Әйелдер мерекесінің шығу тарихы



Дата02.07.2018
өлшемі109,3 Kb.
#46164
Әйелдер мерекесінің шығу тарихы
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі 1857 жылы Нью-Йорк қаласында болған көтеріліспен байланысты.Бұл көтеріліске тігін шеберханаларымен аяқ киім фабрикасында еңбек ететін әйелдер шыққан болатын. Олардың қойған талаптары: 10-сағаттық жұмыс, жарық және құрғақ бөлмелерде жұмыс жасау, ер азаматтардың алатын жалақы мөлшерімен бірдей жалақы алу еді. Ол кезде әйелдер қауымы тәулігіне 16-сағат жұмыс жасап, еңбек ақыларына болмашы жалақы алатын болған. Ерлер өздерінің табандылықтарының арқасында жұмыс уақытын 10-сағатқа түсірген болатын. АҚШ-тың көптеген мекемелерінде кәсіподақ ұйымдары құрыла бастады. 1857 жылдың 8-наурызынан кейін әйелдер қауымының да кәсіподақ ұйымы құрылды. Бұл ұйымның бірінші мүшелері болып әйелдер тіркелді. Дәл осы күні АҚШ-тың көптеген қаласында өздеріне дауыс беру құқығын беруді талап етіп жүздеген әйелдер көтеріліске шықты.
1910 жылы Копенгаген қаласында өткен Халықаралық социалист әйелдердің конференциясында Клара Цеткин 8 наурыз күнін Халықаралық әйелдер күні мерекесі етіп жариялауды ұсынды, және де өз құқықтарымен теңдіктері үшін күресуге шақыратын үндеуін оқыды. Бұл үндеу дүнижүзінің көптеген елінің әйелдерінен қолдау тапты олар тек ғана өз құқықтар үшін күресуді ғана емес кедейшілікке, еңбек ету құқығымен ар-намыстың тапталмауына және де бейбітшілік үшін күресетіндерін білдірді. Алғаш рет бұл мейрам 1911 жылдың 19-наурыз күні Австрия, Дания, Германия және Швецария елдерінде аталып өтті. Дауыс беру құқығымен үлкен лауазымды орындарды иеленумен қатар әйелдер өндірісте ерлермен бірдей құқықтарға қол жеткізді. 1912 жылы бұл мереке 12-мамырда тойланды.
Билікке Кеңес Одағы келісімен 8 Наурыз мерекесін мемлекеттік мереке ретінде қабылдады. 1965 жылдан бастап бұл күн күнтізбеде қызылмен белгіленді.
Кеңес Одағы тараған соң да бұл мереке ТМД елдерінде аталып өтіледі. Қазақстанда, Азербайжанда, Грузияда, Қырғыстанда, Молдовияда, Тәжікістанда, Түрікменстанда, Украинада, Беларусияда Халықаралық әйелдер күні болып тойланса, Өзбекстанда «Аналар күні», Арменияда «Сұлулық пен аналар» күні ретінде 7-сәуір күні тойланады.

1857 жылдың 8 наурызынан бастап әлемдегі күллі еркектер бұл күні әйелдерге ерекше көңіл бөледі. Ежелгі Римдіктер көктемнің алғашқы айын әйелдер мейрамы деп таңдап алды. Бұл күні әйелдер қауымы сүйіктілерінен сыйлық алып, мәре-сәре болып жатады. Тіпті бұрынғы атам заманда да жарлы-күңдер де назардан тыс қалмаған. Мереке күні әр жерде демалыс жарияланып келеді. Ежелгі дәуірде әйелдер барын киіп, мерекелік көңіл-күймен шіркеулерге барған.

Бүгінде біз бұл мерекені қалай бағалаймыз? Сауалнама нәтижесіне, көңіл бөлсек, 66 пайызы бұл-нәзік жандарға арналған мереке десе, 18 пайызы наурыз-көктемнің бастауы, 8 пайызы қосымша демалыс күні деп санайды екен.

Бұл күнді қалай өткізуге болады?

Қазір сауда жүйелерінен әйелдерге қажет нәрсенің барлығын табуға болады. Әлбетте-көптеген арулардың арманы-бой жазып, демалу екен... Әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне сүйенсек, әйелдердің 20 пайызы елден оқшауланып, ұйқынмызды әбден қандырсақ деп армандайды екен.

Ал, тұрмыс құрмаған қыздар сүйіктісінен « маған тұрмысқа шығасың ба?» деген ұсыныс күтері анық. Әйелдер күйеуінің ақша үнемдемей, тұрмыстық техника алып берсе екен дейді.

Ерлерден бір қандай сыйлық күтеміз?

Интернеттен алынған цифр көрсеткіштері мынадай:

1. құшақ-құшақ гүл– 31%

2. романтикалық сапар - 24%

3. тұрмысқа шығу туралы ұсыныс - 14%

4. масаймаған күйеу - 10%

5. қымбат әрі әдемі сыйлық - 6%

6. күйеуінің ажырасу туралы келісімі - 4%

7. қолдан жасалған сувенирлер -3%

8. ароматты иіссу- 2%


Құнсыз сияпаттар.

Әйелдердың басым көбі-рухани азық-кітап құнсыз сыйлық деп есептейді. Қара тізімде сондай-ақ мәмпәзи, торттар, кассета мен дисктер жатады екен.


Бағалы сыйлықтар.

Сауалнамаға қатысқандардың 59 пайызы гүл әйелдің нәзіктігін білдіреді, бағалы сыйлық дейді. Ал, нәзік жандардың 12 пайызы салтанатты жиындарға киіп баратын көйлек пен зергерлік әшекейді құмартады. Арулардың 10 пайызы осы күні бір тамаша жігітпен танысып, жарасып кетсем деп армандайды екен. Түрлі бояулар мен парфюмерді қалайтындар 11 пайызды құрап отыр. Тек 5 пайызы ғана сыйлыққа үйге қажетті кастрюль, сковородка, үтік сияқты тұрмыстық техника алғысы келеді.

Ерлердің 5 пайызы бұл күні сыйлық іздеп, уақытымды бос өткізбеймін десе, арулардың 8 пайызы ешкімнен ешқандай сыйлық күтпеймін деп жауап қатыпты.

Негізі сыйлық іздеп шарқ ұратындар сүйіктісінің сеніміне кіруді көздеп жүрген-жас сері жігіттер екен.



Бүгінгі «Әйелдер мерекесінің» негізі – 1857 жылы 8-наурыз күні Нью-Йорк фабрикаларының тігіншілері өткізген шерудің негізінде пайда болған дейді. Олар – он сағаттық жұмыс күнін және де еркектермен бірдей жалақы беруді талап еткен…

Бірақ шын мәнінде аталмыш шеруді ұйымдастырған тігіншілер емес, жеңіл жүрісті әйелдер болатын. Олар мынаны талап етті… өздеріне қарыз болып қалған теңізшілерге жалақыларын беруді. Билік демонстрацияны тарқатып жібергенімен, артына өшпес із тастап үлгерді.


Шерушілер осы күнді, яғни, 8-наурызды «ӘЙЕЛДЕР КҮНІ» деп атай бастайды. Және бұл ұйымды құрушылар жаңаша құқық талап етуін жалғастырады. Нәтижесінде бұлардың дүмпуі Еуропаға жетеді. 1894 жылы Париж жезөкшелері демонстрация ұйымдастырып, өз құқықтарын қорғайтын кәсіподақ ұйымын құруды талап етеді. Демонстранттар полиция күшімен таратылады.
Одан кейін 1910 жылы төңкерісшіл неміс қыздары Роза Люксембург пен Клара Цеткин 8-наурыз күнін жезөкшелерді – полиция тарапынан қудалауды тоқтатып, басқа да мамандық иелерімен теңестірілген дербес кәсіподақ ұйымын құруды талап етіп, тағы да шеру ұйымдастырады. Және бұлар дегендеріне жетеді. Кеңес кезінде – жоғарыдағы жезөкшелер демонстрациясы «еңбекші әйелдер» демонстрациясы деген атауға алмастырылады. 1910 жылы Клара Цеткин және Роза Люксембург Копенгагенде өткен Екінші Халықаралық Социалист Әйелдер Конференциясына барып, дүниежүзі әйелдерінің құқықтарына қоғамның көңілін аудару үшін нақты бір күнді белгілеу туралы ұсыныс жасайды. Және 8-наурыз күнін ұсынады. (К.Цеткиннің туған күні де 8-наурыз).
Содан 1917 жылы Австрия, Венгрия, Германия, Нидерланд, АҚШ, Швейцария және де т.б елдердің әйелдері, ескіше 23-ақпанда (жаңаша 8-наурыз) Петербург большевиктер комитетінің шақыруымен Петерборға келіп, Әйелдер күніне орай саяси митингтер мен демонстрациялар өткізіп, орыс қыздарын желіктіріп кетеді. Сөйтіп коммунистер тарапынан қолдау тапқан Әйелдер мерекесінің Совет елінде қалыптасуына Леонид Ильич Брежнев көп үлес қосқан. Осы кісінің тапсырмасымен 1966 жылы 8-наурыздан бастап, бұл күн КСРО көлемінде мереке ретінде бекітілді.
Бірақ капиталисті елдер 8-наурызды мереке деп мойындаған жоқ. Әлі де солай. Бірақ көп елдерде, атап айтқанда: Америкада – «Аналар күні», Францияда – «Әжелер күні», Жапонияда – «Қыздар күні» деген бар.
Тағы бір айта кететін жағдай 8-наурыз күнін еврейлер басқа бір мақсаттағы мереке ретінде бөлекше атап өтеді. Оның тарихы – еврей сұлуы Есфирь мен парсы патшасы Ксеркстен бастау алады. Есфирь ханым өзінің Ксеркске әсер еткен әдемілігінің арқасында, өз халқы еврейлерді жойылып кетуден құтқарып қалған-мыс. Алғаш рет 8-наурызды мереке ретінде тойлауды ұсынған Клара Цеткин де еврей ұлтынан. Сол себепті ол, 8-наурызды мереке ретінде ұсыну арқылы еврейлердің мерекесін әлемдік дәрежеге көтеруді де ойластырған дейді зерттеушілер.
Осының бәрін қорыта келе не айтуға болады? Ең бастысы бұл мереке жаман әйелдердің құқын қорғаудан бастау алып, соңында жойттардың жойылып кетпеуін құттықтайтын «керемет мерекеге» айналған. Өкінішке орай, Әйелдер мерекесінің тарихын көбіміз біле бермейміз. Адамдар өздерінің білімсіздігінің нәтежиесінде еліктеушілікке бой алдыруда. Ептеп айтсаңыз: «тек мен емес, бәрі де солай жасайды» деп, ақталады. Көпшіліктен яғни қоғамнан бөлектеніп қалудан қорқады. Нәтижесінде «жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» деген мақалдар күшіне енуде. Осындайда Л.Н.Толстойдың: «Үлкен апаттарға апаратын қарапайым жол «бәрі де солай жасайды ғой» деген сөз» дегені ойға оралады. Пайғамбарымыздың с.ғ.с. сахабасы Умар ибн әл-Хаттаб р.ғ айтқандай: «Біз Ислам арқылы дәрежемізді жоғарылатқан халықпыз. Ал, егер де, басқа дүниеден дәреже іздейтін болсақ, онда Алла біздің дәрежемізді түсіреді».
Каталог: wp-content -> files
files -> Астрономия Мазмұны
files -> Реферат 15-16 ғасырлардағы Қазақ-Қырғыз қарым-қатынасы реферат
files -> Ілияс жансүгіров
files -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
files -> Мерекелер мен атаулы күндер Қазақстан республикасының мемлекеттік және ұлттық мейрамдары
files -> Өмірбаяны туралы білімдерін жинақтап, кеңейтіп, пысықтайды, толықтырады
files -> Лекция мақсаты: Шалкиіз жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету. Жоспар
files -> Мәдениеттану
files -> Шу мен Арал аралығында Қазақ ордасы құрылған кезде Асанқайғы жаңа мемлекеттің ұраншысына айналады


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет