9-билет. Эстетикалық тәрбиенің маңызы, міндеттері, мазмұны. Эстетикалық тәрбие дегеніміз



бет6/6
Дата10.05.2020
өлшемі25,56 Kb.
#66896
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9

Тыныс, тыныстау

Сөйлеу техникасында тыныс, тыныстау организмнің физиологиялық өмір сүруінің функциясын жүзеге асырумен бірге сөйлеудің энергиялық базасы да бола алады. Мұғалім сабақ үстінде материалды ұзақ баяндаса, не ұзақ лекция оқыса, тыныс алуға жаттықпаса, мұғалімнің шаршағаны бет-пішінінен бірден біліне бастайды. Бет-пішіні қызарып тынысы тарылып, ентіге бастайды. Осыдан мұғалімнің сөйлеу мәнері бұзыла бастап тыныс алуды қажет етеді.

Бұлшық еттің қатысуына байланысты тыныс алу, демалу техникасының төрт түрі бар:

1  -Жоғарғы тыныс алу - бұлшық ет арқылы орындалады.

2   Иығың көтеріліп сонан соң төмен басылады. Кеуде клеткасының алдыңғы жағы жоғары көтеріледі. Өкпенің жоғарғы жағы белсенді қызмет атқарады.

3  - Кеуде тынысы - қабырға бұлшық еттері арқылы жүзеге асырылады. Кеуде  клетка  тынысы  өзгереді,  тыныс  жолы  жіңішкереді.

4  - Диафрагмалық тыныс - кеуде тынысының ұзыннан бойлай тыныстау арқылы. Тыныс азаяды.

5  - Қабырғалық демалу - қабырға арқылы тыныс жолдарының, бұлшық еттерінің созылуы арқылы жүзеге асырылады, бұл  тыныстау  сөйлеу тілінде дұрыс пайдалануға  ыңғайлы  келеді.

Сөйлеу тіліне қатысты демалу, тыныстау ауыз, мұрын арқылы жүзеге асырылады.

Тыныс алу — дем шығару пауза осы тәртіппен жүзеге асырылады.

Сөйлеу тынысты, ауаны сыртқа шығаруға байланысты жүзеге асырылады.

Қабырғалық бұлшық еттің жұмыс істеуі - дем алыстың жүзеге асырылуына байланысты. Мысалы, жатып демді мұрын арқылы ішке тартса, өкпенің төменгі жағына ауа толады. Осылай жаттығу арқылы ауаның өкпенің төменгі жағына толатындығын ескеру керек (практикалық сабақта осыған жаттығу керек).

Дем тарту, дем шығару, тыныс алу сөйлегенде үлкен көлемді ауа қажет етеді. Оны экономикалық түрде шығарып, экономикалық жолмен пайдаланған жөн. Әуелі ауаны ішке тартады, сонсоң пауза жасайды, содан кейін сыртқа шығарады.



Қабырғалы демалу үшін, арнаулы жаттығулар жүргізу керек. Шалқаңнан жатып, ауаны мұрынмен тартсаң, өкпенің төменгі жағы кішірейеді, ал түрегеп түрып, мұрынмен дем алу, қабырға арқылы жүзеге асады.

 

  Дауыс, дикция

Адам дауысы өзінің табиғатынан алуан түрлі болады. Жақсы дауыс жаттығу арқылы тез қалыпқа келеді. Әрбір адам өз даусын басқарып, жоғары, төмен бір қалыпқа келтіріп айта алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет