Тақырыты: Менің әулетімнің шежіресі Сабақ мақсаты



Дата12.07.2022
өлшемі19,04 Kb.
#147412
түріСабақ
Байланысты:
Менің әудетімнің шежіресі


Тақырыты: Менің әулетімнің шежіресі
Сабақ мақсаты:
-балаларға өзінің кім екенін, ағайын-тумаларының қайдан шыққанын білгізу, ұрпаққа шежіре үйрету;
-балалардың отбасын, жеті атасын, қазақ халқының салтын, дәстүрін білуге баулу;
-ата-текті құрметтеу, отбасы құндылығы мен тектілік туралы ұғымды түсіне білуге тәрбиелеу.
Ешкім де туысқан- туғансыз, ағайынсыз емес. Кім болса да адамнан шығып, адамнан тараған, ал адам да сол көп жапырағы бар бұтақ пен көп тамырлары бар ағашқа ұқсайды. Туған-туыс дегеніміз де сол бір түбірден өсіп шыққан ағаштың бұтақтары тәрізді. Адамның көрген тәрбиесі, алған нәрі, бұрынғыдан қалған мирас-мұрасы, бәрі-бәрі алпыс екі тамыр арқылы тұла бойға тараған қаны бір түп ағаш тәрізді.
Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын- туысын, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел- жұртын тани білуге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек.
Демек, баланың өзінің шыққан тегін білуі — оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады екен.
Ән «Туысқандар»
Туысқандар – аяулы туысқандар,
Бір анадан туғандай туыс жандар.
Бір-біріне бүйрегін бұрысқандар,
Бір-біріне жүректен ұғысқандар.
Сәл нәрсеге бұртиып суысқандар,
Сәл нәрсеге мәз болып ұғысқандар.
Жиі-жиі көрмесе сағынғандар,
Туысқандар ежелден әділ жандар.
1-оқушы.
«Жеті атасын білмеген — жетесіз» деген немесе «Жылқы жеті тегіне тартып туады» деп, халық адамның да арғы тегіне тартып туатынын айқындап, «біреу әкеге тартып туады, біреу әкеден артық туады» деп ұрпағының «артып туғанын» тілеген. Жеті ата: 1.Бала 2.Әке 3.Ата 4.Арғы ата 5.Баба 6.Түп ата 7.Тек ата (ата-тек деген сөз осыдан шыққан)
2-оқушы.
Жеті атаңды таны дегенде, ата-тегіңнің кезінде болған жақсылығын үлгі аларсың, батыр болса – ел қорғаған, шешен болса – әділ билік айтқан болар, содан үйренерсің, еңбекте ер атанған болса – одан үлгі аларсың деген болу керек.
3-оқушы.
Жердің жүзі мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ 7 санында сиқырлы күш бар деп санаса, киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабамыз 7 санын қастерлеп, бірқатар таным түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң жүйелерді жеті санымен атайды. Алла Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады.
Қазақ халқының жеті ата шежіресі дегеніміз – халқымыздың әрбір отбасында атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып, берік орнығып, заңдылыққа, халықтық тәрбие құралына айналған ізгі іс-әрекеттер, тәлім-тәрбиелік қағидалар, жалпыға ортақ әдептілік, инабаттылық нормалар жиынтығы.
Алланың бұйрығымен өмір сүріп, жеті атасын білуі – бір бас бидайдан 7 сабақ шығарып, 700 дән бергенмен бірдей.
4-оқушы.
Бауырласқан тәніміз
Бұзылмаған антымыз
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз, — дегендей ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан тәрбиелік маңызын жоймаған тамаша дәстүріміз бар.
«Жігіттің үш жұрты»
5-оқушы.
Сол дәстүріміздің бірі – жігіттің үш жұрты. Адамның өзінің ағайын жұрты, қайын жұрты және нағашы жұрты болатынын жақсы білеміз. Үш жұрты аман тұрғанда жігіт дүниеден кемшілік көремін деп ойламайды. «Тарыққанда жебеушім, зарыққанда демеушім бар» деп мақтаныш етеді.
«Туысым –түп-тамырым, қазығым »
«Қазақ халқының жеті ата ауқымындағы туыстық атаулары»
2-жүргізуші.
Кім өтер, кімдер қалар,
Рухым өшіп менің қайта жанар.
Еңіреп ата-бабам өтіпті-ау деп,
Кейінгі ұрпақтарды есіне алар, — дей келе,
«Менің әулетімнің шежіресі» Оқушылар шығармашылығыбойынша айтылатын кезеңге сөз берейік.
(ойтолғау)
1.Жетінші атаңа дейін тегіңді саралап жаз.
2.Олардың игі істері мен дәстүрлерін айта аласың ба?
3.Текті білудің қандай мәні бар? Тек туралы өз түсінігіңді жаз.
4. Адамның неше жұрты болады? Өз жұртың жайлы шағын әңгіме құрастыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет