9-билет.Эстетикалық тәрбиенің маңызы, міндеттері, мазмұны.
Эстетикалық тәрбие дегеніміз балалардың бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай кұра алу кажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру және енбекте, коғамдық іс-әрекетте адамдармен қатынас жасауды сұлулық идеалдарын негіздеу.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты — балалардың шығармашылық қабілеттерін, әлемді сұлулық заңдары арқылы тануға қызығушылықтары мен талпыныстарын дамыту.
Эстетикалық тәрбиенің міндетері:
— эстетикалық білімдерді қалыптастыру;
— эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу;
— ата-бабаларымыздан қалған асыл мәдени мұраны игеру;
— шынайы қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты орнату;
— эстетикалық сезімдерді қалыптастыру;
— адамды өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі әсемдікке баулу;
— өз өмірін және іс-әрекеттерін сұлулық заңдарына сай құру қажеттіліктерін дамыту;
Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру процессінде оқушылар бойында өнердегі, өмірдегі, табиғаттағы, тұрмыстағы, еңбектегі, мінез-құлық және іс-әрекеттегі әсемдік пен әдемілікке деген әсерлі сезімталдық дамиды.
Осыған орай А.П.Чеховтың: «Адам бойында бәрі де әдемі болуы керек: денесі де, киімі де, жаны да, ойлары да» деген сөздерін еске сақтау абзал.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты- жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізі компоненттер:
Эстетикалық қабылдау.
Эстетикалық сезім
Эстетикалық талғам
Достарыңызбен бөлісу: |