Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Мектеп: «Пухальск нм» Мерзiмі



Дата12.10.2020
өлшемі18,24 Kb.
#68207
түріСабақ

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: «Пухальск НМ» Мерзiмі: 21.12.2017 ж. 15

Тақырып: «Құрметтей білейік»

Құндылық: «Сүйіспеншілік». Қасиеттер: жануарларға, отбасына, барлығына сүйіспеншілікпен қарау, өзімшілдік болмау.

Мұғалiм: Сатанова Д.К. Cынып: 4а. Оқушылар саны: 4.


Сабақ мақсаты: құрмет көрсету маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Білімділік:  оқушылардың құрмет сезімдері туралы білімдерін кеңейту;

2.Дамытушылық:  отбасына, жануарларға, барлығына сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;
3. Тәрбиелік:  өзімшілдік болмауға тәрбиелеу.


Ресурстар: (әдістемелік құрал, оқулық, үнтаспа)

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. (1 мин). Сәлемдесу.

Тыныштық сәтi. (5 мин). Ойша суасты патшалығына саяхат жасау.

Мұғалім: Көздеріңді жұмып, бірнеше рет демалып, дем шығарыңыздар. Денені бос ұстаңдар.

Біз теңіз жалауында жүрміз деп ойлаңыз. Теңіз толқындары мен шағалалардың баяу дауыстарын естіп тұрсыз ба? Жалаң аяқ астында жұп- жұмсақ құмды сезесіз бе, теңіз үстінде алыстан бір қара нүктені байқадыңыз, ол не екен? ... ол дельфин, дельфин жүзіп сізді теңіз түбіне саяхатқа алып бару үшін келіп тұр. Жайлар оның арқасына отырып алыңыз да саяхатқа шығыңыз. Теңіз түбіне сүңгіп кеткен дельфин досыңыз сізге бар ыңғайды жасап келеді. Мөп- мөлдір суастында сіз өмірі көрмеген түрлі- түсті өсімдіктер мен балқтың бірнеше түріне тап болдыңыз. Алдыңызда үлкен балықтар өтіп жатыр, ал анау алыстағы Сегіз аяқ болады. Керемет, неткен тыныштық пен сұлулық десеңізші... Кәдімгі көк экрандағыдай көрініс. Осы жағдайда сәл бола тұрыңыз. (мұғалім бірнеше секунд үнсіз тұрады).

Ал енді жоғарыдағы өз әлемімізге қайту үшін дайындалыңыздар. Жан- жағыңызға мұқият қарап алыңыз. Неткен тыныштық, неткен сұлулық, осы тыныштықтың сізге қалай әсер ететіндігін есте сақтаңыз. Дельфин жер бетіне қайтпақшы, сіз жағалауға келдіңіз. Дельфиннен түсіп, оны маңдайынан сипап, саяхат үшін оған ризашылығыңызды білдіріңіз.

Бөлмеге келіп, өз орныңызға да жеттіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашасыз, бірақ осы тыныштық сезіміңізді сақтап қалуға тырысыңыз.


  1. Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин).

Өткен сабақ бойынша сұрақтарды қою: «Көп біріксе –береке» әңгімесі

  • Мектеп жанындағы ағаштардың ну орманға айналуының себебі неде деп ойлайсыңдар?

  • «Көп біріксе - береке» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Көпшілікпен бірге еңбектенген ортақ істерің туралы естеріңе түсіріп, айтып беріңдерші.




Сабақ барысын талқылау: (Оқушылар түзу отырып, қолдарын тізесіне қояды. Жайлы, баяу музыканы қойылады).

73-74 бет оқулықта



Дәйек сөз. (3 мин)

«Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы – әдеп пен сый»

М. Әуезов

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?



Оқушылар дәйексөзді ақырын дауыспен, дауыстап қайталайды.

  1. Әңгiмелеу (сұхбат). «Төле би» аңызы (10 мин)

Данагүл үлкен адамдарға қандай құрмет көрсетті?

Өздерің құрметтейтін адамдардың қандай қасиеттерін үлгі тұтасыңдар?



Оқулықта 78-80 бет

  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. (10 мин)

Құрмет көрсету дегенді қалай түсінесіңдер? – постер құрастыру.

Бейнеролик: «Құрмет»




Постер жасап, қорғайды.

Бейнеролик қарап, тақырыпты қорытындылайды.



  1. Үй тапсырмасы. (1 мин)

«Жақсылық пен жамандық» ертегіні оқу

Оқулықта 83-84 бет

  1. Топпен ән айту. (3 мин)

«Дос болайық бәріміз» әні

Оқушылар әнді айтады.

  1. Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)

Ал, қазір барлығымыз көздерімізді жұмып, осы сабақтың тақырыбын есімізге түсірейікші. Сабақтан алған жақсы қасиеттерді жүректерімізге салайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады. Сабақ аяқталды. Рақмет. Сау болыңдар!



Баяу музыка ойнайды


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет