Құда түсу дәстүрі және оның түрлері



Дата28.11.2022
өлшемі203,11 Kb.
#160165
Байланысты:
Құда түсу дәстүрі және оның түрлері

Құда түсу дәстүрі және оның түрлері

Құда түсу Құда түсу - ежелден келе жатқан дәстүр. Алайда құда болудың бірнеше жолдары бар. Екі адам достықтары артып, туыс болғысы келсе, балалы болмай жатып, құда болып жатады. Бұндай құдалықтың түрін "бел құда" деп атайды. Ежелден келе жатқан құдалықтың тағы бір түрі - "бесік құда". Екі нәрестені бесікте жатқан кезінен айттырып қояды. Бесікте жатқан қызға сырға салу дәстүрі қалыптасқан. Қыз бойжеткенде, ұл жағы аттастырып қойған қызға құда түсіп келеді. Бұл да үлкен тойдың бірі. Қазіргі кезде де осы салт-дәстүр ұмыт болмаған. Бұндай құдалықтың бір түрі - қыз бойжеткенде ұл жақ сырға тағып, құда түседі. Оны, әрине қыз бен жігіттің келсімімен жасайды. Белгіленген күнге дайындалған құдалар, жігіт әкесі сенімді бір туысын бас құда қылып, немесе өзі болып, бастап барады. Құдалар саны мен алып баратын қалың малы әр жердің өз салтына байланысты.

Солтүстік жақта қалың малға көп көңіл бөлінбейді, ал оңүстік жақта қалың малды дәстүрлерінің бастысы деп есептейді. Сондықтан "Құда түсу" кәдесін жасап, құда түсірушілер құр қол бармайды. Әр жердің салты әр түрлі. Бір жерлерде оны "сырға салу" тойы деп те атайды. Кәделерін жасап, құда түсуші жақ "қалың малға" қосатын бұйымдарын сайлай бастайды. Қалың малға: мал, ақша, зергерлік бұйымдар, дастарқанға қойылатын дәмді шайлық тәттілер кіреді. Киіттерін тоғыз қылып жасайды. Шамасы келіп жатқандар киіттерін тоғыздан тоғыз қылып немесе тоғыз атауларын бөлек-бөлек тоғыз етіп жасайды. Оның басына құда мен құдағиға арналған бағалы киімдер қойылады. Құда түсер алдында да орындалатын неше түрлі ырымдар мен дәстүрлерге толы болған. Солардың барлығына жеке жеке тоқталған жөн.

Бата аяқ Екі жақтық келісімнен кейін жігіт әкесі қыз ауылына келіп «бата аяқ» өткізеді. Кейде мұны «сырға тағар» деп те атайды. Осы жолы екі жақ тойды өткізу мерзімі, кәде-жора, қалыңмал жөнінде келіседі. Мұны бата, келісуді «баталасу» дейді. Батаның ек» түрі бар: біріншісі – кесімді бата жасау, яғни мал мөлшері, той уақыты, шығын мөлшері, алыс-беріс, келу-кету, т.б. Екіншісі – кесімсіз бата, яғни мал саны, мүлік мөлшері кесілмейді. Жағдайға, уақытқа қарай кейін белгіленеді. Ауқатты, елге есімі белгілі адамдардың құдалығына «бас жақсы», «аяқ жақсы» деген ірі, бағалы кәделер болады. «Бас жақсыға» - боталы түйе, құланды бие, жағалы киім, бағалы бұйым, алтын, күміс жамбылар жатады. «Орта жақсыға» - ең жақсы түйе не ат. «Аяқ жақсыға» - ат, сиыр, қой, т.б. жатады.

Құда тартар Қазақтың жол-жоралғылары, салт-дәстүрлері, түрлі ырым-тыйымдары мен кәде түрлері көп. Солардың ішінде қыз алуға келген құдаларға жасалатын құрмет те аз емес. Сол сияқты, олар тартатын күлкілі азап та көп. Олар «құдаларын құдайындай сыйлай» отырып, «құда тартар» атты кәделі дәстүрден аттап өтпейді. Бұл – ойын-күлкіге, сауыққа, сынға құрылған салт. Мұнда құда тартар кәдесін сұрай келген әйелдер бастаған топ құдаларға лап қояды да, оларды көкпар тартқандай тарта жөнеледі. Әрине, қарулы жігіттер мен жас әйелдер араласады. Олар құдаларды теріс қаратып өгізге мінгізеді, «кірлеп кетіпті ғой» деп өзенге апарып сүңгітеді, аяғын жоғары қаратып үйдің шаңырағына да асып қояды. Не керек, жұрт күлетін қиын да, кейде ерсі қимылдарға да барады. Бұған құдалар ашуланбайды. Қолынан келсе, олар да құдағи жағына күш көрсетіп, оларды қоса құшақтай кетеді. Мұның өзі жұрттың көңілін көтеретін бір үлкен ойын-сауыққа ұласып кетеді.

Ілу "Ілу" - қалыңдықтың әжесіне немесе шешесіне берілетін сыйлық.

Табалдырық аттау Табалдырық аттау- ол Құда түсушілер кіре берісімен орындалатын дәстүр. Яғни күйеу балаға шашу шашады, отқа май құйғызады.

Киім ілер Ол алдын ала белгіленген адам құдалардың сырт киімдерін шешіп кетерде киіндіріп, "киім ілер" кәдесін жасайды.

Ат байлатар Бұрынырақта қазақ халқы ауыл-ауыл болып жайғасқан жерлерінен, көлік орнына, ат мініп келген. Әдейілеп тағайындалған адам оларды күтіп алып, аттарынан түсіріп, жайғастырып, "ат байлатар" кәдесін алған.

Қыз ұзату тойы басталмай тұрып, киіз үйлер тігілген. Жастарға арналып тігілетін отауға күйеу әкесі отау жабдықтарын алдын ала беріп жіберетін болған. Құдалар ауылға жақындағанда отау тігу басталған, отауды қыз әкесінің үйінің артына тіккен. Үй тігіскен әйелдер "шаңырақ көтерер", "отау жабар", "уық шаншыр", "туырлық жабар", "үзік жабар", "бау шу байлар", "отау байғазысы" деген кәделерін алып, салтты орындаған.

Той бастар Той бастар кәдесі өздерінің тілектерімен немесе өлеңмен бастайды. Құдаларға арнап өлеңдер айтып, тілектер тілейді. Кейбір жерлерде тойды ауыл әйелдері бастайды.

Құйрық-бауыр асату Той үстінде құдалардың осы тойын қызықты өткізетін бір дәстүр - "құйрық-бауыр асату". Құйрық бауыр асатудың мағынасы: "Құйрықтай тәтті, бауырдай жақын болайық" дегенді білдіреді. Бұл дәстүр құда болудың белгісі. "Құйрық бауыр" асатқан келіншектер алған кәделерін бөліседі.

Сый табақ Сый табақ кәдесі Той кезінде құдаларға сыйлы табақтар тартылады. Асықты жілік, жамбас, сияқты сыйлы мүшелер салынған табақтарды ұсынады

Ұн жағу Толып жатқан кәделердің бір қызығы - "ұн жағу" кәдесі. Ол да мағыналы, әзіл-шыны аралас. Ұндай жұғысты болайық деп, құдалар бір-бірінің беттері мен үстеріне ұн жағады.

Бұрынғы кездерде осындай түрлі талаптарды орындай алмаған құдаларды әйелдер бастарына киіз қалпақ кигізіп, үстеріне су құйып, беттеріне ұн, балшық жағып, өгізге теріс мінгізіп мазақ қылған. Сонда да құдалар жағы өкпесіз көну керек болған. Солтүстік Қазақстан жақта құдаларға осындай талаптар қойылып жатса, Оңтүстік жақта құданы еңбектетіп, үстіне алты әйел аттай мініп отырып алған. Осындай ойын-сауық кейбір құдалардың намысына тиіп ренжіткен.

Орындаған: Есқараева М Қабылдаған: Бияздықова К.А



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет