1.2.Іскер әйелдер кәсіби имиджісі, имидж тусінігі мен даму тарихын алыс жақын шет ел ғалымдары еңбектеріне сүйене отырып талдау
Алыс жақын шет елдер мен отандық ғалымдардың психологиялық-педагогикалық зерттеулерінде жеке тұлғаның кәсіби имиджісінің қалыптасу факторлары мен әлеуметтік –психологиялық жағдайлары қарастырылған. Дей тұрғанмен осы мақала аясында зерттеу жұмысымыздың өзектілігі қазіргі трансформациялық қоғамда жеке тұлғаның бәсекелестікке бейімделуі арқылы кәсіби жетістіктерге жетуі әлеуметтік жетістік негізі екенін зерттеу маңыздылығы ерекше болып тұр.
Сондықтан, іскер әйелдер кәсіби имидждісін қалыптастыруда жеке тұлғаның әлеуметтік жетістік факторы ерекшеліктерін теориялық негіздеу болып отыр.
Осы тұрғыда, іскер әйелдер кәсіби имидждісін қалыптастыру мәселелері бойынша отандық және шетелдік зерттеуші ғылыми еңбектеріндегі ғылыми теориялық ұстанымдарын қарастыру; зерттеу тақырыбы жайында жазылған әлеуметтік-психологиялық мәселелерге талдау жасау; зерттеу тақырыбына қажетті әдіс-тәсілдерді анықтау екенін ескере келе, іскер әйелдер кәсіби имидждісін қалыптастыруда жеке тұлғаның әлеуметтік жетістік факторы ерекшеліктерін теориялық негіздеу мәселесіне тоқталып талдау жасау болып отыр.
«Имидж» түсінігі ХХ ғасырдың соңында қоғам назарының және ғылыми талдаудың пәні болды. 90 жылдардың ортасында имиджді қалыптастырудың психологиялық аспектілеріне арналған, имидж жайында алғашқы зерттеулер Р.Ф.Ромашкина, Е.И.Манякина, Е.В.Гришунина, П.С.Гуревич, Ф.А.Кузин және т.б. еңбектерінде жарық көрді. Имидж ағылшынның «image» сөзінен алынған, «образ», «түр», «келбет» сөздерінен шыққан. Бұл кез келген нәрсенің, адамның эмоционалдық образын, мінез-құлқын көрсетеді. Өз имиджін қадағалау бұл адамды өзіне қарату. Бірнеше мағынасы бар «имидж» ұғымының өзіне қарағанда «кәсіби имидж» бір мағынада анықталатын өзекті тақырып болып саналады [2].
Ойшыл Абай: «Ақырын жүріп анық бас, еңбегін кетпес далаға, ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп айтқандай, мұғалім үшін өз имиджін кәсіби деңгейге көтеру, өз мамандығының данышпаны болу, әрине, өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін айқындайды.
Ұстаз-педагог имиджісін қалыптастыру туралы отандық ғалымдардың зерттеулеріне тоқталсақ, А. А. Калюжный қазіргі таңдағы педагогтың имиджін қалыптастырудың бірнеше қағидаларын бөліп көрсетеді:
1. Коммуникативтілік қағидасы.
2. Сөзбен ықпал ету қағидасы.
3. Сыртқы бейнені үндестіру қағидасы.
4. Өзін-өзі реттеу қағидасы.
Коммуникативтілік және сөзбен ықпал ету қағидаларын қазіргі таңдағы педагог имиджін қалыптастыру үрдісіндегі негіз құраушы ретінде толығырақ қарастырайық. Бірінші қағидаға сәйкес, қандай да бір адамның педагог туралы пікірі имиджді қалыптастырушы тікелей ақпарат негізінде қалыптасуы мүмкін, оны ол адам саналы түрде түсінуі немесе түсінбеуі де мүмкін, өйткені ол оның бейсанасында болады және тек сезімдерден ғана көрінеді. Қорыта отырып қағиданы былайша тұжырымдауға болады: адамдарда қандай да пікірді қалыптастыру мақсатында ықпал ете отырып, сіздің атыңызды естіген кезде сіз туралы жағымды сезімдер пайда болуы үшін оның санасына ғана емес, бейсанасына да ықпал ету керек. Екінші қағиданы былайша сипаттауға болады: педагогтың жеке имиджінің моделін қалыптастыра отырып, ақпаратпен адамдардың санасына қарағанда бейсанасына ықпал ету керек. Бейсанадағы ақпарат арқылы қалыптасқан пікір өзінің пікірі ретінде бағаланады, себебі оның пайда болу көзі анық емес [3,4].
В.М Шепель «Имиджеология: жеке тартымдылық құпиясы» атты еңбегінде имидж ұғымына төмендегідей анықтамалар берген: «имидж – адам туралы ұғым, мекеме туралы пікір, белгілі адамдармен, жасалатын заттар, индивидуалдық стиль адамды, адамдар тобын, мекемені сипаттайтын келбет».
С.И.Ожеговтың түсіндірмелі сөздігінде: «Имидж дегеніміз - ой-пікір, тұжырым, бір нәрсе туралы берілген көзқарас, қатынас» делінген [2,сонда].
Қоғам өмірінің демократиялық, гуманистік бағытқа бет бұруына жаңарып-жаңғыруына, мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайтуға экономикалық, әлеуметтік дамуына, білім беру мен мәдениет парадигмасының өзгеруіне байланысты өмірге жаңа ғылым салалары келді. Сондай ғылымдардың бірі – имиджеология. Бұл ғылым саласына назар аударудың кім-кімге болса да тигізер пайдасы зор. Өйткені, ол адамдардың бір-біріне сыртқы кескінімен, адамдық болмыс бейнесімен, адами қадір қасиеттерімен әсер ету механизіміне ие болуға көмектеседі. Ал,енді іскер әйелдер турасында айтылған пікір талас,зерттеулер қазіргі таңда жаңадан дамып келе жатқан бағыт деп топшылауға болады. Басқа кәсіп иелеріне қарағанда іскер әйел мамандығы ерекше, ол әрдайым үлкен әлеуметтік бизнес саласында және көпшіліктің көз алдында қалыптасатын бейне.Сонымен имидж – сіздің бойыңыздағы іскерлік талантыңыздың жарқырап ашылуы, өзіңіз туралы жақсы пікір қалыптастыру жолы [5].
Әлемдік өркениеттің стандарттарын ұсынатын американдық психологтардың пікірінше, тамаша табыс феномені – адамның имиджі мен оның карьерасымен тікелей сабақтас.Егер олай болмаса, қолдан жасалған имидждің көмегі тимесі анық.
Имидж құрылымы:
- сыртқы бейне;
- вербалды және вербалды емес қарым - қатынасты пайдалану құралы;
- ішкі «Мен» сезімінің кәсібіне сәйкестігі.
Сыртқы имиджді құраушыларға:
- мимика,
- дауыс күші мен тембрі,
- костюм,
- қимыл,
- мәнер.
Айналаңыздағы адамның санасындағы сіздің бейнеңіз туралы көзқарас. Ол сізбен жүздесуден кейінгі сыртқы кейпіңіз бен өз - өзіңізді ұстауыңыздың тәрбиелік мәні мен сөйлесу мәнеріңіз арқылы қалыптаспақ.
Сыртқы бейнеміздің үйлесімді әсер қалдыру үшін вербалды және вербалды емес қатынас қажет:
-Мәнерлі сөйлеу
-Көндіре білу
- Стиль мен киім түсінің психологиялық әсерін білу
-Тұрған тұрысқа, мимикаға және мәнерге көңіл бөлу
-Шыдамдылық [6].
Іскер әйелдер жеке тұлғасының әлеуметтік жетістік факторына тоқталатын болсақ, мынандай сараптамаларды ерекше атап өтуге болады.
Мәселен, бизнес саласы мен мансабының өсуі әйел үшін оның негізгі мүдделері болып табылады, ол белсенді түрде ер адамның рөлін атқарады. Мұндай әйел, әдетте, оқуда да, жұмыста да, спортта да табысты болады... Қазіргі уақытта саясат пен бизнесте ер адамдармен тең жетістікке жететін, нәзік жандылардың белсенді өкілдері жиі кездеседі. Бұл сонда: уақыт талабы ма әлде эмансипация салдары ма? Нәзік әйел бола тұра, бизнес шыңдарына қалай жетуге болады? Мансабының жолында іскер әйелдер қандай қиындықтармен кездеседі? Бірден «іскер әйел» терминін анықтап алауға тырысайық. Іскер әйел деп басқарушылық жұмыста істейтін немесе жеке бизнесі бар әйелді айтады. Бұған, іскер әйелдің өмірінде «іс – ақша (және онымен байланысты билік)» бағыты негізгі болып табылатынын қосуға болады. Қағида бойынша, оның болмысы күшті, тәуелсіз, өз қадірін өзі білетін адам. Өз қабілеттерін жоғары бағалап, бұл әйелдер өздерінің ғана емес, басқалардың да іс-әрекеттері үшін жауапты болады[7].
Оларды от анасының рөлі қанағаттандырмайды. Олар тек қана ер адамдар ақша тауып, отбасын асырауға тиіс деп санамайды. Іскер әйел тәуекел тобына жатады. Отбасы мен мансаптың арасында таңдау жасағанда, мұндай типтегі әйелдер: күйеуін, балалары мен үйін екінші орынға қояды, кейде тіпті отбасы олар үшін қиын мәселеге айналады. Бизнес саласы мен мансабының өсуі бұл әйел үшін оның негізгі мүдделері болып табылады, ол белсенді түрде ер адамның рөлін атқарады. Бизнес әлемінде, әйелге қолданылатын өлшемдер жоғары, ал талаптар – қатал. Іскер әйелдің негізгі қасиеттері әрине, бизнес вуменнің барлық қасиеттерін айту қиын – олардың көбісі дара қасиеттері, бірақ біз негізгілерін белгілейміз:
1. Іскер әйел өзінің және өзгенің уақытын бағалайды. Бұл кейбіреулердің тума қасиеті, оны дамыту қажет. Бұл қасиет іскер әйелді, іскерлік кездесулерге кешікпеуге және барлық ісін істеп үлгеруге мүмкіндік беріп, нәзік жандылардың басқа өкілдерінен ерекшелендіреді.
2. Іскер әйел өте білімді, сондықтан ол сауатты және сыпайы сөйлейді.
3. Іскер әйелдің денсаулығы жақсы. Ауыру мен сырқаттану істің табыстылығына себеп болмайды ғой. Жоспарларын сәтсіздікке ұшыратпау үшін, ол әрдайым тамаша күйде жүреді. Негатив пен позитив әлбетте артықшылықтары бар. Іскерлік өмір әйелге белгілі бір ізін қалдырады, және көп жағдайларда оны басқалардың жанында тартымды қылып көрсетеді. Әлбетте, іскер әйел өзінің жұмыс үдерісінде жақсы мәнерлерді жеткілікті деңгейде меңгереді. Бұл оған жұмыста да, отбасында да, және достарымен қарым-қатынаста да көмектеседі. Одан басқа, өзін өзі бағалауында және туыстар мен таныстары тарапынан сыйластықта, іскер әйелдің және оның отбасы өмірінің жоғары материалдық деңгейі үлкен рөл атқарады [8].
Алайда кемшіліктері де бар. Іскер әйелдер фирманың табысы мен өркендеуі үшін, өзінің отбасылық және жеке басының амандығын құрбан ететін жағдайлар жиі кездеседі. Одан басқа, бизнес саласында әйел адам, бұл қоғамда қабылданған көптеген нормалар ерлер үшін деген пікірмен көп қақтығысады. Айналасындағылар басшы әйелге күлімдеп немесе кешіріммен қарайды. Қоғамдық көзқарастарға сәйкес әйел бағынышты қызметкердің рөлін атқарады. Ол өзіне және айналасындағы адамдарға басшы қызметін атқаруға лайық екенін немесе өзінің жеке бизнесін жүргізе алатынын үнемі дәлелдеу керек. Кез келген жағдайда, іскер әйел – күшті және өзін толыққанды көрсете алатын адам.
Ең бастысы – бизнес пен өмірдің басқа да жақтарының арасында саналы теңгерімді табу. АҚШ-та табысты әйелдерге бақылау жүргізілген.
Табысты әйелге тән қасиеттер – жоғары физикалық және әлеуметтік белсенділік, өзімшілдік, отбасының қолдауына сенімділік, әлеуметтік рөлдерін тез ауыстыруы (жұмыста – басшы, үйде – бағынышты адам).
Коммуникацияның жаңа дағдылары Іскер әйел қарым-қатынаста болуы керек. Табысты іскер әйел, жұмыс бабымен байланысты дұрыс орнатуды, адамдармен өзара әрекеттесуді білуге тиіс.
1-қағида. Жұмыста барлық адамдарға атын және әкесінің атып, жүгініңіз. Кеңседе бейресми жағдайды ынталандырмау қажет: бұл клиенттерді құрметтемеуді көрсетіп, олардың тарапынан сенімсіздікті тудырады.
2-қағида. Телефон арқылы сөйлескенде, адамға бірінші рет қоңырау соғып тұрсаңыз, әрдайым өз атыңызды, тегіңізді және әкеңіздің атын айтыңыз. Бұл байланыс орнатып, қарым-қатынаста болуға көмектеседі.
3-қағида. Сізбен таныстырған адамдардың атын ұмытпауға тырысыңыз. Әр адамға оның аты өте маңызды. Егер сіз келешегі бар клиентті кездестірген болсаңыз, әңгіме барысында бірнеше рет оны атын қайталаңыз.
4-қағида. Бизнесте физикалық байланыстың әдістері өте аз. Ең кең тарағандардың бірі – қол алысу.
5-қағида. Күлімдеңіз: бизнестегі күлкі – сирек кездесетін құбылыс. Күлкімен сіз өзіңіздің шынайылығыңызды, өзіңізге деген сенімділігіңізді, сондай-ақ, сізбен тез байланыс орнатуға болатынын көрсетесіз.
6-қағида. Сұхбаттасыңызға қараңыз. Әңгімені бастамас бұрын, міндетті түрде сұхбаттасыңыздың көздеріне қарап, күлімдеңіз. Келіссөз өтетін бөлмеге кіргенде, бөлмеде отырған барлығына күлімсіреп қараңыз.
7 -қағида. Адамдарды бір-бірімен батыл таныстырыңыз. Көп адамдар бұны дұрыс істей алмайды. Бизнесте атқаратын қызметі төмен адамдарды жоғары қызметтегі адамдарға таныстыру керек. Бұл ретте жоғары тұрған адамның атын бірінші атаңыз. Бизнес-ледилердің қолынан келетін іс Көптеген әйелдер бизнесте табысқа жетіп, нағыз бизнес-леди болғысы келеді. Бірақ барлығы бұл табысқа әртүрлі қарайды. Біреулер үшін табысты бизнес – ол ақша, кейбіреулерге – қалайтын ісімен айналысу мүмкіндігі[9].
Анықталу керек. Бірінші кезекте, қай салада табысты іскер әйел болғыңыз келеді, соны анықтау қажет. Өзіңіз үшін, кім болғыңыз келетінін шешіп алыңыз: кәсіпкер ме әлде лауазымды тұлға ма. Білім. Табысты іскер әйел болу үшін, жақсы білім алу қажет. Кез келген істе табысқа жету үшін, білім қажет. Сізге бизнесті жүргізу бойынша ғана емес, сонымен бірге, тікелей сіздің ісіңізге қатысты тереңірек білім негіздері қажет. Көп кітаптар және журналдар оқуға тырысыңыз, конференцияларға, семинарлар мен курстарға қатысыңыз. Еңбек. Табысты бизнес – үлкен еңбек екені ешкімге құпия емес.
Сіз жұмысқа бар уақытыңызды беруге дайын болуыңыз керек. Бәрін тастап кеткің келетін сәттер де болады. Оған да дайын болып, жұмысыңызды жалғастырыңыз. Жылдамдық маңызды. Соңғы кезде әйелдер бизнесте үлкен табыстарға жетіп жатқандарына қарамастан, табысты бизнесмендердің ішінде көбінесе ерлер басымырақ. Ол, әйелдердің нашарлығы емес, оларға іскер ойынның ережелерін үйрену үшін көбірек уақыт қажет екені. Әйелдер шешім қабылдағанда ұзағырақ ойланады, сондықтан олар аталған үдерісті бақылауды үйренуі қажет. Бизнесте тез шешімдер қабылдай білу қажет, әйтпесе табысқа жету мүмкін емес. Әйел болып қалыңыз. Бұл іскерлік әйелдің тағы бір маңызды қағидасы. Көбірек табысқа жету үшін, көп әйелдер еркекке ұқсап кетеді. Бірақ бұл әйелдерге де, ерлерге де ұнамайды. Өз қадіріңізді біліңіз. Іскер әйел өз қадірін білу керек және бірінші орынға өзінен басқа барлығын қоймау керек.
Дәл осындай әрекет әйелді өзінің бизнесі болуға лайық емес деген ойларға итермелейді. Өте жиі кешірім сұрамау керек: ол тек сіздің қателеріңізге назар аудартады. Бір рет кешірім сұраңыз – сол жеткілікті. Мақтаныш қажет. Іскер әйел жеткен жетістіктеріне мақтану керек, және ол туралы басқа адамдарға айтудан қорықпау керек. Бірақ, шектен шығып, масаттанып кетпегеніңіз жөн. Жиналыңыз. Шынымен қажетті нәрсе үшін ғана жұмыс істеу керек. Бәріне жағуға тырыспаңыз, күш-қуатыңыз бен уақытыңызды жұмсамаңыз. Тағы бір принципті нәрсе – қол жеткізгіңіз келген нәрсені айқын анықтау. Бейне – маңызды нәрсе Іскер әйелдің бейнесі қандай болу керек? Негізінде ер адамдармен келіссөз жүргізетін іскер әйел, іскер әйел болып қабылдану керек.
Алайда, егер жыныс белгілері толық бүркелсе, дұрыс байланыс болмауы мүмкін. Сондықтан әйел өз қасиетін жоғалтпауы тиіс. Іскерлік кездесуге, тіпті керемет әзірлеген бизнес-жоспарыңыз болса да, ашық түсті қысқа көйлек киіп, әшекейлерді іліп алып келмеу керек. Сондай-ақ, ашық косметика мен өкшесі өте биік аяқ-киім киюге де рұқсат етілмейді. Өте ашық боялған ұзын тырнақтар да талғамсыздықтың белгісі деп есептеледі. Іскер әйел өзінің киім кию үлгісі әбден ойластыруы қажет. Костюмы жайлы және жарасымды болу керек.
Әдетте бұл классикалық стильде тігілген қара немесе ашық түсті, костюм, бірақ жарқыраған болмауы тиіс. Аяқ-киімді де сәйкес алу қажет – классикалық жай табанды аяқ-киім немесе биік өкшесі бар туфли. Макияж да орынды болуға тиіс. Басшы екенін көрсете отырып, өзінің тартымдылығына акцент жасау дұрыс емес. Қымбат әшекейлер таққан дұрыс, бірақ олар қарапайым және жеңіл болуы керек. Егер әйел тұрмыста болса, неке сақинасын тағуы керек. Тырнақтарға арналған бояуы далаптың түсімен түстес болуы керек – олардың ашық түсі болғаны дұрыс. Тырнақтарының қысқа, таза болғаны абзал. Кең ойылған блузка киюге, қолдарын жалаңаштауға, қымбат парфюмді шектен тыс себуге, қырыңдауға, қылымсуға болмайды. Іскер әйелдің жұмыс орнына барын киіп, сәнденіп келгені – күлкілі. Сол сияқты кешкі іс-шараға іскерлік костюмын киіп келгені де ағат болады[10].
Әр нәрсе өз уақытында және орнымен болуы тиіс. Іскер әйел өзінің сүйкімділігін жұмысындағы мақсаттары үшін пайдаланбауы керек – бұл қателік. Мәселе сіздің пайдаңызға шешілмейді. Іскер әріптесіңіз, сізді серіктес ретінде көре алмаса, бизнес пен келіссөз жүргізіп жатқан әйел затының арақатынасын белгілей алмайды. Біз, іскер әйелдерге тән негізгі қасиеттерді, сондай-ақ оларға, күнделікті қызметінде қақтығысуға тура келетін қиындықтарды қарастырдық. Қорыта келе, іскер әйел тұлғасының әлеуметтенуін, жеке тұлғасының әлеуметтік жетістік факторын қарастыра келе, бұрын адам табиғаты мен адамның даму үрдісіне қажетті шарттарға негіздеген орынды.
Тұлға күшінің табиғаты. Күш-толымды өмір, оның көптеген қыры мен мәні деген сөзі. Тұлға күші басқа күш формасынан айырмасы бар. Тұлға күші-білімге, бабылдық пен ынтымақтастыққа негізделеді.Тұлға күші-ақыл-ойды жүрегімен сезген және іске асырған даналығы мен тәжірибе
Тұлға күшін-молшылық, билік, даңқ және қызметтік жағдаймен салыстыруға болмайды.Мұндай күштілік уақытша қызмет жағдай, мәртебеге байланысты болумен тең. Қызмет жағдайы тоқтағанда мұндай тұлғалық күш жойылады. Сондықтан, мұндай тұлғалық күш көз боямалық сипатқа ие болады. Тұлға күші кедей, бай немесе білімді, білімсіз деп талғап барып келмейді және сонымен бірге ол кездейсоқ та берілмейді.
Ол адамның тырысуынан туындайтын ішкі қуат. Тұлға күші-адамның өзбетінше ойлануы, ниет шынайлығы мен тереңдігі, адамның өз өмірінде жинақтаған табиғи даналығы.
Әйелдер кәсіпкерлігін көптеген әлеуметтанушы-ғалымдар гендерлік тұрғыда зерттеп жүр. Кәсіпкер әйелдер мен ерлердің салыстырмалы ғадетіне қатысты көптеген зерттеулер көрсеткендей, еркіндік, мақсатқа бағытталу, бастамалық, өзгермелі экономикалық жағдайларға бейімделу деңгейі сияқты іскерлік қасиеттердің негізгі критерийлері бойынша ерлер алдыңғы қатарда. Дегенмен, іскерлік салада әйелдер мынадай артықшылықтарға ие: оларда аса менмендік жоқ, кәсіпорынның стратегиясын дайындауда үлкен жауапкершілік танытады, адамдармен сыпайы, жақсы қарым-қатынаста болады, өзінің интуициясын белсенді пайдаланады, әлеуметтік жауапкершілігі мол. Осы қасиеттерінің арқасында кәсіпорын міндеттерін іске асыруда ерлерге қарағанда біршама артықшылықтарға ие болады [11].
Мұның бәрі әйелдердің кәсіпкерлік белсенділігінің маңызды әлеуетін сипаттайды. Әйелдер кәсіпкерлігінің бұрыннан әйелдер қызмет етіп келе жатқан, өздеріне ыңғайлы салаларда дамуы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |