«Ұлт мақтанышы-Әлихан Бөкейханов» Дайындаған



бет1/8
Дата29.01.2018
өлшемі7,15 Mb.
#35721
  1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі



АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ

«Ұлт мақтанышы-Әлихан Бөкейханов»



Дайындаған: жаратылыстану

ғылымдарының магистрі,

физика пәнінің оқытушысы

Алпамышева Қ.О.

Өндірістік оқыту шебері Ақбаев Ж.

2015-2016 оқу жылы

«Бостандыққа апаратын жалғыз

жол – ұлттық ынтымақ қана»

Ә.Бөкейханов

Тәрбие сағатының мақсаты: Студенттерге елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялылары, Алаш арысы Әлихан Бөкейханов туралы, ақынның шығармашылығы, өмірі жайлы ақпарат беру; өз елін, жерін қорғайтын патриот ұрпақ тәрбиелеу.

Автор: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. «XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипатта болғанын атап айтқан абзал» деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында айтып өтті. Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады.

Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930-1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды.


Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Мыржақып Дулатов сынды арыс азаматтарымыз сұрқия саясаттың құрбандары болды.

«Алаш» партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық демократиялық партиясы. 1917 жылы шілдеде Орынбордағы бүкілқазақ сезінде құрылды. Алаш партиясын ұйымдастырушы – Әлихан Бөкейханов. ХХ ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған Алаш партиясының негізгі мақсаты Ресей Федерациялық демократиялық республикасының құрамында қазақ автономиясын құру болды.

«Алашорда үкіметі» 1917 жылы Орынборда 3-15-желтоқсан аралығында ІІ Бүкілқазақ құрылтайын өткізді. Негізгі мақсаты Алашорда үкіметін құру. Ұлт кеңесі құрамына 25 адам кірді. Алаш астанасы Семей қаласы еді.

Сол кезде Ресейде орын алған жағдайға байланысты қазақтардың жариялаған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді, кезекте бостандықтың жауы большевизммен күресу тұрды.



Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметі Кеңеске қарсы жақпен бірігуге тура келді. 1918 жылы Азамат соғысының басталып кетуі Алашорда үкіметінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті.

1-жүргізуші: Армысыздар қадірменді қонақтар, ұстаздар және студенттер! Бүгінгі №69 топ студенттері ұйыстарып отырған «Ұлт мақтанышы-Әлихан Бөкейханов» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны.



1-жүргізуші:Биыл Алаштың арысы, қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл!

2-жүргізуші:Ия, қадірменді ағайын! Париждегі ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің 196-шы сессиясында 2016-2017 жылдары Ұйымның қатысуымен аталып өтетін ағартушы тұлғаларға арналған еске алу-мерейтой шаралары мен тарихи және мемлекеттік маңызы бар айтулы мерекелер Қазақстан үшін де олжалы болды. Үстіміздегі жылдың қараша айына белгіленген ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясында қабылдау үшін жіберілген ұсыныстар ішінде 2016 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде атап өтілетіндігі еліміз үшін үлкен мәртебе болып отыр.

1-жүргізуші: Келесі кезекті ұлы қайраткеріміз-Әлихан Бөкейхановтың өмірбаянына берейік.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет