Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі -тәуелсіздік» Мақсаты



Дата18.02.2018
өлшемі65,67 Kb.
#38020
Тақырыбы: «Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік»


Мақсаты:
Жас ұрпақты өз елінің тәуелсіздігі үшін күрескен қаһармандарын құрметтеуге, адамгершілік сезімдерді қалыптастыру арқылы отаншылдыққа, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің тобымыздың «Елімнің еркіндігі Тәуелсіздік» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!! 
«Құлыншақ» тобының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. 
Балалар ән ырғағымен залға кіреді. 
Әнұран айтылады. 
(Күй әуені күмбірлеп тұр). Көрініс : Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып «Түрме жыры» өлеңін оқып шығады. Содан кейін қатты шаршап, былай дейді: «-Уһ, әбден шаршадым-ау, жүйке тамырым жұқарды ғой! Қайран бостандық!!! Жалалы боп, қатты батты жаныма. Кезекші: Заключенный Рыскулбеков на допрос. Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе? Мойныңа ал. Әйтпесе ақша төле. Сені біреулер көріпті ғой. Қылмысыңды мойында. Қайрат: Жоқ, өлтірген жоқпын? Жолдас тергеуші! Ауылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек? Не үшін? Ешқандай қылмысым жоқ. Тергеуші: Әкетіңдер, құртыңдар, атыңдар! Қайрат: Тоқта! Айтар сөзім бар.

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең алыңдар.

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты – құрбандық»

Атам десең атыңдар. (Қайратты кісендеп алып кетеді.)


Жүргізуші: Сіздердің тамашалағандарыңыз, осыдан 24-жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының алаңында болған, желтоқсан оқиғасы. - Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.  Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды. 
Ерлігіңе қуанам да, сүйінем, 
Қайрат аға рухыңа мен иілем. 
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам, 
Әділ жанның қазасына күйінем. 
Дүниені дүр сідкіндірген көтеріліске, қазақ ел ауызында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләзат Асанова және т. б. Апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. Осындай батыр, ер жүрек ағаларымызбен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз аңсаған, армандаған тәуелсіздігімізге 24 жыл толып отыр. Мерекелерініз құтты болсын, ағайын!

Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,


Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!
Ал, ендігі кезекті “Еркетай”  шағын орталығының бүлдіршіндерінің өнерлерін тамашалайық.
Жансезім: Естісін ел үніңді,                             

                     Дүние түгел естісін.

                     Тәуелсіздік туыңды

                    Биік көтер, жас ұлан!



Анна: Аялап ару ананы
Өсірген еркін баланы
Бесігін бөлеп тербеткен
Отаным Қазақстаным

Мумина:    Отанды әркім анасындай,

                 Қастерлейді бағалап

                Өйткені Отан баласындай

                Бізді өсірер аялап.



Стас: Отан - деген ұлы ана
Отан деген ғұлама
Мен ғана емес атамда
Перзенті екен Отанға

Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй! – деп, Абай атамыз айтқандай, ортаға Әділжан, Бағдәулет, Мұқаметжанның орындауында «Елім менің» әнімен қарсы алыныздар.
Жүргізуші: Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң. 
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі. Сондықтан да сіздердің назарларыңызға «Тәуелсіз Қазақстан» туралы шағын бейне роликті ұсынамыз.
Жүргізуші: Талшыбықтай бұралған,
Қазағымның қыздары-ай!
Сүйсіндірген биімен,
Өнерлі ғой, қыздар-ай! Келесі кезекті биге береміз. Ортаға шоқ қыздарымызды шақырамыз. Би  “Бипыл”
Рахмет.

Жүргізуші:    Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда, күлкімнен түн түрілген.

             Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

            Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

            Мен мың да бір тірілдім, мәңгі өлмеске

            Айта бергім келеді, айта бергім

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік өлең шумақты қабыл алыңыздар!
Мұқаметжан:  Он алтыншы желтоқсан,

               Тәуелсіздік алған күн.

               Ерекше боп мәңгілік,

               Ел жадында қалған күн.



Қуаныш:  Жасай берсін ұлы күн,

              Үміті боп елінің.

              Ақ күн боп баланың,

             Шаттығы боп шалдарды.



Саят :  Арымыздай тап-таза,

                    Жанымыздай шуақты

                    Көтерілді биікке.

                    Қазақстан байрағы,



Бағдәулет: Әділеттің ұраны, 
Ақиқаттың шырағы. 
Тыныштықтың туы боп, 
Зор салтанат құрады. 
Аян: Қазақтың туың ұстаған,
Болашақ жолын нұсқаған.
Нұрата аян ғаламға
Беделі биік, күшті адам!

Жүргізуші: Келесі кезекті ойынға берейік. Ұлттық ойын «Ханталапай»

Жүргізуші: Биле, жастық, биле, биле, биле сен.
Көрермендер көңіл-күйін көтер сен.
2 жылдық тойын тойлап баршамыз,
Дүр сілкіндір сахнамыздың төрін сен,
Келесі кезекті жігіттеріміздің «Бәйге»биіне береміз.

Жүргізуші:  Біз көпұлтты егемен елміз. Тілімізге, дінімізге бөлінбей тату-тәтті бір аспанның астында, бір мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Түсімізге, нәсілімізге қарай да бөлінбейміз. Қазір достық туралы тақпақтарды тыңдайық.                                                                                                                Әділжан: Барлық елдің бөбегі

               Бір-бірімен туысқан.

              Бәрімізге төгеді,

             Өз шуағын күміс таң.



Мұқаметжан С: Бейбітшілік әніміз

               Бауырласпыз бәріміз,

               Қазақстан даласында

               Жарасады сәніміз.

              Ұлы Отанның аясында

             Жадырайды жанымыз.



Жанел:  Бізбен бірге бар әлем,

              Қуанады балаша.

             Қуанышқа бөленген,

             Өмір қандай тамаша



Жүргізуші: Туған жерім, теңдесі жоқ мекенім!
Қазір де мен қадіріңе жетемін.
Қуанамын әр гүлденген гүліңе,
Сен тұрғанда керек емес өзге елдің.
Балалардың орындауында “Қазақтай ел- қайда?” атты әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Бүгінгі күн қандай керемет! Барлығымыздың көңілдеріміз көтеріліп, қуанышқа кенелдік. Әр қашан жүздеріңіз жарқын болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Тәуелсіз еліміз гүлдене, көркейе берсін. Ел Тәуелсіздігінің 24 жылдығына арналған концерттік бағдарламамыз осымен аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар!




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет