2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
І нұсқа
1-БӨЛІМ
1.Берілген үзіндідегі кейіпкердің психологиялық жай-күйін анықтаңыз.
Бірнеше әйел бейшараны ұстап тұрды.Қазақ оған айғайлай тап беріп,өзінің ісіне кірісіп кетті.Байғұс шырылдап,зорға құтылып, үйге қарай жүгіре жөнелді.Оны қайтадан ұстап алды...Мен шыдай алмай, байғұс аяшқа жақындап келіп, қазаққа "емдеуді" тоқтатуды бұйрық еттім.
А) аяныш, жанашырлық
В) барлық жауаптар дұрыс
С) сағыныш, өкініш
Д) ішкі ашу-ыза, кек
[1]
2.Үзіндіде кейіпкердің қай кезеңдегі толғанысын білдіреді?
Ханнан қырық туғанша,
Қарадан біреу тусайшы,
Атаның кегін қусайшы
А) ақынның мақтанышы
В) ақынның жалғыздығы
С) ақынның елге өкініші
Д) соғысқа аттанғандағы мақтаныш сезімі
[1]
3. Ержан болса қасымда
Бөлекше болар тұлғасы,
Болар ма едім қазаққа
Әзіл сөздің олжасы,-дегендегі Наурызбай сөзінің астары нені меңзеп тұр?
А) астына мінген атына көңілі толмағандығын
В) қасында Ержанның болмағанына өкінгендігін
С) қазақтан көрген қорлықтарын тізбелегенін
Д) елшіні өздерінің жолымен өлтіргендігін
[1]
4.Төменде берілген кейіпкерлердің сөздерін сәйкестендіріңіз.
№
|
Кейіпкер
|
Кейіпкер сөзі
|
1.
|
Наурызбай
|
Қаза жетсе, өлермін.
Арманда болып кетпеспін,
Бір соғысқа келермін.
Жаппар ием жар болса,
Сазаңды әлі-ақ берермін
|
А
|
2.
|
Кенесары
|
Ержан болса қасымда
Бөлекше туған тұлғасы,
Болар ма едім қазаққа
Әзіл сөздің олжасы?!
|
В
|
3.
|
Байұзақ датқа
|
Дұшпаннан бітсін ар,-дейді.
Қолдағы өңшең батырдан
Іріктеп бәрін ал,-дейді.
Екі-үш жүздей кісімен
Ойыңды барып сал,-дейді.
|
С
|
4.
|
Кәрібоз
|
Бидері кірді майданға,-
Қырғыздың бір баласы.
Оның бізден артық па
Атасы мен анасы?!
Таусылдың ба, Мәмбеттің
Найза ұстаған баласы?-
|
Д
|
А) 1А, 2Д, 3С, 4В
В) 1С, 2А, 3В, 4Д
С) 1А, 2В, 3С, 4Д
Д) 1В, 2С, 3Д, 4А
[1]
5.Ш.Уәлихановтың«Ыстықкөл сапарының күнделігі» үзіндісінде не туралы айтылған?
А) қырғыздардың өмірі,салт-дәстүрі туралы
В) қырғыз әйелдерінің өмірі туралы
С) саяхаттың қиыншылықтары туралы
Д) Шоқан мақсаттарының орындалуы
[1]
2-БӨЛІМ
6. "Махамбет-Абайға дейінгі ақындардың ақыны, Абылайдан кейінгі батырлардың батыры, Махамбет есімі-өмірдегі қасіреттің синонимі, өмірдегі қасиеттің символы."
Осы пікірге өз ойыңызды нақты деректер келтіре отырып жазыңыз. Келісемін, себебі.... (3-4 сөйлем)
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[3]
7.Кестені толтырып, автор бейнесін талдап жазыңыз. (5-6 сөйлем)
Үзінді
|
Авторы
|
Автор бейнесіне талдау.
|
Еділ үшін егестік,
Жайық үшін жандастық,
Қиғаш үшін қырылдық,
Тептер үшін тебістік.
Теңдікті, малды бермедік.
|
|
|
[3]
8."Кенесары-Наурызбай" жырынан берілген үзіндіні негізге ала отырып, өлеңнің көркемдік тілі мен ерекшелігін талдаңыз.( ойыңызды 5-6 сөйлеммен жеткізіңіз)
Достарыңызбен бөлісу: |