1. Футбол ойыны ережесі Футбол ережелері



Дата22.05.2022
өлшемі18,27 Kb.
#144631
Байланысты:
дене шынықтыру


1.Футбол ойыны ережесі
Футбол ережелері — футбол ойынының бекітілген ережелері. Бұл ережелер Халықаралық Футбол Федерацияларының Кеңесі (ағылшынша IFAB — International Football Association Board) тарапынан жазылып, ФИФА тарапынан жарияланады. Ережелер топтағы ойыншылар санын, ойын ұзақтығын, алаң мен доп өлшемдерін және басқа да көптеген ойын қырларын қамтиды.




Ережелердің соңғы редакциясы (2008 жылдың 1-шілдесі) 17 тармақтан тұрады.

  • 1-ші ереже: Ойын алаңы

  • 2-ші ереже: Доп

  • 3-ші ереже: Ойыншылар саны

  • 4-ші ереже: Ойыншылар киім-кешегі

  • 5-ші ереже: Төреші

  • 6-ші ереже: Төреші көмекшілері

  • 7-ші ереже: Ойын ұзақтығы

  • 8-ші ереже: Ойынның басталуы мен қайта жалғасуы

  • 9-ші ереже: Ойындағы және ойыннан тыс-қы доп

  • 10-ші ереже: Ойындағы есеп анықтамасы

  • 11-ші ереже: «Ойыннан тыс» күйі

  • 12-ші ереже: Ойыншылардың ереже бұзушылығы және тәртіпсіздігі

  • 13-ші ереже: Айып және еркін соққы

  • 14-ші ереже: 11-метрлік соққы

  • 15-ші ереже: Допты лақтырып ойынға қосу

  • 16-ші ереже: Қақпадан тебу

  • 17-ші ереже: Бұрыштама добы

Алғаш рет ойын ережелерін Англия Футбол Федерациясы 1863 жылдың 7-ші желтоқсанында еңгізген болатын. Бұндағы ережелер өз негізін Кембридж университетінен алады.
Қазіргі таңда, Халықаралық Футбол Федерацияларының Кеңесінде (IFAB) ойын ережелерін бекітерде Англия, Шотландия, Уелс және Солтүстік Ирландия футбол федерациялары бір-бір дауысқа иелік етсе, ФИФА 4 дауысқа ие. Ағымдағы ережелердің өзегі 1997 жылы қабылданып, содан бері тек мардымсыз өзгертулерге ұшыраған.
Футбол ойыны қауіпсіздік ережесі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет