Магиcтерлік диссертация тақырыбы : «Іскер әйелдердің кәсіби имиджіcін қалыптастыру - жеке тұлғасының әлеуметтік жетістік факторы ретінде» Формирование профессионального имиджа деловой женщины - фактор социального успеха её личности Formation of the professional image of a business woman is a factor of the social success of her personality
Қазіргі кезде қоғамдағы әйел мен ердің орны туралы түсініктер мен құндылықтар, осымен байланысты стереотиптер мен әлеуметтік үрдістер ерекше өзекті мәселеге айналып отыр. Себебі қазіргі дүниеде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету зорлықсыз өмір сүрудің идеалдарын, барлық адамзатқа ортақ құндылықтың негіздерін іздеу қажеттігі туып отыр.
Осындай жағдайда іскер әйелдер кәсіби имиджісін қалыптастыру үдерісін қазіргі қоғамдағы дәстүрлі гендер мәселесі дүниетаным шеңберінде қарастырудың мәні зор.
Осыдан барып, қазіргі әлем бейнесіне әйел факторы белсенді кірісіп, қазіргі өркениет негіздерін қайта қарауды талап етуде. Қазақстанның Еуропа мен Азияның ортасындағы географиялық – саяси жағдайына байланысты осы екі жақтың да ықпалына басқа Орталық Азия елдерінен гөрі қаттырақ ұшырайтыны анық. Осындай жағдайда өздігіңді, өзгешелігінді сақтау үшін де, көптеген мәселерге, сонын ішінде, гендер мәселесіне байланысты қазақ халқының дәстүрлі құндылықтар жүйесін, еркек пен әйелдің қоғамдағы орны мен рөлі туралы түсініктер жүйесінің эволюциясын, гендерлік қатынастарға қатысты халықтың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып зерттеу қажеттілігі туындайды.
Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті (елбасымыз) Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көтерілген өзекті мәселелердің бірі – қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы.
Алыс жақын шет елдер мен отандық ғалымдардың социологиялық – әлеуметтік, психологиялық – педагогикалық зерттеулерінде жеке тұлғаның кәсіби имиджісінің қалыптасу факторлары мен әлеуметтік – психологиялық жағдайлары қарастырылған.
Дей тұрғанмен зерттеу жұмысымыздың өзектілігі қазіргі трансформациялық қоғамда іскер әйелдер жеке тұлғасының бәсекелестікке бейімделуі арқылы кәсіби жетістіктерге жетуі – әлеуметтік жетістік негізі екенін зерттеу маңыздылығы ерекше болып тұр.
Қазақстанда қазіргі кезде жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық, мәдени, саяси өзгерістер көптеген қоғамдық мәселелерді қайта қарауды қажет етеді.
Солардың ішінде ең өзектісі – іскер әйелдер жеке тұлғасының әлеуметтік жетістік факторы мен консептісін зерттеу мен зерделеу гендер мәселесінің бір жаңа бағыты болып саналады. Қазақстанның нарықтық экономикалық қатынасқа өтуі еңбектің гендерлік бөлісіндегі қайшылықты шиеленістіріп жіберді.