Тәрбие сағаты
|
«Отбасы бақыт мекені» дөгелек үстел
|
Күні
|
09.09.2022 ж
|
Класс жетекші:
|
Жантасқызы Г
|
Класс:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың мақсаты:
|
1.Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орны ерекше екендігін түсіндіру;
2.Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және ата-ана баланың бас ұстазы екенін түсіндіру;
3.Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қытынс қалыптастыру
|
Әдістері:
|
дөңгелек үстел, пікір алмасу, сұрақ-жауап, психологиялық жаттығулар.
|
Қажетті құрал-жабдықтар:
|
Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, маркерлер және т.б.
|
Көрнекілігі:
|
Отбасы туралы мақалдар, нақыл сөздер, слайд-презентация.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
|
Кіріспе.
|
Сәлемдесу!!!
Оқушыларға дөңгелек үстелдің тақырбымен таныстыру және мақсатын атап өту.
Дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын оқушыларды екі топқа бөлеміз және әр топқа ат қойылады.
1 топ «Шаттық»
2 топ «Қуаныш»
1. Кіріспе сөз
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің мектебімізде өткелі отырған «Отбасы - бақыт мекені» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!
Ата-ананың тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбек сүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.
Баланы баптап бақпасаң.
Жамандықтан қақпасаң
Қадірден жұрдай қасқа боп.
Кешкенің өмір босқа тек - дегендей баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол анаға қарап өсіп, бой түзеді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы демеуші ата ана. (Отбасы күні, видео 1)
Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата бабамыздың қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейір алады.
Балаң жақсы тәрбиелі болса, о дүниеде Алла Тағаланың алдында бұл дүниеде адамзат арасында да жүзің жарқын болады дейді сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед хадистерінің бірінде, біздің балаларымыз әлі жас шыбық тәрізді, түбі нәрлі болса, мәуелі болып өседі, нәрі әлсіз болса, жапырағы қураған ағаш тәрізді білімсіз, ғасыр індетіне айналған азғындық жолына түсіп, соның құрбаны болуы өсуі үшін ата-аналардың азаматтық борышы өте зор.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады, мұқият тыңдайды.
Топқа бөлінеді.
Мұқият тыңдайды.
Слайдқа назар аударады.
|
Компьютер
Слайд
|
|
2. Ой қозғау (Бала тәрибиесі, видео 2)
- Ұстаздарға арналған сұрақ
Баламен қарым қатынаста ата ананың қызметі сізді қызықтыра ма?
- Оқушыларға арналған сұрақ
Білім алуда саған жауапты кім деп ойлайсың?
Тәрбие беруде әке мен ананың рөлі?
Отбасының тәрбиелік мүмкіндігі дегеніміз не?
|
Достарыңызбен бөлісу: |