3. Сөйлемді жалғастыру (Жанұяңа уақыт бөл, видео 3)
Бүгінгі сіздерді «Отбасы - бақыт мекені» деп аталатын тақырып төңірегінде ойымызды топтастырып, әрі қарай жалғастырайық /оқушыларға мына ойларды жалғастыру беріледі/
Сабақ басында сынып екі топқа бөлінген болады сол екі топқа плакатқа «Класстер» құрайды.
Оқушыларға
1 топқа «Бақыт дегеніміз не»....?
2 топқа «Борыш дегеніміз не»...?
|
Сұрақтарға жауап береді.
Класстерді қорғайды.
|
Компьютер
Плакат
|
Ортасы
|
4 «Жанұя» ойыны. Әр оқушыға А4 форматтағы қағазға жазылған сұрақтар беріледі, жазбаша түрінде жауап береді.
1 Ата анаңның туған күні?
2 Сынып жетекшінің толық аты жөні?
3 Досыңның парталас көршісі кім?
4 Нешінші өлшемді аяқ киім киесің?
5 Анаңның сүйікті асы қандай?
6 Кеше қандай баға алдың?
7 Анаң қандай түсті жақсы көреді?
8 Інің немесе қарындасың бірінші сыныпқа қай жылы барды?
9 Спорттың қандай түрін жақсы көресің?
10 Ата анаң еркелетіп қандай сөздер айтады?
11 Әке анаң ашуланғанда ең алдымен қандай сөз айтады?
12 Ең жақын досың кім?
|
Жазбаша түрде сұрақтарға жауап береді.
|
Компьютер, А4 форматтағы қағаздар
|
Соңы
|
5. Рефлексия: «Тілек шамы»
Құрметті оқушылар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып, бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңыз сұралады.
6. Қорытынды. Бүгінгі дөңгелек үстелімізді Музафар Әлімбаевтің мына өлеңімен аяқтағанды жөн көріп отырмын.
Қипақтайды қит етсе анаң, әкең, Қайтсем ғана осыны адам етем, Басқалардың осындай балалары, Тап осындай жаңғалақ шала ма екен Ойым емес, оллаһи, біздікінің... Енжарлығы елде жоқ алабөтен Туа сала тұлпардың жалын тартқан, Қырғиларға қызығып қарап өтем. Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап, Бұ да бір күн алаудай жана ма екен? Ел қатарлы елеулі еңбек етсе -ау Болмаса да топ жарған дара бөтен. Мүше тістеп мықтылар той жасаса, Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем? ....Үміт пен күдіктің ортасында Ата-ананың үміті талады екен! - Міне, осылайша өз баласының болашағына алаңдап, "Қайтсем де баламды адам етем" деген ата-ананың арманы баласымен бірге жасайды екен. Аман - сау болыңыздар!
|
Шамдарды бір біріне бере отырып тек жақсы тілектер айтады.
Мұқият тыңдайды.
Қоштасады.
Сау болыңыз.
|
Шам.
Тілек ағашы.
Слайд.
Слайд.
|
№4 Тілеміс батыр жалпы орта білім беретін мектеп
«Отбасы бақыт мекені»
Дөңгелек үстел
Сыныбы: 7 «А»
Сынып жетекшісі: Жантасқызы Г
2022-2023 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |