«Күрекше» – жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек. «Инеше» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.
«Төбешік» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.
«Түтікше» – жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек.
Гүлдерді иіскейік. Балалар біз өзімізді гүлдер бағында жүрміз деп елестетейік. Гүлдер әдемі және хош иісті болады. Кәне, гүлдерді иіскеп көрейікші. Тамаша! Жаттығу 2-3 рет қайталанады.
Ғарышкерлер. Тәрбиеші: Сендер өздеріңді ұшқыш ғарышкер-лерміз деп есептеңдер. Зымыран әуе кемесін ұшыруға аз қалды. 10-нан 1-ге дейін санап үлгеруге жетерлік тыныстап дем жинаймыз, қаттырақ, әрі анық «Жібер» деген сөзді айтамыз да, дем шығарамыз.
Егер кімде-кімге ауа жетпесе, ол өз орнына отырады. Сонымен, мұрын арқылы ауа жинаймыз не жұтамыз ..... Уақытты санауды бастаймыз: 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1. Жібер! Жаттығу 3-4 рет орындалады.