Мақсаты: Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығын таныту , ақынның
парасаттылығы мен ірілігін айқындай түсу.
Оқырмандарды кітапқа,поэзияға,отанға,тілге,мәдениетке,қазақ халқына деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу
Оқушыларды кітап оқуға қызығушылықтарын сөз саптаудағы шеберліктерін
қалыптастыру Түрі: Мәнерлеп оқудан сайыс
Көрнекілігі: Ақын портреті, « Поэзия әлемінің биік шыңы»кітап көрмесі, , «Тірлігімнің мазмұны - аналығым» деректі фильм, «Фариза – кемелдіктің белгісі» слайд шоу, буклеттер, Кешті жүргізушілер: Айсатуллаева Д., Қазиев Н. Кеш жоспары:
2- ж. Бүгінгі «Поэзия падишасы» жыр кешіміздің сахнасын Фариза апамыздың сөзіне жазылған Төлеген Шәріпбайұлының әнімен ашсақ
Ән: «Сағындым» ортаға Қазиева Жанғанымды шақырамыз
1-ж:Шын өнер жайшылықта емес ,жан дүниеңнің қайшылығында туады.Ал дарын-Алланың айрықша мейір шапағаты түскен пендесіне қиял ғажайып нұры.Ата күші,Ана сүті,киелі топырақтың жебеуі,өмір сүрген ортасының демеуі,тірліктің тоқсан тарау иірімі,жанына жайлы адамдардың мейірімі, сол нұр иесін қайталанбас тұлға қылып қалыптастырады.Біздің қазақ елі киелі,ұлы тұлғалары аз емес.
Солардың бірі-Фариза Оңғарсынова.
2-ж:Бүгінде ақын көп.Ақынның көп болмағы-әдебиет үшін табыс. Бірақ осы өлеңдердің қалай оқылып жатқаның ешкім саралап жатпасада уақыт атты таразы бар.Ұлт-азаттық поэзия бағының шоқ гүлдерінің ішінде отты жырларымен дараланған Қазақстанның халық жазушысы,мемлекеттік сыйлықтың иегері,көрнекті ақын,ірі тұлға, біртуар суреткер Фариза Оңғарсынова. 1-ж.Жүректерді жан жылуымен ерітіп,поэзия әлемінің биік шындарын өз еркіне бағындырып, қиалға қанат сермеген Атыраудың ару ақыны Фариза апамыз – Қазақ ССР жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған, «Құрмет белгісі, «Парасат» ордендерінің иегері,Мәдени ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкері,Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.
2-ж.Фариза – аспанға алау атып, шоқ шашыратып жатқан рух жанартауы. Өшпейтін де, сөнбейтін өжеттік қайнары. Ол – қоғам қайраткері, халқының ардақтысы. Атаның қаны, ананың сүтімен сіңген адал қасиетінен еш жаңылмаған адам.
1-ж:Фариза Оңғарсынова-адамның бой сұлулығымен қатар,ой сұлулығында таба білген ақын.Өзінің поэзиямен шын туысы,қуанышты- қайғылы күндерде бірге болған досы,сенері, мұңдасы,сырласы атар оғы берер дәрісі - өлең болған екен.
Олай болса, Фариза апамыздың ақындық кредосын «Өлең» атты туындысынан тани түссек.
Ортаға 4-класс оқушысы Ғаббасова Динараны «Өлең» атты туындысыменшақырамыз . 1ж. Фариза – Нарынның құмында күйіп, күн қақтап, жел сорып, іңкәр дүниеге мен келдім деп айқайлап келген Ақын.Олай болса ақынның өмір кезеңдеріне арналған слайдқа назар аударайық. Слайд – шоу: «Фариза – кемелдіктің белгісі»
Жобаны қорғаушы:кітапханашы Б.Аязбаева «Тірлігімнің мазмұны – аналығым» деректі фильм 2ж.Адам болса сезім мен сенім іздер,
Келіңіздер, бері қарай еніңіздер.
Менің байтақ әлемім – планетамды,
Көріңіздер аралап, келіңіздер! – деп Фариза апамыздың өзі жырлағандай планетасын аралап, тамашалауға шақырамыз. 1ж. Динара, бүгінгі жыр кеші сайыс түрінде болғандықтан Фариза апамыздың планетасындағы жырларын жеткізудегі сөз мәнерлері мен сөз саптауларына сараптама жасап отыратын әділ қазылармен таныстырып өтейік 2ж.Әділ –қазылар:
Мектеп директоры- Қ.Дүйсенбин
Тәрбие ісін ұйымдастырушы – А.Айтмағанбетова
Қазақ тілі пән. мұғалімі - А.Қайырбаева
1ж. Фариза ақынның адам жанын бірден баурап алатын нәзік, сырлы , жүрек елжіретер өлеңдері кеудеңді күйсандық сазындай күйге толтырып, ой – санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді.
Олай болса кезекті ақынның дауылды жырларына берейік. II – бөлім 2ж. ...Жыр - менің планетам:
Бәрі осында жиғаным, тергенімде,
Сезінгенім,сүйгенім, сенгенім бе,
Мінезім бе, болмыс па, кермек үн бе – деп,Фариза апамыз өзі жырлағандай кезекті
«Жыр менің планетам » атты өлеңіне береміз. Оқитын Қазиева Ақмоншақ 1ж:Ақындар асқақтатқан бұл орданы
Фариза апам қазағымның ақ қорғаны
От болып жалындаған жыр жолдары
Рух берер қазағымның нық ұраны дей келе Ортаға Сүлейменов Азатты «Үміт пен үкім» өлеңімен шақырамыз
2ж.Шебер көп бұл заманда кілең керім,
Болмайтын ажыратып түр өңдерің
Сүріңбей өте алама ғасырлардан
Әжемнің оюындай жыр өрнегім
Ортаға Кәлімов Ұланды шақырамыз Фариза апамыздың «Оюлар» өлеңі 1ж: Поэзия деген-халық қаны
Қазағымның мәңгі самғар қыраны « Ревалюция және мен» өлеңі оқитын 7-класс оқушысы Ғалымжанова Мейрамгул 1ж: Ақиқатты ұштастырып қаламмен
Жырлары оның жалғасады даламен
Көк жиекке қарайды қос жанары
Сырбаз жүзі сырласады санамен Келесі кезекті Фариза апамыздың «Айналайын ауылдың адамдары-ай» өлеңіне береміз
оқитын: Адарханова Сұлушаш 2ж.Қазақтың ақын қызының поэзиядағы жеңісі қоғамдық – саяси қайраткерлігінде жалғасын тапты.
Ақын қай кезде де қоғамның қайшылықтарына , не болмаса қиянатшылдығына төзбестігінашық айтатын адам.Кеңес Одағының тұсында ұлтқа деген қатаң саясаттың өршіп тұрғанына қарамастан көрнекті мемлекет қайраткері Асанбай Асқар жазықсыз жапа шеккенде , ешкім еш нәрсе айта алмай жүргенде «Түрмеге хат» деген әйгілі өлеңін жазды.
Олай болса ортаға «Түрмеге хат» атты өлеңімен Жақсылықова Айдананы шақырамыз. 2ж. Міне осы сөзді тек қана Фариза апамыз ғана айтты сол кезде.
Фариза апамыз әділетсіздікке, жылмағай жылпостыққа ,өтірікшілікке, енжарлыққа төзімсіз.Қатаң талапшыл , қатыгездіктен мүлдем жаны таза.Қадалып қарайтыны – танығысы келгені. Бүкіл жүрек тамыры, санасы нәзіктікке толы, сезімтал. Сонысын ашуға сараң, сығымдап, сыздықтатып, мөлдірін ғана тамшылатады. 1ж: Фариза –ақынсын дара туған,
Өттің ғой небір талай сыңнан
Шындалған жүйріктерің дәл ортада
Фариза апам өшпес жұлдыз, дара мыңнан
«Әділдіктен бұлтару» оқитын Амангельдина Асель 2ж.Нұраш! Фариза апамыз Батырлар туралы жырды жақсы көрген сияқты. Себебін білесің бе?
1ж. Неге білмеске. Динара оның үлкен себебі бар.Фариза апамыздың балалық шағы сұрапыл соғыс кезінде өткен екен. Сұм соғыс апамызды ерте есейтіпті. Айналдырған алты жыл ішінде әкесі,ағасы мен әпкесінен айрылған қайғыдан қан жұтып, үнемі көзіне жас алып отыратын анасын жұбату мақсатында анасына «Батырлар жырын» оқиды екен. Әдебиетке келуіне осы оқиға әсер еткендей. Қазірде оның өлеңдерінің көбі қазақ батырларына арналған.Сонымен қатар қазақ батырларына деген өленіңде ол өзінің батырларға деген берік сезімін,жүрек назын толғаған . 2ж:Ия,Фариза апамыз -биік сезімнің ақыны. Қазақ батырларына деген құрметі өте жоғары.
Олай болса «Қазақ батырлары» өлеңімен Қазиев Нұртілеуді ортаға шақырамыз. 1ж. Поэзия дегенің – халық қаны,
Қасіреті, мұрасы, жарық таңы.
Ол – сезімнің оралмас мөлдірлігі,
Уақыт шаңын бойына дарытпады.
Келесі кезекте «Бәрі – бәрі сатулы бұл өмірде» өлеңімен Дәулеткереева Ақеркені ортаға шақырамыз.
2ж. Фариза жыры – айдын көл, шалқар теңіз емес,тылмыс мұқит.Көкірекке сонша сыр,көңілге сонша жыр тұндыра білуге бір ғұмырдың бастан кешкендері аздық қылары сөзсіз. Ұлы суреткер тек өзі өмір сүрген дәуірдің ғана емес, өзінен бұрын өмір сүрген бірнеше буынның шыны мен сырын, қайғысы мен мұңын түгел қамти алады деседі. Олай болса ортаға
«Өкініш пен қасірет» өлеңімен Әбсұлтанова Мейрамкүлді шақырамыз. 1ж.Фариза апамыздың өлеңдері әр тыңдаушының жүрегіне терең ой салып шабыттандырады. Бүгінде осы жыр кешіне қатысушылар арасында Фариза апамызға деген құрметтерін жыр жолдары арқылы жеткіземіз деген жас талаптарымызды ортаға шақырамыз.
Айсатуллаева Динара
Қазиева Ақмоншақ
2ж. Бүгінгі жыр кешімізді түйіндей келе біз қазақтың дарынды ақыны Фариза апамыздың таланты танылған , мойындалған, еңбегі жанған, бағаланған бақытты адам екеніне көз жеткізгендей болдық .
1ж.
Бақытты болатыны – Тәуелсіз елі бар, ақынын іздейтін қауым оқырманы бар.
Бақытты болатыны – дара тұлғаларын қадірлейтін , оларға халқының қошеметін қолдайтын Елбасы бар.
2 ж.Құрметті оқырмандар мұқият зер салсақ Фариза апамыздың өлеңдерінің әр сөзі тәлім – тәрбиеге толы. 1ж:Шабыттанып жүрегіміз жырласын
Жыр дегенде қанатымыз талмасын.
Фариза апа өлеңдері биік боп,
Ұрпақтардың көңілінде самғасын .
дей келе Фариза апамыздың құрметіне жыр шумақтарын арнаған Динара мен Ақмоншаққа ерекше көп-көп рахметімізді айтамыз. 2ж: Жыр жұлдызы атанған Фариза апамыз - өмір бойы өлеңін аялап өтсе , біз сияқты ұрпақтары асқақ рухты ақын апамызды ардақтай береміз.
Асхаттолаева Динара мен кітапханашы Аязбаева Бағдагүл ақын туралы тың деректермен таныстыруда
Кешке қатысқан оқырмандар 1ж. Қадірлі оқырмандар, өмірін өлең деп ұққан, қазақ жырында өзіндік ақындық әлемімен аты шыққан Қазақстанның халық жазушысы Фариза апамызға арналған кешіміз де өз мәресіне келіп жетті. Сөз кезегі әділ қазыларда.
Кеш қорытындысы: «Бас жүлде» - Ғ.Жақсылықов
І – орын - А.Қазиева
ІІ – орын - А.Бақыткереева
-М.Ғалымжанова
ІІІ – орын - С. Айдарханова, Ж.Қазиева
1ж:Асылы ақындық деген тағдырлы адамды таңдап жүріп қана қонатын бақыттың құсындай әсер береді .Бірақ бір ғажабы болымсыз өмірге қоса тойымсыз көңіл берген пенденің төрт дүниесі түгел болса бақыттың құсы ондай адамды тұрақтай алмайды. 1ж:Осымен бүгінгі біздің мерекелік әдеби кешіміз аяқталды.Уақыттарынызды бөліп біздің мәдени шарамызға келгендеріңізге көп рахмет.Келесі кездесенше ,сау болыңыздар!