қосып алу үшін көптеген соғыстар жүргізіп 1430 жылы Тобыл өзені бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады. Сырдария өңіріндегі далада Жошы әулетінің Махмұд және Ахмет хандарын жеңіп, Орда-Базар қаласын тартып алды. 1446 жылы Мұстафа ханды тізе бүктіреді. Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркөкті жаулап, Сығанақты астана етті.
ХҮ ғ. 50-жылдары Самарқанд, Бұхарды шабуылдап, осы өңірдегі Темір ұрпақтарының ішкі саяси өміріне араласты. Бірақта 1457 жылы Өз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде жеңіліп, онымен өзін қорлайтындай ауыр шарт жасасты.
Бұл жағдай Әбілқайыр ханның саяси беделін төмендетті. Нәтижесінде ХҮ ғ. 50-жылдарының аяғында Көшпелі өзбектер мемлекетінен Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған халықтың бір тобы Моғолстанға көшіп кетті. Оларды жазалау үшін 1468 жылы Әбілқайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен қайтыс болды. Осыдан кейін Әбілқайыр хандығы ыдырап кетті.
Әбілқайырдың мұрагері Шайх-Хайдар хан ішкі тартыста өлтірілді. Ал Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбани (1470-1510) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Әбілқайырдан тараған Шайбанилар ұрпағының Шығыс Дешті-Қыпшақтағы билігі бітеді. Бұл жерлердегі билік қазақ хандарына толық көшті. ХҮІ ғ. басында көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шайбанилердің бастауымен Мәуереннахрға көшіп кетті. Ондағы Темір ұрпақтарынң билігінің әлсірегенін пайдаланып, Шайбанилер Орта Азиядағы өкімет билігін тартып алды. Қазақстан жерінде қалған тайпалар Қазақ хандығының қол астына қарайды.
22) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде ХІү-Хү ғғ. орын алған әлеуметтік-экономикалық және этникалық саяси өзгерістерден туған занды қүбылыс. Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Моғолстан мен Ноғай ордасы жаңа феодалдық мемлекеттердің қалыптасуына, халықтардың жіктелуіне жағдай жасады.
XV ғасырдың 40-50 жж. Әбілхайыр хандығының қурамындағы қазақ халқының бір бөлігі Барақ ханның інісі Керей мен баласы Женібектің теңірегіне топтасып Сырдарияның теменгі сағасына, Қаратау қойнауының шығыс бөлігіне шоғырланды. 1465-1466 жылдары Жетісудың батысындағы Шу мен Талас өзендерінің өңіріне Әбілхайыр хандығынан бөлінген рулар мен тайпалар квшіп барып Казақ хандығының шаңырағын көтереді. Жасының және жолының үлкендігіне қарай алғаш хан Керей болды. Қазақ хандығының қүрылуына байланысты шығыста Моғолстан, оңтустік батыста Әбілхайыр хандығы құрамындағы қазақ рулары мен тайпаларының Женібек пен Керейдің қол астына келуі бурынғыдан бетер күшейіп, қазақ хандығының шекарасы бірте- бірте кеңейе түсті. Алғашқы қазақ хандары Сырдария бойындағы қалаларды ездеріне қаратуға тырысты. Оңтүстік Қазақстанның қалалары үшін Әбілхайыр еулетімен соғыс Керей ханнан кейін қазақ хандығының тізгінін үстаған Бүрындық хан (1430-1511 жж.) мен Женібекгің баласы Қасым хан (1511-1523 жж.) тусында да толастамады.
Қасым хан тусында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығайып, жері кеңейіп, хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік- батыста Сырдарияның оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейін созылды. Қасым хан тусында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалып, орыс мемлекетімен қатынас қалыптасты. XVI ғ. 20 жылдары Қасым хан қайтыс болған соң Жошы урпағының өзара талас- тартысы қазақ хандығын біраз елсіретті. Өзбектер мен моғол билеушілері қазақтарға қарсы одаққа бірікті. Сырдария бойындағы қалалар қолдан шығып кетті.
Әлсіреген хандықты біріктіруге XVI ғасырдың екінші жартысында Қасым ханның баласы Ақназар хан өз үлесін қосты. Ол ноғай мырзаларының көбін өзіне тартып, Жайық өзенінің сол жағасындағы жерді қосып алды. Ол ойраттар мен моғолдарға қарсы шығып, Жетісудың шығысы мен оңтүстігіндегі жерлерді қорғап, Сырдария бойындағы Сауран мен Түрікстанды қайтарды. 4.2. Қазақ халқының пайда болуы.
Қазақ халқының қалыптасуы көне заманнан - алғашқы қауымдық қурылыстың ыдырауы кезеңінен бастау алады. Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың үрпағымен араласқан түрікгер Қазақстан жеріндегі этно- демографиялық жағдайға өзгеріс екелді. Ертефеодалдық мемлекеттер мен қоғамдық қатынастардың қалыптасуы, түркі тілінің халықаралық негізгі тілге айналуы, мәдениет пен діннің уқсастығы этникалық жағынан біртутастықты жеделдетті.
XIII ғ. басындағы монғол басқыншылығы Қазақстан жерінде жергілікті рулар мен тайпалардың бір халық болып қалыптасуына бір шама кедергі жасады. ХІУ-ХУ ғасырларда шаруашылық, қалалар қалпына келіп, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға үмтылыс барған сайын күшейе түсті. Қазақстанның ежелгі тайпалары өздерінің табиғи, экономикалық және саяси қалыптасқан жағдайларына байланысты үш этникалық-шаруашылық топқа бөлінді. Ұлы, Орта және Кіші жүз. Қазақ жүздерінің ерқайсының көшіп- қонатын жолдары мен жерлері болды. Осыған қарамастан олардың тілі мен материалдық медениетінде ешбір айырмашылық болмады.
XV ғ. екінші жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық жерін мемлекет етіп біріктіру халықтың қалыптасу барысын тездетті. Женібек пен Керей хандығы нығайғаннан кейін, олардың қарамағындағы халық түгелдей қазақтар деп атала бастады.
23) Қасым хан Жәнібекұлы (1445—1518) — қазақтың ұлы хандарынын бірі, Қазақ хандығының негізін қалаушылардың бірі — Әз-Жәнібек ханның ортаншы баласы. Шешесі Жаған-бегім Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңілісі. Қасым хан (шамамен 1445 – 1521 жылдары) – Қазақ хандығының ханы (1511 – 1521), Жәнібек ханның ұлы. Тарихта Қасым ханның есімі Қазақ хандығының күшеюі және нығаюымен тікелей байланысты. Жазба деректерде Қасым хан 15 ғасырдың 70 – 90 жылдары Қазақ хандығының Сыр бойындағы қалалар мен өңірлер үшін жүргізген күрестерге белсене қатысады, басшылық етеді. Бұл кезде қазақ ханы Керейдің ұлы Бұрындық, қазақ әскерінің қолбасшысы Қасым хан болды. Осы кезеңдегі оқиғаларды баяндайтын деректер Қасым ханды «белгілі сұлтан және атақты баһадүр» деп атайды. Ширек ғасырға созылған Сыр бойы үшін күресте Қасым хан және Жәнібек ханның басқа да ұлдары Сығанақ, Сауран, Отырар, Сайрам түбінде бірнеше рет Шайбани хан әскерін тас-талқан етіп жеңеді. 15 ғасырдың 90 жылдары жасалған бейбіт келісім бойынша Қазақ хандығына Сығанақ пен Сауран өтеді. Бұл қалаларда Жәнібек хан ұлдары билік жүргізеді. 15 ғасыр басында Мауераннахрды бағындырып, үлкен күшке ие болған Мұхаммед Шайбани хан 1506 – 10 жылдары үздіксіз төрт рет қазақтарға жорық ұйымдастырады. Бұрындық хан Шайбани ханның алғашқы үш жорығына тойтарыс ұйымдастыра алмайды. Оның беделі төмендейді. Ал жазба деректерде «бұл кезде Қасым хандық билікте болмаса да, оның беделі ханнан күшті болды» және «өзін дербес ұстау үшін Бұрындық ханнан алыста көшіп-қонып жүрді» делінеді. 1510 жылы Шайбани ханның соңғы, төртінші жорығы Ұлытау өңіріндегі Қасым ханның ұлысына бағытталады. Қасым хан әскері Шайбани хан әскерін тас-талқан етеді де, жауды Сыр бойынан қуып шығады. Осы жеңістен соң, ешкім де Бұрындық хан туралы ойламай, Қасым хан билігін мойындайды. Бұрындық болса Самарқан жаққа кетуге мәжбүр болады. 1511 – 13 жылдары Қасым хан Шайбанилар ісімен айналысады. 1512 – 13 жылы ерте көктемде Қараталдағы Қасым ханға Сайрам қаласының әкімі Қаттабектен адам келіп, Қасым хан билігін алуын сұрайды. Қасым хан Қаттабектің ұсынысын қабыл алып, ол жаққа бір әмірін жібереді де, өзі Тараз жаққа бағыт ұстайды. Қаттабектің ұсынысымен Қасым хан Ташкентке жорық жасайды. Бірақ жорық сәтсіз болып, Қасым хан Сайрам маңына қайта оралады. 1513 жылы жазында Шу бойындағы Қасым хан Ордасына Әндіжаннан моғол ханы Сұлтан Сайд хан елшілікпен келеді. Оның мақсаты – Ташкенттегі Сүйініш ханға, жалпы Мауераннахрдағы шайбанилар әулетіне қарсы бірігіп күрес ұйымдастыру еді. Қасым хан бұл ұсынысқа дипломат. жолмен жауап береді. Сұлтан Сайд хан мақсатына жетпесе де, Қасым ханның көрсеткен құрметіне өте риза боп қайтады. 1517 – 21 жылдары Қасым хан Қазақ хандығының батысында белсенді саясат жүргізеді. Ноғайлардың бір бөлігі қазақтарға қосылып, шекара Еділге дейін жетеді. Орыс деректері бойынша Қасым хан 1521 жылы қыста қайтыс болады. Денесі Сарайшықта жерленеді. Қасым хан тұсында қазақ әскерінің саны 200 мың, халқының саны 1 млн-ға жетеді. Шекара батыста – Еділге, оңтүстікте Ташкентке дейінгі жерлерді қамтыды. Қасым хан өз тұсында берік және адал хандардың бірі болды
[өңдеу]Орнауы
Орналасқан жері
Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды.1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауын қаитып, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын.
Әлихан Бөкейханов кезінде былай деп жазыпты:
Қасым хан бүкіл қазақ халқын біріктіру арқылы үлкен әскери күшке ие болды. Қарауындағы халықтың бақытына орай, ол өзінің бейбітшіліксүйгіш саясатымен халықтың махаббатына бөленді. Осы бейбітшіліксүйгіштігімен Қасым хан халықтар арасында ерекше әйгілі болды.
«Қасқа жол» — деп аталатын заң, қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде Қасым хан тұсында жасалған. Оның жасалуына себеп болған жағдайлар мыналар:
Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді;
Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді;
Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты;
Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы сай келмейді.
Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.
Мұхаммед Хайдар Дулатидың жазбаларына қарағанда, Қасым хан 1518 жылы қайтыс болған. Ал Тахир Мұхаммед өзінің «Раузат-ат Тарихирин» атты еңбегінде Қасым ханның өлген уақыты 1523—24 жылдар деп көрсетеді.
Қадырғали Жалайыридың сөзі бойынша, Қасым хан Сарайшық қаласында қаза болған. Тарихшы [[Чулошников|А. П. Чулошников[[ Қасым ханның Сарайшықтағы мазарының 17 ғасыр басында кұламай аман тұрғанын жазады
24) XVI ғасырдың 60-70 жж. Ақназар хан өзбек ханы Абдолланы қолдау арқылы қазақтардың Орта Азия халықтарымен сауда, экономикалық байланыстарын жандандырады. Оның Абдолламен достық байланысынан қорыққан Ташкент билеушісі Баба султан жансыздары арқылы Ақназарды у беріп өлтіртеді.
Қазақ ханы болып Женібектің немересі Шығай (1530-1582 жж.) сайланады. Ол өзінің үлдарымен бірге Баба султанға қарсы куресте өзбек ханына қолдау көрсетті. Шығай хан қайтыс болғаннан кейін қазақ хандығының билігі оның үлы Тәуекелге көшті. Ол Түрікстанның біраз қалаларын өзіне қаратып, Ресеймен қарым-қатынасты жолға қойды. 1593 ж. Орта Азияға жорық кезінде жараланып Ташкентте қайтыс болды. Оның орнына Шығайдың тағы бір үлы Есім (1593-1623 жж.) хан болды. Ол Бүқармен бітім шартын жасасты, шарт бойынша Сыр бойындағы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бекітіліп берілді, бірсыпыра уақытқа Ферғана да кірді.
XVII XVII ғ. Қазақстанның ішкі жағдайы турақсыз болды. Қазақ хандығы іштей белшектеніп, феодалдық қақтығыстар кушейді. Сыртқы жағдай да курделене тусті. 1635 ж. Жоңғар хандығының пайда болуымен қазақ жеріне жаңа қауіп төнді. Жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып, осы аймақта көшіп журген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Есім ханның орнына хан болған баласы Жеңгір (1623-1652) 1644ж. Жалаңтөс басқарған самарқандтық ескермен бірігіп Жоңғар тауының шатқалында жоңғарларға бас көтертпейтін соққы берді. Жеңгір хан өз өмірінің денін жоңғарлармен соғыста өткізіп, оларға қарсы жорықта журіп 1652 ж. қаза тапты. XVII ғ. соңына қарай жоңғар ескерлері Оңтустік Қазақстанға басып кіріп Сайрам, Манкент, Қарааспан, Шымкент, Ташкент қалаларын басып алады.
1630 ж. Қазақстан жеріндегі хандықтың билігі Жеңгірдің бласы Теуке ханға (1630-1713 жж.) көшті. Оның түсында қазақ хандығындағы жағдай біршама турақтанып, жоңғарлардың шабуылы бесендейді. Ол қазақ билеріне суйене отырып иЖеті Жарғы" деген атаумен едеттегі қүқық өлшемдерінің жинағын қурастырды. Ол көрші мемлекеттермен одақтасудың және бейбіт қарым-қатынас орнатудың жолдарын іздестірді.
Хақназар ханның тұсындағы Қазақ хандығы
16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Хақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Хақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Хақназарды у беріп өлтірді. Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол хандық билікті нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді. Хақназар хандық құрған кезде Қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар болып жатты. Мемлекеттің солтүстігінде Ресей өз иеліктерін қазақ даласына едәуір жылжытты. Қазан мен Астраханьды басып алғаннан кейін Еділ өзенінің барлық аңғары Ресейдің қол астына кірді. Башқұрт және Сібір хандықтары Ресей құрамына енгеннен кейін, ноғайлар Қазақ хандығының солтүстік-шығысына ығыса бастады. Олар Еділден Ертіске дейінгі аралықта көшіп-қонып жүрді. Башқұрттар мен Сібір татарлары да қазақ жерлеріне енуін тоқтатпады. Сырдарияның төменгі ағысына қарақалпақтар келе бастады. Еділ мен Жайық арасындағы өңірді мекендеген Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай одағы ыдырап, ауыр дағдарысқа тап болды. Оған қарасты көшпелі тайпалардың бір бөлегі Қазақ хандығына келіп қосылды. Хақназар Ноғай Ордасының көп ұлысын (бұлардың көбі қазақтың Кіші жүзі – алшын одағына енген тайпалар) өзіне қаратып алды. Тарихи деректерде Хақназарды «қазақтар мен ноғайлардың ханы» деп атаған. Сөйтіп, ХҮІ ғасырдың 60-жылдары Ноғай Ордасы ыдырап, бұрын оған қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұрын Ноғай Ордасының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да Қазақ хандығына өтті. Бұл жағдай Қазақ хандығының солтүстік-батыс және солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай Ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің Қазақ хандығына қосылып, енді бір бөлегінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын Қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігіне келген Көшім хан Қазақ хандығына дұшпандық саясат ұстанды. Оның үстіне моғол билеушілері мен қазақ хандары арасында да қақтығыстар болып тұрды. Осындай күрделі жағдайларда Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Өзінен бұрынғы қазақ хандары үнемі жауласып келген Мауераннахрдағы шайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Сөйтіп, шайбанилық Бұхара ханы Абдолла ІІ-мен одақтық келісім-шарт жасасты. Соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орта Азия халқымен сауда-саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы жиіледі. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, шаруашылық өмірдің оңалуына тиімді болды. Қазақ хандығы нығайа түсті. Бірақ Хақназар ханды 1580 жылы Абдолла ханның қарсыласы Ташкент билеушісі Баба сұлтан астыртын өзінің адамын жіберіп өлтіртті. Қадырғали Жалайырдың айтуынша «Оның да атағы мен абыройы туралы көп айтылады. Алайда Хақназар хан өз араларында болған қақтығыстарда қаза болған».
[өңдеу]Тәуекел ханның тұсында Қазақ хандығы
Ақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді. 1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел (1582-1598 жж.) отырды. Тәуекел хан Бұхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бұзып, қазақ және өзбек билеушілері арасындағы жаугершілік қайта қоздады. Абдолла ханмен одақтан Тәуекел ханның бас тартуының себебі, біріншіден, Абдолла әуелдегі Түркістаннан төрт қала беруі туралы уәдесінен бас тартады, екіншіден, біздің ойымызша, басты себеп – Абдолла Тәуекел ханның беделінен, батырлығы мен батылдығынан қорқа бастайды, яғни Тәуекел ханнан өзінің бақталасы ретінде қауіп төнгенін сезді. Өйткені кезінде бүкіл Мәуереннахрды Тәуекелдің көмегімен Шайбани мемлекетінің қол астына біріктірген болатын. Тәуекел хан да Жошы ұрпағы болғандықтан, бүкіл Орта Азияны билеуіне толық құқығы болды. Тәуекел сыртқы саясатында хандықтың оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салады. Ендігі жерде ол Сыр бойындағы қалалар үшін Абдолламен күресті бастайды. 1586 жылы Ташкентті алуға әрекет жасайды. Абдолланың негізгі күштері Мәуереннахрдың солтүстігінде шоғырланды. Бұны білген Тәуекел хан Мәуереннахрдың оңтүстік аймақтарына шабуыл жасайды. Оның шабуылы Түркістан, Ташкент, Самарқанд қалаларына қауіп төндіреді. Бірақ Тәуекел ханның Ташкентті алуға жасалған алғашқы жорығы сәтсіз аяқталады. Тәуекел хан қазақ хандығының сыртқы саясатын нығайту барысында орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынастарды жандандырды. Қазақ ханы сыртқы саясатта өзін қолдайтын одақтастар іздеді. 1594 жылы Тәуекел хан Ресейге достық келісім жасасу үшін Құлмұхаммед басқарған Қазақ хандығының тұңғыш ресми елшілігін жібереді. Тәуекел ханның бұндағы мақсаты Ресей мемлекетінің көмегімен Абдоллаға қарсы күресті жандандыру, Сібір ханы Көшімге қарсы одақ құру және 1588 жылы орыс әскерлері ұстап әкеткен өзінің немере інісі, Ондан сұлтанның баласы Оразмұхаммедті тұтқыннан босату болды. Оның жанында қазақтың әйгілі тарихшысы Қадырғали Жалайыр бар еді. 1595 жылы елшіге орыс патшасының жауап грамотасы тапсырылды. Онда орыс патшасы Тәуекел ханға Қазақ хандығын «өзінің патшалық қол астына алатынын» және «оқ ататын қару» жіберетінін уәде етті. Сонымен бірге мынадай талап қойды: «біздің патшалық қоластымызда болғандықтан және біздің патшалық әміріміз бойынша Бұқара патшасымен және бізге опасыздық жасаған Сібір патшасы Көшіммен соғысып, біздің ұлы мәртебелі патшамызға жол салатын боласыздар». Орыс мемлекеті Қазақ хандығымен әскери одақ құрудан бас тартқанымен, Тәуекел хан орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынасты үзген жоқ. 1595 жылы Мәскеуден орыс елшісі Вельямин Степанов Қазақ хандығына келді. Нәтижесінде екі мемлекет арасында сауда байланыстары жанданды. Бұл кезде ойраттардың бір бөлігі Тәуекел ханға тәуелді болды. Сондықтан ол өзінің Мәскеуге жолдаған грамотасында өзін «қазақтар мен қалмақтардың патшасы» деп атады. 1597 жылы Бұхар хандығында ішкі тартыс, ырың-жырың басталды, онда ықпалды адамдардың қолдауымен Абдолланың ұлы Абдылмомын әкесіне қарсы шықты. Осы қырқысты пайдаланып, Тәуекел Ташкент қаласының түбінде Абдолла ханның әскерін талқандады. 1598 жылы наурызда Абдолла хан қайтыс болып, Абдылмомын хан болды. Осы орайды пайдаланған Тәуекел хан жүз мың әскермен Мәуераннахрға басып кіріп, Ахси, Әндіжан, Ташкент, Самарқан қалаларын басып алды. Бірақ Бұхараны қоршау кезінде Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп қаза болды. Сөйтіп, ол өз мемлекетінің солтүстік-батыс шекарасындағы бейбіт жағдайды және Орта Азиядағы шайбанилықтардың алауыздығын, бұл әулеттің Аштарханилықтар- дың жаңа әулетімен ауыстырылғанын пайдаланып, сырдариялық қалалар үшін ұзаққа созылған күресті табысты тәмамдады. Абдолла ұрпақтарының өзара билікке таласы нәтижесінде Шайбани әулеті өмір сүруін тоқтатады. Тәуекел Орта Азияға жорығында тек қарулы күшке емес, Орта Азия халықтарының белгілі бір әлеуметтік топтарына сүйенді. Атап айтқанда, Тәуекел ханды дін иелері қолдады. Сонымен бірге Ескендір Мұңшы Тәуекел әскерінің құрамында «Түркістан тайпаларының және қырдағы өзбектердің» жауынгерлері болғанын айтады. Жалпы, Шайбани ұрпақтарының өзара қақтығыстарынан шаршаған Орта Азия халықтарының басым бөлігі Тәуекел ханды қолдады десек қателеспейміз. Өйткені Шайбани тармағынан тараған Жошы ұрпақтарының өзі Мәуераннахрда Шайбани әулетін қазақ хандарының әулетімен алмастыруға ниет білдірген. Өкінішке орай, Мәуераннахр қазақ хандарының қолына толығымен көшпеді. Сөйтсе де, Ташкент және оның аймағы 200 жыл бойы Қазақ хандығының құрамында болды. Түркістан қаласы Қазақ хандығының орталығына айналды.
25) "Қазақ" этносы мен Қазақ хандығының қалыптасу тарихы туралы XVI ғасырда Мырза Мұхаммед Хайдар өзінің "Тарихтың түп-төркіні" - "Тарих и Рашиди" атты еңбегінде жақсы жазған. Бұл еңбекте қазақтардың тұрмыс ерекшеліктері, олардың билеушілері туралы, қазақ деген аттың берілу себебі туралы арнайы айтылған.
Орталық билікке бағынбаудың нақты себептерінің бірі көшіп-қону мен халықтың бір бөлігінің ханның қарамағынан жаңа мекендерге кетуі болды. өз қарамағында көшпелі өзбек мемлекетінің халқы бар Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек және Керей сұлтандар өздері үшін беделі жоқ, Әбілқайыр хан Шейбаниге бағынғысы келмеді.
1459 жылы олар Әбілқайырға қарсы халық наразылығына басшылық жасап, өздеріне бағынышты халықпен шығысқа қарай көшіп кетті. Олар Моғолстан мемлекетін құрап отырған өздеріне туыстас тайпаның жеріне келді. Моғолстан ханы да қайтып оралған отандастарына Шу және Қозы басы (батыс Жетісу) аймақтарын бөліп берді. Көшпелі халықты "қазақтар" деп атап, бұл ұғым ерекше этникалық мағынаға ие болды. Мырза Мұхаммед Хайдар: "Жәнібекпен және Кереймен кеткендер "қазақтар" деп аталып, бұл ат оларға мәңгілікке берілді", - деп жазды.
Халықтың қалыптасуындағы көп жылдық этникалық процестің шыңы "қазақ" этнонимі мен Қазақ хандығының құрылуы болды. Қазақ хандығындағы халық саны, әсіресе, 1468 жылы Әбілқайыр хан өлгеннен кейін жаңа тайпалар мен рулардың көшіп келуінің нәтижесінде өсті.
Жаңа этникалық қауымның бірігуіне еш кедергі болған жоқ. Тек Жошы әулетінің басқа бір тармағы - Мұхаммед Шайбани билікке дәмелі болды, бірақ ол да XVI ғасырдың басында өзбек тайпаларын басқарып, оңтүстікке, Орта Азияның территориясына кетіп қалды. Ол жақта Мавреннахрды бағындырып, жаңа этникалық қауымға "өзбек" деген ат берді. Қазақстан жерінде қазақ этникалық қауымы мен Қазақ хандығы қалды және олар қазіргі уақытта да өздерінің географиялық шегінде өмір сүріп келеді .
Қазақ халқы мен мемлекетінің қалыптасу процесін Қазақ жүздерінің тарихынан бөлмей қарау керек. Бұл үш категория (халық, мемлекет, жүз) тарихи дамудың біртұқтас ағымында бөлінбей, тығыз байланыста болды және "қазақ" этносы туралы сөз болғанда, оларды бір-бірінен бөліп қарамау керек.
26) Енді "жүз" ұғымына нақтырақ тоқталсақ.
Жүз - (араб тілінен аударғанда бүтіннің бір бөлігі) ірі этно-территориялық бірлестік немесе тайпалар одағы. Қазақтарда үш жүз - бүтіннің үш бөлігі бар - ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз .
Жүздердің құрылу себебін тайпалардың шаруашылық қызметінің түрлері мен олар өмір сүрген табиғи-географиялық орталарынан іздеу керек .
Қазақстанның территориясында көнеден келе жатқан шаруашылықтың басты түрі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Әрине, Қазақстанда жер өңдеу жұмыстарының да негізі ертеде болған Бірақ, олар шаруашылықтың бұл түрімен айналыса қоймады. Ал мал шаруашылығына келсек, ол XX ғасырдың басына дейін қазақтардың өмірінде елеулі роль атқарды.
Көшпелі мал шаруашылығының ерекшелігі - малды жыл бойы жайылымда ұстау болып табылады. Шаруашылықтың бұл түрі тұрақты қыстаудың болуын және малды маусымдық жайылымға жаюды қажет етеді: көктемгі, жазғы, күзгі жайылымдар және қыстау.
Көшпелі шаруашылықты жүргізудің мұндай тәртібі көп ғасырлар бұрын қазақ халқы қалыптаспай тұрып орнаған. Алайда, ол этникалық прцестердің бір бөлігі болғандықтан, тайпаның тарихымен тығыз байланысты болды. Қазақстанның ұлан-байтақ территориясы оның әр аймағында белгілі бір тайпалар шоғырланған табиғи-экономикалық аймақтардың қалыптасуына себеп болды. Міне, қазақ қоғамы мен мемлекетінің даму ерекшелігін түсіну үшін тайпалар туралы қысқаша болса да айту керек.
Рулық-тайпалық ұйым - адамдар ұжымының рулар мен тайпаларға бөлінуі - этникалық және әлеуметтік қауымның қоғамдық меншіктің түрі басым болған, адамдардың теңдігі бірдей сақталған, бүкіл рудың ісі жалпының мүддесі болып табылған түрі. Руы жоқ адамның еш құқығы болмаған, ол басқа руға да бөтен болып саналған.
Көшпелі өркениеттің өзіне тән ерекшелігі мынада: басқа қоғамдық құрылымға көшу кезеңінде, мысалы, хандық билікке, қауымдастық жалғаса берген, яғни жер мен жайылым бүкіл руға, тайпаға ортақ болып қалды және әр шаруашылықтың өз меншігінде қыстауы болды. Билік иелері хандар, сұлтандар, билер, ру ақсақалдары қауымдастық принципін шебер пайдаланып, өз биліктерін жерге ғана емес, сол жерді пайдаланушыларға да жүргізді. Этникалық қауымдар уақыт өте келе сыртқы белгілерін сақтай отырып, үлкен өзгерістерге ұшырады: Шыңғыс әулетінің билігі, жеке меншік, әлеуметтік теңсіздік - осының барлығы рулық-тайпалық құрылымның бұрынғы ұғымдарына қайшы келді. Сондықтан қоғамды бөлудің ескіше әдісі сақталды. Ауылдық қауымдастықтар туыстық белгісі бойынша (бір атаның ұрпағы), ал олардың жиынтығы (рулар) тайпаға, тайпалар жүзге біріктірілді. Қоғам құрылымының түрлі сатысындағы басты біріктіруші ретінде жайылымды иелену құқы қолданылды. Ерте заманнан Қазақстанда үш аймақ қалыптасты, оларды белгілі бір халық маусымдық жайылымға пайдаланды.Бұл аймақтар қазақтың үш жүзі негізінде бөлінді.
ұлы жүздің құрамында он бір тайпа болды: дулат, албан, суан, сары үйсін, сырғалы, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы, қаңлы, жалайыр. Бұл тайпалардың әрқайсысының өзіндік бай тарихы бар. Олардың кейбіреулерінің түп-төркіні өте ертеден басталған. Мысалы, үйсіндер сақ тайпалы одағының құрамына кірген (б.э.д. 5-3 ғ.).
Әр тайпа руларға бөлініп, рулар көптеген тармақтарға және қауымдардан тұратын туыстық топтарға бөлінген. Мұны мына мысалдардан көруге болады:Дулат тайпасы төрт рудан - ботпай, шымыр, сыйқым, жаныс руларынан тұрады. Орал губернаторы Г.Волконскийдің есебі бойынша XVIII ғ. аяғында дулаттың құрамында 40 мың отбасы болған (отбасы - орта есеппен 4 адамы бар бір киіз үйдің тұрғындары).
Жетісуды қыстаған қазақ қайымдары жазда Алатаудың етегіне, Шудан Сырдарияның жоғары ағысына қарай көшкен.
ұлы жүздің солтүстік шекарасы Балқаштың оңтүстігі - Шу өзені - Талас өзені болды, ал батысында Сырдарияның жоғары бөлігін, оңтүстігінде Алатаудың бөктерін алып жатты. Шығысында Қытайдың шекарасына дейін көшіп-қонып жүрді. ұлы жүз қазақтарының жалпы саны XIX - XX ғасырларда 750 мың адам болды.
Орта жүз алты тайпадан тұрады: арғын, найман, қыпшақ, керей, уақ, қоңырат. Ол батысында Кіші жүздің жерлерімен Арал теңізі, Ырғыз, Торғай өзендерінің бойымен, солтүстігінде Ресейдің губернияларымен шектескен.
Осы сызықтан Орта жүздің жерлері шығысқа Есіл бойымен Ақмола далаларын, Ертіс өзенін құяр жерін, Зайсан мен шығысында Алтай таулары мен далаларын алып жатты. Оңтүстігінде Тарбағатай тауларын, батысында Балқаштың солтүстік жағалаулары, Бетпақдаламен Кіші жүздің жеріне дейін созылып жатты. Осы кеңістікте жүзге жуық рулар мен оның ірілі-ұсақты бөлімдері көшіп-қонып жүрді. Мысалы, арғынның 30 мың отбасы бар бес руының Баянауыл, Қызылтау, Долба, Шыңғыстау, Шаған, Торғайдың жоғары жағы мен ұлытау тауында қыстаулары болған. Жазда олар Нұра, Жиделісу өзендерінің, Ерментау тауларының жайылымдарына көшіп жүрді. Басқа рулар мен тайпалардың да түрлі қыстаулары мен жазғы жайылымдары болған.
Орта жүз қазақтарының жалпы саны XIX - XX ғасырларда 1 200 000 - 1 300 000 адам болды.
Кіші жүз үш үлкен рулық бірлестіктен тұрады:Байұлы, Әлімұлы және Жетіру. Олардың жерлері оңтүстігінде Сырдарияның құяр жерінен басталып, үстірт жазығы, Каспий теңізінің шығыс жағалауын, солтүстігінде Жайық (Орал), Ырғыз, Тобыл өзендерінің сағаларын алып жатты. Кіші жүз халқының саны XIX - XX ғасырларда 1 млн. адамға жетті.
үш жүздің де "қазақ" этносын құрайтын қазақтар деп аталған халқы бар ұлан-байтақ территориясы болды.
27) Қазақстанның ХVIII ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы ХVIII ғасырдың басында қазақ халқы үшін күрделі сыртқы саяси жағдайымен ерекшеленді. Қазақ хандығының саяси таңдауына солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекеті, шығыстан-жоңғарлар, оңтүстіктен-Орта Азиялық хандықтар әсер етті. Мұнымен қатар қазақ қоғамының ішкі саяси жағдайы тығырыққа тірелді: Көшпелілер арасындағы алауыздық, орталыққа бағындырудың күшеюі, ру аралық қақтығыстардың жиілеуі, билік үшін күрес. Феодалдар арасындағы соғыстар мемлекеттің экономикалық негізін бұзды, оның материалдық ресурстарын әлсіретті және адам шығынын ұлғайтты. Әсіресе, Жоңғар хандығы билігіне 1697 жылы қонтайшы Цеван Рабдан (1670-1723жж.) келгеннен кейін қазақ-жоңғар қатынасы шиеленісе түcті. Тәуке хан тұсында Қазақ жері бірігіп нығайған мемлекет болды. Тәуке хан (1652-1715жж.) басқарды. Өйткенні, басқарған кезеңі Қазақ мемлекеті үшін алтын ғасыр болып саналады; халық тыныштықта өмір сүрді, тәртіп болды, заңдар мен әділ сот қызмет жасады.Бұл аталған кезеңде қазақ жүздері солтүстікте Тобылдан Ертіске дейінгі, шығыста Жоңғар Алатауындағы Сарыемел өзеніне дейінгі, батыста Еділге дейінгі ұлан-ғайыр аумақты жайлады. Бұл уақытта қазақ жүздерінің ішкі саяси және экономикалық жағдайлары салыстырмалы түрде алғанда тұрақты болды.
Тәуке хан билікте тұрған кезде қазақтар Сырдария өзені бойына 32 қала тұрғызды. Оның негізгі тұрағы Түркістан қаласы болды. Хан кеңесінің мүшелері қарапайым адам құқығының аса білгірлері өз кезеңінің атақты шешендері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би болды.
№2 сурет
Күні бүгінге дейін біраз бөлігі сақталып жеткен қазақтың «Жеті жарғы» заңдар жинағы да оның атымен тығыз байланысты. ХVIII ғасырдың басында жоңғарлар Қазақ хандығының шекарасына қаншама қысым жасап баққанымен, Тәуке хан бекіткен қазақ мемлекеттігі жоңғар билеушілерінің басқыншылық ойларын жүзеге асыртпады. Тәуке ханның жасағы 80 мыңға жуық жауынгерден тұрды. Осынының өзі жат жерлік басқыншыларға төтеп беруге қабілетті едәуір зор күш болатын. Қазақ халқының әскери күш-қуатын нығайтқан аса көрнекті еңбегі үшін сонымен қатар жауға қарсы қанды шайқастарда көрсеткен ерлігі үшін оған батыр атағы берілгенін мақтанышпен айтуымызға болады.ХҮІІІ ғасырдың басынан Қазақ хандықтарының сыртқы саяси жағдайы ауыр болатын. Осы ғасырдың 1-ші жартысында /1711-1712,1714,1718,1723-1725,1742/ жоңғарлар қазақ жеріне үздіксіз басқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Бұның өзі қазақ жерлерінің көшіп- қонудың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі бағыттары мен жолдарының бұзылуына әкелді. Қазақ халқын экономикалық жағынан қиыншылық тигізіп, қазақтардың солтүстік және солтүстік батысқа қоныстануына әкеліп соқтырды. Бұл жағдай сонымен қатар қазақ хандығында ішкі қайшылықтар мен талас-тартысты, билеушілердің жайылымдар үшін күресін, рулар арасындағы даулар мен қақтығыстарды күшейте түсті. Алайда ,1718 жылы Тәуке хан өліп, оның орнына тақ мұрагері Қайып келген соң жағдай өзгерді, хандық әлсіреді. Келте хандар («ұсақ хандар») бас көтерді. Үш жүздің барлығында өз билеушілері пайда болды: Кіші жүзде – Әбілхайыр, Орта жүзде – Болат, Сәмеке және Күшік, Ұлы жүзде – Жолбарыс. Қазақ қоғамындағы ақсүйек өкілдері – Шыңғыс хан ұрпақтарының – хандардың, билердің, батырлардың, беделді адамдардың бірлігі болмағандықтан ішкі саяси жағдай күрделеніп кетті. Кіші жүздің ел билеушілері Қайып ханның тағайындалуына көңілі толмады, 1710 жылы Қарақұмда өткен құрылтайда дала дәстүрі мен жағдайы бұзылып, жоңғарлар жағынан қауіп төніп тұрғанына қарамастан, Әбілхайыр сұлтан хан болып сайланады.
Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. (Мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі.) Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолына” негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К.Шүкірәлиевтің (1804), Я.Гавердовскийдің (1806), А.Левшиннің (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-пікірлері шежіреші Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады.
Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.
Бізге белгілі, «Қысам ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғысы» осы хан кеңсінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелеродің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.
[өңдеу]Жоспары
Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».
Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына («ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс».
Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек «ат-тон» айып тартады».
Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады».
Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек».
Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң – ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін».
Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».
28) Қазақтардың әлеуметтік ұйымдасуы адамдар арасындағы бір-бірімен байланысты қарым-қатынас түрлерінің әр алуандығына негізделді. Олар: қандас туыстық отбасылық, шаруашылық, әскерлік, мәдениеттік, этникалық және басқа байланыстар еді. Мұндай байланыстар қоғамдық өмірдің әртүрлі өрістерінде туып, тұтастықты өз-өзінен реттеуші ретінде қоғамнын іс-әрекетін қамтамасыз ететін түрлі-түрлі әлеуметтік организмдер мен солардың салт-ережелерінің күрделі жүйесін құрды.
Қоғамдық өндіріс процесінде қалыптасқан мүдделер мен мақсаттардың бірлігі қоғамдық байланыстардың ең басты өзегі болды. Аграрлық қоғам жағдайында ол өңдірістік байланыстар негізінде әрекет еткен қауым түрінде жүзеге асты. Түпкі материалдарда былай деп атап көрсетілген: "Қырғыздардың жерге иелігі-қауымдык иелік, әрбір ру мен бөліністердің белгілі өз учаскелері бар, сол кеңістікте руластардың әр қайсысының өз егістіктері, жазғы, қысқы жайылымдары бола алады: әйтсе де әр ру өз жерлерін баска бөліністердің алып қоймауын қызғана бақылап отырады. Мұндай қауымдастық көптеген адамдардың күш-жігерін біріктіруді талап ететін өндірістік процестің барлық буындарын жұмыс істеттіру үшін малшылар еңбегін кооперациялау (бірлестіру) қажеттігінен туындады.
Көшпелі қауымның тірлік-тынысы көп жағдайда малды жайып бағудың маусымдық ырғағымен айқындалды. Жылдың әр маусымындағы көшіп-қону сипатының өзгешелігіне қарай Қазақстанда қауымдасудың екі түрі қалыптасты. Қысқы, ерте көктемгі және күзгі кезеңдерде көлемі жағынан әдетте орта есеппен алғанда қысқы қой отарына (300-400 бас) сәйкес келетін (5-6 үй қожалығы) шағын қауым деген дамыды. Жылдың бұл мезгілдеріндегі қауымның көлемі қыстау маңайындағы жайылымдық жерлерден азығын тауып жеуге қабілетті мал санымен айқындалып отырды және олар сол төңіректегі шөптің шығымдылығына барынша тәуелді болды. Қыстаудың 2-4 шақырым төңірегіндегі жайылымдық учаскелер - тек еңбекті және жекешелерді бірлестіру түрі ғана емес, сонымен бірге жерді иеленуші және жерді пайдаланушы бірлестік саналған осы қауымның меншігі болып табылды.
Қауымның екінші түрі жылдың жылы кезеңінде ұйымдасты. Бұл кезде көшпелілер басым жағдайда малды сумен неғұрлым ұтымды қамтамасыз ету мүддесі негізінде едәуір ірі шаруашылықтық топтарға бірікті.
Мұндай жағдайда кеңейтілген қауымның көлемі жайылымдық жерлердің сыйымдылығына оның тәуелділігінен гөрі, малдың су көздерімен қамтамасыз етілуі арқылы айқындалды. Сондықтан ол әдетте екі-үш шағын қауымның бірлесуінен тұрды. Суды пайдалану мәселелерін реттеудегі жалпы қажеттілік негізінде су көздеріне меншіктік қатынастар пайда болды. Негізгі су көздері әртүрлі терендіктегі құдықтар саналған құрғақшылықты аудандарда қауымньң су көздеріне меншігі "бірінші болып пайдалануға" құқығы түрінде, ал табиғи су көздері көп көгерішті аймақтарда – «алдымен басып алушы» құқығымен жүзеге асты. Қайсыбір табиғи су көзін иелене отырып, кеңейтілген қауым сол су көзінің төңірегіндегі жерлерді де із жүзінде де иеленіп алатын, Демек, ол көшпелі мал шаруашылығы саласындағы өндірісгік процестерді реттеп қана қоймады, ал сонымен бірге жерді пайдаланудың да иесі болды.
Кеңейтілген қауым өз кезегінде әртүрлі қауымдық топтардың жерді пайдалану, жайылымдық жерлер мен су көздерін бөлу, көшіп-қону бағыттарын үйлестіру жөніндегі қарым-қатынастарын реттеп отыратын неғұрлым аумақты әлеуметтік топтарға енді. Бұл әлеуметтік топ тарихи әдебиетте "ру", "тайпа", "қамқоршы", "жайылымдық-көшпелі қауым" деген аттарымен белгілі. Ол жазғы уақыттары барлық қауымдар шоғырланатын бүкіл жайылымдық жерлердің тікелей иесі болды. Қауымдар арасындағы жер мен суға байланысты қарым-қатынастарды экономикадан тыс реттеу міндеттері, міне, қауымдардың осы ассоциациясы дәрежесінде шешіліп отырды, және сондықтан да ол іс жүзінде көшіп-қонудың бүкіл жүйесінің тәртібін белгілеп, жүзеге асыратын.
Қазақ қоғамында бұл әлеуметтік құрылыммен бірге генеалогиялық (шығу тегі) туыстығы арқылы адамдардың әртүрлі иерархиялық ұйымдасқан әлеуметтік топтарға бірігуі түріндегі тармақты рулық-тайпалық ұйымдары өмір сүрді.
Қазақтар Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз болып тарамдалды. Ұлы жүзге: жалайыр, ошақты, қаңлы, шанышқылы, дулат, албан, суан, шапырашты, сары үйсін, сіргелі, ысты тайпалары кірді. Орта жүзді: арғын, найман, қыпшақ, керей, қоңырат тайпалары құрады. Кіші жүз қазақтары: әлімұлы, байұлы және жеті ру деп аталатын үш негізгі бірлестікке бөлінді. Кейбір есептеулер бойынша XVII ғ. мен XVIII ғ.- ортасында барлық үш жүздің құрамына 112 рулық-тайпалық бөліністер кірген. Бұл құрылымның әрбір бөлімі, мысалы, бірлестік немесе тайпа, өз кезегінде, біртұтас генеалогиялық өзек дәстүрімен өзара тығыз байланысты көптеген неғүрлым майда топтарға (рулар мен олардың бөліктеріне, ұрпақтарға, аталас туыстарға т.б.) ұсақтала бөлшектелді. Тұтас алғандағы жүйе тәрізді олардың қай-қайсысының да өздерінің шыққан тегін бір шындыққа немесе даңқты ата-бабаларға апарып тірейтін күрделі генеалогиялық аңыздары болды. Рулық-тайпалық құрылымның қандай да бір бөлінісіне жату кандай да бір топтың, рудың, жеке адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайы мен мәртебесіне ықпал ете алды, басқа топтар мен жеке адамдардың олармен қарым-қатынасының сипатын айқындады.
Генеалогиялық туыстық принципі қазақтардың әлеуметтік-экономикалық өмірінің әртүрлі жақтарына да белгілі дәрежеде әсер етті. Мысалы, ол туысқандарының кінәсіне кепілдік беру, қарыздары мен құнын өтеу, тумаластарын қудалаудан қорғау және материалдық көмек көрсету кездерінде айқын сезілді.
Рулық-тайпалық ұйымдасудың төменгі буындарында (ауыл, бөлімше) осы принцип арқылы өлгеннің артында қалған мүлкіне мұрагер болу және оның жас балаларын өсіп-жеткізуді міндетіне алу, әмеңгерлік құқығы, туған күніне, үйлену тойына, жерлеуге т. б. байланысты салт-жораларын материалдық жағынан қамтамасыз ету мәселелері реттеліп отырды.
Жоғарғы қамқоршы топтар (рулар, рулардың, жүздердің. одақтастығы) дәрежесінде генеалогиялық байланыстар негізінен алғанда билік жүргізу, идеология мен саясат өрісінде үлкен рөл атқарды. Мұның себебі көшпелілер қоғамын мемлекеттік саяси орталықтандыру жағдайында генеалогиялық туыстық жүйесі әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеп отырудың негізгі тұтқасы саналды. Қазақтардың өкімет құрылымы тайпалардың генеалогиялық иерархиясы (төменгі шендердің жоғарғы шендерге бағынуі тәртібі) тұрғысында көрінді.
Сонымен қатар, қазақтардың қоғамдық қатынастары жүйесінде өндірістік еңбек құралдары мен өнім өндіру процесінде адамдар арасында қалыптасатын қарым-қатынас белгілі рөл атқарды. Қазақтардың дағдылы құқында өндіріс құралдарына меншіктін бірнеше түрі айқындалған:
1) мал мен мал шаруашылығы өнімдеріне деген меншіктің жеке адамның дербес-отбасылық түріндегі меншік;
2) жерге немесе дәлірек айтқанда қысқы жайылымдарға қауымдық меншік;
3) кеңейтілген қауымның су көздеріне меншігі;
4) қонатын аймаққа деген экономикадан тыс меншігі.
Қазақтардың қоныстануы мен жалпы саны
XVIII-XX ғасырлардың бас кезінде қазақтардың арасында жүзге және ру-тайпаларға бөліну одан әрі жалғаса берді. Қазақ халқы үш жүзден тұрды. Олар - Кіші жүз, Орта жүз және Ұлы жүз. Әр жүз бірнеше руға бөлінді, ал рулар өз кезегінде қыруар көп рулық аталықтарды біріктірді. Мұның өзі ру халқы санының өсе түсуіне байланысты болды. Қазақтардың көшпелі өмір салтының өзі де осыны қажет етті. Әр жүздің айқын белгіленген өз аумағы болды. Мәселен, Ұлы жүз қазақтары ежелгі дәстүр бойынша Қазақстанның Оңтүстік-шығыс және Оңтүстік аймақтарын мекендеді. Орта жүздің үлесін Орталық, Солтүстік және Солтүстік-шығыс Қазақстанның өңірлерін құрады. Ал Кіші жүз бүкіл Батыс Қазақстан аумағында көшіп-қонып жүрді.
Діни конфессия, мәдени-тұрмыстық қатынастар жағынан қазақтарда айта қаларлық аймақтық айырмашылықтар да, тілдік диалектілер де болған жоқ. XVIII ғасырдың аяқ кезінде қазақ халқының жалпы саны шамамен 2,5 миллион адамға жуық болған. 1897 жылы Ресей империясында Жалпыға бірдей алғашқы халық санағы жүргізілді. Оның деректеріне қарағанда, сол кезде Қазақстанда тұратын қазақтардың саны 3,4 миллион адамға жуықтаған. Дала халқының түгелдей дерлік басым көпшілігі ауылдық жерлерде тұрды. Қалаларда тұратын қазақтардың саны небары 1,1 пайыздан асқан жоқ. Жаңа заманда қазақтардың едәуір бөлігі Қытайдың, Ресейдің, Монғолияның, Ауғанстанның және Орта Азия мемлекеттерінің аумақтарында тұрып жатты.
[өңдеу]Хандар
Қазақстанның аумағын Шыңғысхан бастаған монғолдар қолы жаулап алғаннан кейін хан тағына Шыңғысханның ұрпақтары болып табылатын төре тұқымынан таралғандар ғана отыра алатын еді. Сөйтіп Шыңғысхан ұрпақтары Қазақстанды 600 жыл бойы билеп-төстеп келді. Қазақ қоғамының ең жоғары билеушісі үлкен ханмен қатар әр жүздің өз ханы болды, кейде бір жүздің өзін екі немесе одан да көп билеуші басқарды. Атап айтқанда, патша үкіметі әр жүздің өзінде бірнеше билеуші болғанын қалады. Соның өзінде ең осал билеушіге әдейі қолдау көрсетумен келді. Ондағы көздеген қитұрқы мақсаты оларды ел басқара алмайды деп көшпелі жұрттың көз алдында масқара ету болатын.
Хан тағына отыратын адамды сұлтандар қатарынан сайлаудың өзіндік ерекше тәртібі болды. Ол үшін құрылтай жиналысы шақырылатын. Оған сұлтандар , билер, батырлар және рубасылары жиналатын. Хан сайланатын сұлтанды ақ киізге отырғызып, жоғары көтеру арқылы ұлықтайтын. Ұлықтау рәсімін халықтың ең таңдаулы деген беделді өкілдері жүзеге асыратын. Олар ақ киізге отырғызылған ханды бүкіл жиналған халықты аралатып, жоғары көтерген бойы алып өтетін. Содан соң ұлықтау рәсімі аяқталған бойда әлгі ақ киіз ту-талақай тілгіленіп, құрылтайға қатысқан жұртқа ұсақ кесінділер түрінде, қасиетті естелік тәбәрік ретінде үлестіріліп жіберілетін. Олар сонымен қатар ханның меншігіндеп бүкіл малды ханталапай етіп бөліп әкететін. Бүл әдеттің мәнісі хан бұдан былай халықтың есебінен күн көреді дегенді білдіретін. Хан халық алдында елді дұрыс басқаруға, шиеленісті айтыс-тартысқа толы алтыбақан алауыздыққа жол бермеуге, әділет пен адалдықтың салтанат құратынына ант беретін болған.
Хан билігі Кіші жүз бен Орта жүзде 1822—1824 жылдарға дейін жүргізіліп келді. Астрахан губерниясындағы Ішкі Ордада хан билігі 1845 жылы ғана жойылды. Ұлт-азаттық көтерілістері болған жылдарда қазақтар тарапынан хан билігін қайта орнатуды көксеген әрекеттер болып жатты. Қалыптасқан дәстүр бойынша, қазақ хандары Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи мешітінің кесенесіне жерленетін. XVIII ғасырдағы ең айбынды хандар: Тәукехан, Абылай хан және Әбілқайыр хан, ал XIX ғасырдағы ең күшті хан — Кенесары Қасымулы болды.
[өңдеу]Сұлтандар
Шыңғысханның бүкіл ұрпақтары сұлтандар деп аталды. Олар қожалар сияқты «ақсүйектер» қатарына қосылды. Халық арасында оларды төрелер деп атады. Төрелер жеке әлеуметтік артықшылықты топты құрады. Олардың текті тұқымнан шыққанын қазақтармен көршілес жартылай көшпелі және отырықшы диқан халықтар да мойындады. Мәселен, XVIII ғасырдың бүкіл барысында Қазақстандағы осы топтан шыққан өкілдерді Башкұртстанда және Орта Азия мемлекеттеріндеп хан тағына отыруға арнайы шақырулар жиі-жиі болып тұрды.
Сұлтандардың айрықша артықшылық жағдайы қазақтардың дәстүрлі әдет заңында нақты кәрініс тапты. Сұлтандардың ісін билер соты қарай алмайтын. Олардың ісі тек хан сотында ғана қарала алатын. Сұлтандарға олардың денесіне зақым келтіретін жаза қолдануға тыйым салынатын. Сұлтанға тіл тигізіп, масқаралағандар айып төлеуге міндетті болған. Ал оны өлтіріп қойған адам әдеттік заңның талабы бойынша құн төлейтін. Ол құнның мөлшері қатардағы жеті қарапайым көшпелілердің құнына тең болатын. Олар өздерінің қыздарын әдетте тек сұлтандар мен қожаларға ғана ұзататын. «Қара сүйектен» қыз алып некеге тұрғандар қарамандар деп аталатын. Сұлтандар жеке-жеке ауыл болып, көшіп-қонып жүретін. Бұл әлеуметтік топтың белгілі өкілдері Сұлтанбет төре, Орыс Сұлтанбетұлы, Шоқан Уәлиханов, Ғұбайдулла Уәлиұлы, Қасым Абылайұлы, Саржан Қасымұлы және басқалары болды.
Кіші жүз бен Орта жүзде хан билігі жойылғаннан кейін сұлтандардың айрықша артықшылық құқықтары бірте-бірте жойыла бастады. Олардың сословиелік айрықша артықшылығына берілген алғашқы қатты соққы патша үкіметінің 1867-1868 жылдарда қабылдаған әкімшілік реформалары болды. Сол кезден бастап сұлтандар өздерінің құқықтары жағынан қатардағы қарапайым қазақтармен теңестірілді.
[өңдеу]Қожалар
Қарастырылып отырған кезде дін өкілдері — қожалардың жағдайы нығая түсті. Қазақ қоғамында олар таңдаулы топ — ақсүйектер саналды. Олар қазақтардың дәстүрлі рулық-тайпалық құрылымына кірген жоқ, өздерінің арғы аталарын Мұхаммед пайғамбардың туыстарынан тараған деп есептеді. Қожалар көшпелі қо- ғамның рухани өмірінде өте үлкен рөл атқарды. Олар ислам дінін насихаттады, оның негізгі қағидаларын уағыздап түсіндірді. Қожалар ағартушылық қызмет те атқарды. Іс жүзінде барлық салттық жоралар — балаларды сүндетке отырғызу, неке қию, үйлену, қайтыс болған адамдарды жерлеу, аруақтарға арнап ас беру міндетті түрде солардың қатысуымен өткізілді.
Қазақтар қожаларды әдетте Қазақстанның оңтүстігінен және Орта Азия қалаларынан шақыртатын. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты жағдайында қазақтардың әрбір руында қожалардың 2—3 отбасы болатын. Олар хандардың, сұлтандардың және ықпалды билердің ауылдарында өздерінің жеке шаруашылығымен айналысып, емін-еркін жүріп жатты. Өте сирек жағдайда өз алдына жеке ауыл болып отырды. Қожалар бірте-бірте қазақ халқының өмір салтын қабылдай берді. Олар қазақтардың генетикалық шығу тегін, тұрмыс-тіршілігін, материалдық және рухани мәдениетін өте жақсы білді. Қожалар қатардағы қарапайым қазақтарға қыз бермейтін, некесін қидырмайтын десе де болатын.
Патша үкіметі олардың Қазақстан аумағында емін-еркін көшіп-қонып жүруіне шек қою саясатын қолданды. Отаршыл әкімшілік оларды мұсылман елдерінің, соның ішінде, әсіресе Түркияның саясатын жүргізушілер деп ойлады. Ресей ислам дінін таратуда XVIII ғасырдың аяқ кезінен бастап қожаларға қарсы қысым жасап, Еділ татарларына едәуір қолдау көрсетуге көшті. Қожалар алым-салық төлеудің барлық түрінен босатылған болатын. Дәстүрлі билер соты оларға тән жазасын қолдануға рүқсат етпейтін. Қожалар қазақ халқының рухани мәдениетін дамытуда елеулі рөл атқарды. Мәселен, Күдері қожа айтыстарға түсіп, халық арасында кеңінен танылды. Белгілі ағартушы-ғалымдардың бірі — қожадан шыққан Мұхамед Салық Бабажанұлы.
[өңдеу]Құрамалар
Дәстүрлі қазақ қоғамының құрамында халықтың әр түрлі этностық және субэтностық топтары да болды. Солардың бір тобы Құрамалар деп аталды. Өйткені бұл топ алуан түрлі рулардың, тайпалардың және халықтардың өкілдерінен құралды. Ол топтың құрамында қарақалпақтардың да, қырғыздардың да және ноғайлардың да бірнеше шағын топтары болды. Мәселен, XIX ғасырдың өзінде қырғыздардың аз ғана бөлігі Ақмола губерниясының Көкшетау уезіндеп қазақтардың ортасына біржола сіңісіп кетті. Олар жергілікті қазақ халқының тілін, мәдениетін және әдет-ғұрпын толық қабылдады. Құрамалардың едәуір топтары Ташкент қаласының төңірегінде де болды. Ондағы Құрамалардың жалпы саны 50 мың адамнан асатын еді. Құрамалар, негізінен алғанда, кең-байтақ қазақ даласының шет аймақтарын мекендеді.
[өңдеу]Тархандар
XVIII ғасырда Ресей империясы қазақ өлкесін отарлау саясатын жүзеге асыру үшін ондағы жергілікті ақсүйектерге арқа сүйеуге мұқтаж болды. Сондықтан да патша өкіметі жергілікті ақсүйектерді әдеттегі құнды сыйлықтармен марапаттаудан басқа, ежелден бар тархандық атақты да пайдаланды. Тархандардың қоғам өмірінде ерекше артықшылығы болды. Бұл атақ патша өкіметіне айрықша сіңірген адал қызметі үшін берілетін. Қазақтар арасында тархан атағын 1743 жылы Ресей императоры II Елизаветаның арнайы жарлығымен Орта жүздің батыры Жәнібек, содан соң Кіші жүздің батыры Есет алды. Олар ерекше дипломатиялық қызметімен көзге түсті, бұрын тұтқынға түскен орыс азаматтарын және империяның қол астындағы халықтардың құл болып жүрген адамдарын Ресейге қайтарып беруге көмектесті. Тархандар қазақтардың башқүрттармен және қалмақтармен екі арадағы шиеленіскен өшпенділігін басуға белсене қатысты. Сол еңбегі үшін олар өздерінің отбасы мү- шелерімен қоса мемлекетке алым-салық төлеуден босатылды. XIX ғасырдың орта кезіне қарай тархандардың қатары азая бастады. Бұл кезде Қазақстанда тархан атағы бар 20 адам ғана қалды.
Қазақтар. XVIII-XIX ғ. М.В. Горелик.
[өңдеу]Билер
Қазақ қоғамында әлеуметтік билікке ие топ билер болды. Олар қазақтардың барынша беделді бөлігі еді. Билер өздерінің тапқырлығымен, қызыл тілге ағып тұрған шешендігімен, дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтарын жете білетіндігімен ерекше көзге түсетін. Бұл топтың өкілдері ру ақсақалдары мен қазыларының міндетін атқарды, руаралық және тайпааралық даулы мәселелерді шешіп отырды. XVIII ғасырда қазақ даласында орасан зор беделге ие болған билер: Ұлы жүзден шыққан үйсін Төле би, Орта жүзден шыққан Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзден шыққан айыр тілді алшын Әйтеке би еді. Бұлардың сұлтандар мен хандарға ықпалы күшті болды. Соңғы кезде патшалық Ресей билерді өзі тағайындауға көшті. Мұның өзі билердің дала тұғындары арасындағы беделін бірте-бірте төмендете берді.
[өңдеу]Батырлар
Қазақ даласына сыртқы жаулар жиі-жиі шабуыл жасап келді. Кіндік кесіп, кір жуған қасиетті туған елдің, Қазақ хандығының шекарасын қорғау үшін халық жасақтары құрылды. Ол жасақтардың жаумен шайқастарда ерекше көзге түскен қолбасылары, сондай-ақ қатардағы қарапайым қазақтар да батыр деген атаққа ие болды. Жекпе-жекте жауын жеңіп шыққан сарбаздарға да батыр атағы берілді. Кейінірек батыр деп руаралык күрес кезінде көзге түскендерді де барымтаға қатысқандарды да, патшалық Ресейдің әкімшілік өктем билігіне және Орта Азия хандықтарының зорлық-зомбылығына қарсы көтеріліске қол бастап шыққандарды да атай беретін дәстүр қалыптасты. Бұл атаққа әркім өзінің жеке басының ерлігімен ғана ие болатын. Батыр атағы мұрагерлікпен берілмейтін. Ондай атаққа қарапайым адамдар да, билер де, сұлтандар да, тіпті хандар да ие бола алатын. Мәселен, XVIII—XIX ғасырларда қазақхандары Тәуке, Қайып, Әбілқайыр,Абылай және Кенесары батыр атанды. XVIII ғасырда қазақ қоғамында халық арасында шексіз сүйіспеншілікке бөленген батырлардың тұтас бір тамаша тобы пайда болды. Мұның өзі, ең алдымен, қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне тікелей байланысты еді. Ол батырлар Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Олжабай, Наурызбай және басқалар. XIX ғасырда Ресей империясының отаршылдық экспансиясына, сондай-ақ Орта Азия хандықтарының зорлық-зомбылықтарына қарсы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы кезінде ерекше көзге түскен Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, Иман, Жанқожа, Есет сияқты тағы басқа да батырлардың есімдері мәңгі бақи халықтың есінде қалды.
Бөгенбай Ақшаұлы (1680-1778)
[өңдеу]Еркін көшпелілер («Қара сүйектер»)
Қатардағы қарапайым көшпелілердің негізгі бөлігін еркін қауымдастықтың «Қара сүйектер» деп аталатын қалың бұқарасы құрады. Олар жеке бастарының өз билігіне өздері ие еркін жандар болатын. Өз руының құрамында мал жайылымының ыңғайына қарай көшіп-қонып жүрді. Қаншама көп мал ұстаймын десе де, егіншілікпен немесе басқа да кәсіп түрлерімен айналысамын десе де ерікті болды. Соғыс кезінде олар қазақтардың атты әскерінің негізгі бөлігін құрады.
[өңдеу]Төлеңгіттер
Хандар мен сұлтандар ауылдарының төңірегінде төлеңгіттер қоныстанды, олар өз шаруашылығын өздері жүргізді. Төлеңгіттерді қазақтың әр түрлі шағын рулары мен тайпаларынан шыққан адамдар, сондай-ақ сұлтандардын қамқорлық пен қорғауына өткен өзге халықтардың өкілдері құрайтын. Мәселен, төлеңгіттер арасында өзбек, башқұрт, қалмақтар мен қарақалпақтар көп болды. Төлеңгіттер шаруашылығын өздері жүргізгенімен, өздерін қамқорлыққа алған сұлтандардың елтаңбасын пайдаланды. Мұның есесіне сұлтандарға өмір бойы қызмет етті, әскери жасағын да құрады. Төлеңгіттер барып кел, шауып кел сияқты жұмыстарды, кейде тіпті дипломатиялық жауапты міндеттерді де атқарды. Ішкі Ордада Жәңгір хан олардың арасынан руларды басқаратын старшындарды да тағайындады. XV1II-XIX ғасырлардың бірінші жартысында төлеңгіттер негізінен сұлтандар мен хандардың әскери қызметін атқарды. Мәселен, Абылай ханға 5000 үй төлеңгіт, Кенесары ханға 1000 үй төлеңгіт қызмет етті. Кейінгі кезде рудың ақсүйек өкілдері саналатын билер мен старшындардың да өз төлеңгіттері болды. Мәселен, Бөкей хандығындағы қожа Қарауыл Бабажанұлы өз қарамағында бағынышты 200 үйге жуық төлеңгіт ұстады.
[өңдеу]Құлдар
Бас бостандығы жоқ,тәуелді адамдардың тобын қазақтар құл деп атады. Қазақстандағы құлдық патриархалдық (үй ішілік) сипатта болды. Қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты құлдықтың кеңінен әріс алуына мүмкіндік бермеді. Құлдарға мал бақтыру сенімсіз еді. Мәселен, Кіші жүзде құл болып жүрген ауғандықтар, парсылар, орыстар, башқұрттар және қалмақтар аз кездескен жоқ. Орта жүздеп құлдардың арасынан жоңғарлар, қалмақтар мен алатау қырғыздары басым еді, орыс құлдар да болды. Орыс құлдар негізінен қазақтар Тобыл губерниясының Есіл және Қорған округтарына, Орал мен Орынбор шекара желісіндеп бекіністерге шабуыл жасаған кезде қолға түскен тұтқындар еді. Олар Орта Азияның құл базарларына сату үшін көптеп жіберіліп тұрды. Қазақстанның көршілес елдермен шекарасында құл сататын бірнеше базар болды.
Қазақтар өз тайпаластарын құл етіп ұстамаған. Құлдар төлем орнына да, ұзатылған қыздың жасауына қоса берілетін құл не күң орнына да жүре беретін. Ат жарыстары кезінде жүлде ретінде бәйгеге де тігіле алатын. Құлдың құлағын кесіп ен салатын. Құлдың шағым айтып, бидің алдына баруына да, куә ретінде сотқа тартылуға да қүқығы жоқ болатын. Егер сатып алынған күң ислам дінін қабылдап, қазаққа ерге шығатын болса, оған бас бостандығы толық берілетін. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғыға» сәйкес қазақтардың құл ұстауына тыйым салынды. Құлдардың қазақтармен араласып ағайындас болып кеткен кейінгі ұрпақтары толық бас бостандығын алған. Олардың біразы төлеңгіттердің қатарын толықтыра түскен, бірқатары дала қазақтарының «асырап алған балаларына» айналып кеткен.[1]
29) азақ би-шешендерінің ел арасындағы саяси қызметін сөз еткен тұста, билік пен шешендік қазақ даласында ежелден бірге қалыптасқан дәстүрлі құблыс екендігін айту керек. Өйткені би мен шешен халық ұғымында бірінен-бірі ажырағасыз тел түсінік. Бисіз – тапқыр шешендікпен айтылатын көркем төрелік сөз болмақ емес, шешен сөйлей алмайтын адам – би болмақ емс. Екеуіне де бірдей тән қасиет – белгілі бір үрдіс, дәстүрлі рухи принциптерге бағынушылық. Сондықтан елдің бүкіл би-шешендері оны тек өнер деп қарамай, әлеуметтік –саяси феномен ретінде мойындап, дала демократиясын қалыптастырып, әлеуметтік-саяси тұтастықты барынша орнықтыруға ат салысқан.
«Би» ұғымының шығуы мен қоғамдық санада орнығу тарихына үңілетін болсақ та, би — дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі болатындығын көреміз. Зерттеуші ғалымдардың, әсіресе, В.В. Бартольдтың пікірінше, “би” сөзі шамамен 14 — 15 ғасырларда ежелгі түркі тіліндегі “бек” атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел билеуші мағынасын білдірген. Кейіннен бастапқы семантикалық-тілдік формасынан ажырап, көбінесе, дау-жанжалды шешіп, кесімді төрелік айтушы, әділ үкім шығарушы адамды бейнелеу үшін қолданылған. ХҮІІ ғасырда өмір сүрген Махмұд ибн Уәлидің «Бахр әл-асрар фи манақиб әл-ахйар» атты еңбегінде «жоғарғы мәртебелі әмірлер мен елге сыйлы, пендәуи тіршіліктен азат адамдардың» барлығы би аталғанын жазады. Ал қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде бұл атау төрт түрлі мағынада қолданылады: 1) ел билеуші; 2) сот, төреші; 3) батагөй, шешен; 4) елші, дипломат. Оған дәлелді пікірді Ә.Бөкейхановтың: «Қазақтың би һәм билігін өзгертіп не керек...? Бұл биді, билікті жоғалтып, орыс судьясына қарату керек деп орыс айтады, шариғатқа қарату керек деп біздің молдалар айтады. Біз мұның екеуіне де қол қоймаймыз...», -деп айтқанынан табамыз.
Белгілі академик – С.З.Зимановтың сөзімен айтқанда, «...көне дәуірдің мұрасы ретінде ұрпақтар үшін қазақтар екі мәңгі құндылықты сақтап қалды – ол Сөз құдіреті мен Заң құдіреті» (Қазақтың ата заңдары, 2004). Билік пен шешендіктің арасындағы мұндай тұтастықты, біздің ойымызша, бірнеше факторлармен түсіндіруге болады. Біріншіден, биліктің қоғамдық жүйенің негізгі қажетті атрибуттарының бірі ретінде мойындалуы болса, екіншіден, дәстүрлі қазақ қоғамындағы саяси өмір әлеуметті дамудың біртекті айналымы және оның қауымдасқан формасына тәуелді болды. Үшіншіден, биліктің беделі мен саяси биліктегі діни түсініктерге байланысты болды. Төртіншіден, қоғамдық қатынастағы әлеуметтік тұтасуға нұсқан келтіретін ауытқуларды реттей отырып, әлеуметтік ыдырауға тосқауыл қойып, халықты белгілі бір этникалық-саяси шеңберде ұстап тұру қажеттілігінің болуы. Бесіншіден, қазақтың дәстүрлі қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымының өз ерекшелігінде деп айтар едік. Алтыншыдан, қазақ қоғамындағы «Дала заңының» үстем билігінде дер едік, оның рухани қорының сақтаушысы да. Реформаторы да, жүзеге асырушысы да – билер болды. Жетіншіден, дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер билігін, олардың қоғамдағы беделінің жоғары болуымен негіздеуге болады. Осыған байланысты, қазақтың көрнекті ғалым-зерттеушісі Ш.Уәлиханов былайша тұжырым жасайды: «Билердің беделі Европадағы ақындар, ғалымдар мен адвокаттар сияқты өздерінің жеке бастарының қасиеттеріне байланысты болған». Жалпы қазақ даласындағы «әділ билік», «ақыл мен ар үйлесімділігі», «қоғамдағы әлеуметтік-саяси тәртіп» бидің беделді төрелігімен байланыстырылады. Демек, билер халықтық санада әділдіктің символы ретінде сақталады. Оған А.Байтұрсыновтың: «...Бұрынғы әділ билердің қолында билік қазақтың неше түрлі дертін жазатұғын жақсы дәрі еді...», -деп айтқаны дәлел. Оған билердің кәсіптік ұранына айналған: «Шындықтан өткен құдай жоқ», «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы», -деген шешендік нақылдары дәлел бола алады. Мысалы, С.З.Зиманов билер өздерінің «жеке қасиеттері мен әлеуметтік межелер биігінде ханнан да жоғары тұрды» дейтін тұжырым жасап, билер беделінің биік мәртебесін көрсетеді. Міне, сондықтан да халық арасында: «Ханда қырық кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің ары, білімі бар» деген түсінік қалыптасқан. Сондықтан би беделді, дәстүрлі билік төрінен орын алды деуге болады.
Бидің қоғамдағы рөлін жан-жақты түсіну үшін қазақ халқының тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ерекшелігін жете ескеру шарт. Өйткені, ежелгі дәуірлерден 19 ғасырдың басына дейін қазақ қоғамы саяси потестарлы билік жүйесінің негізінде дамығаны белгілі. Ең төменгі бұқаралық билікті ауыл-аймаққа, ру-тайпа ішіне сыйлы, өмірлік тәжірибесі мол ақсақалдар атқарса, орта буындағы, яки, потестарлы билік тізгінін ру-тайпа басылары — билер уысына ұстады. Ал мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейдегі мәселелерді қамтитын жоғары билікті төре тұқымы — хандар мен сұлтандар иеленген. Міне, бүкіл қазақ қоғамының елдік тұтастығы осы соңғы екі билік жүйесінің өзара тепе-теңдігі мен бір-біріне қарама-қарсылығы принциптеріне негізделді. Саяси-әлеуметтік құрылымға арқау болған рулық-тайпалық жүйенің өзі айқын қандас туыстардың ұйымы емес, саяси билік және саяси-әлеуметтік қауымдастық қызметін ғана атқарды. Сондықтан қоғам болмысындағы рулық негіз мемлекеттік әрі саяси институттардың нығайып, жеке-дара үстемдік құруына қай кезде де мүдделі болған емес. Халықтың қалың бұқарасына жақын әрі оның тікелей қолдауына арқа сүйеген потестарлы билік иелері, яки ру-тайпа басылары — билер хан-сұлтандардың билігін белгілі бір дәрежеде шектеп отырды. Сол арқылы олар өздерінің әлеуметтік-саяси статусын нығайтып, абырой-беделге кенелді. Әйтсе де, ерекше әлеуметтік-саяси жік ретінде билерді тарих сахнасына шығарған рулық құрылым өзіне субэтникалық-әлеуметтік топтарды тарта отырып, қоғамды ұйымдастырушылық, мемлекеттілік нышандарын нығайтушылық қызметін атқарды.
Хандық билік жүйесінде бидің ерекше беделді тұлға болғандығын айғақтайтын жазба деректер де, ауыз әдебиетінің нұсқалары да жетерлік. Қазақтың алғашқы заңгерлерінің бірі Д.Сұлтанғазин “Бұрынғы замандағы қазақтардың билік қылуы” атты мақаласында: “... бағзы билер болыпты, бек білімді, атақты һәм ақылды, әділетті, көпті көрген және іс бітіргенде әдет рәсімдерін тегіс біліп, әр жұмысты қара қылды қақ жарып орнына келтіреді екен..., һәм солардың бітірген жұмыстарын ұлы хандары да әрқашан бұзбайды екен... Сондай билер турасында қазақтың мақалы да бар. Батыр мен биді салыстырғанда, биді қатты артық көретінін білдіретін сол мақалы мынау: “Батыр деген бір барақ ит, екі қатынның бірі табатын, би деген бір ақсарағат, бүтін елден біреуі ғана табатын” дейді (“Дала уәлаятының газеті”, 1888, ғ51). Билердің батыр, бай, т.б. әлеуметтік жіктерден ерекше құрметтелуінің бірнеше тарихи себептері бар.
Біріншіден, би мемлекет басқару жүйесінде кейбір айрықша құқылар иеленді: «Жеті Жарғы» қағидаларына сай ол өзіне бағынышты ру-тайпа шегінде сот және әкімшілік билік (ханмен қатар) жүргізді. Мысалы, С.З.Зиманов: «Би, ең алдымен – сот (судья)», -деп көрсетеді. Сот төрелігін жүзеге асыратын болғандықтан, би халықтың әдет-ғұрпын, салт-рәсімін, жол-жосығын жатқа білуге, дауласқанға әділдікпен жөн сілтеп, адасқанға даналықпен жол көрсетуге, әсіресе, “тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген құқықтық-гуманистік принциптен айнымауға тиіс болды.
Билердің негізгі ұстанымына айналған бұл моральдық құндылық әділ соттың өзіндік болмысын білдіреді. Мәселен, орыс ғалымы А.Е.Алекторов қазақ билерінің сотын таңдана сипаттай отырып, сот әділдігінің көне дәстүрлерін сақтаған билер ежелгі дала демократиясы үлгілерін іске асырғандығын атай келе: «істі қарастыру кезінде би және ақсақал дауласушыларға асқан әділдік танытуды өзінің қасиетті парызы санайды, ол екі жақтың да дәлелдемелерін әбден тыңдап болған соң ғана өзінің әділ шешімін жариялаған және ол шешім міндетті түрде орындалған», -деп жазады. Ғылыми деректер бойынша, Абай 13 жасында соттық шешімдер шығара бастаса, Шорма мен Есет би де осындай жас мөлшерінде сот қызметіне араласқан, ал Төле би 9 жасынан бастап сот ісіне қатыса бастаған. Сонымен билер сотының құқықтық қорына тек дәстүрлі «хан жарлықтары» ғана еніп қоймаған, сонымен бірге атақты билердің жалпы халыққа тараған бітім, шешім, жүгініс үлгілері де енгендігін байқауға болады.
Екіншіден, би ру-тайпаның басшысы ретінде әкімшілік қызметті де қоса атқарып, өз қауымының тұрмыс-тіршілігін қадағалап, тәртіп-талабына жауапты болды. Осылайша олар билеуші хандардың халық арасындағы сенімді тіректеріне айналып, саяси бедел иеленді, сұлтандармен тең құқылы дәрежеде мемлекеттің мәселелерді талқылауға қатысты. Ел ішіне биліктілігімен, қара қылды қақ жаратын әділдігімен, тура жолдан таймайтын адалдығымен даңқы тараған Төле би, Қаздауысты Қазыбек би, айыр тілді Әйтеке би, т.б. саңлақтар хан жанындағы билер кеңесінің құрамына енді. Олар нақты тарихи-әлеуметтік ахуалға қатысты жол-жоба белгілеп, заңи жосындар қабылдады, мәні ескіріп, маңызы кеміген қағидаларды елдік мүдде тұрғысынан қайта қарап, жаңасын қолданысқа енгізіп отырды. Тіпті, ханның ішкі және сыртқы саясатына, әскери доктринасына тікелей ықпал етіп, өзгерістер енгізе алған. Мәселен, 1695 ж. Қазақ Ордасында болған орыс елшілері Ф.Скибин мен М.Трошин: “... Тәуке хан Қазақ Ордасының таңдаулы адамдарын өзіне шақырып алды да, біздің — Федка мен Матюшкенің — көзімізше, әлгілерден мына біздерді ұстап қала ма, әлде жібере ме, Русь қалалары мен слободкаларына соғыс ашып бара ма, әлде бейбіт тұра бере ме, соны сұрап алды” деп жазады. Кей тарихи деректерде Мөңке Тілеуұлының өзі өмір сүрген заманда ел билігіне араласқан қайраткер екенін жалпы жұртшылық жазушы Әбіш Тевкелевтен соң төрт жылдан кейін қайта елші келіп, соның құрметіне бас қосқан жиында “елу бидің сары ала тобының” ішінде шектінің Мөңке, Мойнақ, Мәметек, Айдаралы билерінің де есімдері аталатыны бар. Мысалы, 1748 жылы 5 қазанда Орта жүз бен Кіші жүз билері мен батырларының Нұралы сұлтанды Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарына хан етіп тағайындау туралы Елизавета ханымға хат жазғаны мәлім. Сондағы “Сіздің мәртебелі құзырыңызға шын берілген Әбілқайыр хан бұл өмірден өтті, оның орнына біз мұрагерлік жолымен оның өз ұлы Нұралы сұлтанды сайладық. Біз ата салты бойынша Нұралы сұлтанды хан сайлағанымызбен, Сіздің ұлы мәртебелі патшалық жарлығыңызсыз хан тағына отырғыза алмаймыз. Сондықтан Сіздің императорлық ұлы мәртебеңізден Нұралы сұлтанды әкесі Әбілқайыр ханның орнына бас хан етіп тағайындау туралы жарлық шығаруыңызды және өзіңіздің императорлық алтын мөріңіз басылған грамотамен марапаттауыңызды адал берілгендікпен сұраймыз”, — деп басталатын осы хатқа шақшақ Жәнібек тархан, керей Наурыз би, шақшақ Қойсары, Жәлмәмбет билер, Құдайшүкір батыр, шөмекей Қыдай би, шекті Бапы би, Бақтыбай би, Айдаралы би, Есенбай би, Мойнақ би, Мәметек би және басқалармен бірге өз таңбасын басқандардың бірі – бұл кезде, біздің шамалауымызша, пайғамбар жасына жеткен осы Мөңке би болатын дейтін мағлұмат бар.
Мөңкенің ел басқару ісіне араласқанын білдіретін және бір деректі Әбілқайыр ханды өлтіру себептерін анықтау мақсатымен Кіші жүзге барған сапарының қорытындылары туралы қалдырған тілмаш Я. Гуляевтың жазбасынан табамыз. Ол былай дейді: “…Қыркүйектің 27-сі күні ханшаға (яғни Бопайға – С. Б.) Жәнібек тархан келді… Сонда ол, Жәнібек мұндағы билік ханша мен оның балаларының қолында болса, Орта жүздің билері мен батырлары бар билікті оған Жәнібек тарханның қолына бергенін хабарлады, яғни ол қандай ұйғарым айтса, басқалар соны мақұлдайды екен… Сол күні барлық әйгілі билер мен батырлар кеңесе келіп, Батыр сұлтанды шақырып келуге төрт биді, атап айтқанда шөмекей руынан – Жаилған биді, шектіден Сырлыбайды және Бапы мен Мөңкені, шайқылар әулетінен Кебек мырзаны жұмсауға ұйғарым жасайды…”
Үшіншіден, ел тағдыры сынға түскен жаугершілік замандарда билер батыр-баһадүрлермен қатар атқа қонып, қарамағындағы тайпаластарынан жасақ құрып, мемлекет тұтастығын, ұрпақтар азаттығын қорғауға ұйытқы болған, қолбасшылық қызмет атқарған.
Төртіншіден, би атағы мұрагерлік заңымен берілетін лауазым емес. Көшпелілер мәдениетінің ерекше қыры — шешендік өнерді меңгермейінше, тек әдет жосындарын жетік біліп, әділет принципін ұстану арқылы ғана би атану, ел сенімін иелену мүмкін болмаған. Халық арасында бір ауыз сөзбен құн кешіп, жалғыз уәжбен дау шешкен ділмарлардың аты ардақталып, төрелік істері үлгі-өнеге тұтылған.
Әйтсе де, қазақ тарихында атадан балаға билік тізгінін жалғап, бірнеше ұрпағы ел ішінде би атанған әулеттер өткен. Мұндай айрықша қасиет дарып, абырой қонған әулет билігін халық шынжырқатар деп атаған. Билердің әлеуметтік-саяси статусы қазақ ұлысының тарихындағы әр қилы өтпелі кезеңдерге, алмағайып уақиғаларға байланысты өзгеріп отырған. Әсіресе, орталықтандырылған хандық биліктің пәрменін нығайтуды талап ететін әскери-жорық жылдарында плебисцитарлық, яки халықтық демократияның классикалық үлгісі ретіндегі би билігі — төрелік ету, әкімшілік басқару рөлі төмендей түскен. Мысалы, Шыңғыс ханның, сондай-ақ, хандық билікті қалпына келтіру үшін күрескен Кенесарының тұсында билер өкілеттілігін шектеп, сұлтандар мен қол бастаған батырларға басым билік берілген. Әсіресе, патшалық Ресейдің отаршылдық пиғылмен жүргізген құқықтық-әкімшілік реформалары қазақ даласындағы дәстүрлі саяси құрылымды түбірінен өзгертті.
1822 жылғы реформадан кейін хандық билік жүйесі күйреді. Ал билер институты 19 ғасырдың аяғына дейін формальді түрде өмір сүрді.
1854 жылдан бастап би атағын сұлтандар мен ауыл ақсақалдары қоғамдық сайлау арқылы, округ басшыларының бекітуімен алды.
1868 ж. 21 қазандағы “Далалық облыстарды басқару туралы ереже” бойынша, би атағы уақытша, тек қызметтік лауазымды атқару барысында ғана берілетін болды.
Ресей патшалығының қазақ даласын отарлау саясатын түбегейлі жүзеге асырған құжат — 1891 ж. 25 наурыздағы “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже” дәстүрлі потестарлы билік жүйесін толық істен шығарып, би лауазымын жойды. Тәуелсіздік алып, дербес даму жолына түскен Қазақстан жұртшылығы замана талабына сай мемлекеттік жүйе мен саяси құрылым қалыптастыру үшін дәстүрлі құқықтық мәдениеттің демократиялық-гуманистік принциптерге құрылған билер төрелігі тәрізді жекелеген институттарын қайта жаңғырту қажеттігін жақтады. Елдің сот жүйесінде билер институты қалпына келтіріп, оған жергілікті заң бұзушылық көріністеріне, неке дауы, отбасы, ағайын-туыс араздығы тәрізді келеңсіздіктерге төрелік ету функциясын беру туралы ұсыныстар жасалды
Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.
Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.[1]
Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” деп жұлқынып алға шығады да:
Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.
Балалық шағы
Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өңірінде туған. Ұлы жүздегі дулат тайпасының жаныс руынан. Әлібекұлы Төле бидің атасы Қожамбердіұлы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде, Есім ханды қолдаған. (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан) Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.
[өңдеу]Тауке ханның басқару кезінде
Төле би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп көтеруге, үш жүздің ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасты. Тәуке хан Төле биді Ұлы жүздің бас биі еткен. Төле би Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын Жеті жарғының қабылдануына атсалысты. Ордабасы жиыны кезінде Төле би басшылық жасап, жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйтқы болды. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясатты жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан.
[өңдеу]Абылай ханның басқару кезінде
1742 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда, оны тұтқыннан босатуда Төле би белсенділік танытты. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Әбілқайыр хан мен Төле бидің Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатуға ықпал жасауын өтінгендігі айтылады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші боп барып, келіссөз жүргізіп, 1743 жылы 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Төле би ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанды. Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін діттеп, жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салды. 1734 жылы Ресей патшасы Анна Ивановнаға және 1749 жылы Орынбор губернаторы И.Неплюевке хат жолдап, бодандықты қабылдауға ризашылық танытты. Бұл сол тарихи кезеңде шарасыздан жасалған қадам болатын. Ол жоңғар шапқыншылығынан титықтаған халықтың жағдайын жақсартуды бірінші кезекке қойды. 1748 жылы орыс сауда керуені тоналғанда, бұған кінәлі Қойгелді батырды билер алқасына шақыртып, оған бұл шығынды жұрт көзінше өтеттіреді. 1748 жылы Әбілқайыр хан қаза тапқанда, оның баласы Ералы сұлтан әкесінің құнын даулап Төле биге шағымданады. Төле би Әбілқайырдың өлімі үшін айыпкерлердің Жеті жарғы заңына сәйкес жеті құн төлеуі туралы шешім шығарады. Ералы айыпкерлерден екі құн алып, төрт құнды кешіреді де, әкесін өлтіруге қатысушылардың бірі Сырымбет батырды жетінші құн орнына өз қолымен өлтіреді. Әбілқайырдың балалары бұған да тоқтамай, Барақ сұлтанның жауапқа тартылуын Төле биден сұрайды. Бас сауғалап қашып жүрген Барақ сұлтан Төле биге өзі келіп, жасаған ісі үшін сотқа тартуды сұрайды. Төле би билер сотына қазақ билерінің ішінен Барақ сұлтанның ұсынуы бойынша төрт белгілі биді (Жалған би, Сырлыбай би, Даба би, Қабек мырза) қатыстырады, өз тарапынан бірнеше биді шақырады. Билер алқасында Төле би Барақ сұлтанды ақтап алады.
Төле би Әбілқайыр ханның өлімі үшін жеті адамның құнын кескенде де, Барақ сұлтанды ақтап алғанда да, туысы Қойгелді батырға тоналған орыс сауда керуенінің өтеуіне екі мың жылқы төлеуге билік шығарғанда да елдің елдігін бұзбауды, әлі келгенше халықтың тыныш жағдайын, тұтастығын сақтауды көздеді. Төле бидің бұл секілді еларалық сипаттағы билігімен қатар ұлыс ішіндегі дауларды шешкен билігінен де оның мемлекеттік деңгейдегі парасаттылығы, ойының саралығы мен ниет-тілегінің тазалығы танылады.
Төле би хан, сұлтандардың, бектер мен билердің өзара қырқысының ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына ешнәрсе бермейтіндігін сезініп, татулықты жақтады. Оны елге танымал “Елге бай құт емес, би құт” дейтін қанатты сөзі айқын аңғартады. Бізге келіп жеткен аңыз-әңгімелерде Төле бидің ұлт бірлігін нығайтуды барынша жақтағандығы айтылады. Сондай аңыз-әңгімелердің бірінде Төле би өз көңілін сұрай келген Қазыбек, Көкі, Мәлік, Ержан билердің еліңізге қандай өсиет қалдырасыз деген сұрағына былай деп жауап берген екен: “Жүзге бөлінгендердің жүзі қара. Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса, халқын сатады. Халық азса, хандыққа таласады”. Төле бидің артында кейінгі ұрпаққа жарық жұлдыздай жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін көптеген өсиет сөздері қалған. Оның шешендік сөздері айтпақ ойының ұшқыр да тапқырлығымен, тап басатын көркем теңеулерінің дәлдігімен, тілінің өткір де айқындылығымен ерекшеленеді. Оның Данагүл есімді келінінің де есімі көпке танымал.
Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан.[1] Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.[2] Кіші жүз биі
Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі ретінде алғашында Ордабасыда, сонан кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрады. Тәуке ханнан бастап дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, жүздер мен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын даулар шешілетін болған. Қызу айтыс-тартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен.
[өңдеу]Жеті жарғы
"Жеті жарғыда" Әйтеке үсынған баптардың ішінде — "Сүйек құны", "Өнер құны" белгілі. 1685 жылы Әлі сұлтан мен қарапайым халық арасындағы үлкен жанжал дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның тентек ұлы бір кедейдің сұлу, ақын, әнші-домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп өшігіп, бір күні қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін шүйітіп, қастандық жасайды. Бүркіт қыздың басын мылжалап өлтіреді. Ашынған ағайындары төреден құн сұрайды. Әлі сұлтан оларды маңына жолатпай, барған билерді ит қосып қуып жібереді. Ақыры ел арасы екіге жарыла бастайды.Ең соңында құн сұраушылар жағы Әйтеке биге келіп өтініш жасайды. Ол қасына сіргелі батыры Қазыбекұлы Жабайды, байбақты батыры Шоланды ілестіріп Әлі сүлтанға барады. Әйтекенің айбарынан ығысатын Әлі сұлтан амалсыз құн төлеуге келіседі. Әйтеке қыз құнына қосымша оның өнерлі екенін айтып, "өнер құнын" және қыздың жоқтаушыларын келеке қылып, сүйек сындырғаны үшін "сүйек құнын" төлеуді талап етеді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі құнның жартысына тең екен. Сөйтіп, Әйтекенің қаһарынан қаймыққан Әлі сұлтан толық екі құн төлеуге мәжбүр болады. Бүл оның ата дәстүр-салтына жетіктігімен бірге, өнерлі адамға айрықша құрметін көрсетеді
30) Еуразияның шетсіз де шексіз ұлы даласын ертеден мекен етіп, мал өсіріп , күнін көріп жүрген түркі тектес көшпелі тайпалардың бірыңғай этникалық топқа жіктеліп , қазақтың халық болып қалыптасуы нәтижесінде ХҮ ғасырдың орта шенінде қазақ хандығы құрылды . Мұның өзі теңдесі жоқ оқиға болды . Ол шашырап жүрген қазақ тайпаларының ертеден аңсап армандаған бір орталыққа бірігіп , егеменді ел болу тілегін іске асырды . Соның арқасында оларға этникалық жер аумағын бүтіндеп , ежелгі қазақ жерінің алғашқы шекараларын белгілеуге мүмкіндік туды . Мемлекет ретінде қазақ халқының шаруашылығымен бірге мәдениеті де қарқындап дами түсті. Қазақ тілі мен жазба мәдениеті , ауыз әдебиеті , жыраулары , шешендері , көркем өнері , әдет-ғұрып , салт-дәстүрі , материалдық мәдениеті, халықтың ғылыми даналығы жайында сөз болады . Көшпелі өмір салтын тіршіліктің тірегі еткен дала ұрпақтарының рухани игілігінің қазақ хандығының тұсында қалай дамып , қандай қасиеттерге ие болғаны жөнінде осы жұмысымда келтіріледі .
Қазақ халқының мәдениеті – оның ұлттық тарихының өнімді өзегі , құрамдас бөлігі , маңызды саласы . Сондықтан оны игеру , өз алдына ғылым ретінде танып , оқып үйрену қазақпын дейтін әрбір адамның азаматтық парызы , қасиетті борышы , тұрмыс тіршілігінің таусылмас бөлігі .
Ұлттық мәдениет – ұлттық сана-сезімнің басты элементі
Өзіндік тарих , мәдениет ұлттық сана-сезімнің қалыптасуының негізгі факторы болып табылады . Әрбір ұлттың өзіндік тарихы болатыны белгілі . Этностардың жеке дара дамуы , өзіне тән тіршілік етуі , яғни тұрмысы , діні , өмірге деген көзқарастарының бәрі ұлттық сананың әртүрлі жолдармен дамығанын көрсетеді . Осылайша бір этностың басқа этностан айырмашылықтары пайда болады . Осы уақытқа дейін ұлттық сананың , әлеуметтік өмірдегі атқаратын рөлі ескерілмей келді . Ал қазіргі кездегі ұлттық сана дегеніміз – этноәлеуметтік , этнолингвистикалық белгілер . Соңғы жылдары ғалымдардың , зерттеушілердің көздеп отырған мақсаттардың бірі – этностар мәселесі . Егер бұл мәселе шешімін тапса , онда ұлттық көріністерді немесе құбылыстарды терең түсінуге мүмкіндік береді . Бұл дегеніміз , белгілі бір территорияны мекендейтін , өзіне тән мінез-құлқы , әдет-ғұрпы бар басқалардан ерекшеленетін өзіндік ұлт .
Этнос мәселесі этностық сана-сезім туралы сұрақ тудыруға мәжбүр етеді . Л.Н.Гумилев « этнос » деген ұғымды « адамдар коллективі » деп түсіндірген . Бұл коллектив өзіндік ішкі құрылымы мен өзгеше мінез-құлқы бар таптан тұрады . Табиғи ортаны және өндірістік қызметті , материалдық және рухани мәдениетті біріктіретін тап – адамдар табы . Әлеуметтік құрылымсыз , мәдени салт-дәстүр дәрежесі мен техникасыз этностың тіршілік етуі мүмкін емес . Осындай жағдайлардың әсерін Гумилев өте жақсы зерттеп кеткен .
Өзін-өзі танып білген , өзін қоғамның бір мүшесімін деген адам моральдық жағынан да , құқылық қасиеттері жағынан да , отбасында да , мемлекетте де рефлексті өзгереді . Мұның барлығы рухани мәдениет арқылы жүзеге асады . Адамгершілік субстанция , Гумилев ойы бойынша «халықтың рухы » . Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген көшпенділер өздерінің отбасылық тармақтарының жойылуына әсер етті . Рулық даму формасы (қазақ , қырғыз , өзбек ) қандық-туыстық байланыстар әрдайым рухани байланыспен толықтырылып отырады . Ежелгі Азия бүгінге дейін көптеген ғимараттардың шығу мәдениетін жұмбақ етіп келеді . ХІ –ХІІІ ғасырларда көшпенділерде жазу да , сызу да болған . Әрине , басқа институттарда этникалық дамуға , халықтық сананың дамуына үлкен үлес қосқаны рас . Қазақтың тарихы тамырымен тереңге кетеді . Ол әлеуметтік және мәдени- тарихи жақтарымен де қайталанбас . Қазақтар Еуразия кеңістігінде тіршілік етіп , өз құрамына көптеген тарихи-этникалық , классикалық әлемді де енгізді . Қазақтардың ұлттық мәдениетінде ежелгі көшпенділік цивилизациясының белгілері бар . Бұл мәдениет ұлттық сана-сезімнің дамуына әсер етті . Қазақтардың ҮІІ ғасырдың басында ислам дінін қабылдағаны белгілі . Бірақ бұл мұсылманшылдық басқалардан өзгеше . Ш.Уәлиханов қазақтарда « екідінділік » бар дегенді айтқан . Барлық заттардың жаны бар , сондықтан оның жанын ауыртпау керек . « Ырымшыл қазақ » деген сөзде барлығы да айтылып тұр . Қазақтар табиғатқа ешқашан қарсы шықпаған . « Бұл өмірде адам кім ? » деген сұраққа лайық . Ұлттық сананың толық бейнесін ұлттық мәдениеттен көруге болады . Дәл осында сананың көздеген мақсаты , ұмтылысы анық көрінеді . Мәдениеттің түрі , деңгейі , құндылықтары ұлттық санамен өлшенеді . Этностық мәдениет дәстүрлерден туындайды , ал ұлттық мәдениет – сананың ядросы болып табылады . Өйткені ол әлеуметтік – психологиялық құбылыс . Ол ұлттық психологиясыз өмір сүрмейді , әлеуметтік – этникалық жағынан да анықталмайды . Сондықтан ұлттық сана-сезімнің пайда болып , дамуында үлкен рольді рухани құндылық атқарады . Рухани құндылықтарда эмоцианалдық көңіл – күй , сезім сананың дамуына әсер етеді . Көптеген мәдениеттанушы ғалымдар өз ұлтының тарихына сүйеніп , оның болашақтағы ұлттық құндылықтарын ашып , халықтың адамгершілік сезімдерін оятты . Ұлттық сана консепциясы руханилықты , ұлттық танымды, территория , тіл , тарих пен мәдениетке деген қатынастарды жиған . Ұлттық мәдениет пен ұлттық сана тығыз байланысты . Өзіндік сана мәдениетті ұлттық белгісі ретінде оған өз тарапынан әсер етеді . Ұлттық мәдениет сананың пайда болуының қайнар көзі . Ұлттық сана - сезім өз бастауын дәстүрден , өнерден және діннен , ары кетсе әлеуметтік-саяси мәселелер мен саяси-мемлекеттік анықтамалар , халықтық идеялардан алады . Әлеуметтік анализ контекстінде табиғаттың да санаға қатысы бар делінген , өйткені адам арқылы табиғат сырлары ашылады . Кез келген ұлттың сана-сезімі олардың тұрмысымен , тілімен , мәдениетімен байланысты . Халықтың маңызды әлемдерінің бірі – ұлттық сана-сезім құндылықтары . Оның негізінен әлеуметтік , саяси , рухани құндылықтар шығады . Ұлттық қызығушылық мәдениет сфереасына жатады , бірақ оның қайнар көздері жиі ауысып отырады . Ұлттық санада тұрмыс пен жеке қызығушылық та болады . Әрбір ұлттың ерекшелігі оның тарихи тағдырында .
Басқа да жүйе сияқты ұлттық сана – сезімге де қорғаушы күш керек , ол әлеуметтік-психологиялық немесе «барьер», «шекара» түрінде болады . Бұл функция мәдени сананың жойылуына жол бермейді . Соңғы кездері әлеуметтік ортада , ғылымда , көркем әдебиетте болсын ұлттық мәдениет пен санаға қарсы шығу жиі байқалады . Бұл халықтар арасындағы алауыздыққа жиі әкеліп соғуда . Бұлай кемсіту тек халықтар мәдениетіне ғана емес , адамның ішкі жан-дүниесіне , мәдениетіне тікелей әсер етеді . Кез келген мемлекет өз ұлттық мәдениетін сақтап қалуы үшін күресуде , біздің де басты мақсатымыз ата-бабаларымыздың қалдырған әдет-ғұрпын , салт-дәстүрін , рухани мәдениетін сақтап қалу .
Қазақтың ауыз әдебиеті , жыраулары , шешендік сөз өнері
Қазақтың ауыз әдебиеті белгілі бір кезеңнің өмірдегі суреттерін , оқиғаларын , халқының басынан өткен жағдайларын көркем сөздің әртүрлі жанрында баяндап бере білген . Оның маңызды салаларының бірі – батырлар жыры . Қазақтан шыққан қорқу , сескенуді білмейтін тұлғалы батырлардың жеңісті жорықтарын жыр ететін ноғайлы дәуірінде қалған қисса жырлар сияқты дастандар халқымызды өте көп және олар соншалықты тартымды қызықты өрнекті болып келеді . Мұхтар Әуезов : « Қазақ әдебиетінің өрнектілігіне толық дәлелдер батырлар өлеңінде бар . Қазақ батырлары бәрі бір қалыпқа соққандай барған жерін қырып келіп , жойып келіп үнемі жолы болып отырды . Бұларда қазақ мінезі толық бар деуге болады . Қазақ батырларындағы негізгі мақсат : алдымен ұлтшыл болу , одан әрі діншіл болу – дейді ».
М. Әуезов атап көрсеткендей батырлар жырындағы шепті жарып , шеңбер бұзған еңселі ерлердің басты қаиеті еліне жетіне деген сүйіспеншілік, отаншылдық . Бұл қасиеттер Едіге , Алпамыс , Ертарғын , Қобыланды , Қамбар , Ер Қосай , Төрехан , Ер Сайын , Телағыс , Шора сияқты ежелгі қазақ даласында атақ даңқы ауыздан ауызға тарап ерлігі жұртты тәнті еткен батырлардың бәріне тән .
Қазақ ауыз әдебиетінің бай да құнарлы салаларының бірі – ғашықтық дастандары . «Қозы Көрпеш – Баян сұлу » , « Қыз Жібек » , « Айман – Шолпан » сияқты лирикалық ғашықтық жырлар , әйел бейнесін жырлайтын , әйел болғанда Құртқа , Гүлбаршын , Қаракөз , Қарлыға , Назым , Ақжүніс , Қарашаш секілді бірі ақылмен , бірі көркімен , енді бірі өжеттік ерлігімен ел есінде өшпес із қалдырған әйелдерді жыр ететін дастандар қазақ жерінде толып жатыр . Сондай-ақ қазақ арасына шығыс әдебиетінен келген ғашықтық, эпикалық батырлық сипаттағы әңгіме , өлең , поэма , дастан , қиссалар , мәселен « Сал – сал » , « Зарқұм » , « Сейбаттал » , «Сейфүмәлүк», « Бозжігіт » сияқты шығармалардың қазақ қиссалары деген атпен әйгілі болған « Бақтиярдың қырық бұтағы » , « Тотынама » , « Қырық уәзір » т.б. секілді бір желіге тізілген қазақ халқының ауызша шығармашылығымен , ақындығының жемісі болып табылатын нұсқалардың қазақ жерінде аз кездеспейтінін айту керек .
Халық өмірінің әр түрлі жақтарын – қоғам болмысын,халықтың арман- аңсарын , талап-талпынысын көрсететін қазақтың ертегілері , қиял-ғажайып ертегілер , тұрмыс-тіршілікке , хайуанаттарға байланысты ертегілер , күлдіргі әңгімелер болып бөлінеді . Олардың кейбіреулері тәңірі , мұсылман діндерінің наным-сенімдерімен ұштасып солардың тікелей әсерімен өмірге келген . Қазақ арасына көп тараған « Құламерген » , « Алтын сақа » , «Қарамерген » , « Аламан мен Жоламан » , « Тазша » т.б. ертегілерде олардың басты тұлға-кейіпкерлері ақылды , өнегелі , үлгілі , күші бойына симайтын балуан , аса сезімтал , алыстан білетін көреген көсем , сөзге тапқыр шешен болып келеді . Әдетте хайуанаттар туралы ертегілерде үй малдары , жылқы , түйе , қой , ешкі – адамның айнымас адал досы , ал қасқыр , жолбарыс , аю , түлкі , жылан – адамның қауіп төндіруші қас жауы болып суреттеледі .
Ауыз әдебиетінің халық даналығы өмірге келтірген кең тараған бір саласы тұрмыс – салт жырлары . Оның өзі бірнеше арнадан тұрады . Олар қара өлең , қайым өлең , туған ел туралы өлең ,төрт түлік мал туралы өлең , ата өлең , тойбастар , бесік жыры , жар-жар , беташар , қоштасу , сыңсыма , жоқтау , жарапазан , бәдік – бақсы сарыны , шариғат өлең болып жіктеледі . Әдебиеттанушылар осылардың әрқайсысының табиғатын , тарихын зерртеп , олардың қалай пайда болғаны , қандай жағдайда , қалай айтылатыны жөнінде терең де толымды пікірлер айтқан . Ал қайым өлең – қыз бен жігіттің бір-бір ауыз өлеңмен жауаптасу түрінде орындалады . Бұлардың қай түрі де той , думан , салтанатты жиын , орыстарда айтылады . Осындай күні бұрын , алдын-ала дайындалып өлең шығару машығын жетілдірген қыз-бозбала «шай өлең » , « жер-су өлең » , « ет өлең » , « қоштасу өлеңі » т.б. суырып салып айта беретін болған .
Тұрмыс салт жырларының ертеден келе жатқан түрлеріне аңшылыққа , малға хайуанаттарға , егіншілік – диқаншылыққа байланысты шығып тараған өлеңдерді жатқызуға болады . Балалар жасөспірімдер өлеңдері де халық даналығының құнарлы бір саласы . Олар ертеде бала өсіріп бала тәрбиелеудің мықты құралы болған .
Халықтың ауыз әдебиетінің қойнауынан шыққан мәдениетке қатысты айтыс жанры өлең өнерімен ақындық шабыт-шалымының қызықты көрінісі болып табылады . Мұндағы айтысқа түскен адамдар шапшандық , ұшқырлық , ұтымдылық , шеберлік көрсету арқылы қарсыласынан басым түсу үшін жан салысады . Мұндай айтыстар жас сәби өмірге келген шілдеханадан бастап дүбірлі ұлы тойлардың бәрінде өткізілетін болып ертеден дәстүрге айналған .
Ауыз әдебиетінің абыройын тасытып , атын аспанға шығарған жыршылар ХҮ-ХҮІІ ғасырларда аз болған . Солардың ішінен суырылып шыққан Доспанбет , Шалкиіз , Жиембет , Марғасқа жырауларды атауға болады .
Доспамбет ноғайлы елінің батыс беттегі қонысы болған Азаулы атанған қазіргі Азов теңізіне Дон (ноғайлылар Тең деп атаған) өзенінің құйылысар жерінде туған . Бұл аралды сөз еткенде , « Айнала бұлақ , басы Тең , Азаулының Стамбулдан несі кем » деп жырау туған өлкесін мақтан етеді . Оның өмір сүрген тұсы ХҮ ғасырдың соңы мен ХҮІ ғасырдың алғашқы ширегі . Қазақтың көрнекті ғалым әдебиетшісі Мұхтар Мағауин өзінің «Қобыз сыры» деп аталатын ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда жасаған халқымыздың ақын жыраулары жөніндегі монографиясында басқа жыраулармен болған қанды шайқастарға көп қатысқан . Бір әңгімеге қарағанда оның қазасы ұрыс кезінде түсіріп алған қамшысын қайта іздеп баруына байланысты болған дейді . «Өзегі бұлан терісі , өрімі өгіз қайысы , орамы алтын , сабы жез қамшым қалды , қайтамын » деп өмір бойы қолында жүрген қамшысын іздеп , ұрысқа қайта оралғанда өлімші болып жарақат алған .
Доспамбет артында көп мұра қалдырған . Соның өзінде де оның игі ықпалы мен әсері кейінгі ақын жырауларға , эпикалық жырларға аз тимеген .
Шалкиіз жырау ( 1465-1560) Тіленші ұлы Батыс Қазақстанда Жайықтың шығыс бетінде туған . Әкесі ірі шонжарлардың бірі болса , анасы Ноғайлының ұлы биі , кейін кіші жүздің ұйтқысы болған Мұса бидің қызы . Анасынан жас қалып нағашыларының қолында өседі . Оның өмірінің біраз уақыты Ноғай ордасының әміршісі Темір бидің жанында өтеді . Ол өлгеннен кейін Мамайдың , оның інісі Жүсіптің маңында жүреді . Жырау өмірінің соңғы кезінде Хақназар хандығында болған . Ол теңдесі жоқ жыршы .
Алшын тайпасынан шыққан атақты жырау Бортағашұлы Жиембет Еңсегей бойлы Ер есімнің Кіші жүздегі ел басқарушы биі , әскер басы , батыры . Ол 1620 жылы ойраттармен болған соғыста ойраттарды ойсырата жеңуге үлкен үлес қосқан . 1627 жылы қазақ ордасынан бөлініп дербес хандық құрғысы келіп көтеріліс жасаған Ташкенттің ханы Тұрсын ханды тұқыртқанда осы Жиембет . Алайда көп ұзамай орталық үкіметке сөз жүзінде бағынып , кіші жүзде дербес саясат жүргізе бастаған ол ханның қаһарына шалынып ел шетіне айдалады .Одан қалған мұра – оның Есім ханға арнаған толғауы . Осы толғауды жырлаумен , Есім ханның сарайында жүріп , ойраттарға , ел ішіндегі бүлікке қарсы жорықтарда ерлігімен аты шыққан Марқасқа жыраудан қалған да өлең мұрасы аз .
Қазақ сөз қадірін білген халық . Шешендікті жоғары бағалап өз ойын , өз пікірін шебер түйіндеп , ұтқыр , әсерлі етіп айта алатын , естігені , көргені көп , соның бәрін халық мүддесіне , парасаттылық пен әділдікке пайдалана білген адамдарды қатты қадірлеген , жастарға үлгі еткен . Әсіресе , ХҮ-ХҮІІ ғасырларда Тәуке хан тұсында халықтың шешендік өнеріне қатты мән берілген . Хан Тәуке қазақтың жырауларының , шешендер мен шежірелерінің басын қосып халықтың мақал-мәтел , аңыз , жырларын жинатқан . Оның төңірегінде ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін Төле би , Қазыбек би , Әйтеке би сияқты аты аңызға айналған адамдардың болуы да Тәукенің сөз құдіретін , шешендікті жоғары бағалағанын байқатады .
Қазақтың шешен , билері , « Тура биде туған жоқ » дегендей , ханнан қаймықпаған , пара алмаған шешен , билер сөзге шебер болуымен бірге елдің шежіресін , тарихын , ел басынан өткен ұлылы-кішілі оқиғаларды , дау-жанжалды , айтыс-тартысты реттеудің тәртібін , әдет-ғұрып заңдарын жетік білген . Осындай әдет-ғұрып , қарым-қатынас ережелерін қалыптастырған Тәуке ханның «Жеті Жарғысы » халықтың жадында күні бүгіге дейін жасап келеді .
Қазақ сахарасының шешендері мен билерінің ақылды аталы сөздері , өнегелі өсиеттері мақал-мәтелдердің тууына себепші болған . Халық даналығынан туған мұндай қанатты сөздер , мақал-мәтелдер ескірмей , тозбай жұртшылық зердесіне ерте замандардан бері сақталып келеді . Олардың көбі мәнін күні бүгінге дейін жойған жоқ .
Қазақ тілі мен жазба мәдениеті
Қалыптасқан біріңғай ұлттық тілдің , жазба дәстүрдің болуы халықтың мәдениетінің , өркениеттің дамуындағы алғы шарттардың бірі . Тіл әрбір халықтың ерте кездерден бергі өніп-өсуінің , дамуының , бүкіл болмысының құдіретті көрінісі . Тілдегі әрбір сөздің аржағында сол халықтың тіршілік-тынысы , салт-санасы , әдет-ғұрпы , наным-сенімі , басынан өткен қилы-қилы заманның белгісі , тарихы тұрады . Демек , оны халық болмысының айнасы деуге әбден болады . Тілсіз мәдениет жоқ . Тіл кез келген халықтың бүгінгі болмысын , арманын , алдағысын , кешегісін , келешегін бейнелейді . Сондықтан оның қалыптасуы ұзақ уақытты , бірнеше ғасырларды , тіпті мың жылдықтарды алып жатады . Ол Еуразия құрлығының керіліп жатқан кең даласын мекендеген қыпшақ , қаңлы , үйсін , арғын , алшын , керей , дулат , қоңырат , найман сияқты тегі бір , түбі туыс ру тайпалардың тілдері арқылы қалыптасып , уақыт сынына төтеп берді . Оның електен өтіп , алтынша сұрыпталып сындарлы сапаға ие болуында қыпшақ тілінің айрықша ролі зор . Осы тілде жазылған ежелгі қазақ жерін жайлаған халыққа , тайпаларға түсінікті жазба мәдениеттің бір нұсқасы ХІҮғасырда жарық көрген «Кодекс Куманикус» атты еңбек болды . Бұл кітапқа қыпшақ тілінің әлемдік латын , парсы тілдерімен баламалы сөздігінің берілуі қыпшақ тілінің дүниежүзілік сипатқа ие болып әлемге танылудың бір белгісі еді . Бұл тілде қазақтың жазба мәдениетінің қарымды дамығанын дәлелдейтін мысалдар көп . Солардың бірі көне қыпшақ тілінде жазылған « Жамих ат – Тауарих » деп аталатын шығарма . Олқазақ халқының негізін құраған Қазақстан мен Орта Азияда өмір сүрген қарахандар әулеті мен оғыз – қыпшақ тайпаларының 11-ХҮІ ғасырлардағы тарихын баяндайтын кесек туынды . Онда қаңлы , жалайыр, қыпшақ , найман , керей , қоңырат , алшын тағы басқа тайпалардың шежірелері жүйелі түрде айтылады . Сонымен бірге бұл еңбекте қазақ жеріндегі оқиғалар , осы жерде қоныс еткен елдердің шаруашылығы , мәдениеті , қазақ хандарының шежіресі , хан төңірегіндегілер мен қарашалар, батырлар мен басқа да тұлғалар туралы көп мағлұматтар берілген . Оның жазған Сыр бойындағы Жалайыр руынан шыққан Қадырғали Қосынұлы (1530-1605 ж.ж.) қазақ хандығының Орда-сарайында жүріп ханның ақылшысы және тәрбиешісі болған кісі .
ХҮІ ғасырдың 40-жылдары жазылған « Тарихи-Рашиди » деп аталатын туынды да қазақ хандығының тарихын баяндауға арналған . Екі дәптерден немесе бөлімнен тұратын бұл еңбектің алғашқы бөлімінде Шағатай әулетінің тарихы баяндалса , екінші бөлімінде ХҮ – ХҮІ ғасырлардағы Орта Азия , Индия , Ауғаныстандағы , Шығыс Түркістандағы тарихи оқиғалар сөз болады . Онда Оңтүстік және Шығыс Қазақстан жеріндегі қоғамдық - әлеуметтік жағдай , шаруашылықтың жәйі , егіншілік кәсібі , қала мәдениеті , Жетісуда қазақ хандығының қалай құрылғаны , қазақ , қырғыз , өзбек халықтарының қарым-қатынасының қалай дамығаны туралы мол деректер берілген . Бұл еңбектің авторы араб , парсы тілдерін өз тіліндей жетік білген жан - жақты білімді ғұлама – ғалым , тарихшы және жазушы Мұхаммед Хайдар Дулати ( 1499-1551 ж.ж.). Ол қазақ дулат тайпасынан шыққан , сол елдің әміршісі болған әмір Болатшының жетінші ұрпағы .
Өтеміс қажы деген кісі жазған « Шыңғыснама » атты еңбегі қазақтың жазба мәдениетінің жарқын үлгісі болып табылады .
Қазақ халқының рухани өмірінде айқын із қалдырған тарихи жазба ескерткіштерінің бірі « Қазақ хандарының рәсімдері » деген қолжазба . Ыстамбул қаласындағы Сүлеймен Кануни кітапханасының қорында сақтаулы тұрған бұл қолжазбада Қасым ханның « Қасқа жолы » , Есім ханның «Ескі жолы » , Тәуке ханның «Жеті жарғысы » сияқты заңдар мен тұрмыс тіршілік ережелері топтастырылған .
Қазақтың жазба мәдениеті туралы сөз еткенде қазақтардың ірі ру тайпаларының ертеден келе жатқан өзіндік тілдері және жазба мәдениеті болғанын айту керек . Мәселен , « Едіге » , « Ерсайын » жырларын қағазға түсірген алшындар болса , « Ер көкше », « Қабанбай батыр », «Базар батыр», « Көркебай батыр » дастандарын , керей « Махаббат-нама », « Алпамыс » қоңыраттар , « Талас ескеткіштері » дулат , тағы бір деректер бойынша үйсін диалектикасында жазылып жетті . Бірақ осы тілдердің сөздеріне ұқсатық , ортақтық , өзара түсініктілік басым болған . Осыдан келіп қазақтың біріңғай ұлттық жалпыхалықтық , бүгінгі мемлекеттік мәртебе алып отырған тілі қалыптасты .
Ислам дінін қабылдағаннан кейін қазақ халқының жазба мәдениеті араб әліппесімен байланысты болды . ХҮІ – ХҮІІ ғасырларда қазақ хандығының астанасы Түркістанда , басқа шаһарлар мен кенттерде араб жазуы кеңінен қолданылды . Оны таратуға қазақ жеріндегі қалаларда жұмыс істеп тұрған медресе , мектеп , мешіттер , елеулі еңбек сіңірді .
Ауыз әдебиеті халқымыздың төлтума мәдениетінің маңызды саласы , құрамдас бөлігі болып табылады . Адамдардың арман аңсарынан туып , өзінің үздік белгілерімен бағалы нұсқаларын ғасырлар бойы ауыздан ауызға таратып келе жатқан қазақ халқының ауыз әдебиеті тәрбиелік мәні зор , мазмұны терең , көркем де құнарлы қазына . Одан әлем халықтарының ауыз әдебиетіндегі саналуан жанрлардың қай-қасысын да кездестіруге болады . Таңғажайып аңыз-ертегілер , қисса , дастандар , толғау – жырлар , қара өлең, өлеңнің басқа да небір түрлері қазақтың ауыз әдебиетінің сарқылмас қайнары, бұлағы іспеттес .
Қазақ сырлы сөздің, өлең , жырдың қадірін жақсы білген халық . Мұхтар Әуезов былай дейді : «... Өлеңмен айтқан билік , жырмен айтқан өсиет , тақпақпен айтқан дау бір кезде татуды араз , жақынды жат қылуға жараса , бір кезде іріген елді біріктіріп , ірікшінің шіріген сөзін саф қылуға жараған . Хан , қара , би , төре , аламаншыл батыр , жетекшіл қарақшы , бәрі де айырмасыз сырлы сөздің қадірін білімге ұстарып зейіні ашылған Еуропалықтан кем білмеген » .
Қазақ халқының әдет – ғұрыптары
Халқымыздың бұл кезеңдегі мәдениеті мен тұрмысын , адамдар арасындағы қоғамдық қарым-қатынас түрлерін кейінгі кезеңдерге дейін сақталып келген әр түрлі әдет-ғұрыптардан байқауға болады .
Қазақтың әдет-ғұрыптары ең алдымен әмеңгерлік құқық , балдыз алу , рулық экзогамия , көп некелік , қалың мал және жасау , үлкен патриархалды семья т.б. көне заман институттарының қалдықтарын сқтап келген некелік және семьялық қарым-қатынастарға байланысты өткізілетін сан алуан дәстүрлер мен ырымдар төңірегінде бой көрсетеді . Некелесудің ең бастысы құда түсіп , қалың мал төлеуге негізделгендіктен , жігіт әкесі болашақ құдасына « жаушы » жіберіп , алдын ала келіс сөз жүргізетін .
Жаушы құдалық жайындағы жігіт әкесінің сәлемін айтатын . Қыз жағы құдалыққа қарсы болмаса , құда түсу мерзімін белгілеп , жаушыға «шеге шапан» атты сыйлық жауып аттандыратын . Ресми түрде құда түсу үшін жігіт әкесі бір жақын туысын бас етіп бірнеше адам аттандыратын , кейде өзі бастап барады . Құдалық мәселесі , қалың мал , жасау мөлшері , ұзату тойының мерзімі шешілгеннен кейін құдалар келісімін антпен бекітеді . Ол үшін қойдың бауыздау қанын ағаш аяққа құйып , екі жақтың құдалары қанға оң қолының саусақтарын , ілгеріректе найза ұштарын немесе садақ жебелерін батырысып құдалық шартын бұзбауға ант берісіп , ақсақалдар бата берісетін . Оқылған бата құрметіне күйеу жағы « батаяқ » , айттырылған қызға «қарғыбау» атты сыйлықтар беріледі . Бұдан соң екі жақтың құдаларына «құйрық бауыр» таратылады .Құйрық-бауыр жеу әдетіне екі жақтың құдай қосқан құда болғандығының бұлтартпас айғағы ретінде қараған . Қайтар алдында құдаларға « киіт » кигізеді .
Қыздың ұзатылу тойына күйеу тобын көбінесе оның шешесі бастап барады . Олар көптеген тартулар , сыйлықтар мен кәделік бұйымдар : қыз анасына « сүтақы » сыйлығы , аға-інілеріне жүйрік-жорға , қыран-құс , күміс ер-тоқым сияқты тартулар , күміс ақша т.б. уақ-түйіктер беретін . Қыз ұзату тойының басталар алдында отау тігіліп , оған қатысқан әйелдер күйеу шешесінен «шаңырақ көтерер» , « отау жабар », « отау көрімдігі » сияқты кәделер алады . Оның ішіне жасау жиналатын .
Ұзату тойында әр түрлі ұлттық ойындар , ат бәйгесі ұйымдастырылатын . Тойдан соң « жар-жар » айтылады . Жар-жар ауыл бозбалары мен қалыңдық бастаған қыздар тобының айтысы іспетті өтеді . Әдетте жігіттер ұзатылатын құрбысына табиғи заңдылыққа көнуге шақырып, жаңа жұртында жақсы аталуын тілесе , қалыңдық ел-жұртты , құрбы – құрдастары , жер-суымен қоштасу бағытында жаттаулы өлеңменен бірге өзі шығарған шумақтарды да әуенге қосады .
Қалыңдық ұзатылардан бірер күн бұрын ел-жұрты , жақын туыстарымен , олардың от орны-босағасымен қоштасу үшін жеңгелерін , сіңлілерін ертіп , әрқайсысының үйді – үйіне кіреді . Бұл әдетте « қыз танысу» дейтін . Жақын туыстары өз шамасына қарай ескерткіш есбінде кілем , сырмақ , алаша ,шапан , көйлек , білезік , сырға сияқты сыйлықтар береді .
Дәл аттанар алдында қалыңдыққа әдейі дайындалған келіншек киімін кигізеді . Оның ішіндегі ең бастысы желек пен сәнді сәукеле . Қалыңдық көші күйеу аулына жақындағанда , бір топ қыз-келіншек алдынан шығып , жас келінді ауылға жаяулаты әкеледі . Той алдында келінді күйеу туыстарымен таныстыру салты – « бет ашар » ұйымдастырылады . Той өткен соң келіншекке сәукеленің орнына жаулық салады . Мұның өзі оны күйеуі бар әйелдер санатына қосу салты іспетті . Келін балалы болғанша той-думанда ара - тұра сәукелесін кие береді .Ал алғашқы бала туысымен сәукеле киюді мүлде қойып , оның орнына жаулық сыртынан басына күндік орауы оның балалы әйелдер қатарына қосылғандығын білдіреді . Бұл қазақ өмірінде кең тараған көне ғұрып қалдығы .
Қазақ халқы ежелден бері кенже ұлынан өзге үйленген балаларына енші беріп , әке шаңырағынан бөліп , отау етіп шығаратын . Ал кенжесі әке шаңырағынан бөлінбей , әке мұрасына ие болады . Оның үйі әкесі өлгеннен соң да « қара шаңырақ » атанып , қалған туыстарының сый-құрметіне бөленеді , жыл сайын қара шаңырақтың дәстүрлі сыбағасын апарып тұратын. Қара шаңырақты сыйлау әдеті біріншіден , дара , шағын отбасылар арасында жойылып бара жатқан патриархтық қатынастардың қалдығын сақтады .
Қазақта үлкенді сыйлау дәстүріне зор мән берілді де , оны бұзғандар айып тартты .Қазақ әйелдері ерінің туыстарын қатты сыйлап , үлкеннің алдынан кесе – көлденең өтпейтін , тіпті қайын ата , қайын ағаларына өмір бойы көрінбеуге тырысатын , аттарын атамай жанама ат қоятын , тек өзі келін боп түскеннен кейін туған балалардың ғана аттарын атайды .
Қазақтың ежелден бергі мызғымас дәстүрінің бірі - оның қонақжайлығы . Ешбір таныстығы жоқ жолаушы кез келген ауылдың қалаған үйіне қонуға ерікті болған . Қонаққа берілетін қонақасы , жататын орын тегін , әрі қонақ бұл жағдайды « бөлінбеген еншім » деп есептеген . Ал қонақасыны дұрыстап бере алмаған үй иесіне би алдына барып ат-шапан айыбын да алатын . Қазақтағы әдеттік құқық бойынша қонақ үйден кеткенше үй иесінің қамқорлығында болатын , тіпті ол өзінің қас жауы болса да , өз үйінде кек алу былай тұрсын , оның басқа жауларынан да оны қорғауға міндетті болатын . Қонаққа « өз үйіңде үйдей дауыңды айтпа » деген нақыл сөз осы әдетке негізделеді .
Дүние салған адамды жоқтап әйелдердің бет жыртуы , жоқтау айтуы , жаназаға « ой бауырымдап » ат қойып келуі , әйелдермен көрісуі , мәйітті жерлегеннен кейін жаназа асы үшін , жетісін , қырқын , жылын беру ғұрыптарының түп тамыры көне діни сенімдермен байланысты болғанмен халық өмірінде әдет-ғұрыпқа , дәстүрге айналғандығы даусыз .
Қазақ арасына кең тараған көне ғұрыптардың бірі - өлімге келген жақын туыстардың , құдалар , жекжаттардың , жора-жолдастар мен тамыр-таныс өліктің « азасына » деп әкелетін көмегі . Ал , жыл уақытында « ас » бергенде алдын ала шақырылатын елге « сауын » айтылу салты болған . Әдетте асқа барған ел көбінесе түйе , жылқы , қой , саба-саба қымыз дайындап апаратын .
Туысқандар арасында бір-біріне , керек болған жағдайда , көмек көрсету әдеті де кеңінен орын алған . Мұндай көмекті оның мөлшеріне қарай « жылу », « немеурін » және « үме » деп атаған . Мұның ішіндегі ең көнесі де, қомақтысы да « жылу » , қалғандары кейініректе қалыптасқан , мөлшері жағынан да шағындау болды . Келе-келе жеке меншіктің , таптың шығуына байланысты туыстық қатынастар мен өзара көмек те таптық сипат алды .
Наурыз – қазақтардың шежіресі бойынша қазақтың ағасы болған . Парсы тілінде нау – жаңа , роз – күн деген сөз . Бұл екі сөз бірігіп жаңа жыл деген ұғымды береді . Қазақта наурыз деген кісі аты болған . Келін-кепшіктері атай алмай « ұлы күн » , « ұлыстың ұлы күні » деп кеткен дейді Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы . Ұлыстың ұлы күні – шығыс халықтарының ортақ мерекесі . Бұл Наурыз мерекесі күн мен түннің теңесетін кезінде өткізіледі . Оны қарсы алып , әрбір үй наурыз көже жасайтын болған . Ауыл адамдары бір-бірін жаңа жылмен , жаңа жасқа шығуымен құттықтап , төске төс түйістіріп , құшақтасып көрісетін дәстүр қалыптасқан . Қадірлі қариалардың алдына бас тартылып , олар « Малыңның басы өссін , ағың мол болсын , бақытың зор болсын » , - деп бата береді екен . Наурыз мерекесі қазақтар үшін ағыл-тегіл қуаныш пен шаттықтың мерекесі болған .
Ислам діні арқылы қазақтар арасына кең тараған ораза айты , одан кейін 70 күн өткен соң болатын құрбан айты да халықтың көп жиналуымен бата оқылып , шат-шадыман қызықпен өткізілетін мейрамдар .
Сөйтіп , қазақ халқының ХҮ – ХҮІІ ғасырлардағы толып жатқан әдет- ғұрыптарының басты-бастылары ғана айтылды . Бұлардың дені халық өмірінде ежелден бері маңызды орын алып келе жатқан халықтың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлі жағдайы .
Қазақ халқының материалдық мәдениетінің белгілері
ХҮ-ХҮІІ ғасырларда қазақ халқының өсіп , өркендеп , үздіксіз дамып келе жатқан бай заттық сипаттағы мәдениеті болды . Оның басты нұсқалары ежелгі қазақ жеріндегі ірі асуда – саттық орталығы болған Яссы (Түркістан ) , Отырар , Өзгент , Сауран , Сайрам сияқты қалалардағы сәулет өнерінің туындылары , ғажайып ғимарат құрылыстар , ескерткіш – белгілер болды . Олар сол шаһардағы халық шебелерінің қолынан шығып , ұлттық сипат алған ою - өрнектер , онымен безендіріліп істелген сәндік , әсемдік бұйымдар , тұрмыстық тұтыну заттармен толықты . Бұл игіліктің жемісін қала тұрғындарымен бірге көшпелілер де пайдаланды . Киім – кешек , құрал – жабдық , ыдыс – аяқ сияқты күнделікті ұстап тұтынатын заттар көбінесе даладағы мал өсіретін бақташыларға , егінші диқаншыларға да қаладан ауысып отырды .Көшпелілердің қаламен , сауда – саттық орталықтарымен тығыз қарым – қатынасы , үзілмейтін байланысы болды . Сондықтан олар қала халқының тұрмыс – тіршілік дағдыларын игеріп , керек жағын қаладан алып отырды . Көшпенділердің қысқы қоныстарындағы тұрағы қыстаулардағы шымнан , саз балшықтан , тастан қалап көтерген немесе ағаштан қиып жасаған үйлері де қала үйлеріне ұқсас болды . Жазға қарай көшпелілер киіз үйде немесе доңғалағы бар арба тектес жылжымалы үйлерде тұрды . Олардың қай – қайсысы да сәнді мүлікке , кілем , текемет , киіз , алаша , әдемі сандық , абдыраға , жібектен істелген бұйымдарға толы болды .
Көшпелі қазақтардың киім – кешектері қала тұрғындарына қарағанда біраз бөлектеу болған . Жалпы қазақтар қысқы киімнің жел , суық өткізбейтін жылы , жазғы киімнің әдемі , әсем тартымды болуына көңіл бөлген . Қысты күні ер адамдар қойдың немесе түйенің жабағысынан сырған , қалың матамен тысталған , кең тігілген тон , қасқыр , тауешкі сияқты аңдардың терісінен жасалған сыртын тыстаған жағалы ішкі , құлын терісінен тігілген жарғақ , түгін ішіне қаратып , қой ,киік терісінен істелген жылы шалбарлар киген . Көктемдегі , жаздағы қазақтардың киімі бешпент , камзол , шапан болған , ақ киізбен жасалған жұмсақ ақ қалпақ киді . Олардың қысқы тымақтары елтірден , түлкі , қасқыр т.б. аң терісінен тігілді . Ер адамдарының аяқ киімдерінің де түрі көп болған . Өкшесі биік , қонышы тізеден асатын шоңқайма етік , былғары саптама етік , аң аулағанда киетін қайқы тұмсық етік , жазда киетін жеңіл етік , жұмсақ теріден істелген мәсі , сауыр былғарыдан істелген кебіс т.т. қазақтардың мал терісін шебер өңдеп пайдалана білгенін көрсетеді .
Қазақтардың шеберлік өнері күнделікті қайнаған еңбек , жасапаздық істер арқылы келді . Соның барысында қайталанбас ісмер , шебер , зергерлік өсіп жетілді . Олардың өрнектеудің , әсемдеудің неше түрлі әдістерін білді . Нақыштау , бүдірлеу , торлау , шыжбай оюлар салу , өте нәзік күміс сымнан өрімдер жасағанда олар алдына жан салмады . Ер , жүген , тартпа , таралғы , үзеңгі , құйысқанды , өмілдірік сияқты әбзелдерді , ер – тұрман жабдықтарын көздің жауын алатындай көркем етіп жасады . Олардың қолынан шыққан әдемі әшекейімнен көз тартатын омырауға , шашбауға тағатын шолпылар , түрлі – түсті асыл тастар , күміс жіппен өрнектелген , асыл таспен , басқа да тастармен сәндендірілген алқалар , жүзіктер , сәнді күміс көркемдігі жағынан қайталанбайтын дүниелер болды . Ондағы бедерлермен геометриялық сәнді сызықтар , өсімдік дүниесінің бейнесі , хайуанаттардың кескіндері мейлінше көз тартар еді . Жүрек пішіндес тоғалар , ілгектер , қошқар мүйіз қаптырмалар , торсылдақ түймелер , сондай-ақ , ерекше ілтипатпен жасалған былғары белбеу , оқшантайлар , әртүрлі жарқылдақ тастармен әшекейленген әйел белдеулері көздің жауын алатын .
Әйелдердің әртүрлі матадан , жібектен , мақпалдан тігілген көйлек , камзол , аң терісінен жасалған сыртқы киімдердің үлгілері тіпті көп болған . Қыздар белі қымталған , етек – жеңін бірнеше қатар желбезек жүргізілген қос етек көйлек немесе көйлек , қаусырмасы , етегіне оқа жүргізілген камзол , басына үкілі тақия , аяғына биік өкше етік киетін болған . Қыста аң терісінен төбесіне үкі тағып әсем бөрік киеді . Жас келіндер сәукеле киіп жүрді , кейін егде тарта бастағанда кимешек киіп , одан соң жаулық тартты .
Қазақтың ер адамдары мен әйелдерінің киім – кешегі күнделікті өмірге сонымен бірге салтанатты жағдайларға да бейімделіп тігілген . Соңғысы қымбат матадан тігіліп , тігісі жатық , пішімі тартымды , зерлі оқалы болып келді . Аяқ киімдер түсті қайыс , зерлі жіп , боялған көңмен өрнектелді . Оларды ұлттық дәстүрмен тігіп дайындайтын : киім пішіп тігетін , етік тігетін зерделі шеберлер де болды .
Қазақтардың қайталанбайтын ұлттық тағамдары ет , сүт , май , қымыз , шұбат сияқты құнарлы азық – түліктен тұрды . Жылқы етінен қазы , қарта , жал , жая , шұжық істелді . Қазақ асханасында қой , түйе , ірі қара , сондай-ақ сатып , аулап алынатын бөкен , арқар , тау теке , елік , құстардың небір түрлерінің – дуадақтың , қаздың , қырғауылдың т.б. еттері , балық кеңінен пайдаланылған . Жылқы сүтінен қымыз , түйе сүтінен шұбат , қымыран , сиыр мен қой – ешкінің сүтінен айран , қатық , қаймақ , іркіт , кілегей , құрт , ірімшік , ежегей , балқаймақ жасаған .
мал шаруашылығы
XV—XVIІI ғғ. далалық аудандардағы қазақтарда шаруашылық саласы ретінде басым тұрғыда — тарихи қалыптасқан, қуаң дала мен жартылай шөлейт жерлердің табиғи-климаттық жағдайына сәйкес келетін көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы сақталды. Малдың негізгі түлігі — қой, жылқы, түйе болды. Ірі қара мал аз мөлшерде, негізінен алғанда отырықшылықты жерлерде өсірілді.
Маусымдық жайылымдарды (көктеу, жайлау, күздеу, қыстау) ал-мастырып көшіп-қонып отырудың бұрыннан қалыптасқан жолдары мен жылдық айналымы орнықты. Сонымен, ондаған, ал көптеген жагдайда жүзден астам ауылдардан құралуы ықтимал әрбір ру белгілі бір географиялық жер қөлемі шеңберінде көшіп-қону дәстүрін ұстанды.
Жайылымдық қоныстардың ара қашықтығы оңтүстікте 200—300 шақырымнан Жетісудың ендж бағытындағы далалық аудандарында 800—1000 шақырымга дейін созылды. Қоныс орнын таңдау, әрине, тек дәстүр мен шаруашылықтық мұқтаждықтарға ғана емес, сонымен бірге хандықтағы саяси жағдайға да тәуелді болды.
Мешеу көшпелі мал шаруашылығы кең көлемді жайылымдық жерлердің болуын талап етті, ал олардың әрдайымғы жетіспеушілігі көршілер арасында соғыстар мен дау-жанжалдар туғызып отырды. Мал шаруашылығы табиғат жағдайларына мейлінше тәуелді еді. Жемшөп дайындау жүргізілмеді, қыста мал тебіндеп жайылды. Мысалы, Ибн Рузбихан көшпелілер үшін Сырдария жерінің өте бағалы екендігін көрсете келіп, Сейхун төңірегінің бәрі «қамыспен көмкерілген, мал азығы мен отынға бай» — деп жазды. Қыс сұрапыл болган жылдары малдың жаппай қырылуы жиі кездесетін, мұндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп, көбі отырықшылыққа ауысатын.
Баяу дегенмен, көшпелі мал шаруашылығын жүргізудің формасы мен оның өнімділігі жақсара түсті; қолайлы жылдары (ауа райы жағдайымен бірге халық өмірінің саяси жағдайы жағынан) мал басы үдемелі қарқынмен өсіп отырды. Мал шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнемі жетілдірілумен болды.
Қазақтардың тұрағы
Қазақтардың тұрағы киіз үй, сондай-ақ шаруашылық құралдары көшіп-қону және мал өнімдерін өңдеу үшін жақсы лайықталғанды. Көшпелі мал шаруашылығы қазақ отбасының өмірін көп жағынан қамтамасыз етіп түрды. Бұл сала қазақтарға ішіп-жейтін тамақ өнімдерін, киім-кешек пен аяқ киім материалдарын, үй жабдықтары мен жасауларын, көшіп-қонуға қажетті тасымал құралдарын берді. Әскери жорықтар мен шайқастарда жылқының орнын ешнәрсемен алмастыруға болмайтын.
Көшпелі малшылар үй кәсібімен, негізінен алғанда мал шаруашылығы шикізаттарын өндеумен айналысты. Қой жүнінен киіз басты, кілемдер тоқыды, киім тікті, мал терісінен аяқ киімдер, ыдыстар, ат әбзелдерін т. б. әзірледі. Қазақтардың шаруашылыгы негізінен қолмен атқарылатын таза табиғи күйінде қалғанымен, олардың қолында қала тұрғындары, егіншілер өндіретін тауарларга, азық-түлікке айырбастай алатын басы артық өнімдері қалып отырды. Түркістанның Сығанақ, Сауран, Асы және басқа қалаларының базарларына көшпелі малшылар мал айдап апаратын, тері, жүн, олардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ суық қарулар, ағаштан, негізінен қайыңнан жасалатын бұйымдар, соның ішінде арбалар, төсектер мен ыдыстар жеткізетін; аң терілерін, тон-ішіктер, тымақ-бөріктер сататын.
Малшылар бұл өнімдеріне айырбасқа Түркістан аймағы қалаларына әр түрлі тауарлар: мақта маталары мен жібек маталар, балшықтан күйдіріліп және темірден соғылып жасалатын бұйымдар, мата мен теріден тігілген дайын киім-кешектер, шапандар, орамалдар, бас киімдер, аяқ киімдер, ат әбзелдерінің бөлшектерін, сондай-ақ әр түрлі үй аспаптарын, қарулар, қымбат металдардан жасалатын әшекей заттар, айналар және көптеген басқа дүниелер алатын. Сауда жасауға қазақтар да қатысатын: «Олардың (қазақтардың) көпестері барған елдердің көпестері өздеріне келіп тұратыны сияқты ислам елдеріне үнемі қатынап келді және әлі де барып тұрады». Көшпелілердің астыққа — бидайға, тарыға, арпаға, егіншілік пен бау шаруашылығының басқа өнімдеріне деген және әсіресе, маталарға деген сұранымы барынша берік әрі тұрақты болды және бұларды бәрі жаппай алып отырды.
отырықшылықты егіншілік
Әсіресе Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлеріндегі қазақтар отырықшылықты және жартылай отырықшылықты егіншілік пен қала мәдениетін жақсы білді. Далалық аудандар халқының көшпелілік шаруашылығы мен отырықшылықты егіншілік аудандары және қала шаруашылығының тұрақты байланысы қазақ қоғамы экономикалық өмірінің ажыратылмайтын белгісі болды. Түркістан қалалары мен алқаптарының отырықшылықты егіншілікпен айналысатын, этникалық жағынан араласып кеткен халықтары даланың мал өсіруші халқымен тұрақты шаруашылық-мәдени өзара әрекеттестік қарым-қатынас жағдайында өмір сүрді. Өз кезегінде көшпелілердін, тіпті өздері де мал қыстататын жерлерінде егіншілік танаптарын жасап, отырықшылықты және жартылай отырықшылықты елді мекендер тұрғыза бастады. Міне, қыстаулардағы мүндай егіншілікпен көбінесе малдарынан және көшіп-қону мүмкіндігінен айрылған кедей жатақтар айналысты.
Көшпелі қазақтардың отырықшылануы мемлекеттің қандай да бір басқа жерлерінен гөрі Сырдария бойы алқаптары мен Жетісудың батыс бөлігі аймақтарында неғұрлым шапшаң жүрді. Қазақтардың бұл өңірлерде XVI г. отырықшылану процесі құжаттық материалдарда (шағын грамоталарында) жазылған. Осындай грамоталардың бірі бойынша бұрындары көшіп-қонған аймақтар (ру, тайпа) «елді мекендерде (тұрақты) тұрушыларға (дихнишин), қыстауларда (жартылай отырықшылықты) тұрушыларға (кишлакнишин) және көшіп-қонушыларға (сахранишин)» бөлінеді. Сондай-ақ көшпелі тайпалар (илатийа) аталған. Қалаларда көбінесе өзінің сарайы маңындағылармен және әскерлерімен хандар тұрды. Мүндай салт-дәстүр, әсіресе Түркістан жері Қазақ хандығының құрамына кіргеннен кейін етек алды. Қалаларға бақьшау орнату тұтасынан бүкіл қазақ жерінде бірін-бірі толықтырушы екі шаруашылықтық құрылымға — көшпелі мал шаруашылығы мен қалалық отырықшылықты егіншілікке негізделген неғұрлым нық экономикалық жүйе құруға мүмкіндік берді.
қала мәдениеті
XV—XVIIІ ғғ. Қазақ хандығы дәуірінде Оңтүстік Қазақстанда қалалық өмір дамуын жалғастырды. Ибн Рузбихан «Түркістанның отыз бекінісі» туралы жазады. Солардың жиырмадан астамының аттары түпкі жазба материалдарда кездеседі; археологтар тапқан қалалар саны бұл цифрдан асып кетеді. Сырдария мен онық сағаларының оң жағалауындағы олар Ясы (Түркістан), Отырар, Сайрам, Сауран, Сығанақ, Иқан, сол жағалауындағы — Аркөк, Үзген, Аққорған, Құтжан, Қаратаудың солтүстік беткейлеріндегі — Созақ, Құмкент және басқа қалалар еді.
«Түркістан бекіністерінен» аттары аталғандар арасынан тек неғұрлым ірі деген 5-6-сы ғана мәдениет пен экономика орталықтары болды. Қалай дегенде де, егер ортағасырлық экономиканың шектеулі екенін, онын табиғи сыйпатын, халқы санының салыстырмалы түрде аздығын және басқа факторларды ескерсек, мұның өзі осындайлық шағын территория үшін, әрине, аз емес.
Қазақ мемлекеттілігінің орнығып, нығаюы кезеңінде Сырдария бойының қалалары Қазақстан халқының өмірінде көп жақты рөл атқарды. Мысалы, Сығанақ Шығыс Дешті Қыпшақ үшін «сауда айлағы» болды.
Ол алғашқы қазақ әкімдерінің астанасы болған еді. Ясы (Түркістан) белгілі сауда нүктесі, ірі егіншілік аймағының орталығы ретінде қала берді. XVI--XVII гғ. шебінде бұл қала Қазақ хандығының астанасына айналды, ол сондай-ақ бүкіл Түркістан және оған тиіп тұрған қазақ даласы үшін басты діни орталық болды.
Отырар оңтүстік-қазақстандық жерлердің ірі сауда-қолөнер кәсібі орталығы болып қалыптасты. Ясы сияқты ол XI ғ. ұзақ уақыт бойы Түркістан уәлаятындағы шайбани уәлилерінің тұратын орны болды. Олар өздерінің далалық жауларынан осы Отырар бекінісінің берік дуалдары қалқасында жасырынды. Отырардың үстемдік жағдайын, оны иелену бүкіл облысқа билік жүргізуді қамтамасыз ететінін осы қала үшін болған шайқастар туралы түпкі жазба материалдарда көптеген дәлелдемелер қалдырған замандастары жақсы түсінді.
XVI ғ. Сауран қаласы өзінің қорғаныстық құрылыстарының тұтас бір жүйесімен әйгілі болды. Солардың арасынан Хафиз Таныш мұнаралары бар биік бекініс қабырғаларын, қорған дауалдарын, «өзенге ұқсас» терең орларды атайды; Зайн-ад дин Васифи бұл қаланы онда XVI ғ. «аса көрнекті архитектуралық ғимарат» — медресенің салынуымен, сондай-ақ ерекше құрылыс ғимараттары — кәріздердің салынып, пайдалануға берілуімен, солардың бірінде шакірбақтың — бауы мен жүзімдігі бар қала сыртындағы жеке саяжайдың орналастырылуымен байланысты атап көрсеткен.
Сайрам Мауараннахрдан Түркістан мен Жетісуға шығатын сауда және әскери жорық жолдарының түйіскен жеріндегі жақсы нығайтылған бекініс, Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі сауда-қол өнер кәсібі орталығы болды; бұл қала түпкі жазба материалдарда Түркістан үәлаятымен бірге еске алынатын өз алдына дербес уәлаяттың әкімшілік орталығы еді.
Қаратаудың солтүстік беткейіне орналасқан Созақ әрдайым-ақ далалық аудандарда билік жүргізуі үшін де, сонымен бірге Түркістандағы қалалар үшін де Қазақ хандығы әкімдерінің сыртқы жаумен кұресіндегі басты таянышы, стратегиялық тұғыры болды. Созақ тек жақсы бекініс қана емес, сонымен қатар далаға қарай шығыңқы орналасқан сауда, колөнер кәсібі орталығы болатын. Созақ төнірегінде түпкі материалдарда аталған және археологтар зерттеген өзге отырықшылықты қазақ қоныстары: Күлтөбе, Тастөбе, Тасқорған, Көктөбе қалалары да болды. Олардың кейбірі бекіністер, басқалары егіншілікпен айналысатындардың ауылдары еді.
Түркістан аймағының ірі, сондай-ақ майда қалалары халықтарының шаруашылық тірлігінде ауылдық жер еңбегімен айналысу үлкен рөл атқарды. Ол кездегі қалалардың жартылай аграрлық сипатта болғанын зерттеушілер археологиялық жазба материалдармен және түпкі жазба материалдардың мәліметтерімен айғақтады. Егіспен бау-бақшалармен, жүзімдіктермен, егістік және жайылымдармен қоршалып түратын алыс-жақынды ауылдар тұрғындары ғана емес, сондай-ақ қалалықтардың өздері де айналысатын.
Қалалардың қай-қайсысы да тауарлы астық пен басқа ауыл-шаруашылық өнімдерін өндіретін, дамыған суармалы егіншілігі бар көлемді егіншілікті ауданның орталығы болды. XVI ғ. мен XVII ғ. бірінші жартысында қолдан суландыру ісі бүрынғысымен салыстырғанда кең көлемде дами түсті. Бір жерлерде ол Сырдариядан тартылған ірі каналдарға, екінші бір жерде — Қаратаудан ағып кеп жиналатын тау өзендерінен тартылар мың сан арықтарға негізделді. Үшінші бір жерде — қауғалық жүйе қолданылды.
Қалаларда қол өнер кәсібі кварталдары бодды, оларда — көзелік, ұсталық, ағаш өндеушілік, тоқымашылық, былғары жасаушылық, зергерлік, құрылысшылық кәсіптер дамыды. —XVI ғғ. Түркістан аймағы қалаларында соғыс бекіністері құрылыстарының дамыған жүйесі бар болатын. Ұзаққа созылған қоршауға төтеп бере алатын бекініс құрылыстары сансыз көп соғыстар кезінде қиратылып, ойрандалса да, шеберлердің еңбегімен қайтадан қалпына келтірілетін. Мұнымен бірге орта ғасырдың сол бір тынышсыз уақытында осы бекіністердің қалқасында тұрғын үйлер, діни және қоғамдық ғимараттар — мешіттер, медреселер, мазарлар, моншалар, дүкендер, үсті жабық базарлар, керуен-сарайлар салынып жатты.
31) XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды. Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің географиялық ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери-федалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түсті. Сонымен қатар бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісіп, қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады.
1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін (Хақназар, Тәукенің) бір орталыққа бағындырғысы келген мақсаттары жүзеге аспай қалды. Қазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырады, елдің бірлігі бұзылды, бытыраңқылық етек алып өзара қырқыс шегіне жетті.Тәукенің орнына отырған баласы Болат ханның тек атағы ғана болды.
Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы саяси жақтан бөлшектенді. Орта жүзді Сәмеке хан, Ұлы жүзді Жолбарыс хан, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі.
Бұларға қарасты ұлыстарды билеген сұлтандар дербестікке қол жеткізе бастады. Осыны пайдаланған жау жан-жақтан шабуыл жасады.
Ш. Уалиханов сол кездегі жағдай туралы: “XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өмірінде қасіретті кезең болды. Жоңғарлар,Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар жан-жақтан қазақ ұлыстарын ойрандады» - дейді.
Оңтүстіктен Орта Азия хандықтары қыспақ көрсетті. Солардың ішінде ең қауіптісі шығыстағы Жоңғар мемлекеті болды.
XIV ғ. II-ші жартысында Моңғолия территориясы екі иелікке бөлінеді.
Ойраттар белсенді рөл атқарған Батыс Моңғолия және бұрынғы Қытай императорының бақылауындағы Шығыс бөлікке. “Жоңғар” деген аттың шығуы – Шыңғысханның шапқыншылығы кезеңінде ойраттар қашанда армиясының “сол қанатын” құраған, моңғолша ол “зюнгор” деген мағынаны білдіреді. Содан “зюнгор” – жоңғар деп аталып кеткен.
Жоңғарлардың Қазақстан жеріне енуі сонау XV ғ. басталған болатын (Әбілхайырдың көшпенді өзбек хандығына күйрете соққы берген 1456 жылы).
Кейіннен ойраттардың бірігіп 1635 жылы мемлекет құруынан кейін – қазақ хандығына қан-төгіс шапқыншылықтар күшейе түсті.
Басшысы Батур Хунтайшы болды (1635-1653) Қазақ жеріне Жоңғар агрессиясының күшеюі Цэван Рабдан (1697-1727) тұсында болды.
Цэван Рабданның жаулап алу программасының ең шырқау шыңы – 1723 жылы болған шабуылдан көрінді.
18 ғасырда қазақтар үз жүзге бөлініп өмір сүріп жатты. Әр жүздің өз ханы болды. Кіші жүзді - Әбілхайыр, Орта жүзде - Сәмеке (Шахмұхамед), Ұлы Жүзде – Жолбарыс хандық етті. Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Қазақ жерінде орталықтанған мемлекет болмауын көршілері өз пайдасына шешуді ойлады. Оңтүстік-батыстан Жайық казактарының қолдауымен Еділ бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кіші жүзге тынымсыз шабуыл жасады. Солтүстіктен Сібір казактары тыным бермеді. Орта Азиядағы Бұқара мен хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Олардың бәрінен асып түскен жоңғарлар еді.
16 ғасырдың соңында ойраттар (қалмақтар) төрт тайпалық бірлестіктен тұрды. Олар Тарбағатайдан Шығысқа қарайғы өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғары ағысында қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының маңындағы хошауыттар, Іле өзенінің жоғары жағындағы шоростар еді.
Қазақтар мен ойраттар арасындағы жайылым жер үшін күрес 15 ғасырда-ақ басталды. 16 ғ. соңында ойраттардың шағын бөлігі қазақ ханы Тәуекелге бағынды. 1635 ж. Хонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Қазақ-жоңғар қатынастары Батур хонтайшы (1634-1654) билік құрған кезде шиеленісе түсті. Онан кейінгі жоңғар хандары (Сенге, халдан) Оңтүстік қазақстанды, маңызды сауда жолдары өтетін қалаларды өздеріне қаратуға тырысты.
1718 жылы Тәуке өліп, орнына Болат хан болған кезде, қалмақтардың қазақ жеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиилерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың әсері күшті болды. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалды, осында Ертістің бойында Бухгольцтің экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болды. Ол қалмақтарға зеңбірек құюды, баспахана жасап, әріп құюды үйретеді.
Жан-жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 жж. қазақ жеріне басып кіріп соғыс жүргізді. Олар 1717 жылы жазда Аякөз өзені жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады. Келесі жылы жоңғарлар қазақтарды Бөген, Шаян, Арыс өзендері бойында тағы да қырады.
1723 жылы ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне тағы да соғысуға келді. Шуна Дабо деген қалмақ басқарған бұл шайқас екі бағытта жүруі тиіс еді. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт қазақтарға соққы беріп, Шыршық өзеніне жету болатын. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзені бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағынадғы Кетпен тауы баурайына орналасты.
1723 жыл тарихта есте қаларлық жұт жылы болған еді. Осы жылдың көктемгі төл алу кезеңі мен жазғы көш-қону жұмыстарымен айналысып жатқан қазақ еліне тосыннан, күтпеген жерден шабуыл жасады. Осы жолы шапқыншы жоңғарлардың саны осылайша 70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ еліне кірді. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны «Елім-ай», сол кездегі ауыр күндердің өшпес ескерткіші болып табылады.
Бейғам отырған қазақтар аяусыз қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы Хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" деп атады. "Елім-ай" деген ән туды.
Халық және батырлар ең соңында бірігудің қажеттігін түсінді. Дәл осындай ауыр кездерде халықтың ішінен суырылып алға шығып, халықтың қамын ойлаған атақты Хандарымыз бен билеріміз және халықтан шыққан батырларымыз да болды.
Бұқар жырау өзінің 29 толғауында қазақ батырларының аттарын атайды. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Албан Райымбек, Бәсентин Малайсары, Уақ Баян т.б. батырлар.
Осындай ауыр кезде еңсесі түскен елдің есін жиғызып, зар жылаған халықтың көз жасын тиғызған атақты билеріміз болды. Халықты алқалы жиынға шақырған да сол бабаларымыз болды.
1726 жылы Ордабасында үш жүздің игі жақсыларының басын қосқан ұлы жиын болды. Осында үш жұздің баласы бір бәтуаға келіп, жауға қарсы бірігіп аттануда, сол қолға басшы етіп Әбілхайырды сайлайды.
Осы кездегі қазақтың саяси хал-ахуалын архив құжаттары былай суреттейді: «Сол кезде жоңғарлар Орта Азиядағы ірі сахара патшалығы болды. Оған ұйғырлар қарсылықсыз бағынды. Қырғыздар бір мезгіл қарсылық көрсетсе де, сұрапыл тегеурінге шыдамады. Ал, ұзақ жыл бойында жоңғарлармен тірескен тек қазақтар ғана болды. Жоңғарлар қазақ елінің шығыс және оңтүстік жағындағы біраз жерлерді жаулап алғанымен, қазақтардың кең байтақ орталық бөлігіне әл-күші жетпеді» – дейді.
1728 жылы Әбілхайыр бастаған Кіші жүз жасақтары, Тайлақ батыр, Саурық батыр бастаған әскерлер Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында "Қара сиыр" деген жерде қалмақтарға қарсы соққы берді. Бұл Ақтабан шұбырынды жалдарының алғашқы жеңісі еді. Бұл шайқас кейін тарихта «Қалмақ қырылған» соғысы деп аталды. «Қалмақ қырылған» шайқасы қазақ жүздері арасында Әбілқайыр ханның беделін көтерді және жеңіске жігерлердірді. Барлық жүздегі қазақ батырлары енді соғыстың шын, шебер қолбасшысына айналған Әбілқайыр ханның төңірегіне топтаса түсті.
1730 жылы көктемде Балқаш көлі маңында тағы соғыс басталды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай сияқты батырлар бастаған қазақ жасақтары жоңғарларға аяусыз соққы берді. Бұл жер кейін "Аңырақай" деп аталып кетті. «Аңырақай» шайқасы соғыстың тағдырын шешіп бергендей болды, басымдық қазақ жасақатры жағына ауысты. Шуно Дабо бастаған қалмақтар Іле өзені бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды. Қазақ жерін азат ету жолындағы соғысты жеңіспен аяқтау үшін Үш жүздің әскерлері Шымкентке таяу Ордабасы деген жерге жиналды. Қазақ әскерінің бас қолбасшысы болып Әбілхайыр хан мен Бөгенбай батыр сайланды.
Осы тұста Тәуке ханның баласы Үлкен Орда иесі Болат хан қайтыс болды. Таққа талас басталды. Болат ханның інісі, Орта Жүздің ханы Сәмеке (Шахмұхамед) тақтан негізгі үміткер болды. Сондай-ақ қалмақты қыруда үлкен ерлік танытқан және аса зор бедел жинаған Кіші жүз ханы Әбілхайыр да тақтан дәмеленді. Алайда аға хан болып Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Әбілхайыр бұған наразы болып, майдан шебінен әскерін алып кетті. Ал сайлауға қатысқандар Әбілқайыр ханның беделі мен ерлігіне еш күдік келтірмесе де тектілігі бойынша келіп, оны Қазақ даласының Ханы етіп сайлауға өткізбеу үшін тоқалдан туғанын сөз қылған еді. Хандықтың Заңды мұрагері болуға лайық Сәмеке де Шу бойымен Бетпақдалаға қарай өз әскерін алып кетті. Бұл реніштердің салдарынан жоңғарларға қарсы майдан шебі әлсірей бастады. Ұлы Жүздің ханы Жолбарыс амалсыз жоңғарлармен мәмілеге баруға, өзін оған бағынышты санауға мәжбүр болды.
Осы тұста әрбір жүздің ішінде феодалдың бытыраңқылық күшейді. Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі. Сол сияқты Орта жүзде Күшік пен Барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұхара, Хиуамен қатынасы да нашар болды. Еділ өзені бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші Жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызды. Нұралы хан оларды үнемі тойтарумен болды.
1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы идеяны орнықтыруға қазақтың жас Абылай ханы зор күш жұмсады.
Бұл кезде Бұқара, Хиуамен қатынас-шиеленісті, жоңғарлар үнемі қауіп төндіріп отырды. Ендігі жерде қазақ халқының тек өзінің күшіне ғана сенуі керектігі және үш жүздің басын қосып, жоңғарларға қарсы тұру керектігіне көздері жетті. Осы идеяны жүзеге асыруда Абылай хан еңбек сіңірді. Ол 1731 жылы ауылының адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып, атасының атымен «Абылайлап» жауға шауып, көзсіз ерлігімен, батылдығымен көзге түседі. 1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті.
Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған шығысынан Қытайлардың Манчжурлік (Шүршіттер) Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол алдымен Сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер алдымен шығып, Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді. Екінші қолды Шақшақ Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың төменгі ағасына қарай кетті.
Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта әйгілі батырлардан Қаракерей Қабанбай, Батыр Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ болды.
Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды.
Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды.
Бұл Сыр бойындағы, оңтүситік Қазақстандағы соғыстар екі айға созылды. Нәтижесәінде Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Ал Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды жаудан босатты. Батыр Баян жауды өкшелеп Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың әскерлері Қызылқұмдағы Қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы саласына шегіндірді. Жан-жағынан қусырылып, амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.
Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары сол кездегі қазақ ханы Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылой бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті. Жоңғарлар қазақ жерінен біртіндеп шегіне бастады. Алайда Абылай хан жауды бұл даладан мүлде қуып шықпай тыным таппады.
Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастаған қазақ жасақтары 1750 жылы жауды Тарбағатай, Жоңғар Алатауы жерімен өкшелеп, Жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді. Жау Жоңғар Алатауынан әрі асып қашып кетті. Бұл ірі шайқастардың ішіндегі ақырғысы болатын.
1740 жылы Жоңғарияның өзінің ішінде билік үшін күрес туып, (Қалдан Церен өлген соң) туысқандар арасында дүбелең жағдай қалыптасқандықтан, Жоңғар елі әлсірей бастаған еді. Содан жалғасып бұл көшпенді мемлекетті 1758 жылы Қытай империясы түбегейлі жеңді. 1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кеткен еді. Осыдан кейінгі 1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады.
1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Сөйтіп енді Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Сөйтіп енді қазақ жеріне Цин империясы шабуылын бастады.
Осы ауыр кезде Абылай өзінің шебер ішкі, сыртқы саясатымен көзге түсті. Осы кезде Ақсақалдардың алқа кеңесін шақырып, Қытаймен соғысты соза беруге болмайтынын, көп соғыстан халықтың азып-тозып кеткенін айтып, Қытаймен елшілік қатынас орнату мақсатында адамдар жібереді. Сөйтіп, олармен сауда, экономикалық байланыс орнатудың жолдарын қарастырды. Ресеймен қарым-қатынасын да ұлғайтты. Қазақ жерін екі алып елдің қаупінен қорғап қалуда үлкен еңбек сіңірді, өзінің нәзік саясатымен тіл табысты, өзінше билік, өзінше саясат жүргізді.
Қытайлар (Шүршіттер) да дүркін-дүркін шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді. Олардың кейбір шабуылдары Қазақ жеріне, Жетісу мен Сарыарқа өңіріне сұғына енді. Қазақ әскерлері олардың қаптаған, жақсы қаруланған қолымен бірнеше рет бетпе-бет келіп, Абылайдың басқаруымен бірде жеңіп, бірде жеңіліп жүрді. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, бейбіт келісімдер арқылы Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын бар мүмкіндігін сала іздестірді. 1760 жылдары Қытаймен арада бітімгершілік жасаудың (Аягөз бітімі) сәті түсті. Қазақтар Алтай-Қара Ертіс және Тарбағатай, Жоңғар Алатауының шығыс жақ беткейлерінде, Іле бойынша көшіп-қонып жүруге мүмкіндік алды. Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты.
1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда хандар мен сұлтандар бас қосып, Абылайды Орта жүздің ханы етіп сайлады. Ал іс жүзінде өлшеусіз еңбегі арқылы Қазақтың ханы болып танылған еді. Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды. Орнына Уәли хан сайланды.
32) Қазақ даласының Ресей экономикасы үшін алатын орыны ерекше болды. Өйткені Орта Азияға баратын жолдар Қазақстан арқылы етті. Ресей мемлекеті қазақ хандықтарына барған сайын кеп көңіл аударып, Петр І-нің нусқауымен қазақ жерін зерттеу жумысы басталды. 1716 ж. Омбы, 1717 ж. Железинск қамалы, 1713 ж. Семипалатинск қамалы салынды. Осылайша Ресейдің шығыстағы шекарасы Қазақстан жеріне жақындай түсті. Енді ол Қазақстанды біртіндеп жаулап алуды ойластырды.
Бүл кезде қазақ хандығының ішінде феодалдық бытыраңқылық күшейіп, ер жуздің өзінің ханы болды. Өз кезегінде ру басшылары мен султандары хан билігіне бағынбай, беліне бастады. Жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасынан кейін Кіші жуз ханы Әбілқайыр, Ресеймен мәмілеге келуді ойластырып, 1731 ж. ақпан айында Ресейге Сейітқүл Күндағүлүлы мен Күтлымбет Қрштайүлы бастаған елшілік жібереді. Әбілқайырдың елшілігі Ресей үкіметі үшін кутпеген олжа болды. Орыс патшасы Анна Иоанновна Әбілқайырдың Кіші жузді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы үсынысын қабыл алып, Қазақстанға А.И.Тевкелов басқарған елшілік жібереді.
Әбілқайырдың бүл шешімін Кіші жуздің ру басылары толық қолдай қойған жоқ. Барақ сүлтан түбірінен қарсы болса, Богенбай батыр орыс үкіметінің билігін мойындағанымең Кіші жуздің дербестігін сақтап қалуға тырысты. Тіпті, орыс елшісін елтіруге бел байлағандар да болды. Осыған қарамастан 1731 ж. қазан айының 10-ы жүлдызында Әбілқайыр мен оның саясатын қолдаған Кіші жүздің 27 старшинасы Ресейдің қол астына кіруге ант берді. Әбілқайырдың бүл шешімі қазақ өлкесінің Ресей құрамына қосылуының алғашқы қадамы болды. Екі жақтың да көздеген мақсаты болды. Әбілқайыр Ресей үкіметінің қолдауына сүйеніп, езінің қарсыластарын влсіретуге тырысты. Патша үкіметі Кіші жүз ақсүиектерінің алауыздығын пайдаланып өзінің вкімшілік жвне саяси шараларымен Қазақстанның батыс аудандарын отарлауды көздеді.
1734 ж. орыс үкіметі Сенаттың хатшысы И.К.Кириллов басқарған экспедиция үйымдастырды. Комиссияға Ресей құрамына енген жерлерді зерттеу, Ор бекінісін салу, орыс пен қазақ арасындағы шекараларды белгілеу міндеті жүктелді. Саяси жағдайдың шиеленісіп кетуіне байланысты экспедиция езіне тапсырылған істерді толығынан іске асыра алмады. Тек 1735 ж. Ор бекінісінің негізі салынды.
1732 ж. Әбілқайырдың үсынысымен Орта жүздің Самеке хан бастаған кейбір белігі де Ресей құрамына сез жүзінде өтеді. 1734 ж. қалмақтардың жаңа қауіп қатерінің күшеюіне байланысты Орта жүз ақсүйектері өздерін қарамағына қабылдау жөнінде Ресейге екінші рет өтініш жасайды. 1734 ж. 10 маусымдағы грамотамен Самеке хан мен оның жақтастарының өтініші қабылданады.
Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Ресейге қосылғандығы зандастырылған соң орыс үкіметі қазақ даласындағы өзендердің бойынан бекініс қамалдар салып, олар біртіндеп қалаларға айналды. Жайық өзені бойынан 14 қамал салынды. XVIII ғ. 50 жылдарында Ертіс өзенінің жағасына Омбы, Железняк, Петропавл, Семей, Өскемен, Ямышев сияқты қамалдар салынды. Кэлалар мен бекіністердің маңында қазақтардың кешіп қонуына тыйым салынды.
Осылайша Қазақстанның солтүстік-батыс белігінің Ресейге қосылуы қазақтарға отарлық езгіні күшейтті. Шығыстан қалмақтардың шапқыншылығы басылмады. 1742 ж. жоңғар вскері қазақ жеріне тағы да қайтадан басып кірді. О/лтандар арасындағы алауыздық жалғаса түсті. 1743 ж. Әбілқайырды султан Барақ өлтіреді. Орта жүзде хандық билік Абылай сүлтанның қолына көшеді.
Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы. Қазақ хандығының қайтадан қалпына келуі Абылай сүлтан есімімен байланысты. Орта жүздің сүлтаны Уалидің баласы Абылай (Әбілмансур) 1711 ж. дүниеге келген. Оның 13 жасында қалмақтар Түрікстанды алып, Уали ханды елтіреді. Абылай вкесінің қызметшісінің кемегімен жауларынан қашып құтылып, елге келіп Теле бидің түиесін бағады. Қашып жүргенде аты-жөнін жасырып, Табалақ" атанған Әбілмвмбет 1731 ж. қалмақтарға қарсы шайқаста, өзінің ерлігімен көзге түседі.
Әбілмвмбет хан жаудан жеңіспен оралған Сабалақтың өз туысы екенін түсінеді. Ол оған "Абылай" деп атасының атын беріп, хандық тағын үсынады. Абылай хан болудан бас тартып, Әбілмвмбет қайтыс болғанға дейін сүлтан дврежесінде оның ақылшысы, кеңесшісі болады. 1740 ж. тамыз айының 23- інде Орта жүз ханы Әбілмвмбет пен Абылай Орынборға келіп, Ресей империясының билігін мойындайды. Алайда жоңғарлармен соғыстың қайта басталуына байланысты Абылай өз дербестігін сақтап, Орынбор вкімшілігінен қол үзеді. Өз төңірегінде қазақтардың белгілі батырларын топтастырып 1745 ж. қалмақтарға қарсы азаттық күрес бастайды. Қалмақтар жеңіліп Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмвмбеттің қарамағына өтеді. Қазақ жерін біржолата босату мақсатымен 1753 ж. Абылай жоңғар еліне шабуыл жасап, түбегейлі жеңіске қолы жетеді. Жоңғар мемлекеті 1753 ж. бір жола қүлайды. Осы туста Цинь қытайлары Шығыс Түрікстандағы Синь-Цзянь жерін басып алып, енді Қазақстанға көз тікті. Абылай жасақтары Қытай вскерлеріне бірнеше тойтарыс беріп, олардың ішке қарай жылжуына мүмкіншілік бермеді. Екі арада келіс сөздер басталады.
Абылай сонымен қатар Орта Азиядағы елдермен байланысты дамытуға да көңіл бөлді. Түрікстан, Сайрам, Шымкент, Созақ жвне Ташкент Абылайдың қол астына өтеді. Қазақстанның халықаралық жағдайы жақсарады.
1771 ж. Әбілмвмбет дүние салып, Түрікстанда Қожа Ахмет Иассауи мешітінде Абылай хан сайланады. Үш жүз өкілдерінің Абылайды мойындауы оның Жоңғарияға қарсы азаттық күрестегі, Қытай мен Ресейге мойын үсынбай дербестігін сақтап қалудағы қызметін бағалаудың көрінісі болып табылады. Абылай хан 1731 ж. дүние салды. Ол қайтыс болғаннан кейін, оның қурған мемлекеті қайтадан влсіреп кетті.
33) 1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады.
1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті.
Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді.
Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың төменгі ағасына қарай кетті. Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ болды.
Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды.
Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды.
Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сапасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.
Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылой бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті.[2]
Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастапан қазақ жасақтары 1750 жылы жауды жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді.
1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Осыдан кейін 1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады. 1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Қытайлар дүркін-дүркін шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын іздестірді. Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты.[3]
1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Абылайды Орта жүздің ханы етіп сайлады. Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды. Орнына Уәли сайланды.
34) Кіші жүз Ресейге қосылған соң орыс мемлекеті, шекаралық аймақтарда әскери бекіністер салумен қатар, қазақтарға алым-салықты көбейтіп, патша екімшілігінің пайдасына халықтың малын, қаржысын алып, ездерін бағынышты етіп үстағысы келді. Әскери бекіністерге көшіріліп екелінген орыс казактары қазақ ауылдарына жиі-жиі шабуыл жасап, малдарын айдап екетіп, адамдарына зорлық-зомбылық керсетті. Каспий теңізінің солтустік батысындағы қүнарлы жерлер орыс помещиктеріне берілуі қазақтардың дестүрлі мал жайылымын мейлінше тарылтты.
Осының бері халықтың наразылығын күшейтіп, Кіші жүз және Орта жүз қазақтарының 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачее бастаған шаруалар соғысына қатысуына себеп болды. Патша үкіметінің билігін елсірету мақсатымен сүлтандар Ералы, Досалы, Айшуақ кетерілісшілерге қолдау көрсетті. Пугачее кетерілісі жеңілгеннен кейін де қазақтардың қозғалысы тоқтамады. Оны Сапура Матенқызы, Досалы және Сейдалы о/лтандар басқарды. Қазақтардың 1773—1775 жылдары Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы.
Ресейдегі Е.Пугачев бастаған көтеріліс қатыгез басыбайлылық тәртіпке қарсы бағытталса да, оған үлкен ынта-жігермен және үмітпен Еділ-Жайық бойындағы башқұрт, татар және қазақтар да қатысты. Орта жүз, әсіресе Кіші жүз қазақтары патша үкіметінің жер мәселесіндегі отаршыл саясатына қарсылық танытып, шаруалар көтерілісіне қосылды. Пугачев үндеуінің Кіші жүзде таралуы қазақтарды стихиялы түрде көтеріліске тартты. Халық жасақтары билеуші топтардың қол астына шоғырлана бастады. Өйткені патша үкіметінің Жайық, Ертіс өзендерінің оң жағасындағы шұрайлы жерлерді орыс-қазақтарға беріп, қазақтардың бекіністер орналасқан өңірге жақындауына тыйым салуы халықтың ашу-ызасын тудырды. Ал Пугачев болса езілген халық бұқарасын «жермен қамтамасыз етуге» уәде берген еді.
Емельян Пугачёв
Кіші жүздің ірі ақсүйектері — Ералы мен Досалы, Айшуақ сұлтандар көтерілісті қолдады, тіпті 1773 жылы 17 қарашада Нұралының өкілі Зәбір молда Пугачевқа арнайы сыйлықты табыс етуге аттанды. Одан Пугачев Кіші жүз қазақтарының көмегі ретінде әскер жіберуін сұрайды.
Нұралы, бір жағынан, Пугачевқа қылыш, шапан, арғымақ сыйлай отырып, екінші жағынан, Орынборға көтеріліс қимылдары туралы хабарлап отыруды да ұмытқан жоқ. Пугачев көтерілісі Жайық қалашығы ауданында басталды. Ол негізгі күшімен Жайық бойымен жоғары жылжиды. Форпост, қамалдар, соның ішінде Илецк қалашығы Пугачевқа ұрыссыз беріледі. Көтеріліс Қазақстанның солтүстік-батысын қамтып, өлкенің негізгі әкімшілік және әскери орталығы — Орынборды қоршауға тырысты. 1773 жылы 5 қазанда 2500 адам, 20 зеңбірекпен қамалды алуға ұмтылды. Оған башқұрт халқының батыры Салауат Юлаев, Оңтүстік Орал зауытының жұмысшылары қатысты. Орынборды қоршау кезінде тама, табын, жағалбайлы руларынан шыққан қазақ қолдары Пугачев жасағына белсенді қолдау көрсетіп, орыс бекінісіне шабуыл жасайды.
Досалы сұлтан өзінің ұлы Сейдалыны бас етіп, Пугачевқа көмек ретінде топ жөнелтті. Деректерге қарағанда, Орынборды қоршау кезінде 2 мыңға жуық қазақтар бекіністерді шабуылдауға қатысқан. Орта жүз руларынан келген топтар Орынборды қоршауға, Илецкіні алуға қатысты.
1774 жылы Орынборды қоршау тоқтатылды. Енді Нұралы хан езінің патша үкіметін қолдайтындығын неғұрлым ашық көрсете бастады.
Көтеріліс ошағы Кіші жүзден басқа жаққа ауысқаннан кейін де қазақтардың патша үкіметі бекіністеріне шабуылы тоқтамады. Тек 1774 жылы жазда осындай 240 шабуыл жасалынды. 1775 жылы қаңтар айында Нұралы хан патша үкіметінен қазақ жайылымдарына жазалау жасағын жіберуін сұрап өтініш білдірді.
1775 жылғы ақпанда 300 орал-қазақ әскері, 500 башқұрттан тұратын Мансуров бастаған жазалау жасағы Гурьев пен Орал қаласынан шығып, Кіші жүздің ортасына бет түзейді. Осы кезде Сырым Датұлы халық көтерілісінің басшысы ретінде сахнаға шығады. Көтеріліс тоқтатылғаннан кейін II Екатерина Жайық өзенін Орал, Жайық қалашығын Уральск деп өзгерту жөнінде шешім қабылдатады.
35) 1783—1797 жылдардағы Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыс
Ресей империясының Кіші жүздегі отарлық саясаты тереңдеген сайын өлкедегі саяси-экономикалық биліктің орыс әкімшілігі қолына шоғырлануы да жылдам жүре бастады. Пугачев көтерілісі басып-жанышталғаннан кейін 1775 жылы 25 шілдеден бастап «сезікті» деген кез келген Орынборға келген қазақты тұтқындап, малын тартып алуға рұқсат берілді. Себебі Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі кезінде қазақтар 1756, 1771 жылдардағы жарлықпен санаспай, іс жүзінде Еділ мен Жайықтың аралығындағы жайылымдарды пайдаланған еді.
1782 жылғы жарлық бойынша қазақтарға патша үкіметі Еділ мен Жайықтың ішкі жағына өтуге рұқсат берді. Нұралы мен оның туыстары қоныстарға билік құқын пайдаланып, шекаралық әкімшілік шенеуніктерімен, қазақ-орыстармен бірігіп, халықты тонауға кірісті. Арғы бетке өткен әрбір шаңырактан бір жылқы мен бір қой ақы алып тұрды. Орал әскер басшылары ақы төлемегендерді тұтқынға алып отырды, малын тартып алды. Мысалы, 1783 жылы қазақтар ішкі жаққа өткен қазақтардың 4 мың жылқысын айдап әкетеді. Бұған жауап ретінде қазақтар редуттарға, бекіністерге, форпосттарға шабуылға шықты. Осы кезеңнен бастап бас көтерулер жаппай тұрақты сипат алды. Басты соққы Төменгі Орал шебі мен Ор бекінісіне бағытталды.
Тарих сахнасына халық қозғалысының көшбасшысы ретінде жастайынан шешендігімен, әділдігімен көзге түскен байбақты руының басшысы Сырым Датұлы шықты. Ол ұрыстарда асқан ерлігімен халық сүйіспеншілігіне бөленген батыр болатын. Оның қарамағында 2 мыңға жуық түтін бар еді.
Нұралы хан және оның жақтастары Кіші жүздегі ықпалынан айырылып, халықтан алыстай берді. Нұралы хан 70-жылдардың екінші жартысынан бастап патша әкімшілігінің еркінен шықпайтын орыс шенеунігіне айналды.
Кіші жүзде қалыптасқан саяси ахуалды бақылауды билер мен батырлардан тұратын Сырым бастаған топ өз қолына алды. Қазақ халқының алдында өмірлік екі мәселені шешу міндеті тұрды:
а) ыдырап бара жатқан дәстүрлі қазақ мемлекеттілігін құтқару;
ә) жер мәселесін шешу.
Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты еді. Хан мен патша үкіметіне қарсы осы өмірлік мәселелер халық бұқарасының қолдауын қамтамасыз етті, қозғалысқа жалпыхалықтық сипат берді. С.Датұлын Кіші жүздегі қазақ руларының барлығы дерлік қолдады. 1786 жылға қарай ол өз маңайына жеті мыңдай көтерілісшілерді жинақтады. Сырымға байбақты, шекті, табын, шеркеш, таз рулары қолдау көрсетті. Бұл рулардың көпшілік бөлігі Нұралының басқаруындағы рулар болатын. Осылайша Нұралы ханның билігі дағдарысқа ұшырады. Халық қозғалысының ауқымы Петербург сарайы мен Симбирск және Уфа өлкелерінің билеушісі барон Отто Игельстромға ой салды. Олар халық наразылығын пайдалана отырып, Кіші жүздегі хандық билікті жоюды ойластыра бастады.
36) Бөкей хандығының құрылуы - 1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі көшіп барды. 1812 жылы онда Бөкей хандығы құрылды. Ол 1845 жылға дейін өмір сүрді.
Қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне өтуінің негізгі себептері
XVIII—XIX ғасырлардың аралығында Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Жайықтың оң жағалауына өз беттерінше жаппай көше бастады, Мұның бірнеше негізгі себептері бар еді.
Біріншіден, шекара шебіне таяу аймақтарда отырған қазақтар мал жайылымынан қатты тамшылық көрді. Патша үкіметі олардың жер жөніндегі өтініштеріне құлақ аспады. Мұның өзі орыс отаршылдығына қарсы жаңадан көтерілістер тудыра бастады. Қазақтардың Қытайға қарай көшіп кету ықтималдығы пайда болды.
Екіншіден, қазақтар өздерінің бұрынғы ата қонысына қайтып баруға тырысты. Ал ол қоныстар Ресеймен шекаралық шептің ішкі жағында қалып қойған болатын. 1771 жылы Еділ қалмақтарының елеулі үлкен тобы Шыңжаңға көшіп кеткеннен кейін Еділ мен Жайық аралығында босап қалған жерлер болды.
Үшіншіден, Сырым Датұлы бастаған көтеріліс күшпен басып-жаншылған соң оған қатысушыларға сұлтандар мен ханның тарапынан қатты қысым көрсетіліп, қуғын-сүргін жиілеп кетті.
Төртіншіден, Пугачев пен Датұлы бастаған көтерілістер аяусыз басып-жаншылғаннан кейін патша үкіметі бұрыннан белгілі
«бөліп ал да, билей бер» деген империялық пиғыл принципі бойынша біртұтас Кіші жүзді әлсіретуге тырысып бақты, Әбілқайыр ханның ұрпақтары болып табылатын бірнеше топтың арасында тақ таласын шиеленістіре түсті.
Хан тағынан негізгі үміткерлердің бірі Бөкей сұлтан болатын. Бірақ 1797 жылы қартайған Айшуақ сұлтан Кіші жүздің ханы болып шыға келді. Шыңғыс ұрпақтарының арасындағы қарым-қатынас шиеленice түсті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы Жайықтың оң жақ бетіне көшіп бару ғана еді.
[өңдеу]Бөкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң жақ бетіне жаппай өтуі
Жәңгір хан және Пәтимә
1799 жылы Бөкей сұлтан Ресей императорының атына хат жазып, өзінің қол астыңдағы қазақтардың бір бөлігінің Жайықтың оң жақ бетіне көшіп баруына рұқсат сұрап, өтініш жасады. Сөйтіп 1801 жылғы 11 наурызда Ресей монархы I Павелдің жарлығы шығып, Бөкей сұлтан мен оның қол астындағы қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне көшуіне рұқсат етілді.
Бөкейдің өзіне Ресей императорының суреті бар алтын медаль тапсырылды. Көшіп барған қазақтардың қоныстанған аумағы 70 мың шаршы шақырым шамасында болды. Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтар орналасқан бұл аймақ Ішкі Орда деп аталды. Ішкі Орда батысында Астрахан, солтүстігі мен шығысында Саратов және Орынбор губернияларымен шектесті, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Каспий теңізі мен Жайық шекара шебіне барып тірелді.
Әкімшілік тұрғысынан алғанда Ішкі Орда Орынбор шекара комиссиясына бағынышты болды. Бірақ оның орналасқан аумағы Астрахан губерниясына қарайтын. 1801 жылы Жайықтың оң жағасына 5 мыңға жуық отбасы көшіп барды. Олардың басым көпшілігі таяуда ғана болып өткен көтеріліске қатысқандар еді және қазақ қоғамының ең кедей бөлігі болып табылатын. Сырым Датұлы қазақтардың Жайықтың оң жағалауына қоныс аударуына қатты қолдау көрсетті.
Ол тіпті халық арасында ата қонысқа көшу жөнінде ықпалды үгіт жүргізді. Жайықтың оң жағына көшіп барғандардың 15 мыңға жуығы кейінірек оның жақтастары болып шықты. Жайықтың оң жағалауына көшіп барушылардың саны бірте-бірте арта түсті.
Мәселен, 1897 жылғы Ресей империясының Жалпыға бірдей алғашқы халық санағының көрсеткен нәтижесі бойынша, Ішкі Ордада 207 мың қазақ болды. Кейінірек қазақтардың Ресеймен шекаралық шептің ішкі жағына өтуіне тыйым салынды. Сонымен қатар қазақтардың кең-байтақ қазақ даласына қайтып келуіне де рұқсат берілмеді. Далалық қазақтардың да Ішкі Ордаға өтуіне шек қойылды.
1812 жылы Бөкей сұлтанға хан лауазымы берілді. Жартылай тәуелді жаңа мемлекеттік құрылым епдігі жерде Бөкей хандығы (Ішкі Орда) деген атқа ие болды. Патша үкіметі келешекте одан империяға толық тәуелді мемлекеттік құрылым жасамақ ниетте еді. Бұл ретте хандықтың жаңа билеушісі Жәңгірге үлкен үміт артылды.
[өңдеу]Жәңгірдің билік басына келуі
Бөкей хандығының негізін қалаған Бөкей хан 1815 жылғы 12 мамырда қайтыс болды. Ол өзінің көзі тірсінде хан атағын өз ұрпақтарының мұрагерлікпен иелену құқығын белгілеп, бекітіп қойған еді. Оның өсиеті бойынша, хан тағы оның ұлы Жәңгірге қалдырылған болатын. Бірақ ол әлі небары 14 жаста еді. Сондықтан ол ер жетіп, кәмелеттік жасқа толғанша хандықты Шығатай сұлтан билеп тұрды.
Жас мұрагерді тәрбиелеуді патша шенеуніктері өз қолдарына алды. Жәңгір ер жетіп, кәмелеттік жасқа толғанша Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде тұрды, сол кездегі үлгілі саналатын білім мен тәрбие алды. Ол хан тағына тағайындалар кезге дейін жан-жақты толық әзірліктен өткен билеуші болып та үлгерген еді. Жәңгір қазақ тілімен қатар орыс, араб және парсы тілдерін білді. Ол Қазан университетінде жиі болып тұратын. Жәңгірдің университетте болған сапарларының бірінен кейін ондағы жергілікті ғалымдар «Қазақ ханы Жәңгірдің Қазанда болуы» деген кітап жазды. Жәңгір Қазан үниверситетінің кітапханасына араб, парсы және түркі тілдерінде жазылған ежелгі 6 құнды қолжазба тапсырды.
Жәңгір 1824 жылы Орал қаласында хан болып жарияланды және хандықты 20 жыл бойы басқарды. 1827 жылы ол хандықтың орталығы — Хан ордасының негізін қалады. Хан ордасы Нарын құмының батыс бөлігінде салынды. Хандыққа біртұтас басшылық осы жерден жүргізілді. Ханның үлгісі бойынша және оның тікелей нұсқауымен Хан ордасында сұлтандар мен билер, старшындар да үй сала бастады.
Жәңгір хан билік басында болған уақыт қазақтардың бүрынғы дәстүрлі тұрмысына елеулі өзгеріс жасалған, хан билігі күшейген, ислам дінінің ықпалы артқан, тауар-ақша қатынастары айналымға енгізілген маңызды кезең болды.
[өңдеу]Аймақтағы әлеуметтік-экономикалық, саяси даму барысындағы өзгерістер
Бөкей хандығының қазақтары орыс шаруаларының және казактардың жан-жағынан қоршауы жағдайында өмір сүрді, олар Жайықтың сырт жағындағы тайпалас туыстарынан бөлініп қалды. Сондықтан да уақыт өте келе олардың әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде бірқатар елеулі өзгерістер қалыптаса бастады. Ондай жаңалықтардың енгізілуіне көбінесе Жәңгір ханның өзі бастамашы болды.
мұнда аймаққа басшылық етудің кейбір өзіндік ерекшеліктері қалыптаса бастады. Өйткені Жәңгір ханның толық ішкі автономиясы және өз алдына дербестігі сақталды. Оның қолына бүкіл әкімшілік және сот билігі шоғырландырылған еді. Жәңгірдің тұсында әр руды оларды басқаратын старшындары арқылы жекелеген сұлтандар билеп-төстеді. Рубасылары мен старшындарды ханның өзі тағайындады. Старшындарға еңбекақы халықтан жиналатын салықтың есебінен төленетін. Зекет және соғым ретіндегі бұрыннан бар төлемдер енді «мал басына салынатын салық» деп аталатын бір-тұтас ортақ салықпен ауыстырылды. Әркімнің меншігіндегі мал басы үш жылда бір рет есепке алынып отырды. Өзінің жеке билігін нығайта түсу үшін хан сот билігін өзі қатаң бақылауда ұстады. Барлық азаматтық және қылмыстық істер қаралатын сот ісіне ханның өзі тікелей қатысып отырды. Соттың қабылдаған шешімі мен шығарған үкімі жөнінде шағым жасауға рұқсат етілмеді. Бұл ретте орыстарды күштеп тұтқынға алып, құлдыққа сатып жіберуге, қарақшылықпен ел тонауға, адам өлтіруге қатысты мәселелерге байланысты қылмыстық істер бойынша ғана шағым жасауға рұқсат етілетін. Ал мұндай қылмысты істерді Орынбор шекаралық комиссиясы ғана берілген шағым бойынша қайта қарай алатын. Неғұрлым ұсақ-түйек істердің тағдыры билер сотында шешіле беретін. Жәңгір хан билер сотының өкілдігіне едәуір шек қойды.
Ішкі Ордада жер учаскесін жеке меншікке беру кеңінен орын алды. Бірақ Кіші жүздің далалық бөлігінде мұндай тәртіп атымен жоқ еді. Ханға, оның туған-туыстарына, сұлтандарға, билерге, қожаларға және старшындарға ең шұрайлы жақсы жер телімдері олардың қалағанынша мол мөлшерде берілді. Мәселен, Жәңгір ханның өзінің жеке меншігінде 400 мың десятинаға жуық жері болды. Оның бауыры Меңдігерейдің жеке меншігінде де осыншама жайылымдық жері бар еді. Би Балқы Құдайбергенұлының жері де 300 мың десятинаға жетті. 25—30 ірі жер иеленушінің қолына хандықтағы бүкіл жер көлемінің 85 пайызы шоғырланды. Мұның өзі кейіннен халық көтерілісіне алып барып соқтырды.
Бөкей хандығы қазақтарының арасында жерді жалға беру кеңінен орын алды. Жердің жетіспеушілігінен қазақтар жылжи-жылжи көршілес Астрахан губерниясының аумағына дейін шығып кетті, Каспийдің жағасына дейін барып жетті. Қазақтар Каспийдің жағасындағы бос жатқан жер телімдерін жалға ала бастады.
жердің сатылуы мен сатып алынуы, жерді қауымдасып пайдалану жүйесінің бұзылуы қазақтардың жаппай отырықшы өмір салтына көшу үрдісін күшейтті.
Бөкей хандығында, Кіші жүздің басқа бөлігіндегіге қарағанда оның бір айырмашылығы — оңда сауда-саттық қызу қарқынмен дамыды. 1832 жылы Жәңгір хан Бөкей хандығының өз жәрмеңкесін ұйымдастырды. Ол жылына үш рет ашылып тұрды, ханның қол астындағы халық өздерінің малын тиімді айырбастауды және сатуды үйренді. Сауда-саттықтың дамуына бұл аймақтың географиялық жағдайы да оңтайлы ықпал етті. Жәңгір хан сауда жасау ісіне қолдау көрсетіп, көтермелеп отыру саясатын жүргізді. Атап айтқанда, жәрмеңкеге саудагерлерді тарту үшін оған төленетін баж салығын ең төмен мөлшерде белгіледі. Сату және сатып алу ісінде жазбаша келісімшарттар жасасу, тілхаттар беру тәртібін енгізді. Ханның қол астындағы адамдардың өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, орыс көпестеріне оның өзі кепілдік беретіндігін мәлімдеді. Сөйтіп Ішкі Орда қысқа мерзім ішінде Ресейдің еуропалық бөлігіне мал және мал өнімдерін бере алатын ірі орталыққа айналды.
[өңдеу]Жәңгір ханның мәдени-ағарту саласындағы қызметі
Мешіттегі намаз.
Хан өзінің қол астындағы халықтың сауатын ашу, Еуропа мәдениеті мен білімін енгізу саласында қыруар көп жұмыстар атқарды. 1835 жылы Жәңгір ханның тікелей нұсқауы бойынша мұсылман мешіті ашылды. Хан қазақ ауылдарындағы молдалардың санын арттырды. Олар хатшылық және рухани ұстаз міндеттерін қоса атқарды. Хан Аллаға қалай кұлшылық етудің үлгісін өзі бас болып үйретті. Ресейдің зерттеуші ғалымы А. Алекторовтың айтуына қарағанда,
“ хан бірде-бір рет намазын қаза қылмаған, жұма сайын сұлтандармен бірге мешітке барып тұрған, рамазан айындагы ораза кезінде онда таң атқанша болып жүрген. ”
1841 жылы Жәңгірдің өз бастамасы бойынша алғашқы зайырлы мектеп ашылды. Жәңгір хан ондағы шәкірттердің тізімі мен сабақ үлгеру бағаларын жылына үш рет өзі қарап, тексеріп отырған. Ол мектептің бүкіл шығынын өз қаржысының есебінен өтеген. Жәңгір хан қазақ балаларының Ресейдің оқу орындарында оқуын жақтап қана қойған жоқ, сонымен қатар балаларды Санкт-Петербургта, Мәскеуде, Астраханда, Саратовта, Қазанда және Орынборда оқытуға жеке өзі көп күш-жігер жұмсаған. Мәселен, өзінің қол астындағы халықтың балаларын оқыту үшін Орынбордағы Неплюев кадет корпусынан 10 орын берілуіне қол жеткізген. Бөкей Ордасына барып оқығандардың бірқатары кейінірек көрнекті инженерлер, орманшылар, әскери қызметшілер, ғалымдар ретінде даңққа бөленді.
Жәңгір хан барлық жерде іс қағаздарын жургізу тәртібін енгізді, жеке өзінің мурағат қызметін құрды. Денсаулық сақтау саласында хан жұқпалы ауруларға қарсы егу практикасын енгізді. Оның күш-жігер жұмсауы арқасында Ішкі Ордада аурухана және дәріхана ашылды.
Ол далалық жағдайда бірінші болып Ішкі Орданың топонимикалық және географиялық картасын жасатты. Жәңгір хан аң аулауды өте жақсы көрді. Ол қару-жарақ палатасын ашу жөнінде де бастама көтерді. Бірақ оны жасау ұзақ жылдарға созылды. Онда сирек кездесетін қару-жарақ түрлері, соның ішінде орыс патшаларының қазақ хандары мен сұлтандарына сыйға тартқан мылтықтары мен қылыштары да болды. Палатада қымбат бағалы, әшекейлі ер-тұрмандар, ат әбзелдері, жүгендер, сауыттар, дулығалар, қалқандар сақталды.
Қару-жарақ палатасында Жәңгір хан өзі бас болып, экскурсиялар өткізіп тұрды, тіпті Хан ордасы жанындағы мектептің оқушыларынан өзі емтихан қабылдап та жүрді. Бөкей хандығының билеушісі көшпелі қазақтардың отырықшылық өмір салтына көшуін қолдап, көтермелеп отырды, шөп шабуды үйретті. Ол мал тұқымын асылдандыру ісіне де белсене араласты.
Ресейдің еуропалық бөлігінен ауыл шаруашылық құрал-саймандарын көптеп жеткізуге нұсқау берді. Жәңгір ағаш отырғызу ісіне көп көңіл бөлді. Оның тікелей нұсқауы бойынша 50 мың гектар жерге ағаш отырғызылып, көгалдандырылды. Ағашты кескен, сындырып бүлдірген айыпты адамға 25 рет дүре соғылған. Сөйтіп бір кездегі құм басқан шөл дала гүлденген алқапқа айналды.
Жәңгір ханның прогресшіл мемлекет қайраткер ретінде сіңірген еңбектері елеусіз қалмады. Ол Бөкей хандығын басқару ісіндегі жетістіктері үшін 1-дәрежелі Қасиетті Анна орденімен марапатталды. Жәңгір хан 42 жасында генерал-майор шеніне ие болды, ал 43 жасында Қазан университеті Ғылыми кеңесінің құрметті мүшесі болып сайланды.
[өңдеу]Жәңгір ханның қайтыс болуы
Жәңгір хан 1845 жылы қайтыс болды. Оның отбасында екі әйелі, алты ұлы, үш қызы қалды. Жәңгірдің төрт ұлы Ресей императорының ақшалай жәрдемін алып тұрды. Олардың бәрі де Императорлық паж корпусында арнаулы курстарда оқып, сол кездегі ең тамаша білім алып шықты.
Жәңгір қайтыс болғаннан кейін Еділ мен Жайық арасына хан тағайындау тоқтатылды. Патша үкіметі Ішкі Орданы Ресейдің отаршылдық басқару жүйесіне енгізу саясатын жүргізе бастады. 1846 жылы Ішкі Орданы басқару үшін Әділ сұлтан (Бөкейдің ұлы) төрағасы болып тағайындалған Уақытша Кеңес құрылды. Оның құрамына сұлтандар тобынан екі өкіл және мемлекеттік мүлік министрлігінен бip кеңесші енді. Кейіннен Уақытша кеңесті басқару үшін Ресей шенеунігі тағайындалды. Сөйтіп патша үкіметі бұл аймақтағы отаршылдық әкімшіліктің жағдайын нығайта түсті. 1872 жылы Ішкі Орда Астрахан губерниясының құрамына берілді.
[өңдеу]Бөкей хандығының Қазақстан тарихындағы алатын орны
Ішкі Орданың немесе Бөкей хандығының құрылуы қазақ халқының тарихында орасан зор рөл атқарды. Кіші жүз қазақтарының бір бөлігінің күш-жігер жұмсауымен қазақтар Жайық өзенінің оң жақ бетіндегі бдерінің бұрынғы атамекеніне қайта қоныс аударып, бекініп алуының, кейінірек дәстүрлі қазақ жерінің бір бөлігін біржола иемденіп қалуының сәті түсті. Жәңгір хан Ішкі Ордада хан билігін сақтап қалды, сол арқылы Қазақ мемлекеттілігінің 1845 жылға дейін өмір сүруін қамтамасыз етті. Жәңгір ханның ағартушылық және реформаторлық қызметінің арқасында Еділ мен Жайық арасындағы қазақтар өздерінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-ағарту салаларында елеулі табыстарға кол жеткізе алды. Сонымен қатар жер мәселесінің асқынуы И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бастаған халық-азаттық көтеріліске алып келді.
37) Көтерілістің шығу себептері
1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды.
Ресей помещиктері Юсупов пен Безбородконың Каспий теңізі жағасында көлемі орасан зор жер телімдері болды. Жайық әскери кеңесі Үлкен және Кіші Өзен бойындағы және Қамыс-Самара көлдерінің төңірегіндегі жерлерді өз пайдасына басып алды. Жайық бойындағы жерлерді Жайық қазақ әскерлері иемденді. Қазақтардың кесіп өтіп, жағалаудағы жайылымдарды пайдалануына қатаң тыйым салынды. Далалық қазақтар ішкі жақ бетке, ішкі жақ қазақтары далалық сыртқы жақ бетке өте алмады. Жердің жеткіліксіздігі салдарынан қазақтар жерді Астрахан губерниясының шаруаларынан, Жайық қазақтарынан, жер иеленуші ірі помещиктер мен қазақ байларынан қымбат бағамен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Жәңгір хан тарапынан салынатын алым-салық түрлері де еңсені езіп жіберді. Ол өз жеке басының пайдасына жинап алынатын бірыңғай салық түрін енгізді. Патша үкіметі ханның өзі жасап алған фискальдық қаржы жүйесіне араласпады.
1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты.
Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын.
Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жайықтың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы жақсы жағдай іздеп, Ішкі Ордаға өтіп кетуге мәжбүр болған еді. Исатай 21 жасында өз руының жайық атасына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді.
Исатай Тайманұлының ең жақын серігі ақын Махамбет Өтемісұлы болды. Ол татар және орыс тілдерін жақсы білетін. Біраз уақыт Орынбор қаласында тұрған. Махамбет Өтемісұлы белгілі орыс жазушысы әрі этнографы В. И. Дальмен жақсы таныс болды. В.И. Даль Орынбор генерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі шенеунік қызметін атқаратын. Махамбет саяхатшы ғалым Г.С. Карелинмен де тығыз қарым-қатынас жасап тұрған. Г.С. Карелин әр кездері Ішкі Ордада және Орынборда қызмет істеген болатын. Махамбеттің патша әкімшілігінің қолшоқпары хан, сұлтандар мен оның төңірегіндегілердің озбырлығын айыптайтын жалынды жырлары барлық қазаққа таныс.
«Өздеріндей хандардың,
Қарны жуан билердің
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шақыртып,
Басын кессем деп едім,
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім,
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім!», —
деп Махамбет халық-азаттық күрестің мақсаты туралы шабыттана жырлады.
1836 жылғы ақпанда көтерілісшілер Жәңгір ханға қарсы ашық- таншық шабуылға шықты. Мұның басты себебі Исатай Тайманұлының Хан ордасына қыр көрсетуі болды. Ол ханның шақыруына барудан үзілді-кесілді бас тартты. Оның үстіне, өзіне қарасты ауылдарды қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен жасағын топтастырды.
1836 жылғы көктемде көтерілісшілер қосынына Қарауылқожа Бабажанұлы бастаған қарулы хан жасағы жақын келді. Оған қарсы Исатай Тайманұлы жақсы қаруланған 200 жігітті өзі бастап шықты. Ол қолына ту ұстап шығып еді. Қарсыласын жекпе-жек шайқасқа шақырды. Бірақ Қарауылқожа Бабажанұлы да, оның төңірегіндегілер де жекпе-жек шайқастан бас тартты, батырдың ұсынысын қабыл алмады. Хан жасағы үлкен шайқасқа шығуға бата алмай шегініп кетті. Көтерілісшілер өздерінің қосынына қайтып оралды. Исатай Таймановтың көтерілістің басшысы ретіндегі атағы бүкіл Кіші жүзге мәлім болды.
Жәңгір хан мен оның төңірегіндегілер Исатайға жала жабуға көшті. Бір барымта кезінде сойылға жығылып қаза тапқан бір жылқышы қарттың өліміне Исатайдың және оның адамдарының қатысы бар дегенді дәлелдеуге тырысты. Исатай Тайманұлы бұл жаланы Жәңгір ханның келісімімен Қарауылқожаның ұйымдастырғанын жақсы түсінді. Қарауылқожаның үстінен Жәңгір ханға шағым түсіру ұйғарылды.
1836 және 1837 жылдары шағым мен петиция беру арқылы Исатай Тайманұлы Жәңгір хан және оның төңірегіндегі жандайшаптарды қалың көпшіліктін көз алдында әшкерелемек болды. Шағым-петиция жолдау жаппай наразылық шеруіне ұласты. Мұндай алғашқы шеруге 1836 жылы өте көп адам қатысты, Жәңгір хан халықтың қаһарынан шошып кетті. Исатай батыр халық қалың жиналған Толыбай шатқалында өз өтінішін табыс етті. Жәңгір хан оның айтқан талаптарын түгел тындап шығып, қордаланып қалған проблемаларды 12 күннің ішінде шешуге уәде берді. Бірақ ол уәдесінде тұрмады. Сөйтіп Жәңгір хан халық алдындағы беделінен айырыла бастады.
1836 жылдың күзінде Исатай Тайманұлы әр түрлі рулардың ауылдарын аралап жүріп, Жайық қазақ әскерлерінің иемденіп отырған жерлерін өз беттерінше тартып алуға шақырды. Көтеріліс көсемінің халық арасындағы беделі мен абыройы күн санап арта берді. Көтерілісшілер хан жасағына есеңгірете тойтарыс берді. Ханның төңіресіндегі жандайшаптардың бірі би Б. Құдайбергенұлы серкеш руының қазақтарына шабуыл жасады. Серкештер көтерілісшілердің жағында еді. Исатай серкештерге шабуыл жасағандарды жазалау үшін құрамында 270 сарбазы бар қарулы жасақты жұмсады. Олар әлгі бидің ауылын шауып, толық күйзелтіп кетті.
1837 жылдың бас кезінде көтерілісшілерге байбақты руының бе- делді старшыны Жүніс Жантеліүлының қолы келіп қосылды. Енді көтеріліс аумағының шекарасы кеңейе түсті. Көтерілісшілердің қатары да ұдайы арта берді. Көтеріліс ауқымынан қауіптенген Орынбор шекара комиссиясы Исатай Таймановты ұстап алып, ісін сотта карауға тапсырма береді. Бұған қарсы көтерілісшілердің басшысы генерал-губернатор В.А. Перовскийге шағым жасады. Өлке басшысының қазақтарға деген көзқарасы жаман емес еді. Бірде үйлену тойын өткізіп жатқан қазақтарға шабуыл жасап, тонап кеткені үшін Перовскийдің жүзбасы Бухматов пен бір топ қазақты мың адамдық саптың ортасынан өткізе дүре соққызып, оларды әскери қызметтен біржола қуып жібергені белгілі болатын. Бірақ ол өлке билеушісі ретінде патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізді.
Исатай батыр оған жолданған өтініш-шағымында былай деп жазды: «Біздің өтініштеріміз бен шағымдарымызга ешкім де құлақ аспайды. Біздің мал-мүлкімізді талан-таражға салып, тонап кетеді. Сөйтіп біз император тақсырдың қол астына адал ниетпен берілгендігіміз жөнінде ант қабылдаған бола тұрсақ та, күн сайын қорқынышты үрей кешеміз».
1837 жылдың жазы мен күзінде көтерілісшілер ірі байлардың ауылдарына шабуылды күшейтті. Сол жылы күзде құрамында 200 сарбазы бар жасақ Қарауылқожа Бабажанұлының ауылын шауып, құл-талқан етіп кетті. 50 адам, соның ішінде 2 сұлтан тұтқынға алынды. Көтерілісшілердің елеулі күші бірте-бірте Хан ордасына жақындап келе жатты. Көтерілісшілер Жәңгір ханды жақтаушылардың мал-мүлкі мен шұрайлы жайылымдарын басып алумен болды.
Көтерілісшілер Астрахан губерниясы Чернояр уезінің аумағын да басып өтті. Онда қалмақтар мен қарақалпақтардың және татарлардың ауылдарына шабуыл жасап, талқандап кетті.
Көтерілісшілердің келесі бір шағын жасағы Балшықты қамалы маңында сұлтан Медетқали Шоқаұлының ауылын шауып кетті. Сұлтанның дүние-мүлкі мен малын олжалады.
[өңдеу]Көтерілісшілердің Хан ордасын қамауға алуы
Көтеріліс
Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер 1837 жылғы қазанның аяқ кезінде Хан ордасына он шақырымдай жақын келді. Жәңгір хан да, оның төңірегіндегілер де қоршауда қалды. Көтерілісшілердің жалпы саны екі мың адамнан асатын еді. Алайда Исатайдың Хан ордасын күшпен басып алғысы келмеді. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан Балқы және Қарауылқожа билерді өз төңірегінен қуып жіберуді, билікті ру старшындарының қолына беруді талап етті.
Жәңгір ханда үрей қалмады. Ол көтерілісшілермен келіссөз жүргізуге көшті. Ханның қолына жаңа талап-петиция табыс етілді. Онда, егер ханға қойылып отырған талаптар орындалмайтын болса, көтерілісшілердің бүкіл ауыл-аймағымен Ішкі Орданы тастап, көтеріле көшіп кететіні ескертілді. Оған халық арасында ықпалды 300 рубасы мен старшын және батырлар қол қойды. Бұл жағдай Жәңгір ханның жағдайын күрт нашарлатып жіберді.
Патша үкіметінің әкімшілігі де қатты алаңдады. Көтерілісшілер Жайықтан бұзып-жарып сыртқы бетке көшетіндей күн туа қалса, оған қарсы алдын ала шұғыл шаралар қабылдауға кірісті. Шекара бекінісі күшейтіле бастады.
Исатай Тайманұлы ханмен екі арадағы шиеленісті жағдайды бейбіт келіссөздер арқылы шешуге болатынына патша әкімшілігін сендіруге тырысты. Батыр уақыттан ұтуды ойластырды. Қыс түсіп Жайықтың мұзы қатқан бойда оның сол жақ бетіне көшіп кетпек болды. Ал бұл екі арада Орынбор әкімшілігі мен Жәңгір хан қазақтардың әскери күштерін шұғыл түрде топтастырып үлгерді. Жазалау шараларын жүзеге асыратын Жәңгір хан жасақтары да әзір болды. Сөйтіп қысқа мерзімнің ішінде көтерілісшілерге қарсы 1000-нан астам адам шоғырландырылды.
[өңдеу]Тастөбе түбіндегі шайқас
Шиеленістің қан майданда шешілетін уақыты таяп келді. 1837 жылғы 15 қарашада Тастөбедеген жерде көтерілісшілер мен жазалаушы отрядтар арасында кескілескен қанды шайқас болып өтті. Көк сүңгіні шебер пайдалана білудің, жарамды жақсы аттарды тандап мінудің, шайқас өткен жер жағдайымен бес саусақтай жақсы таныс болуының нәтижесінде көтерілісшілер ұрыстың алғашқы жартысында басымдық танытып, едәуір жеңіске жетті. Алайда көтерілісшілерді жазалаушылар зеңбірекпен толассыз атқылай бастады. Көтерілісшілер бұған шыдай алмай, кейін шегінуге мәжбүр болды. Олардың соңынан бірнеше шақырымға дейін қуғын жасалды. Ондаған адам қаза тапты. Қуғын кезінде көтерілісшілердің біраз малы жау қолында қалды.
Тастөбе түбіндегі жеңілістен кейін көтерілісшілер шағын топтарға бөлініп, Ішкі Орда аумағына тарап кетті. Көтерілісшілердің күші олсіреп, моральдық рухы да төмен түсті. Жазалаушы әскер барлық күшті көтерілістің басшысын қолға түсіруге жұмсап бақты. Исатайдың басына 500 сом күміс ақша тігілді.
1837 жылғы 13 желтоқсанға қараған түні көтерілісшілер Жайық өзенін кесіп өтті. Сарайшық бекінісінен сұлтан Баймағамбет Айшуақұлы 80 қазақ және өзінің адамдарымен көтерілісшілердің соңына түсті. Қуғын кезінде бірнеше көтерілісші тұтқынға алынды. Сұлтан Айшуақұлы қанша әрекет жасаса да көтеріліс басшысын қолына түсіре алмады. 1838 жылдың бас кезінде Исатай Тайманұлы өзінің қасына ерген жасағымен бірге Үлкен Борсықты құмындағы Шекті руының шетіне ілікті. Бұл жерде оған басқа да қазақтар топ-тобымен келіп қосылды.
[өңдеу]Көтерілісшілердің күшін біріктіру әрекеті
Көтеріліс
Көктем шығысымен қазақтардың қозғалысы жер-жерде қайтадан күшейе түсті. Мәселен, Елек өзенінің бойында Жоламан Тіленішұлының жасағы іс-қимыл жасады. Арал-Каспий аралығында Жүсіп батырдың жасақтары пайда болды. Ал Орталық Қазақстан далаларында «бүлікшіл сұлтан» аганған Кенесары Қасымұлы бастаған аса қуатты көтеріліс кеңінен құлаш жайды.
Міне, мұндай жағдайда Исатай Тайманұлы Хиуа хандығынан бөлініп шыққан сұлтан Қайыпқали Есімұлымен күш біріктіруге шешім кабылдады. Сұлтан өзін хан деп жариялады. Оның жасағында 3000- га жуық сарбаз бар еді. Бұл екі жасақ бір-бірімен Ойыл өзенінің сағасындағы шекті руының ауылдарында қосылды.
Патша үкіметі үшін өте күрделі қауіпті жағдай қалыптасты. Оның үстіне бүкіл Кіші жүздің көтеріліске шыққан күштерін біріктіру ниеті де байқалды. Сондықтан Орынбор өлкесінің генерал-губернаторы қазақтардың қозғалысын басып-жаншу үшін ірі әскер құрамын аттандырды. Тау бекінісі жағынан бұған қосымша сұлтан Б. Айшуақұлының қосыны шықты. Оның құрамында Жайық полкінің 100 қазағы бар еді. Орынбордан шыққан подполковник Геке бастаған отрядта Орынбор қазақ полкінің екі жүз, Жайық қазақ полкінің жүз елу, шекара шебіндегі бекіністердің елу солдаты мен екі зеңбірегі болатын.
[өңдеу]Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдары
Жазалаушы отрядтың әскери-техникалық тұрғыдан басымдығы бірден байқалды. 1838 жылғы 2 шілде күні Қиыл және Ақбұлақ өзендерінің бойында көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында шешуші шайқас өтті. Оның барысында көтерілістің басшысы Исатай Тайманұлы қаза тапты. Көтерілісшілердің қалған тобы кейін шегініп, дала қойнауына сіңіп кетті. Жазалаушы әскер олардың соңынан қуғын ұйымдастырды. Шайқаста көтерілісшілерден 80-ге жуық адам қаза тапты.
Исатай Тайманұлының қазасынан кейін көтеріліс бәсең тарта бастады. Жекелеген жасақтар Төменгі Жайық шекара шебіне таяу жерлерде, Ойыл өзенінің бойында ғана іс-қимыл көрсетіп жүрді.
Махамбет Өтемісұлы біраз уақыт бой тасалап, жасырынып жүруге мәжбүр болды. Кейінірек қазақтарды Жәңгір ханға және патша үкіметіне қарсы көтерілуге үгіттеді. 1845 жылы билеуші-сүлтан Баймағамбет Айшуақұлының адамдарымен қақтығыс кезінде қапылыста қазаға ұшырады. Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін оған қатысқандарды қуғындау басталды. Көптеген адамдарға өлімші етіп дүре соғылды. Көтерілісшілердің бірқатары каторгаға айдалды, мал-мүлкі тәркіленді. Көтеріліске неғұрлым белсене қатысқандар Шығыс Сібірге біржолата жер аударылды.
Көтерілістің жеңіліске ұшырауының негізгі себептері мынада еді: ең алдымен, қозғалыс алдын ала мұқият ұйымдастырылмады, оның айқын бағдарламасы болмады, көтеріліс жергілікті шашыраңқы сипат алды. Көтерілістің басшылары Кенесары Қасымұлы мен Жоламан Тіленшіұлы бастаған жасақтарымен байланыс жасай алмады. Патша үкіметінің әскерлері мылтық, зеңбіректермен жарақтандырылған еді. Кейде зеңбіректен үсті-үстіне бірнеше оқ атудың өзі көтерілісшілерді кейін шегінуге мәжбүр етті. Қазақтардың қолында ондай қару болған жоқ. Көтерілістің жеңіліп қалуының басты себептерінің бірі бұл жолы да, Сырым Датұлының жасақтары сияқты, екі бағытта — әрі патша үкіметіне, әрі хан билігіне қарсы күрес жүргізілді. Мұның өзі көтеріліске қатысушылардың жағдайын әлде- қайда қиындата түсті. Оның үстіне, көтерілісшілерді казак жасақта- ры мен түрақты орыс армиясы бөлімшелері жан-жағынан түгелдей дерлік қоршауда үстады. Кіші жүздің далалық бөлігіндегі қазақтардан көмек күту де мүмкін болмады. Өйткені Жайықтың сырт жағындағы қандастармен байланыс жасауға шекара шебіндегі орыс әскерлері жол берген жоқ.
[өңдеу]Көтерілістің тарихи маңызы
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды.
Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды. Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті.
Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патша үкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді
38) «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» — қазақ мемлекеттілігін жою және басқарудың жалпы империялық жүйесін құруға бағытталған құжат болып табылады. Александр I-ның 1822 ж. 22 шілдедегі Жарлығымен күшіне енген. Ол Орта жүзді жаңа әкімшілік бөлуге әкеліп соқтырды:
әкімшілік ауыл 50-70 түтін
ұлыс 10-12 ауылдан
округ 15-20 болыстықтан тұрды.
Ауылдық старшиналар 3 жылдық мерзімге сайланды, әрі ол округтік бұйрықпен бекітілді. Болыстарды басқаруға сұлтандардың құқығы өзге де сұлтандарды сайлай алатын қауымның келісімімен тікелей төменгі желі бойынша және туысқандарына жүрді. Осындай жағдайда оны облыстық басқарма бекітті. Болыстарды басқармайтын сұлтандар өзінің дәрежесін сақтап қалды, басқаруға араласпады, хандардың үкіметін жоюмен бірге патшалықтың қазақ ақсүйектерінің құқығы мен артықшылықтарын шектеуге ұмтылысы байқалды. Барлық сот істері қылмыстық, арыз және шағым бойынша басқару болып бөлінді. Біріншісіне отанын сату, кісі өлтіру, тонау, барымта, үкіметке ашықтан ашық бағынбау жатты. Осы істердің барлығы империяның заңдарымен округтік бұйрықтарда қарастырылды. Құқық бұзушылықтың қалған түрлері арыз болып табылды да оны ауылдар мен болыстарда жергілікті ғұрып бойынша билер қарастырды. Жарғыда мыналар болды: халықты нанмен қамтамасыз етуді, өнер-кәсіптің, сауда-саттық дамуы жөніндегі шараларды, кедендік және баж алымын сақтау жөніндегі шараларды белгілейтін мақалалар қамтылды. Құжатта патшалықтың отарлау саясатына бағытталған істерінің бірі — халықты орыстандыру көрсетілген. Бұл саясатта халықты шоқындыру, поптарға Құдай сөзін оқыту үшін шіркеулер ашуға кеңес беріледі, оқу, жазу, арифметика қамтылған. Сұлтандар мен старшиналардың балалары қазына есебінен ашылған әскери бөлімдеріне оқуға түсулеріне рұқсат етілді, бітірген соң олардың қалаулары бойынша қызметке тағайындалды. Әрбір отбасы өз баласын империяның ішкі жағындағы оқу орнына түсіруге құқық алды. Жарғыны қабылдау кезеңінде құлдар бұрынғы күйінше қалып қойды, жаңадан құлдар сатып алуға катаң тыйым салынды. 1822 ж. Жарғы Қазақстанды отарлау саясатына қатысты күш ала бастады. Дегенмен хан үкіметін жою, сұлтандардың құқықтарын шектеу, құлдықтан бас тарту, алға қозғалудың еркіндігі, білім берудің дамуы Қазақстанның тарихи дамуына жағдай жасады.
“Орынбор қырғыздары туралы жарғы” – Ресей өкіметінің Кіші жүз қазақтарын жаңаша басқару мақсатында жасаған шарасы. 1824 ж. наурызда Сыртқы істер мин-нің жанындағы Азия департаментінде бекітілді. Оның жобасын 1822 ж. Орынбор ген.-губернаторы П.К. Эссен дайындады. Бұл жоба бойынша Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Кіші жүз ханы Шерғазы Орынбор қ-на шақырылып, Орынбор шекара комиссиясының жұмысына кеңесші қызметіне тағайындалды. Кіші жүз жері – батыс, орта және шығыс әкімш. жүйелеріне бөлініп, оны билеуші сұлтандар басқарды. Жүздің бөлінуі рулардың орналасуына және олардың арасындағы билеуші сұлтандардың беделіне байланысты болды. Сондықтан бөліну аумағы жағынан да, халықтың саны жағынан да біркелкілік болған жоқ. Шекаралық комиссия құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан тұратын төрт өкіл кірді. Шекаралық комиссияның міндетіне далада тәртіпті сақтау, жергілікті қазақ шенеуніктерінің тіршілігін қадағалау, салық жинау, сот істері, мед. жағын бақылауға алу кірді. Жергілікті әкімш-тің құрамына Кіші жүздің үш бөлігінің сұлтандары, дистанция басқарушылары кірді. Сұлтандарды Орынбор әскери губернаторы, ал басқа шендердің бәрін шекаралық комиссия тағайындады. Әрбір билеуші сұлтанның 100 – 200 адамнан тұратын әскери командасы болды. Олардың ордасы казак станицалары мен бекіністерінде орналасты. Бұл жарғыдан кейін сот жүйесінде де көптеген өзгерістер болды. Ірі қылмыстық істер әскери сот немесе шекаралық комиссияның қолына көшті, ал кішігірім қылмыстық істер қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары негізінде қаралды. Патша әкімш. жергілікті билік органдарын, оның ішінде билер сотын полиц. жазалаушы органдарға айналдыруға талпынды. Оларға қамауға алуға, дүре соғуға, Сібірге жер аударуға рұқсат берілді. Дәстүрлі билік құрылымын қиратқан жаңа жүйе – Кіші жүз қазақтарын Орынбор шекара комиссиясы арқылы басқаруды күшейтіп қана қойған жоқ, әлеум.-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын да қамтыды. Қазақтарды құнарсыз жерлерге ығыстырған орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылды.
1822—1824 жылдардағы жарғыларды енгізудің салдары
Бұл жарғылар, негізінен алғанда, алысты көздейтін арам ниетті пиғылмен жасалған еді. Соның салдарынан Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары өздерінің дәстүрлі мемлекеттілігінен айырылып қалды, Қазақстан бірте-бірте Ресей империясының отарына айналды. Жарғы жаңалықтары көші-қон шеңберін тарылтты, еркін көшу бостандығы мүмкін болмай қалды. Бұрыннан қалыптасқаң рулық ұжымдар бір-бірімен мидай араласып кетті. Бір кездегі дамыған көшпелі мал шаруашылығы тұйыққа тіреліп, күрт құлдырай бастады. Патша үкіметі мемлекеттік салықтың қатаң белгіленген мөлшерін бекітті. Елден жиналатын алым-салық шенеуніктік аппарат пен әскери күштерді ұстауға қажетті қаржы көзіне айналды. Патша үкіметінің бұл реформалары қазақ рубасылары мен сұлтандарынан іріктелген, айтқанды екі етпей орындайтын «тәртіпті аппарат» құруды одан әрі күшейте түсті. Олар бірте-бірте орыс шенеуніктеріне теңестірілді. Ендігі жерде олар сыйақы мен шен алу үшін қызмет етуге көшті. Оларды қызметке тағайындау да, қызметінен алып тастау да Ресейдің аймақтық басшылығының көзқарасы мен көңіл күйіне тікелей байланысты болды. Болыс сайлауы парақорлық, шар салушылардың дауысын, орыс шенеуніктерінің ықыласын сатып алу сияқты жиіркенішті масқара құбылыстардың етек алуына алып барып соқтырды. Неміс зерттеушілерінің бірі Ф.фон Шварц былай деп жазды:
“ Округ басшылары неғұрлым тиімді де пайдалы болыс лауазымын параны кім көп берсе, соған сатудан тіпті де тартынбайды. ”
Сайлаудың мұндай сиқы бір руды екінші руға қарсы қойып, өзара өшіктірді. Әркім өз руының құрамына дауыс беруге тырысты. Ал аға сұлтандарды сайлауға қара сүйек өкілдерінің де қатысуына рұқсат етілген кезде сұлтандар мен рубасыларының бір-біріне қарама-қарсылығы күшейе түсті. Округтық приказдар империяның қазақ даласындағы және Орта Азия иеліктеріндегі әскери-отаршылдық әрекеттерін одан әрі өршітудің әзірлік алаңдарбіна айналды. Сұлтандардың бір бөлігі, әсіресе жаңа қызмет лауазымдарын бөлу кезінде ескерусіз қалған бөлігі, патша үкіметінің реформаларына қарсы шықты. Ондай наразылықтардың бірқатары қарулы көтеріліске ұласты. Дегенмен де, XIX ғасырдың 20-жылдарындағы реформалардың отаршылдық сипаты мен мәні күшті болғанына қарамай, олар қазақ даласында сауда-саттықты, денсаулық сақтау ісін және халыққа білім беруді едәуір дамытуға оң ықпалын тигізді.
39) Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері
XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.
Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.
Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.
Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті.
[өңдеу]Кенесары Қасымұлы - аса көрнекті мемлекет қайраткері
1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды. Ол Қазақстандағы ірі көтерілістердің бірі еді. Оған үш жүздің қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих сахнасына өзінің ұлы бабасы Абылай ханның ісін жалғастырып, алға алып барушы ретінде шықты.
Сұлтан Кенесары 1802 жылы дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның бел баласы, Абылай ханның туған немересі еді. Көтерілістің болашақ басшысы Кенесары бала кезінен-ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен тaнылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын. XIX ғасырдың орта кезіндегі орыс зерттеушілерінің бірі Л. Майер «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» деп жазды.
Замандастарының сипаттауына қарағанда, ол ашық жүзді, орта бойлы және жауырыны қақпақтай төртпақ тұлғалы болған. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын, өзін-өзі аса байсалды ұстай білетін. Әңгімелескен адамының пікіріне әрқашан мұқият назар аударатын. Қонақжай қасиеті ерекше күшті еді. Әкесімен және ағаларымен бірге жүрген кездерінде олардан қолбасылық тәжірибесін едәуір үйреніп алған болатын.
[өңдеу]Көтерілістің басталуы
Көтеріліс Кенесарының патша үкіметінің саясатын жарамсақтана қолдаған жексұрын сұлтандар мен билердің ауылдарын шауып алудан басталды. Ол шекара шебіндегі бекіністерге де, патша үкіметінің әскери жасақтарына да жиі-жиі шабуыл жасап тұрды. Мәселен, 1837 жылдың аяқ кезінде Кенесары хорунжий Рытовтың отрядын тас-талқан етіп жеңіп шықты. Ол отрядтың құрамында 6 урядник және 48 сібір қазағы болатын. Олар Петропавлдан Ташкентке бара жатқан сауда керуенін күзетіп бара жатқан еді.
Кенесары 1838 жылы өзінің адамдарын Батыс Сібір генерал-губернаторына жіберіп, оған арнайы хат жолдады. Хатында Ақтау бекінісі мен Ақмола приказын жоюды, Омбыда тұтқында отырған өз адамдарын түгел босатуды талап етті. Генерал-губернатор Кенесарының адамдарының барлығын да саптағы мың солдаттың арасынан өткізіп, дүре соқтырды. Олардың әскерге жарайтындары тұрақты армия қатарына алынып, қалғандары Шығыс Сібірге жер аударылды. Генерал-губернатордың бұл қылығы Кенесары сұлтанның ашу-ызасын келтіріп, көтерілісті бастап жіберуін тездетті. Ол старшина Симоновтың әскери жасақтарына өлтіре соққы беріп, көптеген қару-жарағы мен оқ-дәрісін тартып алды. 1838 жылы Кенесарының сарбаздары Қоңырқұлжа Құдаймендіұлының ауылдарына шабуыл жасады, оның 12 мыңға жуық жылқысын айдап әкетті. Ақмола төңірегіндегі бекіністер тұрғындарының 2,5 мың малы қоса кетті. Сұлтан Кенесарының туған қарындасы Бопай бастаған сарбаздар Көкшетау округының ауылдарына шабуыл жасады.
Кенесары жасақтарының белсенді әскери іс-қимылы 1838 жылдың тамыз айында басталды. Ол Ақмола бекінісіне таяу ірі елді мекенді алты күн бойы қоршауда ұстап, өртеп жіберді. Ақмола бекінісі мықты қорғалатын. Бекіністің төңірегіне терең ор қазылып, оған жете беріс жерлерге күшті кедергі-тосқауылдар қойылған болатын. Ақмола бекінісін аға сұлтан Қ. Құдаймендіұлы мен әскери старшина Карбышев бастаған отряд қорғады. Кенесары шабуылды 1838 жылдың 7 тамызында таң саз бере бастады. Оның сарбаздары бекіністі өрт шығаратын жебелермен атқылады. Бекініс өртке оралды. Кенесарының даңқты батырларының бірі Басықара бекіністің ішкі жағасынa баса-көктеп кіріп барып, сұрапыл ұрыс салды. Ол осы шайқаста ерлікпен қаза тапты. Бекініске Ағыбай, Иман, Бұқарбай батырлардың сарбаздары басып кірді.
Орынбор губернаторы В. Перовский мен Батыс Сібір губернаторы П. Горчаковтың арасында Кенесарыға қарсы қалай күрес жүргізу жөнінде өзара келіспеушілік пайда болды. В. Перовский Кенесарыға қарсы күресті бейбіт келіссөздер арқылы да жүргізу керек десе, П. Горчаков әскери күш қолданып, көтерілісшілерді аяусыз қырып-жою жоспарынан танбады. Орынбор губернаторы 1840 жылы патша үкіметінің Кенесарыға кешірім жасауына қол жеткізді. Кенесарының тұтқынға алынған туған-туыстарының барлығы да түрмеден босатылды. Арада уақытша бейбіт келісім кезеңі басталды.
[өңдеу]Қазақ хандығының қалпына келтірілуі
1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Сөйтіп Қазақ хандығы қалпына келтірілді. Патша үкіметі бұл жайсыз хабарды өте өкініш сезімімен естіп-білді. Ендігі жерде Кенесары бастаған көтеріліс ұйымдасқан сипат ала бастады. Ұлт-азаттық күресті табысты жүргізу үшін Кенесары хан бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды. Оны ханның өзі басқарды. Ханның жанынан жоғарғы кеңесші орган - өзіне барынша адал берілген батырлардан, билерден, сұлтандар мен жақын туыстарынан тұратын арнайы Кеңес құрылды. Кенесары хандықты өзінің сенімді адамдары - жасауылдар арқылы басқарды. Жасауылдар сот ісімен, шаруашылық мәселелерімен, дипломатиялық жұмыстармен, алым-салық жинаумен және әскери істермен айналысты. Жасауылдар сонымен қатар орталық өкімет билігі берген нұсқаулардың мұқият орындалуын, мал жайылымдарының дұрыс бөлініп, тиімді пайдаланылуын бақылады, халықтың көңіл күйін де қадағалады. Хан билігі қызметінің оңды нәтижелері ретінде оның қол астындағы халық арасында алауыздық пен барымта алу жойылды.
[өңдеу]Ханның алым-салық және сауда-саттық саясаты
Кенесары ең апдымен алым-салық төлеудің тәртібін ретке келтірді. Мал өсірушілер — зекет, ал диқандар - ұшыр төлейтін болды. Патша әскерлерімен соғысты одан әрі жалғастыру қосымша материалдық және қаржы шығындарын қажет етті. Сондықтан алым-салықтың да қосымша түрі енгізілді: халықтан киім-кешек, қару-жарақ, ат әбзелдерін жинау қолға алынды. Салық жинауда халықтың жағдайы жеке-жеке ескерілді. Меншігінде малы 40 бастан аспайтындар алым-салықтан босатылды. 40-тан 100 басқа дейін малы барлар бір малдан, ал 100 бастан артық малының әрбір 40 басына бір малдан төлеп тұратын болып белгіленді.
Диқандар өздерінің өндірген өнімінің оннан бір бөлігін төлеуге міндетті болды. Көтеріліске деп жиналған астықты патша үкіметі жиі-жиі тәркілеп кетіп жүрді. Тәуекел етіп, көтерілісшілерге астық апарып сатқандар жазалаушы әскердің қаһарына ұшырады. Сондықтан да Кенесары қазақтардың егіншілікпен айналысуын қатты қолдады. Көпестердің сауда керуендерінен алынатын баж салығы едәуір табыс беретінін ескерген Кенесары ондай керуендерді тонауға тыйым салды. Сауда керуендерінің толық қорғалуын қамтамасыз етті. Керуенбасыларын жеке өзі қабылдап та отырды. Баж салығын төлеуден жалтарғандарға қосымша салық салынды. Баж салығынан түскен қаржыға Орта Азия базарынан қару-жарақтар мен оқ-дәрі сатып алынды.
[өңдеу]Қарулы күштердің құрылуы
Кенесары 20 мың сарбаздан тұратын әрі жауынгерлік қабілеті күшті тұрақты әскер жасақтай алды. Кенесары әскері жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. Ерлігімен ерекше көзге түскен сарбаздардың қатарынан жұзбасылар мен мыңбасылар тағайындалды. Кенесары құралайды көзге ататын мергендерден іріктеп, мергенбасы басқаратын ерекше жасақ құрды. Орыс армиясының үлгісі бойынша хан өз әскерлеріне ерекше айырым белгілерін енгізді.
Хан сарбаздарынан шайқас тактикасы мен әскери өнердің амал-тәсілдерін меңгеруді талап етті. Көтерілісшілерді әскери өнерге үйретумен орыстың, татардың және башқұрттардың бұрын тұрақты орыс армиясында қызмет еткен тәжірибелі солдаттары айналысты. Хан армияда қатаң тәртіп орната білді. Мәселен, сатқындық жасаған немесе әскери күзетте ұйықтап қалған сарбаздар өлім жазасына кесілді. Әскери тәртіпті бұзғандар қатаң жазаланды, қару-жарақ арнайы қоймаларда сақталды.
Кенесары барлаушылардың қызметін де шебер пайдаланды. Олар көтеріліс басшысына патша әскерлерінің қашан және қайда бет алатынын алдын ала хабарлап отырды. Кенесары әскерінің тыл қызметі де жолға қойылды. Ол көтерілісшілерді азық-түлікпен, жемшөппен қамтамасыз етті.
[өңдеу]Патша үкіметінің жазалау әрекеттері
Отаршылдыққа қарсы күреске қазақтардың үш жүзінің бәрі бірдей белсене қатысуы патша үкіметінің зәресін үшырды. Сондықтан да ол көтерілісшілерге қарсы неғұрлым белсенді әрекеттер ұйымдастыруға көшті. 1842 жылы Орынбор губернаторы Перовскийді Обручев алмастырды. Мұның өзі Кенесарының ендігі жерде Орынбор генерал-губернаторымен қарым-қатынасының нашарлауына алып барып соқтырды. Екі арадағы бейбіт келісім бұзылды. 1842 жылы Сотниковтың отряды Кенесарының ауылына қарақшылық шабуыл жасады. Жазалаушы отряд қыруар көп малды айдап әкетті, он адамды тұтқынға алды. Тұтқынға алынғандардың қатарында Кенесарының әйелі Күнімжан да болды. Кейінірек қазақтар ханның басқа ауылдарына да шабуыл жасай бастады.
Ресей императоры Кенесары бастаған көтерілісті басу мәселесін ұдайы ерекше бақылауда ұстады. 1843 жылы ол қазақ ханына қарсы жорық ұйымдастыру жөнінде жарлық шығарды. Ханның басына 3 мың сом мөлшерінде сыйлық жарияланды. Көтерілісшілерге қарсы старшина Лебедев басқарған 300 солдаттан тұратын жазалаушы отряд жіберілді. 1843 жылдың тамыз айында сұлтандар А. Жантөреұлы мен Б. Айшуақұлы бастаған екінші әскер жабдықталды. Онымен бір мезгілде Омбыдан, Петропавлдан, Қарқаралыдан да әскерлер шықты. Патша үкіметінің әскерлері жергілікті жер жағдайын нашар білді. Оның үстіне, дала сарбаздарына қарсы ұрыс жүргізудің ерекше әдісі қажет еді. Мүның бәрі де патша үкіметі жазалаушы әскерінің сілесін қатырды.
Туған өлкенің жер жағдайын жақсы білетін Кенесары жауға қарсы шабуылды одан әрі үдетті. 1844 жылы шілденің 20-сынан 21-іне караған түні Кенесары хан Тобыл өзенінің жоғарғы ағысында Жантөре сұлтанның әскеріне күйрете соққы берді. Кескілескен шайқаста сұлтанның 44 адамы қаза тапты. Бұл кезде Дуниковскийдің әскери тобы таяу манда болған еді. Бірақ оның ұрысқа араласып, А. Жантөре сұлтанды құтқарып қалуға батылы жетпеді. Кенесарының жеңіс жігерлендірген негізгі күштері 1844 жылғы тамызда Екатерина станицасына шабуыл жасады. Бекіністің маңындағы елді мекенді өртеп жіберді, 40 адамды тұтқынға алды, қыруар малды айдап әкетті. Сонымен қатар мылтық, пистолет, қылыш, найза сияқты көптеген қару-жарақ түрлерін олжалады. Арнайы жіберілген жазалаушы отряд Кенесарының ауылына жете алған жоқ. Үкімет басындағыларды абыржушылық пен үрей биледі.
[өңдеу]Долгов және Герн бастаған елшіліктердің Кенесары ордасына келуі
Кенесарымен болған соғыстың ұзаққа созылуы патша үкіметіне елеулі шығын келтірді. Сондықтан 1845 жылдың ақпан айында Орынбор басшылығы Кенесары ханға Долгов және Герн бастаған елшілік жіберуді қажет деп тапты. Олар Кенесарыны патша үкіметінің талабын орындауға көндіруге тиіс болды. Сонымен қатар барлау жұмыстарын жүргізуді де көздеді: біріншіден, олар Кенесары әскерлерінің қай жерлерде қаншалықты мөлшерде орналасқанын дәл білуі тиіс болды, екіншіден, Ырғыз бен Торғай өзендерінің бойында тағы қандай бекініс салуға болатынын анықтап қайту еді. Патша үкіметі мұндай шараларды жүзеге асыру арқылы көтерілістің орталық аймақтарына толық бақылау орнатуды көздеді. 1845 жылы Долгов пен Герн бастаған елшілік ханның ордасына жетті. Кенесарыға оның әйелі Күнімжан қайтарылды.
Жүргізілген келіссөздер барысында Кенесарыға қабылдауға болмайтын шарт қойылды: көтерілісшілерге үкімет белгілеген шектеулі аймақ шегінде ғана көшіп жүруге рұқсат берілді. Кенесарының Ресейге толық бағынуы және соғыс қимылдарын біржолата тоқтатуы тиіс болды. Орынбор ведомствосына қарайтын қазақтардың барлығы да Ресей империясының азаматтары ретінде әрбір үйдің 1 сом 50 тиын мөлшерінде түтін салығын төлеп тұруы тиіс екендігі, ханның Орынбор қазақтарынан зекет алуына тыйым салынатындығы айтылды. Кенесарының қылмысты істерді қарауына рұқсат етілмейтіні ескертілді. Ханның қашқын орыс пен татар және башқұрттарды жасырын ұстауына тыйым салынатыны, оларды Ресейге қайтаруы тиіс екені туралы сөз болды. Кенесарының Ресейге «ұнамайтын» шет мемлекеттермен және жеке тұлғалармен қарым-қатынастар жасауына рұқсат етілмейтіні де ескертілді.
Кенесары Долгов пен Герн елшілігінің қойған шарттарының түпкі мақсаты оның хан лауазымын иеленуге құқығы жоқтығын тұспалмен түсіндіру екенін оп-оңай ұқты.
Хан патша үкіметі қойған бұл талаптардың бірде-біреуін қабыл алған жоқ. Келіссөздер тұйыққа тірелді. Патша үкіметінің елшілігі көздеген мақсатына жете алмады. Елшілер кеткеннен кейін хан әскери кеңес шақырып, енді Жетісу аумағына қарай көшуге шешім қабылдады.
Патша үкіметі содан кейін-ақ Ырғыз өзені бойында Орал, ал Торғай өзені бойында Орынбор әскери бекіністерін салуға кірісіп кетті.
[өңдеу]Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі
Кенесары мен Қоқан хандығы қарым-қатынасының шиеленісіп кетуінің өзіндік себебі де бар еді. Өйткені Қоқан хандығының билеушілері 1836 жылы оның бірге туған бауыры Саржан сұлтанды, 1840 жылы әкесі Қасым төрені өлтірген болатын. Мұның өзі оның Қоқан хандығының билеушілеріне деген ыза-кегін өршіте түсті. Қоқан хандығына қарсы күресте Кенесары Жанқожа Нұрмұхамедұлы батырдың көмегіне сүйенді. 1845 жылы Кенесары хан Қоқан хандығының Жаңақорған, Жүлек және Созақ сияқты бекіністерін тартып алды. 1846 жылы Қоқанның және бір мықты бекінісі Меркіні де қолға қаратты. Содан бастап Қоқан хандығының қазақтарға озбырлық жасауы уақытша болса да тыйылды. Бірақ Кенесары өзіне Қоқан мемлекеті сияқты және бір қатерлі дұшпан тауып алды.
[өңдеу]Кенесары әскерлерінің Ұлы жүз аумағына қарай шегінуі
Патша үкіметі Кенесары ханды Орынбор өлкесінен қалай да ығыстырып шығаруға ұмтылды. Соның салдарынан Кенесары Сарыарқаны тастап, көтеріліс орталығын Жетісу жеріне қарай ауыстыруға мәжбүр болды. Сібірдегі өкімет билігі Омбыдан генерал Винневский басқарған елеулі әскер күшін зеңбіректерімен қоса Жетісуға жедел түрде жіберді. Азық-түліктің тапшылығы Кенесарыны егіншілікпен айналысуға мәжбүр етті. Күші басым патша үкіметінің қысым жасауымен Кенесары Іле өзенінід оң жақ бетіне өтіп, одан әрі Алатаудың етегіне көшіп барды. Ал патша үкіметі оған Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары тарапынан көмекке келетін жолды кесіп тастады. Ұлы жүздің Сұраншы, Байсейіт, Тайшыбек сияқты батырлары Кенесарыға қолдау көрсетіп, көтерілісшілердің сиреп қалған қатарын толықтырып, едәуip күшейтті.
Кенесары Қасымұлы Қытайға барып, бой тасалай тұруды да ойлады. Бірақ оның бұл әрекетін Қытай үкіметі қолдамады. Ресей империясымен қарым-қатынасымызды бүлдіріп аламыз деген қауіппен Кенесарының өтінішін қанағаттандырудан үзілді-кесілді бас тартты. Қазақтардың арасында беделі күшті әрі жауынгер ханды қабылдаудың ешқандай да қажеті жоқ деп ойлады. Оның үстіне, бұл кезде Қытайдың өзі де қазақтармен діні бір ұйғыр және дүңгендердің көтерілістерінен мазасы кетіп, қатты аландаулы болатын.
[өңдеу]Көтерілісшілердің Қырғызстан аумағындағы қимылдары
Көтерілісшілер қырғыз жеріне жақын келді. Бұл кезде қырғыздар Қоқан хандығының ықпалында болатын. Хан солтүстік қырғыз рулары білеуші манаптарының өзіне бағынуын талап етті. Бұл талаптар патша үкіметімен және Қоқан хандығымен одан әрі күрес жүргізу үшін күш біріктіру қажеттігінен туған еді. Хан қырғыздарға арнаған үндеуінде былай деп жазды: «Менің мұнда келгенімнің мақсаты, сендермен жауласу, қан төгісу емес, қайта қазақтар мен қырғыздардың басын қосып, оларды күшейту, Қоқанның қол астынан бөліп алу, қоқандықтардың қысымынан құтқару болып табылады».
Қырғыздарда Шыңғысхан ұрпақтарына бағыну дәстүрі қалыптаспаған еді. Сондықтан да олардың ханға бағынуы, сөйтіп өздерінің тәуелсіздігінен айырылуы, әрине, қырғыз ақсүйектерінің ойына кіріп те шықпағаны әбден табиғи нәрсе еді. Оның үстіне, қырғыздар Абылай ханның қырғыз аумағына жасаған жорықтарын да ұмыта қойған жоқ болатын. Қырғыздар патша үкіметінің Сібір әкімшілігі тарапынан едәуір қолдау табатынын да сезді. Вишневский қырғыздарды Кенесарының ауылдарына шабуыл жасауға ашықтан-ашық айдап салды. Алатау қырғыздары Қоқан хандығының қолдауына сүйенді. Қырғыз манаптары ірі тайпа өкілдерін құрылтай жиналысына шақырды. Ықпалы күшті манап Орман барлық қырғыздардың билеушісі болып тағайындалды. Құрылтайға жиналған манаптар Кенесары ханның ұсынысын қабылдаудан ашықтан-ашық бас тартты. Кенесары ханның қырғыздарға қарсы аттанған екі мың сарбазы жеңіліс тапты. Оның бір мыңы қырғынға ұшырады, екінші жартысы аш-жалаңаш, қару-жарақсыз, жаяу-жалпылап кері қайтты. Қазақ сарбаздарының бірқатары тұтқынға алынды. Мұның өзі қырғыздар тарапынан бұрын-соңды болып көрмеген батылдық пен қатыгездік болып шықты. Қырғыздар жағы қолға түскен тұтқындар үшін орасан зор көлемде төлем талап етті. Кейінірек қырғыздар тарапынан келісім жасауға арнайы адамдар келді. Қазақтар мен қырғыздар арасында бейбіт келісім жасалды. Тұтқындар алмастырылды. Екі жақта бұдан былай бір-бірімен бейбіт көршілікте, тату-тәтті достықта тұруға серттесті. Бірақ қырғыздар көп ұзамай-ақ бұл келісімді бұзды, Кенесары ханның жақын серіктерінің бірі Саурық батырдың ауылына шабуыл жасады. Олардың бұл шабуылы қырғыз батыры Жаманқараның өлімі үшін кек алу мақсатымен ұйымдастырылған еді. Қырғыздар қазақтардың 700-ге жуық жылқысын айдап әкетті, Саурық батырды өлтіріп кетті. 1847 жылғы сәуірде Кенесары он мындай қолмен Қырғызстанның жеріне басып кірді. Қырғыздармен шайқас Ыстықкөл мен Шу өзенінің жоғарғы ағысы аралығында Кекілік сеңгір тауының қойнауында өтті.
[өңдеу]Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен салдары. Көтерілістің тарихи маңызы
Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалып қойған болатын. Соңғы шайқас қарсаңында өткізілген әскери кеңесте Кенесары ханның серіктері қоршауды бұзып өтіп, ханның аман құтылуы туралы ұсыныс жасады. Бірақ хан ол ұсыныстан біржолата бас тартты. Кенесары хан өз батырларын қоршауда қалдырып, жеке өзі қашып құтылуды ар санады.
Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздің ықпалды биі Сыпатай жасақтарының кенеттен шегініп кетуі көтерілісшілердің жағдайын қиындатып жіберді. Тоқмаққа таяу жерде Кенесары 30-дан астам сұлтанымен және аз ғана сарбазымен күші басым қарсыласымен ерлікпен шайқасып, тұтқынға түсті. Көтерілісшілердің шағын тобы қоршауды бұзып шығып қашып құтылды. Қырғыз манаптарының бас қосқан жиынында қолға түскен ханды, сұлтандар мен сарбаздарды өлім жазасына кесу ұйғарылды. Тұтқындағы хан манаптарды күш біріктіріп, Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы күреске шақырды. Бірақ қырғыздар ханның сөзіне құлақ аспады.
Кенесары мен оның інісі Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тапты. Ресей зерттеушісі Л.Мейер қазақ жауынгерлерінің ең соңғы күндері туралы былай деп жазды: «Олар қырғыздармен үш тәулік бойы ерлікпен шайқасты, Сібір қырғыздары көмекке келіп жетер деген үмітте болды. Бірақ патша үкіметінің жергілікті өкімет билігінің басшылары олардың келетін жолын бөгеп, тосқауыл қойып үлгерген еді. Үшінші тәулік дегенде көтерілісшілердің бір бөлігі қоршауды бұзып шығып, құтылып кете алды. Ханның көптеген сенімді серіктері түгелдей дерлік өлтірілді. Ханның өзі бірнеше сұлтандарымен бірге тұтқынға алынды және азапты ауыр жазаның салдарынан қаза тапты».
Кенесарының және оның жақын серіктерінің көзін жоюға қатысқан қырғыз манаптарының бәрі де патша үкіметінің наградаларымен марапатталды. Халықтың сүйікті ханының қапылыста қалай қаза тапқанын ақын Нысанбай Жаманқұлұлы (1812-1871) «Наурызбай-Қаншайым» дастанында қайғылы сарында баяндайды.
Әкесі Кенесарының бастаған ісін оның ұлы Сыздық сұлтан мен оған шын берілген батырлар жалғастырды. Ханның қазасы үшін кек алу мақсатымен қазақтар Қырғызстан аумағына бірнеше рет әскери жорық жасады.
Қазақтардың Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі осылайша жеңіліс тапты. Кенесары ханның жасақтары Ресейдің жақсы қаруланған әрі күшті әзірліктен өткен тұрақты әскеріне қарсы тұра алмады. Оның үстіне, Кенесары бірнеше бағытта — патша үкіметіне, қырғыз манаптарына және Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Мұның өзі оның негізгі күштерін едәуір шашыратты. Сұлтандар мен рубасыларының арасында ауызбірлік болмады.
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қазақ халқының патша үкіметіне қарсы жаппай қатысқан бұқаралық соғыстарының бірі болды. Көтерілістің жеңіліске ұшырауы патша үкіметінің қырғыз жерлерін, Жетісудың аумағын және Оңтүстік Қазақстанды басып алуына жол ашты. Сондай-ақ Бұхара, Қоқан және Хиуа хандықтарын қосып алудың алғышарттары жасалды.
Кенесары Қасымұлы қазақ халқының есінде талантты әскери қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде қалды. Хан билігі іс жүзінде жойылған жағдайдың өзінде ол қазақтың үш жүзінің басын біріктіріп, қазақ мемлекеттілігін қайтадан қалпына келтірді.
Көптеген зерттеушілер Кенесарының ұлы Абылай заманындағы егеменді мемлекеттілікті қалпына келтіру үшін жасаған әрекеттерін жоғары бағалады. Оған патша үкіметі әкімшілігінің өкілдері де құрметтеп қарады, ресейлік ғалымдар Кенесарыны «бүлікшіл сұлтан», «Қырғыз даласының Митридаты» деп атап, оның іс-әрекеттеріне жағымды баға берді.
Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге. Қазақтың жүрек жұтқан батыр перзенттерінің бірнеше ұрпағы мен XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері одан үлгі алып өсті. Кенесары Қасымұлының Астана қаласында тамаша ескерткіші, оның есімімен аталатын үлкен көше бар.
Кенесары қазақ халқын бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары көтерілісі табысқа жетпесе де, оның ұлы істері халық есінде мәңгі сақталады.[1]
[өңдеу]Қозғалыстың алғышарттары
XIX ғасырдың 20-жылдарында бұрынғы Бөкей хан мен Уәли ханның иеліктерін біріктіріп, Қарқаралы округін құру едәуір саяси-әкімшілік жаңалықтар енгізді. Мұның өзі патша өкіметіне Орта және Ұлы жүз арасындағы жерлерді тездетіп отарлауға, оның қазақ даласындағы иеліктерін нығайта түсуге мүмкіндік берді. Патша өкіметінің бұл шаралары қазақ халқының мүддесіне қайшы келетінін, бара-бара қазақ мемлекеттілігінің жойылатынын қазақ халқының көреген қайраткерлері болжай білді.
Уәли хан өлгеннен кейін ханның жесірі, ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың әжесі ақылды, көреген, өз заманына лайықты сауаты бар Айғаным патша үкіметінің Сыртқы істер министрлігінің Сібір комитетімен және Азия департаментінің шенеуніктерімен жиі хатхабар алысып тұрды. Бірақ Айғаным қанша қабілетті болғанымен, халықтың патша өкіметіне деген қарулы наразылығына басшылық ете алмайтын еді. Осындай күрделі де қиын міндет Абылайдың отыз ұлының ең кішісі Қасым сұлтанға жүктелді. Оның бел балалары — Саржан, Есенгелді, Ағатай, Бопай, Құшақ және Кенесары бәйбішеден, ал Наурызбай тоқалдан туған еді. Бұлар патша өкіметінің Қазақстанды отарлауына қарсы жиырма жыл бойы жүргізілген ауыр да қиын күрестің белсенді қатысушылары, ал Саржан, Есенгелді, Кенесары сол күрестің ұйымдастырушысы әрі басшылары ретінде тарихта қалды. Осы ұлт-азаттық қозғалыстар патша өкіметінің режіміне аса зор моральдық-саяси апат әкелді.
Патша өкіметінің округтік тірек пункттер құру туралы шешіміне ашық қарсы шығып, Көкшетау өлкесіне беделімен белгілі болған Қасым сұлтан еді. Ол өзінің 1825 жылы 14 маусымда Орынбор генерал-губернаторына және басқа да жоғары биліктегі шенеуніктеріне жазған хаттарында патша өкіметінің, оның Омбыда отырған облыстық бастығының қазақ жерінде қазақтарды отарлау үшін салдырып жатқан тірек пункттерін жоюды талап етті. Мұндай өзгерістер жасау үшін, Абылай заманынан бері сақталып келе жатқан тәртіп бойынша, сол өлкенің сұлтандарының, старшындарының келісімін алу керек деп көрсетті. Хаттың соңында патша ағзамнан қазақтар мен оның болыстарына бұрынғыша, Абылай заманындағыдай, өз салт-дәстүрімен тыныштықта өмір сүруіне мүмкіндік беруін сұрады. Орынбор губернаторының бұл хатқа теріс жауап беруі Қасым сұлтанды алған бетінен қайтара алмады. Ол бұдан кейін де патша губернаторларына хат жазып, казак отрядтарын қазақ даласына жіберіп, әскери-тірек базалар салуды тоқтатуды талап етті. 1826 жылғы 18 сәуірдегі хатында жазалаушы отрядтың бейбіт ауылдарға шабуыл жасап, халыққа көп зардап шектіргенін жазады. Орталық және Солтүстік Қазақстанды қамтыған көтерілістің кең етек алуына сұлтандар Ғұбайдолла мен Саржан себепкер болды. Бірақ Ғұбайдулланы патшаның өкімшілік орындары қолға түсіріп, Сібірдегі бір алыс қалашыққа жер аударады. Мұның өзі бүкіл Орта жүзді қамти бастаған қозғалысты бәсеңдете алмады. Ал Қарқаралы округінің ауылдарында қозғалыс күшейе түсті, бұған әсер еткен Қарпық болысындағы көтерілістің өршуі еді. Бұл болыс Саржан сұлтанның иелігінде болатын. Саржан жасақтарының арасында жас сұлтан Кенесары да бар еді. Ол сол кездің өзінде-ақ бостандық туралы ойларымен көзге түсті, кейін Орталық Азиядағы түркі халықтарының «тәуелсіздік жолындағы күрескері» болды.
Саржан сұлтан бөлек-бөлек әрекет етіп жүрген жасақтарды біріктіріп, патша өкіметінің қазақ жерін отарлау саясатына қарсы белсене күресті. Жазалаушы отрядтың қысымынан ығысып, әрі Қоқан бектерінің Ресей отарлаушыларына қарсы бірігіп күресеміз дегеніне сеніп, ол өзін қолдаушылармен бірге Қоқан хандығының иелігіне барып қоныстанады. Алайда Қоқан бектері бұрын берген уәделерінен тайып, әрі патша өкіметіне жақсы көріну үшін, 1836 жылы Саржан сұлтан мен оның қасындағыларын жауыздықпен өлтіреді. 1840 жылы сол Қоқан билеушілерінің арандатуынан Қасым сұлтан мен оның жақындары қаза табады. Алайда Қасым сұлтан мен оның балаларының отаршылдыққа қарсы бытыраңқы сипатта жүргізген күресі тоқтап қалмады. Қайта оны әлдеқайда ұйымдасқан сипатта әрі кең көлемде Кенесары (1802—1847 жж.) сұлтан жалғастырды.
[өңдеу]Ұлт-азаттық қозғалысының мақсаты, себептері, сипаты, қозғаушы күштері
[өңдеу]Көтерілістің негізгі мақсаты
Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру әрі Ресейдің құрамына кірмеген жерлерді сақтап қалу.
[өңдеу]Көтерілістің басты себептері
Патша өкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты, Орта жүзде хандық билікті жойып, ресейлік әкімшілік басқарудың жүзеге асырыла бастауы, осылардың салдарынан қазақ халқының, әсіресе шаруалардың жағдайының нашарлай түсуі.
[өңдеу]Көтерілістің ұлт-азаттық сипаты
Қазақ жерін әскери отарлаудан, яғни Ресей бодандығынан, Қоқан бектерінің озбырлығынан құтқаруға бағытталған азаттық жолындағы күрес болды.
[өңдеу]Көтерілістің қозғауыш күштері
Қазақ шаруалары. Сонымен қатар тәуелсіздікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатартағы егіншілер де, старшындар да, сұлтандар да ат салысты. Әрине, оған қатысқан үстем тап өкілдерінің мақсаттары бірыңғай емес еді. Жасақшыларға қолбасшылық еткендер арасында Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сураншы, Байсейіт, Жоламан Тіленшиев, Бұқарбай сияқты әйгілі халық батырлары болды. Көтеріліске қатысқандар арасында орыстар, өзбектер, қырғыздар, башқұрттар, татарлар да кездесетін.
[өңдеу]Кенесары Қасымұлы —ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы
Кенесары Қасымұлы тарих сахнасына Абылай ханның ісін жалғастырушы болып енді. Патша өкіметінің отарлау саясатында 1822—1824 жылдардағы Сібір, Орынбор қазақтары туралы Жарғылар қабылданғаннан кейін, Қазақстанның қалған аудандарына қауіп төнген болатын. Сондықтан ұлт-азаттық қозғалысын басқаруға талап қылған Кенесары сұлтан қазақтың қалған жерін отарлаудан сақтап қалуға әрекет жасады. Бірақ ол бұл әрекетін әуелі бейбіт жолмен шешуді көздеді.
Үкімет әскерінің өздерінің ауылдарына бірнеше рет шабуыл жасағанына қарамастан, Кенесары патша үкіметінің Қазақстаңдағы өкілдеріне бірнеше рет хат жазып, өздеріне қоныстарын қайтаруды сұрайды.
«Біздің ата-бабамыз, — деп жазды Кенесары, — бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау, Өртау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайың, Обаған, Тобыл, Құсмұрын, Оқият, Тоғызақ төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Енді біздің жерімізді күн сайын басып алып, оған бекіністер орнатып жатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». Бірақ бұған патша да, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі.
Орынбор генерал-губернаторына жазған хаттарында: «Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау жөне басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғана тыныш өмір сүре аламын» десе, енді бір хатында патша әкімдерін достық-татулық қатынаста болуға шақырады: «Біз достық пен ынтымақта өмір сүрсек, қандай жақсы болар еді», — дейді.
Кенесары Қасымұлы патша өкіметімен келісу әрекетінен еш нәтиже шықпағаннан кейін, қару алып күресуге бел байлайды. Бұл туралы патшаның өкімет орындарына жазған соңғы хаттарының бірінде: «1825 жылдан 1840 жылға дейін патша өкіметінің әскерлері біздің ауылдарымызды он бес рет шауып кетті. Сондықтан біздер, қазақтар, мұндай қысымға, талан-таражға, кісі өлтірушілікке шыдай алмай, лажсыздан басымыздың ауған жағына көшіп жүрдік. Бірақ олар сөйтсек те тыныштық бермеді. Сол себепті де мен — Кенесары Қасымұлы, қаруланып алып, ұлы күресті бастауға аттандым», — дейді.
[өңдеу]Азаттық жолындағы қозғалыстың жеңілу себептері мен тарихи маңызы
Сол тарихи кезеңде Қазақстанда қалыптасқан қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономиқалық жағдайда бұл ұлт-азаттық қоғалыстың да түпкілікті жеңіске жетуі мүмкін емес еді. Ресей империясының қуатты, тұрақты әскери күші бар екенін былай қойғанда, жеңілудің басқа да себептері болды. Көтеріліске қатысқан үстем тап өкілдері арасында ауызбіршілік болмады. Өзін қолдамаған туыстарымен, қазақтың ауқатты топтарымен, Қоқан хандығымен, ақырында қырғыз ағайындармен күресіп, Кенесары өз күшін әлсіретті. Жікке бөлінген қазақ рулары көтерілісті көбіне өз аймақтарында қолдап, басқа аймақтарға ауысқанда, әсіресе Қоқан және Қырғыз жеріне басып кіргенде, оған қосылмады. Өзін қолдамаған ауылдарды қатаң жазалауы да көтерілісті әлсіретті.
Бұл ұлт-азаттық қозғалыстың маңызы зор, ол Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының тарихында өшпес із қалдырды, кейінгілердің азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресіне үлгі-өнеге әрі тарихи сабақ болды. Кенесарының күресі, оның өзінің халықтың мақсат-мүддесіне шын берілгендігі, қолбасшылық өнері, ақылды саясаткер ретіндегі сирек кездесетін қасиеті XIX ғасырдың өзінде-ақ халық тарапынан қадірлеушілік туғызды. Патша өкіметі тұсында бұл қозғалыстың мүлде сөз болмауы, ал бола қойса, оны бұрмалап теріс түсіндіру себептері белгілі. Кеңес өкіметі түсында да бұл қозғалыс кертартпа, хандық-феодалдық мемлекетті көксеушілік деп теріс түсіндірілді. Оны тарихи шындық тұрғысынан дұрыс бағалаған ғалымдар қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс өзінің шын бағасына ие болды. Осы қозғалыстың басы-қасында болған Кенесары хан мен оның басқа да қаруластарының есімдері тарихтан лайықты орнын алуда.
40) Ұлы жүз Россия қоластына Кіші жүз бен Орта жүзден кейін өтті. Йткені XIX ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі Орта және Кіші жүздердің Оңтүстіқ аймақтары Хиуа және Қоқан хандықтардың иелегінде болды. Бұл өңірдегі халықтарды Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары қыспаққа алуды көбейтті. Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары Каспий теңізі жағалауларынан Жетісуға дейінгі жерлерге шабуылдап отырды. Әсіресе Хиуа ханы Мұхаммед–Рахымның 1812, 1816, 1820 жылдардағы шабуылдары жойқын болды. 1820 жылы Хиуа ханы 2000-ға жуық қазақ ауылын аяусыз қырып жойды.
1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре басқарған қазақ шаруаларының қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып, Түркістан, Шимкент, Әулисата, Сайран өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шығып көтеріліс қатыгездікпен жаншылды.
Оңтүстік Қазақстан, Жетісу өңіріндегі халықтардың Россия мемлекетімен сауда экономикалық қатынастары барған сайын кеңейе түсті. Осындай себептердің бәрі Ұлы жүз халықтарының Россия империясына қосылуын тездетті. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы басқарған 66 мың адамнан тұратын жалайыр руы Россия империясының құрамына қосылды 1825 жылы Ұлы жүз жерінде Россия империясының Алатау, Қапал, Лепсі сияқты әскери бекіністері салынды. 1825 жылы 50 мың халқы бар үйсін болысы Россия мемлекетінің құрамына қосылды. 1847 жылы Іле және Лепсі өзендері маңындағы қазақтар мен қырғыздар Россия билігін мойындайды. 1848 жылы 10 қантарда Жетісудағы қазақтарды билеу үшін Россия патшалығы бұл өңірге жаңа лауазымды (пристав) бекітеді. Приставтың резиденциясы қапалда (1847 жылы салынды) болды.
1851 жылы 7 шілдеде подполковник Карбышев отряды Қоқан хандығының басты тірегі Таушубек бекінісін қантөгіссіз басып алады.
1853 жылы – Ақмешіт қаласының Россияның қоластына қаратылуы орыс әскерлерінің Іле бойымен жылжуына жол ашты. Осы кезден бастан Ақмешіт бекінісі Перовск деп аталды. 1853 жылы 2 сәуірде Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың тапсыруы бойынша Көксу және Іле аралығында Іле бекеті салынды.
1854 жылы көктемде пристав М.Д. Перемышельский отряды Алматы деген жерде Верный бекінісінің негізін қалады. Сол жылы Верный бекінісіне 470 солдат қоныс тепті, ал 1855 осы бекінісіне Сібірден 500-ге жуық отбасы қоныстанды. Верный бекінісің салынуы 1855 жылы қырғыздың Бұғы руының Россия билігін мойындауын тездетті. 1855 жылы Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды.
1856 жылы Верныйда Орталық Россия губернияларынан, Воронежден келген қоныстаушылардың саңы бұынғыдан да арта түсті. 1857 жылы Верныйда су диірмені, 1858 жылы сыра заводы ашылды.
XIX ғасырдың екінші жартасында Верный қаласында П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, Н.М.Пржевальский, Ш.Уәлиханов сияқты ірі ғалымдар бір аз уақыт тұрған.
Верный бекінісінің салынуы XIX ғ. 50-жылдарында Қазақ елінің Оңтүстіқ аудандады мен қырғыз жерінің Россияға қосылуын тездетті.
Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы.
Патша үкіметі Оңтүстіқ Қазақстан өңірінен Қоқан хандығын ығыстырып, өз бақылауына алу үшін әскери қимылдарын көбірек ұйымдастыра бастады.
1859 жылы Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Россияның тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Шу алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақты, 4 қырқүйекте Пішпекті алды. 1860 жылы 27 қазанда Ұзынағаш түбінде Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский басқарған орыс отряды қоқан әскерін жеңеді. Бұл шайқаста 400-ге жуық Қоқан сарбазы қаза табады, ал орыстар – 2 адамнан айрылды.
1863 жылы Қоңырат 4 мыңға жуық, бестаңбалы руынын 5 мыңға жуық шаңырағы Россия билігін мойындайды.
1864 жылы қөктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша әскері Шу алқабын, Мерке, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алса, осы жылы 22 қыркүйекте Черняев төбы Шымкентті алады, ал Ташкентті шілде айында 1865 жылы үш күндік шайқастан кейін алды.
1866 жылы Бухар хандығын орыс әскерлері жаулап, 1867 жылы хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді, ал 1868 жылы Қоқан хандығына тәуелді болған қазақ жерлері Россия құрамына еніп, Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. 1873 жылы Хиуа хандығының орыс әскерінен жеңілуі Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын тездетті.
Сөйтіп, XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылған қазақ елінің Россия құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Россия империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері түгелдей Россия отарына айналды.
Бұл оқиғаның прогресті жағы:
1. Саяси, қоғамдық қатынаста феодалдық – патриархалдық белгінің жойылуына жол ашты.
2. Феодалдық – көшпелі шаруашылықтан капиталистік өндіріске көше бастады.
3. Қазақстан жалпы россиялық рынокқа тартылды.
Патшалық билік қысымының күшеюі ұлттық сананың оянуына әсер етті.
Патша үкіметі 1867—1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді. Оның негізгі мақсаты сұлтандар тобын өкімет бөлігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді. Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс болды.
Достарыңызбен бөлісу: |