Логопедиялық жұмыс. Баланың сөйлеу тілін дамыту. Тыныс жаттығулары



Дата04.04.2023
өлшемі6,28 Mb.
#173708
Байланысты:
Логопедиялық жұмыс. Баланың сөйлеу тілін дамыту. Тыныс жаттығулары.
Рысдаулет Құрбан 20-08 6 тәжірибелік жұмыс (1), Полевые испытания грунтов сваями при действии статических вдавливающих

Логопедиялық жұмыс. Баланың сөйлеу тілін дамыту. Тыныс жаттығулары.
Парахатова Құлпынай
Сөйлеу – адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін білдіріп жеткізу үшін тілді қолдану үрдісі. Тілі шықпаған нәрестенің алдымен сөйлеу мүшелері дамиды. Жалпы, дүниеге келген сәби еріксіз дыбыс шығарады: қарнының ашқанын, ауырғанын немесе тағы да басқа әрекеттерін айғай салуы, жылау, қыңсылау және басқа да дыбыстар арқылы білдіреді. Бұл дыбыстар сөйлеудің ізашары болып табылады, олардың интонациялық мәнерлігіне қарап анасы баласының қарнының ашқанын, оның бір жерінің ауырып тұрғанын және тағы басқаны ұға алады. Бірақ та бұл дыбыстардың әлі де ешқандай сөйлеуге қатысы жоқ болса да, олар өте маңызды. Ол жіңішке және әртүрлі қозғалысты сөйлеу мүшелерінің дамуына себеп болады: тыныс алу, дыбыстық және артикуляция мүшелері. Бала дауысқа өте тез үйренеді және бірінші айдың аяғында сөйлеген дауысқа әрекет ете бастайды. Оған еркелік интонация ұнайды, әуенді ән оның тынышталуына және ұйықтауына көмектеседі.
— Пэм Шумейкер
Создаем экологичные привычки
«Кімнің кемесі қатты гуілдейді?»
Мақсаты: ауа тіл ортасынан шығу керек.\
Дайындық: шыныдан жасалған түтікшелер биіктігі 7-8 см. Ені1-1,5см.
Ойын барысы:Әр балаға логопед түтікшені үлестіреді.
-Балалар,менің түтікшем қалай гуілдейді,мен үрлеп тұрмын,қалай,кеме сияқты ма?Ал,сенікі ше?
Әдістемелік нұсқау:ауаны дұрыс шығару үшін тіл ұшы түтікшенің ауыз жағына тиіп тұру керек,түтікше иекке тиіп тұрады.
«Құс ұшты»
Мақсаты: ұзақ еркін тыныс алу.
Дайындық:Жұқа қағаздан құстарды қиып алу,оларды бояу.
Ойын барысы:екі үстел үстіне төрт құсты қоямыз.Төрт бала шақырылады,әр құстың қасына отырады.Логопед құстар құстар ұш дегенде,балалар үрлейді.
Әдістемелік нұсқау:балалар үрлегенде ұртына ауаны жинамау керек.
«Көбелек ұш»
Мақсаты: ұзақ еркін тыныс алу.
Дайындық:жіпке тізілген көбелектерді баның алдына қоямыз.
Ойын барысы: Бала орындықта отырып,көбелектерді ұзақ үрлейді.
«Суға сүңгуіштер»
Мақсаты: баланың ауызбен дем алып,мұрынмен ауаны шығаруы керек.
Дайындық:Суда шомылып жүрген балаларды бейленейтін суреттер.
Ойын барысы:Бала екі қолын екі жаққа созады,ауызбен дем алады.Бала отырады,мұрыннан ауаны шағарады.
Әдістемелік нұсқаулық: 2-3 реттен артық жасауға болмайды.
Ойыншық»
Мақсаты: баланың мұрынмен дем алып ауыздан ауаны шығару керек.
Ойын барысы: Ойыншықты үрлеп мұрынмен дем алады,ауыздан шығарады.
«Өлең айтамыз»
Мақсаты: ауа ұзақ еркін шығуы керек.
Дайындық:ойыншық,әуен аспаптар.
Ойын барысы:Аспаптарды үрлеп а-а-а-у-у-у деп қайталайды.
Шар»
Мақсаты: ауаны ауыздан ұзақ шығару.
Дайындық:шардың суреті,шарлар.
Ойын барысы:Шарды үрлейміз,ұртымызға ауа толтырамыз,шар босап кетті,ауаны жай,баяу ауыздан шығарамыз.
Сөйлеу тілін жетілдіруде,дыбыстарды айтып үйренуді бастамас бұрын бала дұрыс айтпайтын дыбыстарды меңгеруге артикуляциондық аппарат дайындайтын бірнеше жаттығулар түрін орындаудың мағызы өте зор!
Себебі , адамда сөйлеуге арналған негізгі органы жоқ, сөйлеуге өкпе, өңеш, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт қатысады. Артикуляция мүшелеріне қысқаша тоқталып кетейік. Оның негізгі органдары болып ерін, тіл, жоғарғы-төменгі жақ, жұмсақ және қатты таңдай, альвеолдар жатады. Тіл, ерін, жұмсақ таңдай және төменгі жақ қозғалу органдары болып табылады. Дауыс буындарының қысылуына байланысты дыбыс кеңірдектен шығады. Дауыс жоғарлығымен, күшімен, екпінімен сипатталады. Дауыстың жоғарлығы дауыс буындарының толқуының жиілігіне байланысты. Ол ұзындығымен жуандығына байланысты болады. Дауыс күші демнің ішке тартылуына байланысты шығады, ал дауыс буындарының қозғалыс қарқынына байланысты болады. Баланың сөйлеуі бойының өсуімен және дамуымен бірге қалыптасады және дамудың әртүрлі қатардағы сатыларынан өтеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет