Мақсаты: Ата Заңның бағасын білу, оқушыларды еліміздің басты құжатын құрметтеуге үйрету. Өткізу форматы: Қашықтан. Мұғалім



Дата07.02.2022
өлшемі20,82 Kb.
#92411
Байланысты:
айбары аскак ата зан

Б.Жұмалиев атындағы орта мектеп




«Айбары асқақ ата заң!»
(Сынып сағаты)

Сынып жетекшісі: Назирбаева А.Н.



Шетпе – 2020
Тақырыбы: « Айбары асқақ Ата Заң »
Мақсаты: Ата Заңның  бағасын білу, оқушыларды еліміздің басты құжатын құрметтеуге үйрету.
Өткізу форматы: Қашықтан.
Мұғалім: Адамзат баласының өмір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатыны сияқты ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы-Конституция.
Еліміз 1995 жылы өзінің талғам –талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.
Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік.Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды. Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін айқындады. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам басты.
Конституция күніне орай көптеген шаралар ұйымдастырылды. Соның ішіндегі басты оқиға Қазақстан Республикасының Президенті, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақ елі» монументі жанындағы алаңда өткен Конституцияның 16- жылдығына арналған әскери шеру болды. Қатысушылар алдында сөз сөйлеген Елбасы қазақ тарихында Ата Заңның алатын орны, оның қазіргі мемлекетіміздің дамуына қосып келе жатқан үлесі, Конституцияның тарихи мән-маңызы туралы айта келіп, елімізде Тәуелсіздігімізді жариялаған кезден бері атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы мақсат-міндеттерге кеңінен тоқталып өтті. Осы ретте Конституцияның 16 жылдығы аталып жатқан күннің мемлекетіміз үшін мерейлі меже, айрықша маңызды күн болып саналатыны, Ата Заңымыздың еліміздің арайлы азаттығымыздың айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары екені, ол еліміздің алтын арқауы, толағай табыстарымыздың бастау қайнары болып саналатыны атап көрсетілді.
«Конститутция-біздің асқақ абыройымыз»
Конститутция –кемел келешектің кепілі.
Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік рәміздеріміз Елтаңба, Туымыз бен Әнұранымыздың бекітілуі, ұлттық валюта теңгенің енгізілуі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуының аса маңызды кезеңдері болды. Әрбір азаматы өзін тең сезінетін, татулығы жарасқан қазақ елінің, Қазақстан халқының қарымды істері бүгінде әлем жұртшылығы үшін үлгі- өнегеге айналды. Конститутция –біздің асқақ абыройымыз, Қарулы күштер –ашық аспанымызды қорғайтын айбынды абыройымыз!
Біздің Негізгі заң –бұл біз бірлесіп жаңа қоғам, жаңа мемлекет, жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас.Қысқа мерзімде біздің еліміз болашаққа серпінді секіріс жасады. Біздің көз алдымызда еліміздің жаңа тарихы қалыптасуда.
Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі –бабаларымыздың «Мәңгілік ел орнату»идеясына қойылған ескерткіш-белгі. Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң –еліміздің басты алаңы. Конститутция біздің тәуелсіздігімізді нығайтты, мемлекетті және бүкіл қоғамды берік етті.Сондықтан да біздің ортақ парызымыз –негізгі заңға құнттылықпен қарау, оны өз Отанымызды, өз тарихымызды құрметтегендей құрметтеу.
Әрбір қазақстандықтың Конститутциясының мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін де мәнділігін бағалай білу, өз міндеттемелерін қастерлеп сақтап орындауы маңызды. Конститутция біздің басты құндылығымыз Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты ғасырларға бекітті. Барша мемлекеттік институттардың, әрбір қазақстандықтың парызы-осы құндылықтардың қырағы күзетінде болу.
Қорытынды
Мұғалім: Осы уақытта дейін еліміз әр түрлі діни, саяси және экономикалық түйткілдердің шешімін тауып, талай сындарлы жолдардан өткеніне қарамастан өзінің ішкі Тәуелсіздігін сақтай білді. Елбасының салихалы саясатының арқасында ұлтаралық келісім, қоғамды тұрақтылықпен қамтудың өзіндік моделі жүзеге асырылып келеді. Саясат, экономика, білім, спорт, мәдениет жағынан әлемнің кейбір іргелі елдерін қуып жетіп, тез танылып үлгерді. Елдің жаңа даму кезеңі мемлекетке де өзгерістер, тың идеялар мен жетістіктер әкелді, бұл алдағы жаңа кезеңге жол ашуда. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, экономикамыздың өркендеп дамуына, өркениетті ел ретінде танылуына тек Конститутциямыз кепіл бере алады. Бейбіт елдің бақытты халқы түп-қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ, еліміз әлі –ақ талай белестерді бағындырып жетістіктерге жететіні сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет